10-баптың
2-тармағының 1) тармақшасы
|
10-бап. Жеке жұмыспен қамту агенттiгi
2. Жеке жұмыспен қамту агенттiгi:
1) кемсiтушiлiктiң кез келген нысанына жол бермеуге;
|
10-бап. Жеке жұмыспен қамту агенттiгi
2. Жеке жұмыспен қамту агенттiгi:
1) тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге қөзқарасына, нанымына, саяси қатыстылығына, мекен-жайына немесе кез-келген өзге жағдаяттар бойынша кемсiтушiлiктiң кез-келген түріне жол бермеу;
|
Қазақстан Республикасының Конституциясының 14-бабының 2-тармағына сәйкестегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкiмдi ешқандай кемсiтуге болмайды.
Сонымен қатар, кемсітудің ешқандай түріне жол бермеу принципі жұмыспен қамту саласы бойынша еліміз қосылған барлық конвенция және халықаралық келісім шарттардың негізінде жатыр.
|
5) тармақша
|
10-бап. Жеке жұмыспен қамту агенттiгi
2. Жеке жұмыспен қамту агенттiгi:
5) жоқ
|
10-бап. Жеке жұмыспен қамту агенттiгi
2. Жеке жұмыспен қамту агенттiгi:
5) уәкілетті органға тоқсан сайын жұмысқа орналасу жөніндегі қызметке мұқтаж адамдардың саны, жұмысқа орналасқан адамдардың саны, тіркелген бос жұмыс орындарының саны туралы хабарлауға міндетті.
|
Мемлекеттік уәкілетті органмен және жеке жұмыспен қамту агенттігі арасындағы өзара әрекеттесу жақсартылуы тиіс. Жеке жұмыспен қамту агенттігі өзінің коммерциялық қызметін іске асыруда, жұмысқа орналастыру жөніндегі қызметке мұқтаж адамдардың саны туралы мәліметтер қалыптастырады. Қалыптасқан банк мәліметтерін жандандыру тұрақты түрде жүргізіледі. Одан басқа, жеке агенттік белгілі ортада кәсіпорындардағы және мекемелердегі бос жұмыс орындары туралы тұрақты түрде мониторингтер өткізіп тұрады. Мемлекеттік уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл тәртібіне сәйкес мәлеметтерді беру, мемлекеттің еңбек нарығының жай-күйі туралы өзекті мәліметтерге ие болуына ықпал етеді.
|
18-2-баптың 1-тармағы
|
18-2-бап. Жастар практикасы
1. Жастар практикасынан өту үшін жұмыс орнын ашуды жұмыс беруші жергілікті атқарушы органмен шарт негізінде жүзеге асырады.
|
18-2-бап. Жастар практикасы
1. Білім алу-біліктілік деңгейі бойынша мамандық (біліктілік) алған және келесі білім алу-біліктілік деңгейінде оқуды жалғастырып жатқан жоғары және кәсіптік-техникалық оқу орындарындағы студенттер мен оқушылар оқудан бос уақыттағы жастар практикасы туралы шартта белгіленген жағдайларда меншік нысанының, қызметтердің және шаруашылық жүргізудің түрлеріне қарамастан кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда кәсібі (мамандығы) бойынша жастар практикасын өтуге құқылы.
Жастар практикасынан өту үшін жұмыс орнын құру жергілікті атқарушы органмен шарттық негізде жұмыс берушімен жүзеге асырылады
|
Бұл саладағы ұсыныс жастар практикасынан өтудің жағдайын және тәртібін реттеу, сондай-ақ қазақстандық жастардың дербес өмірге, бастамашылық еңбекке бейімделуіне тиімді жүйе құрудың қажеттілігінен туындап отыр
|
18-2-баптың 2-тармағы
|
18-2-бап. Жастар практикасы
2. Шартта тараптардың міндеттері, жұмыстардың түрлері, көлемі, еңбекақы мөлшері және оны төлеу шарттары, жастар практикасын қаржыландыру мерзімі және көздері қамтылуға тиіс.
|
18-2-бап. Жастар практикасы
2. Шарт жасаудың тәртібі, оның типтік түрі және жастар практикасын қаржыландыру көздері Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленеді.
|
Бұл толықтыру жастар практикасын өтуде жасалатын шарттардың нысандарын тәртіпке келтіруге мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, шарт нысандарын бекіту, жасалатын келісім талаптарын заң жүзінде бекітеді, жастар практикасын ұйымдастыру және өткізу саласындағы қаржыландыру көздерін анықтайды.
|
18-2-баптың 2-2-тармағы
|
18-2-бап. Жастар практикасы
2-2. жоқ
|
18-2-бап. Жастар практикасы
2-2. Жастар практикасының мақсаты кәсіптік тапсырмаларды және міндеттерді орындау бойынша тәжірибе алу, кәсіптік білімдерін, дағдыларды және шеберлікті жетілдіру және қосымша құзыреттер алу, техникаларды, жаңа технологияларды оқу және меңгеру болып табылады.
|
Бұл саладағы ұсыныс жастар практикасын өтудің жағдайын және тәртібін реттеу, сондай-ақ қазақстандық жастардың дербес өмірге, бастамашылық еңбекке бейімделуіне тиімді жүйе құрудың қажеттілігінен туындап отыр
|
18-2-баптың 2-3-тармағы
|
18-2-бап. Жастар практикасы
2-3. жоқ
|
18-2-бап. Жастар практикасы
2-3. Жастар практикасы кәсіпорын, мекеме, ұйымдарда тиісті кәсібі (мамандығы) бойынша үш жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар қызметкердің басшылығымен жеке бағдарлама бойынша жүргізіледі.
|
Бұл саладағы ұсыныс жастар практикасын өтудің жағдайын және тәртібін реттеу, сондай-ақ қазақстандық жастардың дербес өмірге, бастамашылық еңбекке бейімделуіне тиімді жүйе құрудың қажеттілігінен туындап отыр.
|
18-2-баптың 3-тармағының 4) тармақшасы
|
18-2-бап. Жастар практикасы
3. Жастар практикасы уақытша жұмыс орындарын ұсыну немесе ашу арқылы ұйымдастырылады және оның мынадай ерекшеліктері бар:
4) жастар практикасына қатысушыларға еңбекақы төлеу бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
|
18-2-бап. Жастар практикасы
3. Жастар практикасы уақытша жұмыс орындарын ұсыну немесе ашу арқылы ұйымдастырылады және оның мынадай ерекшеліктері бар:
4) кәсіпорын, ұйым, мекеме қызметкерлерінен тағайындалған жастар практикасының жетекшілерінің жұмысы, қосымша практика мерзімі бойынша ай сайын негізгі жұмыс орнынан алып жүрген негізгі еңбек ақысының 10 пайызынан кем емес мөлшерінде кәсіпорынның, ұйымдардың, мекемелердің кадрларды дайындауға, қайта дайындауға, біліктілігін көтеруге бөлінген қаржы есебінен төленуі мүмкін.
|
Жұмыс практикасының жетекшілерін қосымша ынталандыру жұмыспен қамту саласындағы белсенді шараларды іске асыруға ықпал жасайды. Сонымен қатар, жұмыс берушілерді қолдау, жастар практикасын ұйымдастыру және өткізу саласында, жаңа білікті мамандар кластерін қалыптастыруға және қолдауға сондай-ақ, қазақстандық жастарды дербес өмірге, бастамашылық еңбекке бейімделуіне айтарлықтай мүмкіндік туғызады.
|
18-2-баптың 4-тармағы
|
18-2-бап. Жастар практикасы
4. жоқ
|
18-2-бап. Жастар практикасы
4. Жоғары және кәсіптік-техникалық оқу орындары жұмыс берушілермен бірге студенттерге және оқушыларға жастар практикасын өту мүмкіндіктері туралы ақпараттардың қол жетімді болуына жәрдемдеседі.
|
Халықты жұмыспен қамту саласында белсенді қатысушылары ретінде жұмыс берушілер мен оқу орындарының өзара іс-қимылдарын, жұмыс берушілерді қолдау шараларымен бірге жастар практикасын ұйымдастыруда және қазақстандық жастардың дербес өмірге, бастамашылық еңбекке бейімделуіне айтарлықтай мүмкіндік туғызады.
|
20-1-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы
|
20-1-бап. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары
1. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары:
2) ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуді;
|
20-1-бап. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары
1. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары:
2) ауылда, сонымен қатар экономикалық өсу орталықтарында және әлеуметтік-экономикалық даму потенциалы жоғары елді мекендерде кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуді;
|
Бұл жаңа енгізілім жеке ауылдық аймақтардың айналасында шектеліп қалмай
халықты жұмыспен қамту саласында белсенді шараларын кеңейтуге мүмкіндік береді. Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу жөніндегі шаралар, сондай-ақ осы аймақтарда экономикалық өсу орталықтары және әлеуметтік-экономикалық даму потенциалы жоғары елді мекендерінде жұмыс нарығын жандандыруға мүмкіндік береді, себебі бұл аймақтар жеке кәсіпкерлік субъектілерін және жұмыс берушілерді тартатындықтан, өз кезегінде жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік туғызады.
|
20-1-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы
|
20-1-бап. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары
4) жоқ
|
20-1-бап. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары
Жұмыспен қамтуға
жәрдемдесудің белсенді шаралары
4) бітірушілерді еңбекке орналастыруға жұмыс берушілерді ынталандыру;
|
Ынталандырудың қосымша шаралары халықты жұмыспен қамту саласында белсенді шараларды іске асыруға ықпал етеді. Сонымен қоса, жұмыс берушілерді қолдау, білікті мамандардың жаңа кластерін қолдауға және қалыптастыруға, сондай-ақ қазақстандық жастардың дербес өмірге, бастамашылық еңбекке бейімделуіне айтарлықтай мүмкіндік туғызады.
|
20-1-баптың 3-тармағының 1-ші абзацы
|
20-1-бап. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсендішаралары
3. Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге бағытталған шаралар:
|
20-1-бап. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсендішаралары
Ауылда, сонымен қатар экономикалық өсу орталықтарында және әлеуметтік-экономикалық даму потенциалы жоғары елді мекендерде кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге бағытталған шаралар:
|
Редакциялық түзету
|
20-1-баптың 3-тармағының 5) тармақшасы
|
20-1-бап. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсендішаралары
3. Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге бағытталған шаралар:
5) жоқ
|
20-1-бап. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсендішаралары
3. Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге бағытталған шаралар:
5) жаңа жұмыс орнын құратын, сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақтаған және дамытатын, оның ішінде әлеуметтік қорғауға өте мұқтаж және еңбек нарығында тең жағдайда бәсекелестікке қабілетсіз азаматтар үшін, жұмыс берушілерді көтермелеу;
|
Аймақтарда экономикалық өсу орталықтарының және әлеуметтік-экономикалық даму потенциалы жоғары елді мекендерінің мәртебесін анықтау жұмыс нарығын жандандыруға мүмкіндік береді, себебі бұл аймақтар жеке кәсіпкерлік субъектілерін және жұмыс берушілерді тартады, ол өз кезегінде жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік туғызады.
|
20-1-баптың 3-тармағының 6) тармақшасы
|
20-1-бап. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары
3. Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге бағытталған шаралар:
6) жоқ
|
20-1-бап. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары
3. Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге бағытталған шаралар:
6) жаңа технологиялар құруға, кәсіпкерлікті және еңбек қызметін дамытуға және ұйымдастыруға бағытталған қаржылық-несиелік, инвестиция және салық саясаты шараларын іске асыруда көмек көрсету;
|
Қаржылық-несие , инвестициялық және салық саясаты шараларын іске асыруда көмек көрсету аймақтарға жұмыс берушілерді тартуға қосымша ынталандыру болып табылады
|
20-1-баптың 5-тармағы
|
20-1-бап. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары
5. жоқ
|
20-1-бап. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары
5. Бітірушілерді еңбекке орналастыруға жұмыс берушілерді ынталандыру.
Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен оқыған жоғары оқу орнын бітірушілерді еңбек шарты негізінде жұмысқа орналастырушы жұмыс берушілер көрсетілген бюджеттен ең төменгі еңбекақының көлемінде өтемақы алуға құқылы. Көрсетілген сома еңбек заңнамасында қарастырылған сынақ мерзімі өткеннен кейін бір рет қана төленеді.
Көрсетілген жағдайда бітірушілерді жұмысқа орналастырушы жұмысберуші еңбек шарты жасалған күннен бастап екі жылдан кем емес мерзімде көрсетілген тұлғамен жасалған жұмыс шартының күшін сақтауға міндетті.
Көрсетілген жағдайларда жұмысқа тұрған бітірушілер Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленген тәртіппен екі жылдың ішінде көрсетілген қаржыны қайтаруға міндетті.
Егер жұмысберуші екі жылдан бұрын өз бастамасымен бітірушілермен осы бапта қарастырылған жұмыс шартын бұзса тиісті бюджетке әр бітірушіге төленген соманы қайтаруға міндетті. Бұл ереже еңбек тәртібін бұзу себептері бойынша еңбек шарттары бұзылған бітірушілерге қолданылмайды.
|
Бұл ұсыныс өзара іс-әрекетті реттеуді белгілеу, сондай-ақ оқу орнын бітірушілерге жұмыс берушілерді қолдау шараларының қажеттілігінен туындады.
|
Қазақстан Республикасының «Инвестициялар туралы» 2003 жылғы 8 қаңтардағы N 373 Заңына
|
6-баптың 4-1-тармағы
|
15-бап. Инвестициялық преференциялар беру талаптары
4) жоқ
|
15-бап. Инвестициялық преференциялар беру талаптары
4) қызметкерлерді – Қазақстан Республикасының азаматтарын тартудың саны барлық тартылған қызметкерлердің құрамынан 80 пайыздан кем болмауы тиіс, шетелдік жұмысшылар мен мамандарды тарту немесе инвестициялық келісім шарт бойынша жұмыстың басындағы кезеңде ғана, немесе Қазақстан Республикасының азаматтарының тиісті біліктілігіне сәйкес мамандар жоқ болған кезде болады;
|
Бұл ұсыныс Қазақстан Республикасы аумағында кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын инвесторларды жұмысқа тартылған отандық мамандардың санының өсуі бойынша, сондай-ақ шетелдік мамандарды тартуды шектеуге Қазақстан Республикасы азаматтарының ішінен біліктілігі сай мамандары жоқ болған жағдайда және бастапқы кезеңде ғана тартуға ынталандыру бойынша қамтамасыз етуге бағытталған.
|
Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы N508 Заңы
|
6-баптың 4-1-тармағы
|
6-бап. Жарнамаға қойылатын жалпы талаптар
4-1. жоқ
|
6-бап. Жарнамаға қойылатын жалпы талаптар
4-1. Жұмыс орындары (жұмысқа қабылдау) туралы жасалған жарнамада кандидаттың жасын көрсетуге, нақты бір жынысты тұлғалармен ғана атқарылатын ерекше жұмыстарды қоспағанда, жұмысты тек әйелдерге немесе ерлерге ұсынуға тыйым салынады. Сонымен бірге, тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, діндерге қатысына, нанымына, саяси қатыстылығына, мекен-жайына немесе кезкелген өзге жағдайларға байланысты кемсiтушiлiктiң элементтерін жұмыс орындары туралы ұсыныстар және хабарламаларға қосуға тыйым салынады.
|
Қазақстан Республикасының Конституциясының 14-бабының 2-тармағына сәйкес - Тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкiмдi ешқандай кемсiтуге болмайды.
Сонымен қатар, кемсітудің ешқандай түріне жол бермеу принципі жұмыспен қамту саласы бойынша еліміз қосылған барлық конвенция және халықаралық келісім шарттардың негізінде жатыр.
|
Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі N 66 Заңы
|
3-баптың 2-тармағының 13) тармақшасы
|
3-бап. Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеудiң мақсаттары мен принциптері
2. Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу:
13) жоқ
|
3-бап. Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеудiң мақсаттары мен принциптері
2. Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу:
13) қызметкерлерді кәсіптік оқытуға, сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақтауға және жаңа жұмыс орындарын құруға, оның ішінде әлеуметтік қорғауға өте мұқтаж және еңбек нарығында тең жағдайда бәсекелестікке қабілетсіз азаматтар үшін шаралар қабылдайтын агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдау.
|
Ауылдық аумақтарда халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты бекіту, агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға мүмкіндік беретін қызметкерлерді кәсіптік оқытуға, сондай-ақ бар жұмыс орындарды сақтауға және жаңа жұмыс орындарын құруға шаралар қабылдайтын агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдау қағидасын енгізу.
|
5-баптың 15-5) тармақшасы
|
5-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметініңагроөнеркәсіптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу саласындағы құзыретiне:
15-5) жоқ
|
5-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметініңагроөнеркәсіптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу саласындағы құзыретiне:
15-5) жаңа технологияларды құруға, кәсіпкерлікті және жеке тәртіптегі еңбек қызметін ұйымдастыруға және дамытуға бағытталған қаржылық-несиелік, инвестиция және салық саясатын жүргізу шараларын бекіту, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құруға және бар жұмыс орындарын сақтап және дамытуға ықпал жасап отырған агроөнеркәсiптiк кешен субъектілерін көтермелеу;
|
Ұсынылған редакция өндіріс күшін тиімді орналастыруға, жаңа технологияларды құруға, кәсіпкерлікті және жеке тәртіптегі еңбек қызметін ұйымдастыруға және дамытуға, еңбектің икемді режімін пайдалануды қолдауға
бағытталған шараларды реттеуге мүмкіндік береді
|
6-баптың 1-тармағының
11-1) тармақшасы
|
6-бап. Уәкiлетті органдардың агроөнеркәсiптiк
кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды
мемлекеттiк реттеу саласындағы құзыретi
1. Агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы уәкiлеттi органның құзыретiне:
11-1) жоқ
|
6-бап. Уәкiлетті органдардың агроөнеркәсiптiк
кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды
мемлекеттiк реттеу саласындағы құзыретi
1. Агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы уәкiлеттi органның құзыретiне:
11-1) жаңа технологияларды құруға, кәсіпкерлікті және жеке тәртіптегі еңбек қызметін ұйымдастыруға және дамытуға бағытталған қаржылық-несиелік, инвестиция және салық саясатын жүргізу шараларын әзірлеу, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құруға және бар жұмыс орындарын сақтауға және дамытуға ықпал жасап отырған агроөнеркәсiптiк кешен субъектілерін көтермелеу.
|
Ұсынылған редакция өндіріс күшін тиімді орналастыруға, жаңа технологияларды құруға, кәсіпкерлікті және жеке кәсіпкерліктегі еңбек қызметін ұйымдастыруға және дамытуға, еңбектің икемді режімін пайдалануды қолдауға
бағытталған шараларды реттеуге мүмкіндік береді
|
6-баптың 2-тармағының
8-1) тармақшасы
|
6-бап. Уәкiлетті органдардың агроөнеркәсiптiк
кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды
мемлекеттiк реттеу саласындағы құзыретi
2. Ауылдық аумақтарды дамыту аласындағы уәкiлетті органның құзыретiне:
8-1) жоқ
|
6-бап. Уәкiлетті органдардың агроөнеркәсiптiк
кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды
мемлекеттiк реттеу саласындағы құзыретi
2. Ауылдық аумақтарды дамыту аласындағы уәкiлетті органның құзыретiне:
8-1) жаңа технологияларды құруға, кәсіпкерлікті және жеке тәртіптегі еңбек қызметін ұйымдастыруға және дамытуға бағытталған қаржылық-несиелік, инвестиция және салық саясаты шараларын іске асыруда агроөнеркәсiптiк кешен субъектілеріне жәрдем көрсету бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметтерін үйлестіру;
|
Орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру бойынша уәкілетті органдардың құзыреті үкімет тарапынан бар жұмыс орнын сақтау және жаңа жұмыс орнын құру бойынша шараларды іске асыруда тиісті деңгейде бақылауды іске асыра алатынына сенімдіміз
|
7-баптың 3-тармағының
4-1) тармақшасы
|
7-бап. Жергiлiктi өкiлдi органдардың (мәслихаттардың)
және жергiлiктi атқарушы органдардың(әкiмдiктердiң) агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу саласындағы құзыретi
3. Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi өкiлдi органдарының (мәслихаттарының) құзыретiне:
4-1) жоқ
|
7-бап. Жергiлiктi өкiлдi органдардың (мәслихаттардың)
және жергiлiктi атқарушы органдардың(әкiмдiктердiң) агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу
саласындағы құзыретi
3. Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi өкiлдi органдарының (мәслихаттарының) құзыретiне:
4-1) жаңа технологияларды құруға, кәсіпкерлікті және жеке тәртіптегі еңбек қызметін ұйымдастыруға және дамытуға, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құруға, бар жұмыс орындарын сақтауға және дамытуға мүмкіндік жасап отырған агроөнеркәсiптiк кешен субъектілерін көтермелеуге бағытталған.
|
Еңбек қызметін және кәсіпкерлікті ұйымдастыруға және дамытуға бағытталған шараларды анықтау бойынша құзыреті, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құрып және бар жұмыс орындарын сақтауға мүмкіндік жасап отырған жергілікті өкілді органдардың және жергілікті атқарушы органдардың жұмыспен қамту аясында белсенді шаралар жүргізуіне тиісті деңгейде мүмкіндік туғызып отырған агроөнеркәсiптiк кешен субъектілерін көтермелеу.
|
7-баптың 4-тармағының
2-1) тармақшасы
|
|