Практикалық сабақтар - студенттердің өз бетiнше жұмыс орындауын дамытуға және практикалык талаптар мен дағдыларды дамытуға бағытталған оқу сабақтарының нысанының бiрi болып табылады. Пән бойынша практикалық сабақтар студентгерге ғылыми әдебиеттер негiзiнде өздiк жұмыстарды орындауға және ауызша өз ой-пiкiрiн жеткiзе бiлуге мумкiндiк беретiн семинарлар түрiнде өткiзiледi.
Практикалық (семинарлық) сабақтар жоспар бойынша жүргiзiледi және студенттердiң үнемi сабаққа дайындығын, олардың жауаптарын мұқият тыңдауды, теориялық бiлiмдi есептер мен тапсырмаларды орындаумен бекiтудi талап етедi.
Практикалық сабақтар пәннiң күрделi сұрақтарын терең меңгеруге және студенттердiң өздiк жұмыстарын корытындылаудың негiзгi нысаны болып табылады. Осы практикалық сабақтарда студенттер проблеманы бiлiктi жеткiзе бiлуге, өз ой-пiкiрiн еркiн айта бiлуге мүмкiндiк бередi.
Достарыңызбен бөлісу: |