40-бап. Банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға жеңілдікті жағдайлар беруге тыйым салу
…
3. …
Тәуелсіз директор, банктің акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдинг және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он және одан көп пайызы осындай ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар, сондай-ақ банктің тәуелсіз директор болып табылатын лауазымды адамы басқару органдарында тәуелсіз директор болып табылатын заңды тұлғалар, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым және акционері уәкілетті орган болып табылатын сауда-саттықты ұйымдастырушы, егер банктің лауазымды адамы осы ұйымдарда лауазымды адам болып табылған жағдайда, сондай-ақ уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған өзге де тұлғалар осы баптың мақсаттары үшін банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар деп танылмайды.
…
6. Банк банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар туралы, сондай-ақ осы тұлғалармен жасалған барлық мәмілелер туралы ақпаратты уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен, мерзімдерде және нысандар бойынша уәкілетті органға ұсынуға міндетті.
|
40-бап. Банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға жеңілдікті жағдайлар беруге тыйым салу
…
3. …
Тәуелсіз директор, банктің акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдинг және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он және одан көп пайызы осындай ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар, сондай-ақ банктің тәуелсіз директор болып табылатын лауазымды адамы басқару органдарында тәуелсіз директор болып табылатын заңды тұлғалар, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым және акционері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылатын сауда-саттықты ұйымдастырушы, егер банктің лауазымды адамы осы ұйымдарда лауазымды адам болып табылған жағдайда, сондай-ақ уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған өзге де тұлғалар осы баптың мақсаттары үшін банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар деп танылмайды.
…
6. Банк банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар туралы, сондай-ақ осы тұлғалармен жасалған барлық мәмілелер туралы ақпаратты уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен, мерзімдерде және нысандар бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсынуға міндетті.
|
Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі функциялар мен өкілеттіктердің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен жаңа құрылған уәкілетті мемлекеттік органға берілуіне байланысты
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржы ұйымдары үшін есептілікті ұсыну тәртібін, мерзімдері мен нысандарын белгілеу жөніндегі өкілеттіктерді беруге байланысты
|
|
|