Қазақстан республикасының Ғылым және білім министрлігі


Базалық программалық қамсыздандыруға қойылатын талаптар



жүктеу 2,04 Mb.
бет4/13
Дата17.01.2018
өлшемі2,04 Mb.
#7611
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Базалық программалық қамсыздандыруға қойылатын талаптар:

Информатика кабинетінде қолданылатын программалық қамсыздандыру

5 топқа бөлінеді:


  • жүйелік программалық қамсыздандыру;

  • базалық ақпараттық технологияға негізделген программалық қамсыздандыру;

  • жалпы мәнді программалық құралдар;

  • оқу үрдісіндегі программалық құралдар;

  • мектептің сұранысын қанағаттандыратын баспалық қызметке көмекші программалық қамсыздандыру;

Программалық қамсыздандырудың барлық топтарына қойылатын жалпы талаптар:

  • лицензиялық келісім (программалық қамсыздандырудың қолданылу тиімділігі);

  • консультация беру мүмкіндігі;

  • қолданылатын есептеуіш техниканың архитектурасына, компьютерлер типіне, класына және сипаттамасына сәйкестілігі;

  • кез келген режимге және тілдік ортаға бейімделген жұмыс жасау қабілеттілігі;

  • интерфейсі;

  • программалық қамсыздандырумен жұмыс жасауға арналған құжаттардың бар болуы;

  • қаріптерді пайдалану мүмкіндігі;

  • ақпараттық және программалық құралдарға қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыру.

Жүйелік программалық қамсыздандыруға қойылатын талаптар:

  • операциялық жүйеге;

  • операциялық қабықшаға;

  • желілік программалық қамсыздандыруға;

  • антивирустық құрылғыларға;

  • ақпараттарды қалпына келтіру мен көшіру құралдары;

  • операциялық жүйенің немесе операциялық қабықшаның мүмкіндіктерін кеңейтетін арнаулы программалар (утилиттер); дискеталарды баптауға арналған жүйелік программалық қамсыздандыру және оның құжаттары немесе оны құру құрылғылары;

Базалық ақпараттық технологияға арналған программалық

қамсыздандыруға қойылатын талаптар.

Орта мектепте информатиканың базалық курсында базалық ақпараттық технологияға арналған программалық қамсыздандыру оқыту объектісі болып табылады. Аталған программалық қамсыздандыруды басқа пәндерді оқыту үрдісіне де, әкімшілік міндеттерді шешу барысында да қолдануға болады.

Бұл топтардың құрамына келесі программалар енеді:


  • мәтіндік үрдіссор;

  • электронды кесте;

  • деректер қорын басқару жүйесі;

  • компьютерлік графика жүйесі (компьютерлік презентация);

  • компьютерлік телекоммуникациялармен жұмыс жасау жүйесі;

Аталған топтың программалары көп жағдайда офистік пакеттер құрамында болады. Жалпы білім беретін мектептерде базалық ақпараттық технологияны қолдану формалары мен салалары сәйкес программалық қамсыздандыруға қойылатын талаптарға сай анықталады.

Оқыту мақсатындағы компьютерлік оқу құралдарын жасау кезеңдері

Компьютерлік оқу құралы деп білім берудің компьютерлік технологиясын кеңінен пайдалануға негізделген электрондық оқып – үйрену құралдарын айтады. Өз функционалдық мүмкіндіктеріне қарай компьютер қазіргі кезде оқытудың ең керекті жабдығына айналды, бірақ оны тиімді түрде пайдалану жолдарының ашылмаған тәсілдері, күнделікті сабақтарға қолдану үшін әліде айқындалатын жақтары көп екенін ғалымдар да, мұғалімдер де жиі айтып келеді. Еліміздің ұлттық ғылым академиясы да компьютер арқылы үздіксіз білім беру ісіне көңіл бөліп, көпетеген педагогикалық тақырыптарда ғылыми жұмыс жүргізу ісін қаржыландарып келеді. Осы бағыттағы мәселелермен білім саласының мамандары алғашқы дербес пайдаланылатын компьютер шыққан кездерден бастап айналысып келеді, соңғы кездегі компютердің көптеп қолданысқа енуі бұл проблеманың өте өзекті мәселеге айналғанын тағы да дәлелдеп отыр.

Оқу жүйесінде информациялық техналогияны жалпы қолданудың маңызынан гөрі оны пайдалану ісі білім беру жүйесіндегі қойылған талаптарға қаншалықты жауап бере алатыны маңыздырақ болып табылады.

Компьютермен оқыту әдісін жүзеге асыру жалпы білім беру ісін жетілдіру тәсілдерімен бірге сонымен тығыз байланысты белгілі бір пәннің өз ерекшеліктерін де есепке алуды талап етеді. Мұнда бірнеше мәселені қатар шешуге тура келеді, олар:



  • компьютерді оқыту ісінің қай жақтарын жетілдіру үшін баса пайдалануға болатынын анықтау;

  • оқу үрдісін компьютерлендірудің қажетті деңгейін анықтау;

  • компьютерге жүктелетін функциялар тізбегін анықтау;

  • әр пән мұғалімдері мен әдіскерлерінің талап тілектеріне сәйкес келетін компьютерлік оқу құралын жасау.

Компьютерлік технологияны қолдану кезінде оқу материалынның негізгі көлемі мұғалім емес, компьютер арқылы беріледі. Оқыту үрдісін жүргізіп отырған мұғалім көбінесе компьютерлік оқу құралын жасауға қатыспайды. Сондықтан мұндай компьютер арқылы оқытуға арналған ақпараттық оқу материалдарын жасауда оның авторы мен оқыту үрдісінің «алшақтығы» білім берудің негізгі принципі деп айтуға болады. Бұл принциптің негізінде берілген материалдарды оқып – үйрену үрдісі оның авторының кеңесі қажет етілмейтіндей болып ұйымдастырылуы жатады, яғни оқу құралы жаңа материал беріп қана қоймай, оны толық түсіндіре алатындай дәрежеде жасалуы тиіс. Оқу құралын жасауға берілген техникалық тапсырмада осындай әдістемелік жағыына баса көңіл аудару ісі алдын – ала анықталады.

Сонымен компьютер арқылы беруге арналған ақпараттық – оқыту және әдістемелік құралдар құрамына төмендегідей материалдар кіруі тиіс:



  • таратылып берілетін оқу материалдары;

  • бақылау және тестен өткізу материалдары;

  • жаттығулар;

  • сыныппен немесе жекелеп оқытуға және өздігінен оқып – үйренуге арналған әдістемелер;

  • әрбір материалды немесе олардың бірнешеуін қатарластыра пайдалану тәсілі, яғни оның стратегиясы мен тактикасы және оларды бір – бірімен алмастыру жолдары;

  • экраннан берілетін барлық ақпараттық – оқу материалдарын компьютердің мультимедаиалық мүмкіндігіне және сабақтарды сол арқылы беру тәсілдеріне қарай бейімдеу.

Компьютерлік оқу құралы жалпы оқу жүйесіне қойылатын талаптарға сәйкес жасалады, ал оның ақпараттық – әдістемелік негізін жоғарыда айтылған материалдар құрайды. Ол алдын – ала жоба бойынша анықталған компьютерлік технология негізінде жасалған білім беру мәселелерін шешіп, оқыту – үйрету функциялары мен оқу үрдісін басқару істерін жүзеге асыруы тиіс.

Оқыту жүйесіне арналған программалық жабдықтама ретінде жасалатын компьютерлік оқу құралын даярлау көпжақты мәселе болып саналады, оны жүзеге асыру үшін әр түрлі салаларда істейтін мамандарды пайдалана білу қажет. Төменде осындай шығармашылық топтың мүмкін деп саналатын бір нұсқасының функционалдық құрамы көрсетілген, онда пән мұғалімінен бөлек компьютерлік оқыту әдіскері, білім сапасын тексеру жағының мамандары, суретшілер, программалаушылар болуы тиіс.



Компьютерлік оқу құралын жасайтын шығармашылық топтың функцио-налдық құрамы:

  • Пән мұғалімі

  • Компьютерлік оқыту ісінің әдіскері, жалпы «сценарий» жасауды басқарушы

  • Түрлі түстер үйлесімдігі мен дыбыс, анимация, мәтін бөліктері құрамын тағайындайтын және сондай материалдарды даярлау ісін басқаратын маман (дизайнер)

  • Оқыту нәтижелерін тест арқылы бақылау ісінің маманы (әдіскер)

  • Басқару алгоритмдерін кодтап, программа жасайтын маман (программалаушы)

Мұнда мынадай негізгі талаптардың орындалуын атап өткен жөн:

  • компьютерде қолданылатын ақпараттық – оқу материалдары мен тексеру, бақылау сұрақтары айқын, әрі түсінікті болуы шарт;

  • берілген оқыту әдістемесін толықтыру немесе жаңа оқу әдістемесін жасау, яғнм оқу үрдісіне сай компьютердің функционалдық ерекшеліктерін есекере отырып, бұрынғы дидактикалық тәсілдерді жетілдіретіндей мүмкіндіктер болуы тиіс;

  • оқу құралының жалпы сценарийін және пәннің әрбір тақырыбының, сабақтың және сабақ ішіндегі белгілі бір кезеңдердің жеке «сценарийін» жасайтындай мүмкіндіктері болуы қажет;

  • даярланған программаның «ашықтық» деңгейін анықтау, яғни оны пайдаланушылар оқу құралының белгілі бір функционалдық блогын оқу жүйесінің соңғы талаптарына сәйкес өзгерте алатындай мүмкіндігі болуы керек. Мысалы, оқу құралының тексеру блогына жаңа есептер қосу немесе оқу үрдісін басқару бөлігін жетілдіру тағы сол сияқтылар.

Компьютерлік оқу құралын жасаудың ақырғы кезеңі оны программаға айналдыру, яғни машина тілінде кодтау ісі болып табылады. Осындай қолданбалы программалық жабдықтамалар жасау көптеген жүйелік программалар арқылы жүргізіледі.

Қашықтан оқыту мақсатына арналған программалар жасауда HTML және «Java» тілдерін немесе бұл жұмысты жеңілдететін FrontPage, Dreamviewer программаларын пайдалану қажет.

Біздегі алғашқы электрондық оқулықтарға шет тілін, Қазахстан тарихын, валеология, қоғамтану, информатика пәндерін оқып үйренуге арналған CD – дискілерге жазылып даярланған оқу құралдарын айтуға болады. Олар модульдік принципке сәйкес тақарыптарға бөлініп, гиперсілтемелік мәтін құрастыру тәсілімен жасалып, мектеп бағдарламалары мен жоғары оқу орындарының көптеген тақырыптарын қамтиды.

Сонымен компьютерді қосымша оқыту жабдығы ретінде пайдалану білім беру саласында жаңа бір әдістемелік жүйе қалыптастырып келеді. Қазіргі кезде электрондық оқулықтар жасау ісі өндірістік индустрияның жаңа арнасын қалыптастыруда. Ол білім жүйесіндегі эканомиканың бір саласы ретінде жыл сайын белгілі бір қаржы бөлуді қажет етеді. Бұдан былай оқу орындары мұғалімдерге жалақы төлеу, оқулықтар, әдістемелік құралдар сатып алумен қатар электрондық оқу құралдарын сатып алуға тұрақты қаржы көзін бөліп отырулары керек.



Бақылау сұрақтары

  1. Педагогикалық-пpограммалық құралдар (ППҚ)

  2. Мектептегi информатика кypcындa қолданатын ППҚ жасау мен оны пайдалану жолдары

  3. Оқыту мақсатындағы компьютерлік оқу құралдарын жасау кезеңдері

  4. Компьютерлік оқу құралы

  5. Оқыту жүйесіне арналған программалық жабдықтама

  6. Қашықтан оқыту мақсатына арналған программалар жасау

Негізгі әдебиеттер: [1,2, 3, 4, 5, 6, 12, 14, 16]

Қосымша әдебиеттер: [22, 30, 32]
10 –ДӘРІС.

Тақырыбы: Информатика кабинетінде оқушылардың жұмысын ұйымдастыру. Мектептегі информатика кабинетіне қойылатын негізгі талаптар. Кабинетті жабдықтау және оған қызмет ету. Оқушы мен мұғалімнің жұмыс орны. Техника кауіпсіздігіне қойылатын талаптар.

Мақсаты: Мектептегі информатика кабинетінің жабдықталуына

қойылатын талаптармен, информатика курсын оқыту

құралдарының жүйесімен таныстыру
Информатика кабинеті жалпы орта білім беретін және кәсіптік-техникалық білім мекемелері оқу-есептеу техникасының жиынтығымен, оқу-көрнекілік құралдары мен оқу құрылғыларының және жиһаздармен, информатика курсы бойынша базалық және мамандандырылған курстардың теориялық және практикалық, сыныптық және сыныптан тыс жүмыстар жүргізу мүмкіншілігі бар және оргтехникалармен жабдықталған болуы тиіс.

Информатика кабинеті жан-жақты білім беруге сапалы түрде көмектесетін, оқушылар мен мұғалімдердің қауіпсіздігін және денсаулығын сақтау талаптарын толық қамтамассыз еткен жағдайда информатика және ғылым негізі бойынша білім, білік дағдыларын және оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастырып, ақыл-ойын дамытатын, барлық психологиялық, гигиеналық және эргономикалық талаптарға сай құрылған орта.



Оқыту есептеу техникасы кабинеті келесі принциптерге сүйене отырып жүргізілуі тиіс:

  • Бейімделушілік (адаптивность) - өзгермелі жағдайлармен оларға қойылатын талаптарға бейімделушілік және үздіксіз өзгеру мүмкіндігі;

  • Интегралдылық (интегрированность) - шешілетін тапсырманың толықтылығын қамту және оның ішкі құрылғыларымен оны құраушы бөліктер арасындағы байланысты алу;

  • Унифицирлілік (унифицированность) - ішкі және сыртқы интерфейстердің бірлігіне, сонымен қоса өңдеу үрдісінің мазмұнына және оған барлық қатысушылар арасындағы ақпарат алмасуға көзқарастардың бірлігін қамтамассыз ету;

  • Таратушылық (распределенность) - орындалатын қызметтердің уақыттық және кеңістіктік бөлінулерімен есептеу техникасының компоненттері арасында тарату. Бұл таратулар өзара байланысқан есептеу ресурстарында орналасуы тиіс;

  • Дербестік (персонализация) - нақты қолданушының сұраныстарын қанағаттандыру мүмкіндігі;

Информатика кабинетінде өткізілетін сабақтар мына мүмкіндіктерге ие:

  • оқушыларға соңғы үлгідегі компьютерлік техниканың құрылғылары жөніндегі білімдерін, ДК көмегімен есептерді шешу әдіс-тәсілдерін, программалық қамсыздандыруды және ақпараттық ресурстармен жұмыс істеуді қалыптастырады;

  • оқушыларға ғылыми мекемелерде, жобалау-конструкторлық өндірістерде, оқу үрдісі мен басқармасында компьютерлік техниканың қолданылу барысын таныстырады;

  • мектептегі оқу әдістері мен оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру жетілдіріледі. Информатика кабинетінде келесі жұмыстар өткізілетін болады:

  • информатика мен басқа да оқу пәндерінің жеке тақырыптары бойынша жаңа ақпараттық технологиялық құрылғыларды және оқу-көрнекілік құралдарын пайдалану;

  • мектеп сұранысын қанағаттандыруға бағытталған мектеп әкімшілігі мен мұғалім тапсырмалары бойынша оқушылардың қолданбалы программаларды құрастыруы;

  • жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланып өткізілетін сыныптан тыс сабақтар;

Информатика курсы мен басқа да жалпы білім беретін жекелеген пәндерді оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану барысында информатика кабинетінің құрамына келесі құралдар енеді:

  • психологиялық-педагогикалық, эргономикалық және техникалық талаптарды қанағаттандыратын оқу-есептеу техникасының жиынтығы;

  • арнайы жиһаз бен оргтехника;

  • информатика кабинетінде жұмыс істеу барысында техника қауіпсіздігін қамтамассыз ететін құрылғылармен құрал жабдықтар;

  • «Информатика» курсы бойынша базалық және мамандыққа баулу бағыттарына негізделген программалық құралдар;

  • компьютерде оқушылардың өздік жұмысы мен тапсырмаларды орындау жұмыстарын ұйымдастыруға бағытталған тапсырмаларды құрастыру;

  • ғылыми-танымдық, анықтамалық және әдістемелік әдебиеттер жиынтығы;

  • жаңа ақпараттық технологиялық жабдықтарды қолдануға бағытталған және жалпы оқу пәндерінің құрылымдық жүйеде жүргізуге арналған, игерілетін материалдың мақсаты мен міндеттеріне оқу, демонстрациялау құралдарының жекелеген түрлерін жинақтауға болатын оқу-әдістемелік жинағы;

  • техника қауіпсіздігі бойынша оқушыларға нұсқаулар жүргізу мен оны мерзімді түрде тексеріп отыру журналы;

  • оқушылардың жұмысын көрсететін кестелер мен қабырға материалдары;

  • Мектеп директоры бекіткен информатика кабинетінің жабдықталу жоспары, кабинеттегі құрал-жабдықтардың есебі жазылған кітапша;

  • Алғашқы медициналық қызмет көрсетуге қажетті дәрі-дәрмектер қобдишасы;

  • өрт сөндіруге арналған құрал-жабдықтар;

  • техника қауіпсіздігі мен оның сақталуын қамтамассыз етуге арналған құрал-жабдықтар.

  1. Жаңа ақпараттық технологиялық жабдықтарды қолданатын зерттеу- тәжірибе жұмыстарын өткізуге арналған зертхана (лаборатория).

  2. Болашақта әлемдік деңгейде және аймақтық телекоммуникациялық желілерді жүйелеуді қамтамассыз ететін құрылғылар мен құрал-жабдықтар (компьютерлік желілер мен телефондық, теледидарлық, спутниктік байланыс құралдарының синтезі).

  3. Информатикадан дидактикалық материалдар жүйесі:

  1. Программалаудан (сыныптар бойынша) бақылау жұмысының материалдары.

  2. Әрбір тақырып бойынша деңгейлік тапсырмалардан құрастырылған таратпа материалдар.

  3. Сыныптар бойынша тест тапсырмалары (тақырыптық, тоқсандық, жарты жылдық, жылдық).

  4. Информатикадан олимпиада материалдары (мектепішілік, аудандық, қалалық, облыстық, республикалық).

  5. Сыныптар бойынша жұмыс дәптерлері.

  6. Информатикадан бақылау және жаттығу программалары.

  1. Нормативтік-ұйымдастырушылық құжаттары:

  1. ҚР «Білім туралы» Заңы.

  2. Қазақстан Республикасы орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың Мемлекеттік бағдарламасы.

  3. Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың аймақтық бағдарламасы.

  4. 7-11сыныптарға арналған информатикадан мемлекеттік білім стандарты.

  5. ҚР Білім және Ғылым министрлігінің әдістемелік нұсқау хаты.

  6. Сыныптар бойынша информатикадан оқу бағдарламалары.

  7. Сыныптарға арналған информатикадан күнтізбелік-тақырыптық жоспар.

  8. Сыныптарға арналған информатикадан сабақ жоспарлары.

  9. Кабинет жұмысының жоспары.

  10. Кабинет жұмысына талдау.

  11. Кабинетті дамытудың келешек жоспары.

  12. Оқу үрдісін ақпараттандыруды дамытудың жоспары.

  1. Информатикадан оқу-әдістемелік кешендерінің тізімі:

  1. 7-11сыныптарға арналған информатикадан оқулықтар мен оқу құралдары.

  2. Мұғалімге арналған әдістемелік құралдар.

  3. 7-11сыныптарға арналған информатикадан электрондық оқулықтар.

  4. 7-11сыныптарға арналған информатикадан деңгейлік тапсырмалардан құрастырылған жұмыс дәптерлері.

  1. Кабинет кітапханасы.

  1. Анықтамалық-ақпараттық әдебиеттер.

  2. Сыныптан тыс жұмыстарға арналған әдебиеттер.

  3. Мерзімдік басылымдар.

  4. Мұғалім мен оқушының шығармашылық жұмыстары.

  1. Техника қауіпсіздігі.

  2. Санитарлық-гигиеналық нормалар.

  3. Информатика кабинеті мазмұнын зерттеу белгілері.

  4. Кабинет паспортын жабдықтаудың құжаттар тізімі.

Жабдықтaлған есептетiш техника кабинетiнің жұмысын қабылдау үшiн (пайдаланyға жіберу үшін) мектеп директоры қабылдау комиссиясын ұйымдастырады. Оған: мектептегi кәсіподақтар ұйымдастыру өкілдерi, негiзгi кәсіпорын және халыққа бiлiм беру ұйымдарының өкілдepі қатысады. ЕТК-i пайдаланылyға жарамдылығы бар акт болмаса рұқсат етiлмейдi. ЕТК - бiр немесе бiрнеше мектепке қызмет етyi мүмкiн. Кабинеттегi оқyшылардың жұмыс орны 9-12­-ге дейiн болады, кейде оқушыға арналған компьютерлер­дiң санына қарай болады. Компьютермен практикалық сабақтар өткiзу үшін класс екі iшкi топқа бөлінедi.

Жоғарыда аталған жабдықтармен қатар, есептегiш техника кабинетінде:


  1. оқытуда дербес әдiстi жүзеге асыруға арнaлған компьютер жаттығулар мен оқушылардың өз бетiндiк жұмысын ұйымдастырyға арнaлған тапсырмалар;

  2. ғылыми-танымал анықтамалық, әдicтемелiк әдебиеттер тобымен;

  3. оқушылардың ЭЕМ-да өздерi құрған таңдамалы программалары;

  4. ОЕТ комплектiciндегi әрбiр жұмыс орнын пайдалану журналымен;

  5. машиналарды жөндеу жұмысына атқару журналы;

  6. оқушылардың жұмысын көрсетуге арнaлған қабырға газеттерi мен кестелердi қыстырғыштар;

  7. мектеп директоры бекіткен, ЕТК-ның жабдықталуы жөніндегi инвентарлық кiтап;

  8. алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсетуге арналған дәрі-дәрмектер;

  9. өрт сөндiру құралдары болуы тиiс.

Дербес ЭЕМ-мен жабдықталған оқушының жұмыс орны мемлекеттiк стандартқа сәйкес келетiн екі орынды столмен жабдықталуы тиiс. Оның өлшемi 1300х700 кв.мм.-ден кем болмайтын стол, орындық және принтер мен графопостроительге және т.б. құралдарға арнaлған екі тумбомен жабдықталуы тиic.

ЕТК-гі оқушылардың жұмыc орнын сабақ кезiнде емін-еркiн кiрiп-шығатындай етіп орналастыру керек. Екі орынды столды бiрiктiрiп қоюғa рұқсат етiлмейдi. Егер столдар қатар бойынша орналастырылса, олардың арақашықтығы 1,0-1,1м болуы керек, әрбiр қатардың соңындағы столдың қабырғадан қашықтығы 80 см - ден кем болмауы керек.



ЕТК - дегi дербес компьютердiң (ДК) орналасуына және жабдықталуына

қойылатын талаптар.

1. ЕТК-і табиғи жарықпен жарықталынуы керек. Терезе солтүстiк солтүстiк-шығысқа бағдарлануы тиic.

2. ЕТК-і подвалда және ipгeтаc үстiндeгi үй қабырғасының төменгi бөлiгінде орналаспауы қажет.

3. ЕТК-і шуды көп шығаратын орындардан алыc орналасуы қажет (машиналық зал, гимнастика, шеберхана және т.б.).

4. ЕТК-дегi бiр ДЭЕМ-нiң (бiр жұмыc орны) алатын ауданы 6 кв.м.-ден, ал бөлменің биiктiгi 4 метрден кем болмауы қажет.

5. ЕТК-дегi ДЭЕМ-дер саны 10-нан кем болмаса, ауданы 18 кв.м болатын лаборант бөлмесi берiлуi тиiс.

6. Еденнің бетi тегic, тазалаyға ыңғайлы болуы тиiс.

­7. ЕТК-не өзiнің құрамынан зиянды химиялық заттар бөліп шығаратын құрылыс материалдарын пайдаланyға рұқсат етiлмейдi.

8. ДЭЕМ қойылған столға электр қауiпсiздігі сақтaлған жергiлiктi желiнiң кабелi жүргiзiледi.

9.Оқушыға арналған жұмыс орнының столының ұзындығы 70 см-ден, ал ені клавиатураның алдынан 30 см-дей асып тұруы қажет. Столдың монитор орналасатын беті горизонталь болуы, ал клавиатура орналасатын беті 12-15-қа көтеріңкі болуы қажет.


11-ДӘРІС

Тақырыбы: Компьютерлік техникада жұмыс істеудің санитарлық - гигиеналық жұмыс істеу нормалары

Мақсаты: Мектептегі информатика кабинетінің жабдықталуына

қойылатын талаптармен таныстыру.
ЕТК-н ұйымдастыруға гигиеналық нұсқаулар

ЕТК-де ДЭЕМ мен жұмыс кезінде температура жоғарылап, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы азайып, ауаның құрамы өзгеретіні белгілі. Сондықтан кабинетте төмендегідей микроклиматтың үйлесімді параметрлерін ұстаған жөн.

ЕТК-гі шаңды азайту үшін:


  1. сырт аяқ киімін ЕТК-де алмастыру қажет;

  2. ЕТК-ның кіре берісінде портфель, сумкаларды сақтайтын полкалы шкафтар болғаны дұрыс;

  3. Бормен жазылатын класс тақтасы фламастермен жазылатын тақтамен алмастыру қажет. Немесе тақтаның орнына мұғалімнің столындағы ДЭЕМ-ға жалғастырылған демонстрациялық телевизорды пайдалануға болады.

ЕТК-нің жарықтылығын түстермен және жарықпен реттеуге болады.

Видеомонитор экранына қарсы қабырғаны қара, қоңырқай түстермен бояуға болмайды. Жұмыс столының бетінің түсі табиғи ағаш түсі немесе ашық жасыл, ашық көк болғаны дұрыс.

Сынып тақтасының түсі қара жасыл, қара қоңыр болуы керек. Терезенің жақтаулары міндетті түрде ақ майлы бояумен боялуы қажет. Терезеге ілінген шторлар табиғи жарықты жібермеуі керек. Қара түсті шторды терезеге құруға болмайды. ЕТК-гі ДЭЕМ-ға жеке қосымша шам арқылы жарық түсіруге рұқсат етілмейді.

Жұмыс столы мен класс тақтасының ең төменгі жарықталынуы 400-500 люкс болуы керек. Ауаның температурасы - 19-210С, салыстырмалы ылғалдылығы –

62-55%, ауаның қозғалыc жьлдамдығы - 0.1 м/с болуы тиic. Кабинеттегi микроклиматы - сақтау үшiн күн радиациясы тiкe түспейтiн жаққа (солтүстiк солтүстiк шығыс) орналастыру қажет. Ауаның ылғалдылығын жоғарылату үшiн қыздырғыш құралдардың тұсына үлкен көлемдi аквариумдарды орналастыруға болады.

ЕТК-і жоспарланбай салынған мектептерде жоғарыда аталған микроклиматты ұстап тұру үшін кабинеттің ауасын есік-терезе арқылы желдетіп тұру қажет. Желдету уақыты 10 минуттан кем болмауы тиіс. Ауаны тазартудың басқа жолы терезеге орналастырылған кондиционер арқылы ауа алмастыруға болады. ЕТК-гі ауа алмасу кабинеттің ауданы мен квадратурасына байланысты.

ЕТК-ның жұмысын ИЕТН оқытушыларының бірі басқарады, ол кабинеттің жабдықталуын, оқушылар мен мұғалімдердің ИЕТН пәні және басқа сабақтардағы қолдану жұмысын ұйымдастырады.


жүктеу 2,04 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау