Ќазаќстан Республикасыныњ ѓылым жєне білім министрлігі


«050509» – «Қаржы» мамандығы студенттеріне



жүктеу 1,52 Mb.
бет2/10
Дата14.05.2018
өлшемі1,52 Mb.
#13084
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

«050509» – «Қаржы» мамандығы студенттеріне

арналған «Қаржылық менеджмент»

ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘННІҢ ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Семей 2008



Кіріспе


1. ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ:

Құрастырушы______________ Құрманбекова Г.А., «Қаржы» кафедрасының аға оқытушысы

«________» ______________2008 ж.


2. ТАЛҚЫЛАНДЫ:

2.1. “Қаржы” кафедрасының отырысында талқыланды және бекітілді

Хаттама № 2008 ж.

Кафедра меңгерушісі, э.ғ.к., доцент _____________ Масалимова С.Ж.

2.2. Қаржы-экономикалық факультеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданды

Оқу-әдістемелік кеңес төрағасы, э.ғ.к., доцент_______ Айдарханов М.Х.

Хаттама № 2008 ж.
3. БЕКІТІЛДІ

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданды және басылымға жіберуге ұсынылды

Хаттама № 2008 ж.
Оқу-әдістемелік кеңес төрағасы, бірінші проректор проф. __________

Молдажанова Ә.А.



Мазмұны





1

Жалпы ереже




2

Пәнді оқыту бойынша студенттерге арналаған әдістемелік нұсқаулар




3

Формат және курс саясаты




4

Баға қою саясаты




5

Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу




6

ОСӨЖ және СӨЖ мазмұны




7

Пән бойынша оқу процесінің күнтізбелік графигі





1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1 Пәннің оқытушысы бойынша жалпы мәліметтер

  • Дәріс берушінің аты-жөні Құрманбекова Г.А.

  • Ассистенттің аты-жөні Құрманбекова Г.А.

  • Кафедра « Қаржы»

  • Байланыс ақпараты- т: 530316 , № 8 оқу корпусы, № 212 кабинет;

  • Пәннің аты «Қаржылық менеджмент»

  • Несие саны-3

  • Оқу жоспарынан көшірме ( 1 кесте )


Оқу жоспарынан көшірме



Курс

Семестр

Несие

Дәріс

( сағ)


Практ.

Сабақ


ОСӨЖ

СӨЖ

Барлығы

Бақылау

түрі


3

6

3

30

15

45

45

135

Емтихан

7 семестр


1.2 Пәннің қысқаша сипаттамасы.

Нарықтық экономика жағдайында экономика мамандығы студенттерінің қаржылық менеджмент, яғни стратегиялық және тактикалық мақсаттарына жетуге бағытталған кәсіпорынның қаржысын басқару ғылымын зерттеуінде талап бар болады. Нарықтық шартта және жоғары бәсеке жағдайында кәсіпорындар пайданың көлемін және динамикасын реттеумен, акционерлердің мүлігін көбейтумен, акциялардың курстық құнын бағалаумен, дивиденттік саясатпен байланысты және тағы басқа сұрақтарда әртүрлі керекті жағдайлары болуы мүмкін. Бірақ кәсіпорынның кызметінің осылар және тағы басқа бағыттары әлемдік өркениетпен жасалынып, теория және практикалық қатынаста пайдалы жүйеге қаржылық менеджментте біріккен, универсалды әдістермен басқарылады.

«Қаржылық менеджмент» курсының заты ол қаржылық қарым-қатнасты ұйымдастыру кезінде пайда болатын экономикалық, әлеументтік, қаржылық сұрақтарды зерттеу.

«Қаржылық менеджмент» пәнінің мазмұны ол қаржылық менеджменттің концепциясын ашатын теориялық жағдайларды, әр түрлі құқықтық және ұйымдастырушылық формалы кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастыру әдістерін, кәсіпкерлік қызметті қаржылық қамтамасыз етумен басқарудың талаптарын және принцптерін, формаларын және әдістерін, қаржыны басқарудың нарықтық әдістерін жүзеге асыруын қамтамасыз ететін категориялардың экономикалық мағнасын және тағы басқа сұрақтарды қарастыру.
1.3 Пәнді оқытудың негізгі міндеті:


  • студенттерге кәсіпорын қаржыларын басқаруында негізгі теориясы бойынша тиісті білім беру;

  • қаржы өрісіндегі процестердің қалыптасуына әсер ететін факторларды сан жағынан бағалау әдістерін меңгеру;

  • студенттерге қаржылық басқару сферасында қызмет ету үшін қажетті практикалық дағдыларды дарыту;

  • әртүрлі қызмет ету сферасындағы корпарациялардың тұрақсыз экономикалық жағдайындағы жұрыс шешімін қабылдау жаңалықтарын білуі және т.б.

1.4. Пәнді оқу нәтижесінде студент:

    • кәсіпорындардың қаржылық қызметін басқаруының теория негіздерінің аспектісін, сонымен қатар қазіргі кезде басқару тәсілдерді қолдануын үйренеді;

    • өз бетінше экономикалық шешім қабылдау және талдау дағдысын, қаржы және несие саласында практикалық дағдыларды меңгереді;

    • қаржы өрісіндегі процестердің қалыптасуына әсер ететін факторларды сан жағынан бағалау әдістерін меңгереді;

    • теорияда алған білімдерін практикамен ұштастыра білуді, қаржылық басқару жүйесінің қызметін жетілдіруге мүмкіндік беретін шараларды өңдеуді үйретеді.

    • «Қаржылық менеджмент» пәнәнің экономикалық категорияларын, қазіргі заманғы қаржылық, ақша-несие саясатын, банктік операциялардың жүзеге асырылуының негізгі ережелерін түсініп біледі;

    • қаржылық жүйесінің экономикалық категориялары, ақша айналысының негіздері, есептік-несиелік және валюталық қатнастардың негіздері туралы, сонымен қатар, кәсіпорындар, ұйымдар қызметтері және қаржылық нарықтың қызмет ету негіздері және т.б. туралы түсінік алады;

    • өзіндік экономикалық ойлауды, талдау нәтижелерін қортындылауды, тиімді шешім қабылдау бойынша шаралардыөңдеуді үйреніп, практикалық дағдыда меңгеріп, ерекше арнайы білім алады.

1.5. Курстың алдыңғы реквизиттері

Микроэкономика, қаржы, экономикалық теория, бағалы қағаздар нарығы, бухгалтерлік есеп, корпоративтік қаржылар.

1.6. Курстан кейінгі реквизиттер

- экономиканы ақша- несиелік реттеу, төлем жүйесі, қаржылық талдау, салымдарды қаржыландыру және несиелеу.


2. ПӘНДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Оку жоспары бойынша пәндi оқытуға 45 аудиторлық сағат, соның iшiнде 30 сағат дәрiс, және 15 сағат практикалық (семинарлық) сабақтар қарастырылған.

Аудиторлық дәрiс курсы студент бiлiмiн жүйелендiретiн негiзгi және маңызды көзi болып табылады.

Дәрiс — берiлген пәннiң теориялық сұрақтарын қарастыру мақсаты болып табылатын оқу сабағының нысаны.

Дерiстiң негiзгi бағыты барлық оқу сабақтарының, сонымен қатар студенттердiң өздiк жұмыстарының негiзгi мазмұны мен сипатын, негiзгi бағыттарын анықтай отырып, бiлiм негiзiн салу.

Берiлген пәндi тиiмдi оқыту шарты болып практикалық (семинарлық) сабақтарды жүргiзу табылады.

Практикалық сабақтар - студенттердің өз бетiнше жұмыс орындауын дамытуға және практикалык талаптар мен дағдыларды дамытуға бағытталған оқу сабақтарының нысанының бiрi болып табылады. Пән бойынша практикалық сабақтар студентгерге ғылыми әдебиеттер негiзiнде өздiк жұмыстарды орындауға және ауызша өз ой-пiкiрiн жеткiзе бiлуге мумкiндiк беретiн семинарлар түрiнде өткiзiледi.

Практикалық (семинарлық) сабақтар жоспар бойынша жүргiзiледi және студенттердiң үнемi сабаққа дайындығын, олардың жауаптарын мұқият тыңдауды, теориялық бiлiмдi есептер мен тапсырмаларды орындаумен бекiтудi талап етедi.

Практикалық сабақтар пәннiң күрделi сұрақтарын терең меңгеруге және студенттердiң өздiк жұмыстарын корытындылаудың негiзгi нысаны болып табылады. Осы практикалық сабақтарда студенттер проблеманы бiлiктi жеткiзе бiлуге, өз ой-пiкiрiн еркiн айта бiлуге мүмкiндiк бередi.

ОСӨЖ орындауға әдiстемелiк нұсқау: оқытушының жетекшiлiгiмен студенттің өздiк жұмысына төменде көрсетiлген курстық жұмыс тақырыптары жатады. ОСӨЖ ауызша сұрау түрiнде жүргiзiледi. ОСӨЖ орындауға әдiстемелiк нұсқаулар: жұмыс А4 стандартты парақтың бiр жағыа жазылады. Жұмысты орындау барысында келесiдей өлшемдердi сақтау қажет: сол жағынан - 25-ЗО мм, оң жағынан — 10 мм, жоғаргы және төменгi жағынан — 20 мм. Қызыл жол бес белгiге немесе 15-17 мм-ге тең.

Курстық жұмыс тақырыбын қолжазба түрiнде немесе компьютермен жазуға болады. Қолжазба әдiсiмен мәтiн қара немесе көк тустi сиямен, анық жазумен жазылуы тиiс. Бiр жумыста түрлi түстi сия колдануға болмайды (графиктердi, диаграммаларды, суретгердi, кестелердi орындағанда түрлi тустi сия колдануға болмайды.)

Курстық жұмыс колмен жазылғанда мәтiннiң әрбiр бетi 28-ЗО жолдан тұруы қажет, әрбiр жол ортасы 60-65 белгiден болуы керек, мұндағы әрбiр сөздер арасындағы пробел бiр белгi болып есептеледi. Қолжазбалық мәтiнге №З трафаретi қолданылады. Курстық жұмыстың қолжазбалық нұсқаудағы жалпы көлемi косымшаларды есептемегенде ЗО беттен кем болмауы тиiс. Жұмыс беттерiнде ещ кателiктер жiберiлмеуi тиiс - жолдарды және сөздердi сызу, жоларалық қосымша жазулар және т.б.рұқсат етiлмейдi. Сонымен катар, жалпы кабылданбағандардан басқа сөздердi және сөз тiркестерiн қысқартуға болмайды. Жұмыс парақтың жоғарғы жағынан нөмiрленедi.

Жұмыстың әрбiр тарауы жаңа беттен басталады, ал бөлiмдер жолдың ортасынан мәтiннен бiр жол калдырғаннан кейiн жазыла бередi.

Екiншi жағдайда жұмыс мәтiнi компьютерде Мiсгоsoft Word мәтiндiк редакторiнде, Times New Roman шрифiмен, 14 мөлшермен, жартылай жоларалық интервалмен басылады. Курстық жұмыстың жалпы көлемi 20 беттен кем болмауы тиiс.

Студент жұмысты орындау ушiн барлық акпараттарды, яғни Интернет жүйесiнiң ақпараттарын мәтiнде сәйкес сiлтемелер көрсету арқылы қолдануға болады.

Егер берiлген такырып сандық мәлiметтермен қарастыруды қажет етсе, онда акпарат көздерiнен кейiнгi сандық мәлiметтер келтiрiуi керек.

Курстық жұмысты жазу барысында мiндеттi түрде тақырып бойынша сандық мәлiметтер келтiрiлiп, оларға қаржылық және экономикалық талдаулар жасалып, оған талдау жасалады. Рефератты орындаған соң берiлген тақырып бойынша колданылған әдебиеттер тiзiмi жазылып, студенттңц қолы мен орындаған мерзiмi көрсетiлуi керек.



СӨЖ орындауға әдiстемелiк нұсқаулар: «Қаржылық менеджмент» курсы бойынша кредиттiк технология студенттермен СӨЖ реферат түрiнде орындалады. СӨЖ орындауға кiрiскенде студенттер берiлген рефераттың тақырыбын зерттеуi керек. Сонымен қатар ұсынылған әдебиетгер мен инструктивтiк материалдарды колдануға болады. Жұмыс А4 стандартты парақтың бiр жағына жазылады. Студенттерге өздiк жұмысты дәптерге жазуға рұқсат етiледi. Жұмысты орындау барысында келесiдей өлшемдердi сақтау кажет: сол жағынан - 25-30 мм, оң жағынан — 10 мм, жоғарғы және төменгi жағынан —20 мм. Кызыл жол бес белгiге немесе 15-17 мм-ге тең.

Жұмыс тақырыбын қолжазба түрiнде немесе компьютермен жазуға болады. Қолжазба әдiсiмен мәтiн қара немесе көк түстi сиямен, анық жазумен жазылуы тиiс. Бiр жұмыста түрлi түстi сия қолдануға болмайды (графиктердi, диаграммаларды, суреттердi, кестелердi орындағанда түрлi түстi сия колдануға болмайды.)

Жұмыс қолмен жазылгғнда мәтiннiң әрбiр бетi 28-ЗО жолдан тұруы қажет, әрбiр жол ортасы 60-65 белгiден болуы керек, мұндағы әрбiр сөздер арасындағы пробел бiр белгi болып есептеледi. Қолжазбалық мәтiнге №З трафаретi қолданылады. Жұмыстың қолжазбалық нұсқадағы жалпы көлемi косымшаларды есептемегенде 5 беттен кем болмауы тиiс. Жұмыс беттерiнде еш қателiктер жiберiлмеуi тиiс — жолдарды және сөздердi сызу, жоларалық қосымша жазулар және т.б.рұқсат етiлмейдi. Сонымен қатар, жалпы қабылданбағандардан басқа сөздердi және сөз тiркестерiн кысқартуға болмайды.

Жұмыстың әрбiр тарауы жаңа беттен басталады, ал бөлiмдер жолдың ортасынан мәтiннен бiр жол қалдырганнан кейiн жазыла бередi.

Екiншi жағдайда жумыс мәтiнi компьютерде Мiсгоsoft Word мәтiндiк редакторiнде, Times New Roman Тiеiе шрифiмен, 14 мөлшермен, жартылай жоларалык интервалмен басылады. Жұмыстың жалпы көлемi 5 беттен кем болмауы тиiс.

Рефератқа қысқаша жоспар кұру керек. Рефератты орындаған соң берiлген тақырып бойынша колданылған әдебиеттер тiзiмi жазылып, студенттiң қолы мен орындаған мерзiмi көрсетiлуi керек.


3 ФОРМАТ ЖӘНЕ КУРС САЯСАТЫ



Қатысу - дәріске, практикалық сабақтарға міндетті түрді қатысуы. Егер сіз белгілі бір себептермен сабаққа қатыспасаңыз, онда таңдалмаған мәліметтер үшін жауапкершілікті өзіңізге аласыз.

Тәртіп - сабақ барысында бұзылған тәртіп үшін студент аудиториядан шығарылып және курс бойынша қанағаттанарлықсыз деген баға алады.

Бақылау тапсырмалары – олар міндетті түрде орындалып , белгіленген уақытта тапсырылуы керек. Мерзімінен кеш тапсырылған жұмыстардың бағасы кемітіледі.

Үй тапсырмасы - әрбір сабаққа студенттер әдебиеттердің негізгі және қосымша тізіміне сәйкес дайындалуы керек. Сабаққа кешігіп қалған немесе дәріске қатыспаған студенттер автоматтыы түрде 0 балл алады.

Тапрсырмаларды дайындау:

0 балл, кем тапсырғандардың баллдары кемітіледі.



Межелік аттестация - межелік аттестация қорытындысы сабаққа қатысу есебімен, студенттің өздік жұмысымен уақытында тапсырылған, сабақ барысында ауызша не жазбаша формада жауап беруіне, межелік бақылаудың қорытындысын есепке ала отырып, шығарылады. 5семестр барысында 2 межелік аттестация өтеді.

Көшіріп алу және плагиат – кез келген көшіріп алу немесе плагиат (басқа студенттердің дайын жұмыстарын көшіріп алу) аудиториядан шығарып жіберу немесе бүкіл курс бойына қанағаттанарлықсыз деген баға қойылады.

Ұялы телефондар – сабақтың өтуі барысында өшіріліп тастауы керек.

Емтихан – қорытынды емтихан «Қаржылық менеджмент» курсы бойынша билет негізінде емтиханға жіберілген барлық студенттер, тапсырады. Емтихан барлық оқытылған курсты қамтиды. Емтихан кезінде көшіріп алуға қатаң түрде рұқсат етілмейді.

Сабақтың тақырыбы

Аудиторядағы сабақ

СОӨЖ

СӨЖ


Модуль 1. Қаржы менеджментінің мазмұны, базалық тұжырымдамалар



1.

Тақырып 1. Қаржы менеджментінің мазмұны

1.ауызша сұрау, экономикалық диктант өткізу.

2.Рефераттар тыңдау.




Аудиторяда бақылау жұмысын орындау.

Реферат, слайд жасау.

2.


Тақырып 2. Тәуекел менеджментінің базалық тұжырымдамалыры және көрсеткіштері

1.Ауызша сұрау.

2.Бақылау жұмысын өткізу.

3.Халықаралық қаржылық менеджментті бақылаудың жіктелу жүйесін құру.


Аудиторяда бақылау жұмысын орындау. Ғылыми жұмыс жазу.

Реферат, кроссворд құру.

3.


Тақырып 3. Тәуекел және табыстылық. Корпарациялық тәуекелдерді басқару.

1.Ауызша сұрау.

2.Экономикалық диктант өткізу.

3.Рефераттар тыңдау.


жүктеу 1,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау