ОСӨЖ орындауға әдiстемелiк нұсқау: оқытушының жетекшiлiгiмен студенттің өздiк жұмысына төменде көрсетiлген курстық жұмыс тақырыптары жатады. ОСӨЖ ауызша сұрау түрiнде жүргiзiледi. ОСӨЖ орындауға әдiстемелiк нұсқаулар: жұмыс А4 стандартты парақтың бiр жағыа жазылады. Жұмысты орындау барысында келесiдей өлшемдердi сақтау қажет: сол жағынан - 25-ЗО мм, оң жағынан — 10 мм, жоғаргы және төменгi жағынан — 20 мм. Қызыл жол бес белгiге немесе 15-17 мм-ге тең.
Курстық жұмыс тақырыбын қолжазба түрiнде немесе компьютермен жазуға болады. Қолжазба әдiсiмен мәтiн қара немесе көк тустi сиямен, анық жазумен жазылуы тиiс. Бiр жумыста түрлi түстi сия колдануға болмайды (графиктердi, диаграммаларды, суретгердi, кестелердi орындағанда түрлi тустi сия колдануға болмайды.)
Курстық жұмыс колмен жазылғанда мәтiннiң әрбiр бетi 28-ЗО жолдан тұруы қажет, әрбiр жол ортасы 60-65 белгiден болуы керек, мұндағы әрбiр сөздер арасындағы пробел бiр белгi болып есептеледi. Қолжазбалық мәтiнге №З трафаретi қолданылады. Курстық жұмыстың қолжазбалық нұсқаудағы жалпы көлемi косымшаларды есептемегенде ЗО беттен кем болмауы тиiс. Жұмыс беттерiнде ещ кателiктер жiберiлмеуi тиiс - жолдарды және сөздердi сызу, жоларалық қосымша жазулар және т.б.рұқсат етiлмейдi. Сонымен катар, жалпы кабылданбағандардан басқа сөздердi және сөз тiркестерiн қысқартуға болмайды. Жұмыс парақтың жоғарғы жағынан нөмiрленедi.
Жұмыстың әрбiр тарауы жаңа беттен басталады, ал бөлiмдер жолдың ортасынан мәтiннен бiр жол калдырғаннан кейiн жазыла бередi.
Екiншi жағдайда жұмыс мәтiнi компьютерде Мiсгоsoft Word мәтiндiк редакторiнде, Times New Roman шрифiмен, 14 мөлшермен, жартылай жоларалық интервалмен басылады. Курстық жұмыстың жалпы көлемi 20 беттен кем болмауы тиiс.
Студент жұмысты орындау ушiн барлық акпараттарды, яғни Интернет жүйесiнiң ақпараттарын мәтiнде сәйкес сiлтемелер көрсету арқылы қолдануға болады.
Егер берiлген такырып сандық мәлiметтермен қарастыруды қажет етсе, онда акпарат көздерiнен кейiнгi сандық мәлiметтер келтiрiуi керек.
Курстық жұмысты жазу барысында мiндеттi түрде тақырып бойынша сандық мәлiметтер келтiрiлiп, оларға қаржылық және экономикалық талдаулар жасалып, оған талдау жасалады. Рефератты орындаған соң берiлген тақырып бойынша колданылған әдебиеттер тiзiмi жазылып, студенттңц қолы мен орындаған мерзiмi көрсетiлуi керек.
Достарыңызбен бөлісу: |