Ќазаќстан Республикасыныњ ѓылым жєне білім министрлігі



жүктеу 0,73 Mb.
бет4/5
Дата14.05.2018
өлшемі0,73 Mb.
#12834
1   2   3   4   5

4 Тақырып . Облигациялар.
Сағат саны: 2
Сабақтың мақсаты: облигацияның экномикалық мәнін анықтау; олардың негізгі қасиеттерін қарастыру; табысты төлеу әдісі бойынша, міндеттемелерді қамтамасыз ету тәсілі юойынша жіктелген облигациялардың түрлерін қарастыру; облигацияның инвестициялық қасиетін сараптау «купон», «купон ставкасы», «дисконт», «дисконттың ставкасы», «ажио», «дизажио», «аннуитет» ұғымдарының мәнін ашу; облигацияның табыстылығы мен құндық бағасын білу; облигацияның нарықтық бағасын есептеуді үйрену; отандық ибедегі облигацияны шығару және айналымының негізгі шартын қарастыру.
Сабақ барысы:

  1. Ауызша сұрақ.

  2. Рефераттар мен баяндамаларды тыңдау.

  3. Экономикалық диктант жүргізу.

  4. Карточка бойынша жекеше жұмыс істеу.

  5. Есептерді шығару.

  6. Тесттерді шешу.

  7. Практикалық сабаққа қорытынды жасау.


Сабақтың мазмұны.

  1. Облигацияға жалпы сипаттама.

  2. Акция мен облигацияға салыстырмалы сипаттама.

  3. Облигацияның жіктелуі.

  4. Акция мен облигациялардың табыстылығы мен құндық бағасы.


Өзін – өзі тексеруге арналған сұрақтар мен есептер:

1. Борыштық бағалы қағаздардың ұғымы және олардың құқықтық мәні

2. Дамыған және дамылатын елдердегі қаржы нарықтарында айналатын облигациялардың негізгі типтері

3. Казақстандық қаржы нарығында еврооблигациялардың тіркеу мен орналастыру технологиясы

4. Отандық еврооблигациялардың эммисиясы және қаржы нарығының қазақстандық мен шетелдік кәсіби қатысушыларының еврооблигациялардың орналастыруда халықаралық капитал рыногында ролі

5. Қазақстандағы мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздардың эмиссиясы, айналымы мен өтеу.



Есептер:

Есеп №1. Бағалы қағаз бойынша табыстарды салыстырыңыз: А – 5 жыл өтеу мерзімімен, мемлекеттік қарыз облигациясының құны 1000 теңге, шығару кезіндегі дисконты 10%, купондық ставкасы 50%.

Б – 5 жыл өтеу мерзімімен коммерциялық банк облигациясының құны 1000 теңге, ажио 20%, купондық ставкасы 80%.

В – 5 жыл өтеу мерзімімен коммерциялық банк облигациясының құны 1000 теңге, купондық ставкаы 75%.

Есеп №2. бірінші жылдың ең көп ағымдық табыстылығы (салық салуды есептемегенде) бар облигацияны анықтаңыз.


  1. Өтеу мерзімі 1 жыл, дисконт 40%.

  2. Өтеу мерзімі 3 жыл, купондық ставкасы 50%, құны бойынша орналасады.

  3. Өтеу мерзімі 1 жыл, купондық ставкасы 40%, нарықтық бағасы 90%.

Есеп №3. Егер облигация 20% дисконт бойынша сатылса, өтеу мерзімі 5 жыл, купондық ставкасы 80%, құны 10 теңге болатын облигацияның ағындық және ақырғы табыстылығын салыстыру.

Есеп №4. өтеу мерзімі 3 жыл, құны 5 теңге, купондық ставкасы 120% болатын мемлекеттік қарыз облигациясы көрсетілгенбағасы бойынша заңды тұлға сатып алды және 2 жылдан кейін 8 теңгеге сатылды. Ақырғы табыстылығын анықтаңыз (салық салуды ескермей).



Есеп №5. «К»АҚ көрсетілген құны 1000 теңге болатын 1000 облигация шығарды, «Р»АҚ көрсетілген құны 1000 теңге болатын 500 облигация шығарды. Егер «К» және «Р» АҚ-ы келесідей баланстары болса, салынған қаражаттарды қайтару көзқарасы бойынша қай АҚ-ы облигациялары тиімді. (мың теңге).

Активтер

К

Р

Пассивтер

К

Р

Негізгі қорлар

1500

2008

Жарғылық қор

2008

2008

Материалдық емес актив

700

700

Төлемдер:







Өндірістік қорлары

500

800

- еңбек ақы бойынша

500

1000

Қатысушыларға төлемдер

500

800

Ұзақ мерзімді қарыз

1000

500

Дебиторларға төлемдер

100

300

Бюджетке төлемдер

500

700

Персоналға төлемдер

100

200

Қысқа мерзімді несие

500

500

Төлемдік шот

400

200










Баланс

4500

4500

Баланс

4500

4500

Есеп №6. АҚ купондық ставкасы 50% болатын 1 млн. теңгеге облигациялық қарыз шығарды, пайыздарын төлеу жылына 1 рет болады. Жыл қорытындысы бойынша АҚ баланстық пайда 2 млн. теңгені құрады (салық 30% ставкамен салынды). Облигация бойынша ағымдық төлемдерді жабу коэффициентін анықтаңыз.

Есеп №7. «А»АҚ-ы 2700 облигация (купондық ставкасы30%); 6000 жай және 600 артықшылығы бар акцияларды (жазылған дивиденд 40%) шығарды. «Б»АҚ-ы 17000 жай және 1000 артықшылығы бар (жазылған дивиденд 40%) акцияларды шығарды. Барлық бағалы қағаздардың бастапқы құны 100 теңге.

Егер келесі мәліметтер берілген болса, қай АҚ-ң артықшылығы бар акцияларына салу ағымдық кірістің көп мөлшеріне кепіл бола алады.


Активтер

А

Б

Пассивтер

А

Б

Негізгі қорлар

450

1000

Жарғылық қор

600

1800

Материалдық емес активтер

20

100

Резервтік қор

70

200

Ұзақ мерзімді қаржылық салымдар

350

-

Ұзақ мерзімді қарыздар

270

-

Төлемді шот

380

1000

Пайда

200

100

Баланс

1200

2100

Баланс

1200

2100

Есеп №8. Банктік ставкасы 4%, купондық ставкасы жылына 10%, өтеу мерзімі 3 жыл, көрсетілген бағасы 100 теңге болатын облигацияның шамамен алынған құнын анықтаңыз.

Есеп №9. Конвертирленетін облигацияның облигациялық құны 5000 теңгені құрайды. Акцияның нарықтық бағалы 1000 теңге. Облигацияның конверсиялық коэффициенті – 3. Конвертирленетін облигацияны жай акцияға ауыстыру тиімді ме, әлде тиімсіз бе екенін табыңыз.

Есеп №10. АҚ конвертирленетін облигацияның 20%-н өтеу мерзімі 10 жыл болатын облигация шығарды. Облигацияның номиналдық құны – 500 теңге. Бір жылдан кейін облигацияны номиналы 100 теңге болатын 4 жай акцияға ауыстыруға болады. Конвертирленбейтін облигацияның нарықтық табыстылығы 40%. Жай акцияның нарықтық бағасы 150 теңге. Конвертирленетін облигацияның облигациялық және конверсиялық құнын есептеңіз және берілген облигацияның нарықтық бағасының төменгі шегін анықтаңыз.

Есеп №11. Облигация бойынша пайыздық төлемдерді өтер коэффициентін анықтаңыз, егер келесі мәліметтер белгілі болса; АҚ купондық ставкасы 50% болатын 1 млн. теңге сомасына облигациялық қарыз шығарды, пайыздарды төлеу жылына бір рет болады. Жыл қорытындысы бойынша баланстық пайда 2 млн. теңгені құрады. (салық 30% ставка бойынша салынды).

Есеп №12. Инвестор облигацияны 1005 мың теңгеге алды және оны 2 жылдан кейін 998 мың теңгеге сатты. Ол 2 жыл ішінде 300 мың теңге сомасында купондық төлемдер алды. Осы облигацияның 2 жыл мерзім есебіндегі табыстылығын анықтаңыз.

Есеп №13. Номиналы 20 теңгелік облигация 30 теңгеге алынды. Ол бойынша проценттер жылына 40% құрайды және қиылатын талап бойынша жылына 4 рет төленеді. Өтеу мерзімі 5 жыл. Облигацияның 3 жылдан кейінгі баланстағы бағасы қандай болады?

Есеп №14. Ағымдық табыстылығы 5«А» және жылдық 10% купонды 2008 теңгелік облигацияның нарықтық бағасын анықтаңыз.

Есеп №15. №12 есеп.

Есеп №16. Инвестор 50000 теңгеге – АҚ-ң 10 пайыздық облигациясын номиналы бойынша сатып алды. Күннің аяғында облигацияның бағасы 0,5% төмендеді. Осы келісім бойынша инвестордың толық жоғалтулары қандай?



Есеп №17. Купондық облигацияның бағасы 75%, купон 15%. Облигацияның табыстылығын анықтаңыз.

5 Тақырып. Мемлекеттік бағалы қағаздар.
Сағат саны 2
Сабақ мақсаты: ішкі және сыртқы қарыз, мемлекеттің қарыздық міндеттемелері түсінігіне анықтама беру, эмитенттер, айналу мерзімі, шығару және айналым технологиясы бойынша мемлекеттік бағалы қағаздық түрлерін қарастыру, осы нарықта бар мемлекеттік бағалы қағаздар және тәуекелдердің инвестициялық сапасын талдау; Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының дам000000ыған жағдайын талдау және оның дамуының алғышарттары; мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын реттеу әдістерін қарастыру; еврооблигация түсінігін беру; евроқағаздардың қызмет ету ерекшеліктерімен еврооблигацияны шығаруды орнластыру және тіркеу технологиясымен танысу.
Сабақ барысы:

  1. Ауызша сұрау.

  2. Баяндамалар мен рефераттарды тыңдау.

  3. Экономикалық диктант жүргізу.

  4. Карточка бойынша жеке жұмыс.

  5. Тесттерді шешу.

  6. Практикалық сабаққа қорытынды жасау.


Сабақтың мазмұны:

  1. Мемлекеттік бағалы қағаздардың экономикалық мазмұны.

  2. Мемлекеттік бағалы қағаздардың жіктелуі.

  3. Отандық мемлекеттік бағалы қағаздардың шығару және айналу механизмі. (НСО, МЕККАМ, МЕОКАМ, МЕАКАМ, МЕКАВМ...).

  4. Муниципалды бағалы қағаздар.

  5. Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының дамыған жағдайын талдау және оның дамуының алғышарттары.


Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар.

  1. Мемлекеттік қарыз өзімен нені білдіреді?

  2. Мемлекеттік қарыз өтеудің қандай әдістері бар?

  3. Мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару қандай мақсаттарды көрсетеді?

  4. Мемлекеттік бағалы қағаздар қандай инвестициялық сапаларға және артықшылықтарға ие?

  5. Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын реттеуші, негізгі нормативті құжаттарды ата?

  6. Мемлекеттік бағалы қағаздарды шығарудың қандай негізгі жағдайлары бар?

  7. Қазақстанда алғашқы мемлекеттік бағалы қағаздарды қашан шығарды?

  8. Мемлекеттік бағалы қағаздардың жіктелуін мінездеңіз және атаңыз (мысал келтір).

  9. Мемлекеттік бағалы қағаздардың отандық нарығында Қаржы Министрлігі, Ұлттық Банк және инвесторлар атқаратын негізгі функцияларын ата.

  10. Қазақстандық мемлекеттік бағалы қағаздардың түрлерін мінезде. Мемлекеттік бағалы қағаздар мінездемесін кестелік формада көрсетіңіз.

  11. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде шығарылатын мемлекеттік бағалы қағаздардың негізгі түрлерін ата.

  12. Қазақстандық мемлекеттік бағалы қағаздардың АҚШ, Германия, Жапония, Ресей және басқа елдердің мемлекеттік бағалы қағаздардың тәжірибесін салыстыр.

  13. Мемлекеттік бағалы қағаздардың және жергілікті басқару органдарының бағалы қағаздардың эмиссиясын басқарудың ерекшеліктері қандай?


Студенттердің өзіндік жұмысының тақырыптары.

  1. Бюджеттік дефецитті қаржыландырудың альтернативті әдістері.

  2. Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы қарызы.

  3. Қазақстандағы мемлекеттік қарыз: тарихы және қазіргі жағдайы.

  4. Қазақстандағы бюджет дефициті және мемлекеттік қарызды басқару мәселелері.

  5. Отандық мемлекеттік бағалы қағаздар нарығындағы қаржы тәуекелдері.

  6. Қаржы Министрлігі мен ҚР-ның Ұлттық Банкісінің мемлекеттік бағалы қағаздары.

  7. Мемлекеттік бағалы қағаздар аукционын ұйымдастыру.

  8. Еврооблигациялар нарығы: масштабтары, құрылымы, қатысушылары, инфрақұрылымы, эмиссия және айналым механизмі.

  9. Мемлекеттік міндеттемелер нарығының қалыптасуы мен дамуындағы ұлттық ерекшеліктер.

  10. Қазақстан Республикасындағы муниципалды бағалы қағаздар.


Ұсынылатын периодикалық әдебиеттер.

  1. Абдигапаров С. Основные аспекты механизма финансирования дефицита государственного бюджета с использованием рынка ценных бумаг//Транзитная экономика №1, 2001г.

  2. Пошелюжная Л. Управление государственным долгом и развитие рынка государственных ценных бумаг Казахстана//РЦБК №5, 1998г.

  3. Пошелюжная Л. Становление рынка государственных ценных бумаг Казахстана//РЦБК №9, 1999г.

  4. Молдахметов Н. Некоторые аспекты состояния рынка государственных ценных бумаг//РЦБК №9, 1999г.

  5. Агальцова С., Жатканбаев А. Основы формирования рынка государственных ценных бумаг//РЦБК №9, 1999г.

  6. Агальцова С., Жатканбаев А. Цели и мотивы выпуска государственных ценных бумаг//РЦБК №10, 1999г.

  7. Агальцова С. Краткая характеристика казахстанских и зарубежных государственных ценных бумаг//РЦБК №5, 2001г.

  8. Агальцова С. Инвестиционные возможности валютного рынка и рынка государственных ценных бумаг//Банки Казахстана №5, 2001г.

  9. Агальцова С. Как производится анализ рынка государственных ценных бумаг//Банки Казахстана №1, 1999г.

  10. Субботина М. Государственные ценные бумаги РК//РЦБК №3, 1997г.

  11. Костиков Н. Рынок муниципальных облигаций: мировой опыт и российская практика//МЭ и МО №1, 1999г.

  12. Шалгимбаев К. Первые муниципальные ценные бумаги: итоги размещения и сценарий для будущего//РЦБК №12, 1999г.

  13. Идрисов С., Токкожаев Т. Муниципальные облигации – база для формирования регионального рынка ценных бумаг//Поиск №5, 1999г.

  14. Альжанова А. Муниципальные ценные бумаги как альтернативный источник финансирования на рынке капиталов.

  15. Жумабаева З. Муниципальные облигации: перспективы развития в Казахстане//Вестник КазГУ (Серия экономическая) №5, 2001г.

  16. Муниципальные ценные бумаги Атырауской области//Панорама №27, 07.07.2008г.

  17. Муниципальные ценные бумаги ВКО//Панорама №29, 26.07.2002г.

  18. Финансы Казахстана, г. Алматы, «Қаржы-Қаражат» №7, №8, 1998г.

  19. Финансы Казахстана, г. Алматы, «Қаржы-Қаражат» №1, №12, 2008г.

  20. Финансы Казахстана, г. Алматы, «Қаржы-Қаражат» №1, №12, 2001г.

  21. Агальцова С. Простые проценты: таблицы доходности ценных бумаг//Банки Казахстана №7, 1999г.


6 Тақырып Туынды бағалы қағаздар.

Сағат саны: 1
Сабақ мақсаты: туынды бағалы қағаздардың экономикалық мәнін анықтау, олардың шығарылу және айналуындағы ерекшеліктерін қарастыру, туынды бағалы қағаздардың инвестициялық сапасын талдау, туынды бағалы қағаздардың түрлерін қарастыру.
Сабақ барысы:

  1. Ауызша сұрау.

  2. Баяндамалар мен рефераттарды тыңдау.

  3. Экономикалық диктант жүргізу.

  4. Карточка бойынша жеке жұмыс.

  5. Тесттерді шешу.

  6. Практикалық сабаққа қорытынды жасау.


Сабақтың мазмұны.

  1. Туынды бағалы қағаздардың мазмұны.

  2. Туынды бағалы қағаздардың түрлері (варранты, депозитарлы жазбалар, опциондар, фьючерстер, своптар, стриптар).

  3. Туынды қаржы құралдарының бағасын белгілеу негіздері.


Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар.

  1. Жедел келісімшарт дегеніміз не?

  2. Жедел келісімшарттар неге туынды активтермен аталады?

  3. Жедел нарық экономикада қандай қызметтерді атқарады?

  4. Неге жедел нарық ХХ ғасырдың 70 жылдарында тез дамыды?

  5. Жедел нарықтың құрылымы қандай?

  6. Жедел келісімшарт нарығының қатысушыларын және олармен шешілетін тапсырмаларды ата.

  7. Жедел келісімшарттармен сауданы жүзеге асырудағы биржаның ролі қандай?

  8. Опционды, фьючерстін келісімшарттар қандай мақсатпен беріледі?

  9. Форварды және фьючерстік келісімшартарға мінездеме бер және айырмашылықтарын ата.

  10. Маржа деген не?

  11. Своптар қандай мақсатпен бекітіледі?

  12. Пайыздық, валюталық, тауарлық және активтік своптардың мазмұны неде?

  13. Свопта делдал үшін қандай тәуекелдер бар?


Студенттердің өзіндік жұмысының тақырыптары.

  1. Туынды бағалы қағаздар және оның экономикалық мазмұны.

  2. Туынды қаржы құралдарын пайдаланудың негізгі бағыттары.

  3. Варранттар мен жазбаша құқықтар, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары.

  4. Глобальды және американдық депозиттік жазбалар.

  5. Отандық бағалы қағаздар нарығындағы жедел сауда регламентациясының деңгейі.


Пайдаланатын периодикалық әдебиеттер.

  1. Сахитова А. О производных ценных бумагах//РЦБК №12, 1999г.

  2. Сарсенов Н. Производные ценные бумаги к вопросу об «юридичности» экномической категории//РЦБК №1, 2003г.

  3. Уркунчиев Е., Каналина А. Современное состояние казахстанского рынка производных инструментов//РЦБК №1, 2002г.

  4. Еременко А. Опционы как инструмент получения гарантированной доходности//РЦБК №12, 2008г.

  5. Абжанов А. NPV до опциона 1 шаг//РЦБК №3, 1999г.

  6. Жакупов Н. Рынок нефтянных деривативов: перспективы развития Казахстана//РЦБК №3, 2002г.

  7. Некоторые особенности выпуска АДР и ГДР//РЦБК №12, 1997г.

  8. Хмыз О. Американские депозитарные расписки в России//Финансовый менеджмент №6-7, 2002г.

  9. Шалгимбаев Г., Максимова Н. О создании рынка депозитарных расписок//РЦБК №11, 2002г.

  10. Депозитарные расписки: перспективы развития в Казахстане//РЦБК №9, 2002г.

  11. Каналина А. «Стрип» и «стриппинг»: как нам организовать рынок?//РЦБК №9, 2002г.

  12. Иванов М., Таимова О., Щепанов А. Фьючерсы на доходность еврооблигаций: перспективы рынка в свете зарубежного опыта//РЦБК №10, 2002г.

  13. Фьючерсные рынки: теория, история и практика//Финансовый бизнес №1, 2002г.



Модуль 2 Бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымы және оны мемлекеттік реттеу

7 таќырып. Баѓалы ќаѓаздар нарыѓыныњ инфраќ±рылымы.
Сағат саны 1
Сабақтың мақсаты: бағалы қағаздар нарығын бақылайтын инфрақұрылымға түсініктеме беру және оның құрамдарын қарастыру.
Сабақ барысы:

1. Ауызша сұрау.



  1. Баяндамалар мен рефераттарды тыңдау.

  2. Экономикалық диктант жүргізу.

  3. Карточка бойынша жеке жұмыс.

  4. Тесттерді шешу.

  5. Практикалық сабаққа қорытынды жасау.


Сабақтың мазмұны.

1. Бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымының түсінігі

2. Бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымының міндеттері мен механизмдері

3. Бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымының элементтер қызметі.




8 Тақырып . Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу.
Сағат саны: 1
Сабақтың мақсаты: бағалы қағаздар нарығын бақылайтын инфрақұрылымға түсініктеме беру және оның құрамдарын қарастыру, Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығын бақыламайтын мемлекеттік басқару органдары мен құрылымын қарастыру, олардың көзқарастарын, құқықтарын қарастыру, бағалы қағаздар нарығының модеольдерінің жіктелуін беру, отандық бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу механизмін және отандық бағалы қағаздар нарығының модельдеріне сипаттама бер.
Сабақ барысы:

  1. Ауызша сұрау.

  2. Баяндамалар мен рефераттарды тыңдау.

  3. Экономикалық диктант жүргізу.

  4. Карточка бойынша жеке жұмыс.

  5. Тесттерді шешу.

  6. Практикалық сабаққа қорытынды жасау.



Сабақтың мазмұны.

  1. Маќсаттыњ мазм±ны, баѓалы ќаѓаздар нарыѓыныњ мемлекетік ретелуінњ тєсілдерє жєне есептері.

  2. Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығын қадағалаушы – мемлекеттік басқару органдарының қызметтері мен құрылысы, олардың статусы, көзқарасы, жауапкершілік сферасы, құқығы.

  3. Отандық бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу механизмі мен отандық бағалы қағаздар нарығының моделі.

  4. АҚШ бағалы қағаздар нарығының мемлекеттік-құқықтық реттеу


Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар.

  1. Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеудің мәні неде? Қандай шараларды қолданады?

  2. Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеудің міндеттері қандай?

  3. бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу формалары және түрлері қандай?

  4. Шет елдерде бағалы қағаздар нарығын реттеу қалай жүргізіледі? Әлемде бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеудің қандай концепциясы бар?

  5. Қазақстанда қор биржасының қандай моделі қолданылады?

  6. Қазақстанның бағалы қағаздар нарығында мемлекеттік реттеу органдары қандай мәселелерді шешеді?

  7. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатушыларын лицензиялау және мемлекеттік аттестациялау қалай жүзеге асады?

  8. Бағалы қағаздар нарығының өзін-өзі реттеу ұйымы дегеніміз не және олардың қызметі қандай?

  9. Активтерді басқару ассоциациясы мен реестроұстаушылардың қазақстандық ассоциациясы қандай мәселелерді шешеді?


жүктеу 0,73 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау