Қазақстан Республикасының индустриалдық-инновациялық дамыту жөніндегі ақпарат



жүктеу 69,46 Kb.
Дата01.02.2018
өлшемі69,46 Kb.
#8272


Қазақстан Республикасының

индустриалдық-инновациялық дамыту

жөніндегі ақпарат


  1. Индустриаландырудың бірінші бесжылдығы




    1. Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асырудың негізгі қорытындылары

Шамамен 50 заңдарға түзетулер әзірленді және енгізілді, 3 жаңа заңдар қабылданды – «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы», «АЭА туралы», «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы». Бизнесті қолдаудың бағдарламалары қабылданды.

Инфрақұрылымдық мәселелердің көпшiлiгi шешілді: шамамен 4000 км көлік жолдары, 1700 км темір жолдары салынды және қайта жаңартылды.

Өңдеуші өнеркәсіпті жедел дамыту есебінен экономиканы әртараптандыру процесі іске қосылды.

Индустриаландыру жылдары өңдеуші өнеркәсіптің өсу қарқыны 24,4% өсті және тау-кен өндiрiсi секторының өсу қарқынын басып озды, ол – 117% құрады.


    1. Сандардағы индустриалдық даму

2010-нан 2015-ке дейінгі жылдар кезеңінде ЖІӨ-де тау-кен өндірісі өнеркәсібінің үлесі 19,5%-дан 12,7%-ға төмендеді, ал өңдеу секторы шамамен 11% деңгейде қалды.

Өңдеуші өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігі жоғарылады, еңбек өнімділігі нақты мәнде 65,8%-ға (2008 жылға 2015 жылдың қорытындысы бойынша) өсуі дәлелдеме болып табылады.

Өңдеуші өнеркәсіпке 2010 – 2015 ж. 20,1 млрд. АҚШ доллары сомасындағы тікелей шетелдік инвестициялар тартылды. Осының арқасында өндеуші өнеркәсіптің үлесі тікелей шетелдік инвестициялардың толық көлемінде 2014 жылы 15,5%-дан 2015 жылы 17,3%-ға дейін өсті.

Экспортталатын өнімдердің номенклатурасы (тауарлар 777-ден 824-ке дейін) және географиясы ұлғайды. 2015 жылғы қорытындысы бойынша Қазақстан тауарларды 117 әлем елдеріне1 экспорттайды.

Өндеуші өнеркәсіптің 26 жаңа секторлары пайда болды.



2. Индустриаландырудың екінші бесжылдығы
2.1 2015 жылғы қорытындылар
2.1.1. Заңнама
Заңнаманың жетілдіруі қамтамасыз етілді: Кәсіпкерлік кодексі, «Кеден iсi туралы» кодексі, Салық кодексі, «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметін коммерцияландыру», «АЭА-ты жетiлдiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заңдары.

Қолдау шаралары мен құралдары қайта пішімделді және ұлғайтылды («Бизнестің жол картасы 2020», «Өнімділік -2020»)




2.1.2. Кадрларды дайындау
Әлемдегі алдыңғы қатардағы рейтингке кіретін шетелдік ЖОО-әріптестермен бірге, жоғары білікті кадрларды дайындау үшін 11 ЖОО мен 11 колледж анықталды, 24 білім беру бағдарламасы әзірленді.

2.1.3. Инвестициялар
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қызмет көрсету және рұқсатнамалар мүмкіндігімен инвесторларға арналған «жалғыз терезе» іске қосылды. Қазақстанның барлық өңірлерде ХҚКО-да Инвесторларға қызмет көрсету секторы ашылды, сонда инвесторлар барлық қажетті мемлекеттік қызметтерді алуға болады. «Жалғыз терезе» жоғарғы сұранысқа ие. Бүгінгі таңда 4700-ден астан инвесторлар кеңес алды, бұл ретте шамамен 4600 мемлекеттік қызмет көрсетілді. 2017 жылы «жалғыз терезе» электрондық форматта жұмыс істейді.

2015 жылы ірі инвесторлардың (Tikkurila, General Electric, Halliburton, JAC, NYK line) қатысуымен 20 млрд. теңгеден астам сомасындағы 5 жаңа өндіріс іске қосылды. АЭА аясында 3 жаңа өндіріс Cartal Carpets LLP, Paramaunt Group Limited, ООО «СТС – Генподряд) пайдалануға берілді. ТҰК және «зәкірлі инвесторлардың» қатысуымен 4 жаңа өндіріс (JAC (ірi торапты құрастыру бойынша бірінші кезек), GE, Halliburton, Tikkurila) іске қосылды.

2015 жылғы 29 шілдеде «Қорғас - Шығыс қақпасы» АЭА территориясында құрғақ порт іске қосылды.

2.1.4 Индустриаландыру картасы
2015 жылы 815,4 млрд. теңге сомасында индустриаландыру картасының 128 жобалары енгізілді, 11 мың тұрақты жұмыс орны құрылды.

2015 жылға ЖІӨ өсімінің үштен бірі Карта жобасының есебінен алынды (1,2%-дан 0,39 пайыздық тармақ).


2015 жылы енгізілген негізгі жобалар:

- «Ақтөбе рельсті арқалық зауыты» ЖШС (Актөбе қ., құны – 76 591,0 млн. теңге);

- «Burnoye Solar-1» ЖШС (Жамбыл облысы, құны – 23212,0 млн. теңге);

- «Бірінші жел электр станциясы» ЖШС (Ақмола облысы, құны – 18870,0 млн. теңге);

- «Батыс Пауэр» ЖШС (Батыс Қазақстан облысы, құны – 17112,0 млн. тенге);

- «Capital Projects Ltd» ЖШС (Ақмола облысы, сомасы – 15120,0 млн. теңге).


2.1.5 Инновациялар
2015 жылы Кореяда, Францияда, АҚШ-да, Қытайда және Ресей Федерациясында «ТДҰА» АҚ-ның өкiлдерiн орналастыруымен технологиялар трансфертінің 5 халықаралық орталықтарының жұмыс істеуі қамтамасыз етілді. ҚР-дағы шетелдік технологиялар трансфертінің 18 жобаларын іске асыру басталды.

4 Салалық конструкторлық бюролардың жұмыс істеуі қамтамасыз етілді – мұнай-газ жабдықтары, тау-кен-металлургия жабдықтары, көліктік машина жасау және ауыл шаруашылық машина жасау.



2.1.6. Экспортты дамыту
Отандық кәсіпорындардың 43 маманы 2 білім беру тренингтеріне қатысуға қабылдады – қазақстандық кәсіпорындардың экспорттық әлеуетін дамытуға бағытталған бескүндік оқу курсы. Оқыту Астана мен Алматы қалаларында өткізілді.

Қазақстандық 3 салаларының (тағамдық, тоқыма салалары және құрылыс материалдарын өндіру) кәсіпорындары-өндірушілеріне арналған Түркиядағы экспорттық өндіріске бару кіретін оқыту турлары өткізілді.

180 000 мың теңге сомасындағы 29 экспорттаушылардың шығындары өтелді.

Ұйымдастырылды және өткізілді:

- 136 қазақстандық кәсіпорындар мен 500 шетелдік әлеуетті сатып алушылардың қатысуымен 7 сауда миссияларын Арменияға, Тәжікстанға, Қырғызстанға, Беларуське, Өзбекстанға, Ресейге, Әзербайжанға

- 37 қазақстандық экспортқа бағдарланған кәсіпорындар Италиядағы, Вьетнамдағы, Әзербайжандағы, Ресей Федерациясындағы, Өзбекстандағы, Түркменстандағы, Қытайдағы мамандандырылған халықаралық көрмелердің қатысуына қабылдады.

- бәсекеге қабілетті қазақстандық өндірушілердің өнімдеріне/қызметтеріне ұжымдық таныстыру аясында Ресей Федерациясындағы (Мәскеу қ., Новосибирск қ., Санкт-Петербург қ.), Қытайдағы, (Yрiмшi қ.), Қырғызстандағы (Бішкек қ.) 5 ұлттық стендтері.

- тағамдық, құрылыс, металлургиялық, орауыш, машина жасау, химиялық, фармацевтика және жеңіл өнеркәсібінің 65 отандық кәсіпорындарының өнімдерді ілгерілету бойынша 13 жарнамалық-таныстыру іс-шаралары, сондай-ақ Германиядағы, Италиядағы, Қытайдағы, Түркменстандағы, Ирандағы, Ресей Федерациясындағы, Қырғызтандағы қызмет салалары.

2.1.7 Техникалық реттеу және стандарттау
2 сынақ зертханалары және өнімдердің тиімділігін растау жөніндегі 2 орган құрылды;

1) сертификаттау жөніндегі орган және «темір жол көлігінде сертификаттаудың қазақстандық орталығы» ЖШС сынақ зертханалары;



2) сертификаттау жөніндегі орган және «Бірлескен кәсіпорын «Орталық Азиялық Сертификаттау темір жол көлігі» ЖШС (Тараз қ.) сынақ зертханалары



1 ҚР ҚМ Мемлекеттік кіріс комитеті және ҚР ҰЭМ статистика комитеті мәліметі бойынша KAZNEX INVEST есептесулер

жүктеу 69,46 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау