Тақырып 4. Активтердiң портфелiн басқару.
Практикалық сабақтар:
Қаржылық активтердiң табыстылығын бағалау үлгiсi(моделi)
Капитал рыногының сызығы. Бағалы кағаздар рыногының сызығы. В коэффициентiнiң тұжырымдамасы.
Жұмыстың мақсаты:
Фирманың қаржылық басқаруында айналым қаражаттарынан аккумуляцияланған капитал қарастырылады: біріншіден, компанияның үздіксіз қызмет атқаруы үшін қажетті капитал ретінде; екіншіден, айналымнан шығарылған қаражат ретінде (оларды инвестициялауға болмайды, яғни олардан пайда алу мүмкін емес); үшіншіден, қосымша шығындарды жабуға арналғанкөздер ретінде (қорларды сақтау); Бұл жағдайда кез-келген компанияның басты мақсаты болып, компанияның үздіксіз капиталын құру және сақтау табылады.
Қордың минимумнан азаюы кәсіпорынның физикалық тоқтап қалу тәуекелдігін арттырады немесе жоспарланбаған шығындардың жұмсалуына әкеледі, яғни қорларды толтыруға
арналған қосымша шығындар. Ал қорлардың ұлғаюы оларды сақтауға арналған және өзгермелі шығындардың өсуіне алып келеді.
Меншікті айналым капиталы қысқа мерзімді міндеттемелер алынып тасталған айналым активтеріне тең.
Айналым капиталын басқару қаржылық активтердің көздері туралы шешімдерді қабылдауды талап етеді. Айналым капитал циклі дегеніміз ол ағымдағы активтердің ақша қаражаттары мен міндеттемелер бойынша ақшалай төлемдерге айналатын уақыт мерзімі.
Көптеген фирмалар үшін активтердің циклі пассивтердің цикілінен көп болады, сондықтан фирмаларға қысқа мерзімді банктік несиелер немесе т.б. займдар қажет.
Қаржылық менеджер айналым капиталының көлемін ғана емес, сонымен қатар оның құрылымын да басқарады.
Дебиторлық берешек, тауарлық-материалдық құндылықтар қорлары, есеп айырысу шотындағы ақшалар және айналым капиталының басқа да элементтері өндіріс әсерлігіне әртүрлі әсер етеді. Сондықтан да менеджерлердің осы айналым капиталы элементеріне қатынасы әртүрлі.
Қорларды басқарудың негізгі моделі қорлардың қозғалысын жеңілдетеді және жүзеге асырады. Қорларға қоймалардағы шикізат,матириалдар, дайын өнім т.б. жатады. Ол келесідей алғышарттарға негізделген:
- өнімге деген сұраныс тұрақты, яғни қорлардың деңгейі белгілі-бір темппен өзгеріп отырады.
- әкелу уақытты тұрақты және алдын-ала анықталған
- қорлардың болмауын тудырмау керек
- жаңа тапсырыс әр циклде 1 рет жасалынады
- тапсырыс көлемі тұрақты
Белгілерді еңгізу:
Достарыңызбен бөлісу: |