Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу



жүктеу 5,57 Mb.
бет22/35
Дата25.11.2017
өлшемі5,57 Mb.
#1956
түріКодекс
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   35

324-бап. Басты сот талқылауында iстi тоқтату

Егер басты сот талқылауы барысында осы Кодекстiң 37-бабының бiрiншi бөлiгiнiң 3-12-тармақтарында көрсетiлген жағдайлар анықталса, сондай-ақ айыптаушы осы Кодекстiң 317-бабының алтыншы бөлiгiнiң ережелерiне сәйкес айыптаудан бас тартқанда, iс басты сот талқылауында қысқартылуға тиiс. Iс осы Кодекстiң 38-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген негiздер бойынша да басты сот талқылауында қысқартылуы мүмкiн.

325-бап. Басты сот талқылауында қаулы шығару тәртiбi

1. Басты сот талқылауы кезiнде сот шешетiн барлық мәселелер бойынша сот қаулы шығарады, ол сот отырысында жариялануға тиiс.

2. Iстi қосымша тергеуге жiберу туралы, iстi қысқарту туралы, iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұру туралы, бұлтартпау шарасын таңдау, өзгерту немесе оның күшiн жою туралы, бас тарту туралы, сараптама тағайындау туралы қаулылар және жеке қаулылар кеңесу бөлмесiнде шығарылады және жеке құжат түрiнде жазылады.

3. Өзге қаулылар соттың қалауынша не осы баптың екiншi бөлiгiнде көрсетiлген тәртiппен, не сол орнында - сот отырысы залында қаулыны сот отырысының хаттамасына енгiзе отырып шығарылады.

 2009.17.07. № 187-IV ҚР Заңымен  326-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

326-бап. Басты сот талқылауының тәртiбi

1. Басты сот талқылауы соттың қалыпты жұмысын және процеске қатысушылардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн жағдайда өтедi.

2. Соттың сот отырысы залына кiруiнiң алдында сот приставы: «Сот келе жатыр» деп хабарлайды, сот отырысына қатысып отырғандардың бәрi орындарынан тұрады, мұнан соң төрағалық етушiнiң ұсынуы бойынша өз орындарына отырады.

3. Сот талқылауына қатысушылардың бәрi сотқа қарап сөйлегенде, айғақтар бергенде және мәлiмдеме жасағанда орындарынан тұрады. Бұл ережелерден ауытқуға төрағалық етушiнiң рұқсатымен жол берiледi.

4. Басты сот талқылауының барлық қатысушылары, сондай-ақ сот отырысы залында қатысып отырған азаматтардың барлығы төрағалық етушiнiң сот отырысының тәртiбiн сақтау туралы өкiмiне бағынуға тиiс.

5. Он алты жасқа дейiнгi адамдар, егер олар тарап немесе куә болмаса, сот отырысы залына жiберiлмейдi. Қажет болғанда сот приставы азаматтан оның жасын куәландыратын құжатты талап етуге құқылы. Залға сондай-ақ мас адамдар жiберiлмейдi.

6. Сот отырысы залында суретке түсiруге, дыбыс бейнежазбаларды қолдануға және киноға түсiруге төрағалық етушiнiң рұқсатымен ғана жол берiледi.

7. Сот талқылауына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сот осы Кодекстің 101-бабында көзделген ережелерге сәйкес шаралар қабылдайды және сот талқылауын жүргізеді.

8. Басты сот талқылауы басталар алдында төрағалық етуші сот талқылауының барлық қатысушыларына қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету бойынша сотқа өтініш жасау құқығы туралы түсіндіреді.

9. Тараптардың бірінің немесе сот талқылауына қа­ты­сушының қауіпсіздік шараларын қабылдау туралы өті­ніші бойынша сот осы мәселе бойынша қаулы шығаруға құқылы.

 

 2007.29.06. № 270-III ҚР Заңымен 327-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)



327-бап. Басты сот талқылауында тәртiптi қамтамасыз ету мақсатында қолданылатын шаралар

1. Сот отырысында тәртіп бұзған, төрағалық етушінің өкімдеріне бағынбаған, сол сияқты сотты құрметтемеуді анық куәландыратын өзге де іс-әрекеттер (әрекетсіздік) жасаған кезде төрағалық етуші сот отырысы залынан адамды шығарып жіберуге немесе сотты құрметтемеу фактісі­нің анықталғаны туралы жариялауға және кінәлі адамға әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамада белгіленген тәртіппен әкімшілік жаза қолда­нуға құқылы. Шығарып жіберу айыптаушы мен қорғаушыдан басқа, процестің кез келген қатысу­шысына немесе өзге адамға қатысты жүргізілуі мүмкін. Әкімшілік жаза сотталушыға қолданылмайды.

2. Егер сот отырысы залынан сотталушы шығарып жiберiлсе, онда үкiм оның көзiнше жариялануға немесе ол жарияланғаннан кейiн дереу қолхат алып хабарлануға тиiс.

3. Сот отырысы залынан процеске қатысушыны шығарып жiберу және әкiмшiлiк жаза қолдану туралы сот қаулы шығарады.

4. Сот отырысы залында қатысып отырған, бiрақ процеске қатысушы болып табылмайтын адамдар тәртiп бұзған жағдайда олар төрағалық етушiнiң өкiмi бойынша сот отырысы залынан шығарылады. Бұған қоса сот оларға әкiмшiлiк жаза қолдануы мүмкiн.

5. Егер тәртiп бұзушының сот отырысындағы iс-әрекетiнде басқа әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың не қылмыстық белгiлерi болса, сот тиiстi тәртiппен қылмыстық немесе әкiмшiлiк iс қозғау үшiн материалдар жiбередi.

6. 2007.29.06. № 270-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

 

2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен 328-бап өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.11.12. № 230-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 328-бап өзгертілді



328-бап. Басты сот талқылауының хаттамасы

1. Басты сот талқылауы кезiнде сот отырысының хатшысы хаттама жүргiзедi.

2. Хаттама қолдан жазылуы немесе мәшинкелiк, компьютерлік не электрондық (цифрлық дыбыс-, бейне­жазбаны қоса алғанда) әдiспен дайындалуы мүмкiн. Хаттаманың толық болуын қамтамасыз ету үшiн стенография және (немесе) аудио, бейнежазба қолданылуы мүмкiн.

3. Хаттамада: басты сот талқылауының күнi, оның басталу және аяқталу уақыты; қандай iс қаралып жатқаны; соттың атауы мен құрамы, хатшы, аудармашы, айыптаушы, қорғаушы, сотталушы, сондай-ақ жәбiрленушi, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкiлдерi, сот шақырған басқа да адамдар; сотталушының жеке басы туралы деректер және бұлтартпау шарасы; соттың жүргiзiлген реттегi iс-әрекетi, iске қатысушы адамдардың арыздары, қарсылық бiлдiрулерi және өтiнiштерi; соттың кеңесу бөлмесiне бармай шығарылған қаулылары, қаулылардың кеңесу бөлмесiнде шығарылуына нұсқау; iске қатысушы адамдарға олардың құқықтары мен мiндеттерiнiң түсiндiрiлуi; айғақтардың егжей-тегжейлi мазмұны; сот бөлген немесе жауап алынатын адам жауап беруден бас тартқан жауап алуға қатысқан адамдардың сұрақтары; сарапшыға қойылған сұрақтар және оның жауаптары; сот мәжiлiсiнде жүргiзiлген тексерулер мен дәлелдердi зерттеу жөнiндегi басқа iс-әрекеттердiң нәтижелерi; iске қатысушы адамдар хаттамада куәландыруды өтiнген фактiлерге нұсқамалар; тараптардың сот жарыссөзiнде сөйлеген сөздерiнiң және сотталушының соңғы сөзiнiң негiзгi мазмұны; үкiмiнiң жарияланғаны және оған шағымдану тәртiбi мен мерзiмi түсiндiрiлгенi туралы нұсқама көрсетiледi. Айғақтар бірінші жақтан және мүмкіндігінше сөзбе-сөз жазылады, сұрақтар мен оларға жауаптар жауап алу кезінде орын алған жүйелілік бойынша жазылады. Бұған қоса, хаттамада егер орын алған болса, сотты сыйламаушылықты куәландыратын фактiлер және тәртiп бұзушының жеке басы мен соттың тәртiп бұзушыға қолданған ықпал ету шаралары да атап көрсетiледi.

4. Хаттама сот отырысы аяқталғаннан кейiнгi бес тәулiктен кешiктiрiлмей жасалып, оған төрағалық етушi мен хатшы қол қоюға тиiс. Сот талқылауы барысында хаттама бөлiп-бөлiп жасалуы мүмкiн, оларға және бүтiндей хаттамаға сот отырысына төрағалық етушi мен хатшы қол қояды.

5. Сот талқылауы хаттамасының дұрыс жазылуы туралы сот отырысының төрағалық етушiсi мен хатшысының арасында түсiнiспеушiлiк болған кезде соңғысы өзiнiң келiспеушiлiктерiн жазбаша түрде сот отырысы барысында жасалған жазбалармен бiрге хаттамаға қоса тiркеуге құқылы.

6. Басты сот талқылауы кезiнде киноға түсiру, бейне, аудио жазбасы қолданылуы мүмкiн, олардың материалдары сот отырысы хаттамасына қоса берiледi, оларға сүргiш салынып, iспен бiрге сақталады. Хаттамада аталған техникалық құралдардың қолданылғаны туралы белгi қойылады.

7. Төрағалық етушi тараптарға басты сот талқылауының хаттамасы дайындалғаны туралы хабарлауға және онымен және аудио-, бейнежазба материалдарымен танысуға мүмкiндiк беруге мiндеттi.

8. Басты сот талқылауында жауап алынған адам хаттамадағы және аудио-, бейнежазба материалдарындағы өз айғақтарының жазылуымен таныстыру жөнiнде өтiнiш жасауға құқылы. Мұндай мүмкiндiк өтiнiш мәлiмделгеннен кейiнгi күннен кешiктiрiлмей берiлуге тиiс.

9. Сот тараптардың немесе осы баптың сегізінші бөлі­гінде аталған адамдардың өтініші бойынша сот отырысының төрағалық етушісі мен хатшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы хаттаманы ұсынуға міндетті.

 

ҚР 05.05.00 ж. № 47-II Заңымен 329-бап толықтырылды; 2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 329-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



329-бап. Басты сот талқылауының хаттамасына ескертпелер

Басты сот талқылауының хаттамасына қол қойылғаннан кейiнгi бес тәулiктiң iшiнде тараптар, сондай-ақ осы Кодекстiң 328-бабының сегiзiншi бөлiгiнде көрсетiлген өзге де адамдар хаттамаға жазбаша нысанда немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында ескертпелер беруге құқылы. Аталған мерзiмді iс бойынша төрағалық етушi тараптардың өтiнiшi бойынша он тәулiкке дейiн ұзарта алады.

ҚР 05.05.00 ж. № 47-II Заңымен 330-бап толықтырылды

330-бап. Басты сот талқылауының хаттамасына ескертпелердi қарау

1. Басты сот талқылауының хаттамасына ескертпелердi төрағалық етушi, ал ол ұзақ уақыт бойы болмаған кезде осы соттың басқа судьясы қарайды, ол нақтылау үшiн ескертпе берген адамдарды шақыртуға құқылы.

2. Ескертпелердi қарау нәтижелерi бойынша судья олардың дұрыстығын куәландыру туралы не оларды қабылдамау туралы дәлелдi қаулы шығарады. Хаттамаға және судьяның қаулысына жасалған ескертпелер басты сот талқылауының хаттамасына қоса тiгiледi.

41-тарау. Басты сот талқылауының дайындық бөлімі



2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен 331-бап өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 

331-бап. Басты сот талқылауының ашылуы

Басты сот талқылауы үшiн белгiленген уақытта төрағалық етушi сот отырысын ашады және қандай қылмыстық iстiң қаралатынын, сондай-ақ iстiң ашық немесе жабық сот отырысында талқыланатыны туралы хабарлайды.



Сот отырысында аудио-, бейнежазбалар, киноға түсіру пайдаланылатын кезде төрағалық етуші ол жөнінде хабарлайды.

 

332-бап. Басты сот талқылауына шақырылған адамдардың келуiн тексеру



Сот отырысының хатшысы сот отырысына қатысуға тиiстi адамдардың келгенi туралы баяндайды және келмегендердiң келмеу себептерiн хабарлайды.

333-бап. Аудармашыға оның құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiру

1. Төрағалық етушi аудармашы ретiнде кiмнiң қатысып отырғанын хабарлайды және оған осы Кодекстiң 85-бабында көзделген құқықтарын, мiндеттерiн түсiндiредi.

2. Төрағалық етушi аудармашыға әдейi дұрыс аударма жасамағаны үшiн қылмыстық жауаптылығы туралы ескертедi, бұл туралы одан қолхат алынып, ол сот отырысының хаттамасына қоса тiгiледi. Аудармашыға, сондай-ақ өз мiндеттерiн орындаудан жалтарған жағдайда оған заңдарда белгiленген тәртiппен әкiмшiлiк жаза қолданылуы мүмкiн екенi туралы ескертiледi.

334-бап. Аудармашыдан бас тарту туралы мәселенi шешу

Төрағалық етушi келген тараптарға, куәларға, сарапшыға, маманға олардың аудармашыдан бас тартуын мәлiмдеу құқықтарын түсiндiредi және аудармашыдан бас тартуға әкеп соғатын заңдарда көзделген негiздердi түсiндiредi. Мәлiмделген бас тартуды сот осы Кодекстiң 89-бабында белгiленген ережелер бойынша шешедi. Егер аудармашыдан бас тарту қанағаттандырылса, сот басқа аудармашыны шақырады.

335-бап. Куәларды сот отырысы залынан шығару

Келген куәлар олардан жауап алу басталғанға дейiн сот отырысы залынан шығарылады. Төрағалық етушi сот жауап алмаған куәлардың жауап алған куәлармен, сондай-ақ сот отырысы залындағы өзге адамдармен сөйлеспеуi үшiн шара қолданады.

2009.03.12. № 213-IV ҚР Заңымен 336-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

336-бап. Сотталушының жеке басын және оған айыптау қорытындысы көшiрмесiнiң уақтылы тапсырылғанын анықтау

Төрағалық етушi сотталушының тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған жылын, айын, күнiн және орнын, сот iсi жүргiзiлетiн тiлдi бiлетiнiн, тұратын жерiн, немен айналысатынын, бiлiмiн, отбасы жағдайын және оның жеке басына қатысты басқа да деректердi анықтай отырып, оның жеке басын айқындайды. Мұнан кейiн төрағалық етушi сотталушыға сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу хаттамасының, айыптау қорытындысының, айыптауды өзгерту туралы қаулының немесе айыптау хаттамасының көшiрмелерiнiң тапсырылғанын және қашан тапсырылғанын анықтайды. Бұл ретте соттың талқылауы, бұл туралы сотталушы өтiнiш жасаған болса, сондай-ақ осы Кодекстiң 393-бабының екiншi бөлiгiнде көзделгеннен басқа жағдайларда сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу хаттамасының, айыптау қорытындысының, айыптауды өзгерту туралы қаулының немесе айыптау хаттамасының көшiрмелерi тапсырылған күннен бастап үш тәулiктен бұрын басталмауға тиiс.

337-бап. Сот құрамын, процеске басқа қатысушыларды жариялау

Төрағалық етушi сот құрамын жариялайды, кiмнiң айыптаушы, қорғаушы, жәбiрленушi, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың өкiлдерi, сондай-ақ сот мәжiлiсiнiң хатшысы, сот приставы, сарапшысы, маманы болып табылатынын хабарлайды.

2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен 338-бап өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 

338-бап. Бас тартуды шешу тәртiбi

1. Төрағалық етушi тараптардың сот құрамынан, сондай-ақ осы Кодекстiң 337-бабында аталған адамдардан осы Кодекстiң 90, 91, 94, 95, 96, 97-баптарында көзделген негiздер бойынша бас тартуды мәлiмдеу құқығын түсiндiредi. Бұл ережелер запастағы судьяға қатысты да қолданылады.

2. Мәлiмделген бас тартуды сот осы Кодекстiң 89, 90-баптарында белгiленген ережелер бойынша шешедi.

339-бап. Сотталушыға оның құқықтарын түсiндiру

Төрағалық етушi сотталушыға оның осы Кодекстiң 69-бабында көзделген басты сот талқылауындағы құқықтарын түсiндiредi.

340-бап. Жәбiрленушiге, жеке айыптаушыға, азаматтық талапкерге және азаматтық жауапкерге олардың құқықтарын түсiндiру

Төрағалық етушi жәбiрленушiге, жеке айыптаушыға, азаматтық талапкерге, азаматтық жауапкерге және олардың өкiлдерiне олардың осы Кодекстiң 75, 76, 77, 78, 80, 81-баптарында көзделген басты сот талқылауындағы құқықтарын түсiндiредi. Жеке айыптау iстерi бойынша, сондай-ақ бiрiншi рет жасалған шағын және орташа ауырлықтағы қылмыстар жөнiндегi iстер бойынша жәбiрленушiге бұған қоса оның сотталушымен бiтiмге келу құқығы түсiндiрiледi.

341-бап. Сарапшыға оның құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiру

Төрағалық етушi сарапшыға оның осы Кодекстiң 83-бабында көзделген құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiредi және оған әдейi жалған қорытынды бергенi үшiн қылмыстық жауаптылығы туралы ескертедi, бұл туралы сарапшыдан қолхат алынады, ол басты сот талқылауының хаттамасына қоса тiгiледi.

342-бап. Маманға оның құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiру

Төрағалық етушi маманға оның осы Кодекстiң 84-бабында көзделген құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiредi және оған өз мiндеттерiн орындаудан бас тартқаны немесе жалтарғаны үшiн осы бапта белгiленген жауаптылық туралы ескертедi.

343-бап. Өтiнiштердi мәлiмдеу және шешу

1. Төрағалық етушi тараптардан оларда жаңа куәларды, сарапшыларды және мамандарды шақыру туралы және заттай дәлелдер мен құжаттарды алдыру туралы өтiнiштерiнiң бар-жоғы туралы сұрайды. Өтiнiшiн мәлiмдеген адам қандай жағдайларды анықтау үшiн қосымша дәлелдердiң қажет екенiн көрсетуге мiндеттi.

2. Төрағалық етушi, сондай-ақ тараптардан олардан талқылаудан дәлел ретiнде жiберiлмеуге тиiс материалдарды алып тастау туралы өтiнiштерiнiң бар-жоғын анықтауға мiндеттi.

3. Сот талқылауының қалған қатысушыларының пiкiрiн тыңдағаннан кейiн сот мәлiмделген әрбiр өтiнiштi қарауға, оны қанағаттандыруға немесе өтiнiштi қанағаттандырудан бас тарту туралы дәлелдi қаулы шығаруға тиiс.

4. Соттың тараптардың бастамашылығы бойынша сотқа мамандар немесе куәлар ретiнде келген адамдардан сот отырысында жауап алу туралы өтiнiштердi қанағаттандырудан бас тартуға құқығы жоқ.

5. Сот өтiнiшiн қанағаттандырудан бас тартқан адам оны одан әрi мәлiмдеуге құқылы.

344-бап. Iске қатысушы адамдардың бiрi болмаған кезде iстi тыңдау мүмкiндiгi туралы мәселенi шешу

Сот талқылауына қатысушылардың бiрi, сондай-ақ куә, сарапшы немесе маман келмеген кезде сот тараптардың iстi талқылау мүмкiндiгi туралы пiкiрiн тыңдайды және талқылауды кейiнге қалдыру немесе оны жалғастыру және келмеген адамдарды келесi сот отырысына шақырту немесе оларды алып келу туралы қаулы шығарады.

42-тарау. Сот тергеуі



ҚР 11.07.01 ж. № 238-II Заңымен 345-бап өзгертілді

345-бап. Сот тергеуiнiң басталуы

1. Сот тергеуi айыптаушының сотталушыға таққан айыбының мәнiсiн баяндаудан, ал жеке айыптау iстерi бойынша - арыз берген адамның немесе оның өкiлiнiң, ал олар болмағанда - сот отырысы хатшысының шағымды баяндауынан басталады.

2. Айыптау ауырлығы төмендеу түрiне өзгертiлген жағдайда немесе айыптаудың бiр бөлiгiнен бас тартылған кезде айыптаушы сотқа айыптаудың жаңа негiзделген тұжырымын жазбаша түрде баяндауға мiндеттi.

2009.03.12. № 213-IV ҚР Заңымен 346-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



346-бап. Сотталушының көзқарасын анықтау

1. Төрағалық етушi сотталушыдан оған айыптаудың түсiнiктi-түсiнiктi емес екенiн сұрайды, оған айыптаудың мәнiсiн түсiндiредi және оның тағылған айыпқа өз көзқарасын сотқа хабарлау ниетiнiң бар-жоғын анықтайды.

2. Сотталушыға сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу кезінде, алдын ала тергеуде немесе анықтауда кезiнде бiлдiрiлген кiнәсiн мойындау немесе мойындамаумен байланысты емес екенiн, өз кiнәсiн мойындайтыны немесе мойындамайтыны туралы сұраққа жауап беруге мiндеттi емес екенi және сотталушының жауап беруден бас тартуы оған зиян келтiрiлгендей түсiнiлмейтiнi түсiндiрiлуге тиiс. Сотталушы өз жауабын дәлелдеуге құқылы. Сотталушының жауап бермеуi оның өз кiнәсiн мойындамағаны деп түсiнiледi.

3. Төрағалық етушi сотталушыдан оған қойылған азаматтық талап қоюды мойындайтынын-мойындамайтынын (толық, iшiнара) сұрайды. Егер сотталушы бұл сұраққа жауап берсе, онда ол жауабының дәлелiн айтуға құқылы. Сотталушының жауап бермеуi оның азаматтық талап қоюды мойындамағаны деп түсiнiледi.

4. Тараптар сотталушыға оның көзқарасын нақтылауға бағытталған сұрақтар қоюға құқылы.

ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңымен (бұрынғы ред. қара) 347-бап өзгертілді



347-бап. Дәлелдемелердi ұсыну мен зерттеу тәртiбi

1. Сот тергеуiнде айыптаушы және қорғаушы тараптар ұсынған дәлелдемелер зерттеледi.

2. Дәлелдемелердi алдымен айыптаушы тарап ұсынады. Дәлелдемелердi зерттеу тәртiбiн тараптармен келiсе отырып, сот белгiлейдi. Дәлелдемелердi зерттеу тәртiбiн белгiлеу немесе өзгерту мәселелерi бойынша сот қаулы шығарады.

3. Сотталушы төрағалық етушiнiң рұқсатымен сот тергеуiнiң кез келген сәтiнде айғақ беруге құқылы.

348-бап. Сотталушыдан жауап алу

1. Сотталушыдан жауап алудың алдында төрағалық етушi тағылған айып және iстiң басқа да жағдайлары бойынша айғақ беру немесе бермеу құқығын, сондай-ақ сотталушының барлық айтқаны өзiне қарсы пайдаланылуы мүмкiн екенiн оған түсiндiредi.

2. Сотталушы айғақ беруге келiсiм берген кезде бiрiншi болып одан қорғаушы және процеске қорғаушы тарапынан қатысушылар, сонан кейiн мемлекеттiк айыптаушы және процеске айыптаушы тарапынан қатысушылар жауап алады. Төрағалық етушi жетекшi сұрақтарды және iске қатысы жоқ сұрақтарды алып тастайды.

3. Сот сотталушыға одан тараптар жауап алғаннан кейiн сұрақ қояды, алайда нақтылау сұрақтары жауап алудың кез келген сәтiнде қойылуы мүмкiн.

4. Басқа сотталушы болмаған кезде сотталушыдан жауап алуға тараптардың өтiнiшi немесе соттың бастамашылығы бойынша жол берiледi, бұл туралы қаулы шығарылады. Бұл жағдайда сотталушы сот мәжiлiсi залына қайтып келгеннен кейiн оған өзi болмаған кезде сот мәжiлiсiнiң хаттамасына енгiзiлген деректер оқылады және өзi болмағанда жауап алынған сотталушыға сұрақ қою мүмкiндiгi берiледi.

349-бап. Сотталушының айғақтарын жария ету

1. Сотталушының iс бойынша сотқа дейiнгi әзiрлiк барысында берген айғақтарын жария етуге, сондай-ақ жауап алу хаттамасына қоса берiлген оның айғақтарының дыбыс жазбасын, бейне жазбаны немесе киноға түсiрiлiмiн жаңғыртуға мынадай жағдайларда:

1) сотталушы сотта айғақ беруден бас тартқан кезде;

2) iс сотталушы болмаған кезде қаралғанда;

3) сот талқылауымен алдын ала тергеу барысында берiлген айғақтардың арасында елеулi қайшылықтар болғанда жол берiледi.

2. Тиiстi жауап алу хаттамасындағы немесе сот отырысы хаттамасындағы айғақтарды алдын ала жария етпей тұрып, дыбыс, бейнежазбаны және кино түсiрiлiмiн жаңғыртуға жол берiлмейдi.

350-бап. Жәбiрленушiден жауап алу

1. Жәбiрленушiден осы Кодекстiң 351-бабының екiншi, үшiншi, төртiншi, бесiншi, алтыншы және жетiншi бөлiктерiнде көзделген куәлардан жауап алу ережелерi бойынша жауап алынады.

2. Жәбiрленушi төрағалық етушiнiң рұқсатымен сот тергеуiнiң кез келген сәтiнде айғақтар беруге құқылы.

ҚР 05.05.00 ж. № 47-II Заңымен; 2007.29.06. № 270-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 351-бап өзгертілді

351-бап. Куәлардан жауап алу

1. Куәлардан жеке-жеке және жауап алынбаған куәлардың қатысуынсыз жауап алынады.

2. Жауап алудың алдында төрағалық етуші куәнің жеке басын айқындайды, оның сотталушыға және іске қатысушы басқа адамдарға деген қарым-қатынасын анықтай­ды, іс бойынша шын айғақтар беру жөніндегі азаматтық борышы мен міндетін, сондай-ақ айғақтар беруден бас тартқаны және көрінеу жалған айғақтар бергені үшін жауаптылығын түсіндіреді. Куәға, сондай-ақ өзіне-өзі, жұбайына (зайыбына) және жақын туыстары­на қарсы айғақтар беруден, ал діни қызметшілерге – тәубе үстінде өздеріне ішкі сырын сеніп ашқан адамдарға да қарсы айғақтар беруден бас тартуға құқылы екені түсіндіріледі. Заң бойынша айғақ беру міндетінен босатылған, бірақ айғақ беруге тілек білдірген адамдарға көрінеу жалған айғақ бергені үшін жауап­тылығы түсіндіріледі. Куәға осы Кодекстің  82-бабында көзделген оның басқа құқықта­ры мен міндеттері де  түсіндіріледі. Куә мынадай мазмұнда ант береді: «Сотқа іс бойынша өзіме белгілі болған барлық мән-жайды, тек қана шындықты, барлық шындық­ты айтуға және шындықтан басқа ешнәрсе  айтпауға ант етемін.». Куәдан оған өз міндеттері мен жауаптылығының түсін­дірілгені туралы қолхат алынады. Қолхат сот отырысының хаттамасына тіркеледі.

3. Куәдан айыптаушы, жәбiрленушi, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкiлдерi, сотталушы және оның қорғаушысы жауап алады. Бiрiншi болып өтiнiшi бойынша сот отырысына осы куә шақырылған тарап сұрақ қояды. Төрағалық етуші куәға одан тараптар жауап алып болғаннан кейiн сұрақтар қояды.

4. Куә соттың талап етуi бойынша оған ұсынылатын жазбаларды пайдалануға құқылы.

5. Куәға өз айғақтарына қатысты қолындағы құжаттарды оқып шығуға рұқсат берiледi. Бұл құжаттар сотқа ұсынылады және оның қаулысы бойынша iске тiгiлуi мүмкiн.

6. Жауап алынған куәлар сот отырысы залында қалады және олар сот тергеуi аяқталғанға дейiн соттың рұқсатынсыз және тараптардың келiсiмiнсiз одан шықпауға тиiс.

7. Осы Кодекстiң 101-бабында көзделген жағдайларда, куәнiң және оның жақындарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында сот куәнiң жеке басы туралы нақты деректердi жарияламай, оны процеске басқа қатысушылар көрмейтiндей жағдайда одан жауап алуға құқылы, бұл туралы қаулы шығарылады.

352-бап. Кәмелетке толмаған жәбiрленушiден, куәден жауап алу ерекшелiктерi

1. Он төрт жасқа дейiнгi кәмелетке толмаған жәбiрленушiден, куәдан жауап алу, ал соттың қалауынша - он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi мұндай адамдардан жауап алу педагогтың қатысуымен жүргiзiледi. Қажет болған жағдайда сонымен қатар ата-аналары немесе кәмелетке толмаған адамның өзге де заңды өкiлдерi шақырылады. Аталған адамдар төрағалық етушiнiң рұқсатымен жәбiрленушiге және куәға сұрақ қоя алады.

2. Он алты жасқа толмаған жәбiрленушiден, куәдан жауап алудың алдында төрағалық етушi оған шын және толық айғақтардың iс үшiн маңызын түсiндiредi. Айғақ беруден бас тартқаны және көрiнеу жалған айғақ бергенi үшiн жауаптылық туралы аталған адамдарға ескерту жасалмайды және олардан қолхат алынбайды.

3. Тараптардың өтiнiшi бойынша немесе соттың бастамашылығы бойынша кәмелетке толмаған жәбiрленушi мен куәдан жауап алу сотталушы жоқ кезде жүргiзiлуi мүмкiн, бұл туралы сот қаулы шығарады. Сотталушы сот отырысы залына қайтып келгеннен кейiн оған кәмелетке толмаған жәбiрленушiнiң, куәнiң айғақтары жария етiледi, жәбiрленушiге, куәға сұрақ қою және олардың айғақтарына орай өз айғақтарын беру мүмкiндiгi берiледi.

4. Он сегiз жасқа толмаған жәбiрленушi, куә сот олардың әрi қарай қатысуын қажет деп таныған жағдайлардан басқасында, олардан жауап алынғаннан кейiн сот отырысы залынан шығарылады.

ҚР 11.07.01 ж. № 238-II Заңымен 353-бап өзгертілдіа



жүктеу 5,57 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   35




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау