«Қазақстан Республикасының халқына наркологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 15 сәуірдегі №188 бұйрығы



жүктеу 306,63 Kb.
Pdf просмотр
бет2/9
Дата25.01.2020
өлшемі306,63 Kb.
#27329
1   2   3   4   5   6   7   8   9

 

12)  түзету  әдістемелері  -  мінез-құлық  бұзылыстарын  түзету  мақсатында 



медициналық  әсер  етудің  (оның  ішінде  психотерапиялық,  психологиялық) 

ғылыми негізделген тәсілдері. 



  

  

2. Қазақстан Республикасының халқына наркологиялық көмек көрсететін 

ұйымдар қызметінің негізгі бағыттары мен құрылымы 

  

7.  Наркологиялық  ұйымдар  профилактикалық  жұмыстарды  жүзеге  асырады 



және  мамандандырылған  медициналық,  сондай-ақ  о  зиянды  салдарлары  бар 

алкогольді және (немесе) басқа да психобелсенді заттарды (есірткі, психотроптық 

заттарды,  психостимуляторларды,  галлюциногендерді,  ауада  ерігштерді, 

темекені)  (бұдан  әрі  -  ПБЗ)  тұтынатын  және  алкогольге  және  (немесе)  басқа  да 

ПБЗ тәуелді науқастарға медициналық - әлеуметтік оңалту кӛмегін кӛрсетеді. 

8. Наркологиялық кӛмек кӛрсететін медицина ұйымдарына: 

1) 

Қазақстан 



Республикасы 

Денсаулық 

сақтау 

миинистрлігінің 



«Нашақорлықтың  медициналық  -  әлеуметтік  проблемалары  республикалық 

ғылыми-практикалық  орталығы»  республикалық  мемлекеттік  қазыналық 

кәсіпорны (бұдан әрі - НМӘП РҒПО); 

2)  облыстық,  қалалық  наркологиялық  диспансерлер,  100  000  мыңнан  астам 

халық  саны  бар  қалалардағы  облыстық  наркологиялық  орталықтардың 

филиалдары,  наркологиялық  кабинеттер,  уақытша  бейімделу  мен  детоксикация 

орталықтары (бұдан әрі - наркологиялық ұйымдар); 

3)  меншік нысанына  қарамастан,  құрылымында  оларға  жүктелгендерге  қарай 

наркологиялық  кабинеттер  мен  бӛлімшелер  ұйымдастырылатын  медициналық 

ұйымдар жатады. 



  

  

3. Қазақстан Республикасының халқына наркологиялық көмек көрсетуді 

ұйымдастыру 

  

9.  Бастапқы  -  профилактикалық  наркологиялық  кӛмекті  мынадай  бӛлімдер 



(бӛлімшелер) мен наркологиялық қызметтің арнайы топтары кӛрсетеді: 

1) 


тұрақты 

орналасқан 

объект 

және 


бастапқы-профилактикалық 

наркологиялық  кӛмек  кезеңінің  негізгі  құрылымдық  бӛлімшесінің  қызметін 

үйлестіруші болып табылатын облыстық орталықтың, республикалық маңызы бар 

қаланың және астананың наркологиялық диспансерінің диспансерлік (емханалық) 

бӛлімшесі; 

2)  алкогольге  қарсы  және  есірткіге  қарсы  (облыстық  орталықтың, 

республикалық  маңызы  бар  қаланың  және  астананың  наркологиялық 

диспансерінің  диспансерлік  бӛлімшесінің  жанында  жұмыс  істейтін)  насихаттау 

кабинеті; 

3)  облыстық  орталықтың,  республикалық  маңызы  бар  қаланың  және 

астананың  наркологиялық  диспансерінің  не  басқа  да  құрылымдардың  жанында 



 

жұмыс істейтін жасырын наркологиялық консультация беру (немесе телефондық-



консультациялық қызметі) кабинеті; 

4) аудандық емхананың наркологиялық кабинеті; 

5)  облыстық  орталықтың,  республикалық  маңызы  бар  қаланың  және 

астананың  наркологиялық  диспансерінің  диспансерлік  бӛлімшесінің  жанында 

жұмыс  істейтін  медициналық  ұйым  басшысының  бұйрығының  негізінде 

құрылатын  ӛңірдің  тұрғындарына  бастапқы  -  профилактикалық  наркологиялық 

кӛмек кӛрсету жӛніндегі арнайы топ. 

10.  Бастапқы  наркологиялық  кӛмек  кезеңінде  жұмыс  істейтін  бӛлімдер 

(бӛлімшелер) және наркологиялық қызметтің арнайы топтары: 

1)  тұрақты  орналасқан  объект  және  бастапқы  наркологиялық  кӛмек  кӛрсету 

жӛніндегі  арнайы  топтың,  осы  кезеңде  жұмыс  істейтін  басқа  бӛлімшелердің 

(кабинеттердің)  қызметін  негізгі  үйлестіруші  болып  табылатын  облыстық 

орталықтың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың наркологиялық 

диспансерінің диспансерлік бӛлімшесі; 

2)  жасырын  (телефонмен)  консультация  беру  кабинеті  не  наркологиялық 

кӛмек  кӛрсететін  медициналық  ұйым  жанында  жұмыс  істейтін  арнайы 

мамандандырылған телефондық - консультация беру қызметі; 

3) аудандық емхананың наркологиялық кабинеті; 

4)  бастапқы  наркологиялық  кӛмек  кезеңін  іске  асыру  бойынша  медициналық 

ұйым  басшысының  бұйрығымен  құрылатын  наркологиялық  кӛмек  кӛрсететін 

медициналық  ұйым  қызметкерлерінің  арнайы  тобы  (наркология  бойынша 

тақырыптық  жетілдіруі  бар  психиатр  -  дәрігерлер,  әлеуметтік  қызметкерлер, 

оңалту бойынша нұсқаушылар - тәуелділік бойынша консультанттар); 

11.  Амбулаториялық  емдеу  және  оңалту  кезеңінде  жұмыс  істейтін  бӛлімдер 

(бӛлімшелер): 

1) жалпы диспансерлік наркологиялық бӛлімше; 

2) балалар диспансерлік наркологиялық бӛлімшесі; 

3) учаскелік дәрігер-наркологтың кабинеті; 

4) балалар дәрігер-наркологының кабинеті; 

5) ПБЗ тәуелді тұлғаларды жасырын емдеу кабинеті; 

6)  диспансерлік  наркологиялық  бӛлімше  жанындағы  психотерапиялық 

кабинет; 

7) диспансерлік наркологиялық бӛлімше жанындағы психолог кабинеті; 

8) диспансерлік наркологиялық бӛлімше жанындағы әлеуметтік қызметкер не 

әлеуметтік жұмыс жӛніндегі маман кабинеті; 

9) алкогольмен және есірткімен мастануды сараптау кабинеті; 

10) сот - наркологиялық сараптама кабинеті; 

11) диспансерлік наркологиялық бӛлімше жанындағы ем-шара кабинеті; 

12) клиникалық - биохимиялық зертхана; 

13) нейрофизиологиялық зертхана; 

14) патопсихологиялық диагностика зертханасы; 

15) диспансерлік наркологиялық бӛлімше жанындағы күндізгі стационар; 

16) физиотерапия бӛлімшесі; 



жүктеу 306,63 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау