Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі


Факультативті қайта сақтандыру



жүктеу 1,34 Mb.
бет5/7
Дата06.01.2018
өлшемі1,34 Mb.
#7122
1   2   3   4   5   6   7

Факультативті қайта сақтандыру. Бұл қайта сақтандыруда цедент тәуекелдің бірақ немесе бөлігін қайта сақтандыруға тапсыратындығын өз бетінше шешеді және сақтандырушыны өз бетінше таңдайды. Ол өз тәуекелдерін тапсырған цессионерлерге ешқандай мүдделі емес, өз жағынан цессионер де цедентке мүдделі емес, ол тәуекелді бірақ немесе бөлігімен қабылдап ала алады және де өзінің шарттарын ұсына алады немесе тәуекелді қабылдаудан бас тартуы мүмкін.

Келісілген қайта сақтандыру. Мұнда қайта сақтандырудың тәуекелдерін тапсыруымен қабылдап алуы туралы келісімді аша отырып екі жақ құқықтық қарым-қатынасқа түседі (қайта сақтандыруға қатысудаға ұзақ мерзімді келісім жыл сайын қарастырылып отырады). Әдетте қайта сақтандыруға эксцедентпен ұсынылатынның азғандай үлесін алатын бірнеше компания қайта сақтандырудың келісімінде қатысады (енгізіледі). Өзінің шығармашылық (жұмыс) кезеңінде кез келген тапсыратын компания қайта сақтандыру қорғанысын қажет етеді. Сондықтан да сақтандыру қоржыны оның қайта сақтандыру ұсынысын әртүрлі вариациялармен орындайды, олжылдан жылға және әдетте жылдың аяғында қайта қаралады.

Факультативті-облигаторлық қайта сақтандыру. Оын тағы да «ашық қорғайтын» келісімі деп те атайды. Бұл цедентке қайта сақтандырушыға қандай мөшерде және қандай ресурстарды тапсыру керек екендігі туралы шешімді өз бетінше қабылдауға еркіндік береді. Цессионер алдын ала шарттармен белгіленген тәуекелдердің үлісін өз бетінше қабылдап алуы тиіс. Цесиионерлерге бұл келісім пайдасыз және қауіпті болуы мүмкін, себебі цедент қайта сақтандыруға ең қауіпті тәуекелдерді тапсыруы мүмкін, сондықтан да бұл келісім толық сенім артатын цедентпен ғана бекітіледі.

Облигаорлы-факультативті қайта сақтандыру. Цедентке міндетті және цессионерге керекті болып табылады. Басты компаниялар мен филиалдарының арасында жиі кездеседі. Цессионер өзіне ең пайдалы тәуекелді ғана таңдап алады, ал бұл оған цедент саясатын бақылауға мүмкіншілік береді, яғни бұл форма басқа бөлек сақтандыру компанияларына керексіз болып табылады.

Тәуекелдік бойынша жауапкершілікті таратумен байланысты қайта таратудың келісімін екі жақтың келісімі бойынша 2 топқа бөлуге болады:

1)Сақтандыру сомасының базасындағы қайта сақтандыру сомасы (пропорционалды қайта сақтандыру);

2)Зақымдану базасындағы – зақымдануды қайта сақтандыру (пропорционалды емес қайта сақтандыру).

Пропорционалды қайта сақтандыру. Мұнда цессионер цедент сақтандыру қоржынының бір бөлігін сақтандырады және мұнда сақтандыру премиясы, жауапкершілігі және залалы цессионер мен цедент арасында пара-пар бөлінеді.

3 формасы бар:

- квоталық келісім. Барлық цедент тәуекелдерінің белгілі бір үлісі мен квотасын цессионер өзіне алады. Квота барлық залалға қойылмайды және мұнда көлемі мен ауыртпашылығы ештеңе бермейді. Үлес белгілі пайызда немесе белгілі анықталған сомада көрсетілуі мүмкін (ех: цедент ұстанымы 30%, сақтандыру сомасынан лимит 200000, 70% цессионерді қайта сақтандырудан келеді. 1) Тәуекел 100000 – цеденттің өзіндік ұстанымы – 30000, ал цессионердегі қайта сақтандыру – 70000. 2)Тәуекел 370000 тең – цедент өзіндік ұстанымы – 111000, цессионерлерге 259000 мөлшерінде сома берілуі тиіс, бірақ лимит 200000 құрағандықтан 59000 келісім-шарт маңайында қалады, яғни цедентке).

Келісімнің бұл түрі цедент өзі ұстай алатын (тоқтата) кез келген тәуекел, тіпті ең кішісі міндетті түрде қайта сақтандырылатындығымен сипатталады. Бұл келісім бойынша 20%-40%-дан комиссия тағайындалады және ол әдетте тантьем қабылданады. Келесім-шарт көп шығынды қажет етпейді. Квоталық келісім көптеген мөлшердегі біртүрлі тәуекелдерге тиімді болып табылады.

- эксцеденттік. Бұл келісім тұрақсыз сақтандыру қаржысының теңелуіне мүмкіндік береді. Бұл мақсатында цедент өз ұстаушысының көлемін анықтайды, яғни:

Эксцедент = сақтандыру сомасы - өзіндік ұстаным.


Өзіндік ұстанымды жоғарылататын барлық тәуекел пара-пар бөлінеді.
өзіндік ұстаным / эксцедент
Келісімшарттың жетіспеушіліктері:

- Қызмет көрсетудегі үлкен шығындар

- цедент өз шегерімін өзі бекіткендіктен оны тәуекел топтары бойынша дифференциялайды, ол өз үлесіне тәуекелдің аз мөлшерін қалдырып, көп бөлігін қайта сақтандыруға береді, бұдан цессионер әрине қауіптенеді.

Эксцедент сомасы әдетте өзіндік ұстанымнан біршама мөлшерде жоғары болады (ех: эксцедент сомасы 10 үлеске тең; келісім шарт көлемі 11. келісім тәуекелдердің бір тобына арналған 5000 бірлікке тең он бөлікті өзіндік ұстанымнан тұрады.

Сақтандыру жағдайларында:


  1. 5000 бірлік – келісім шарт бойынша тапсырыс орындалмайды.

  2. 50000 бірлік – 45000 бірлік тапсырылады.

  3. 70000 бірлік – 50000 бірлік тапсырылады, ал қалған 15000 басқа келісім шарт бойынша қайта сақтандырулады.

- квоталы-эксцедентті.

Қайта сақтандырудың квоталы және эксцедентті келісім шарттарының комбинацияларын өзара қарастырады. Белгілі бір квотаға, өзіндік ұстанымға қатысты эксцедент тағайындалады.

Пропорционалды емес қайта сақтандыру. Мұнда цессионерлердің қатысуы зақымның көлеміне байланысты анықталады. Цессионердің жауапкершілігі цеденттің өзіндік ұстанымын жоғарылатуға орны болғанда басталады.


Тақырып 16. Шет елдерде сақтандыру.

Мақсаты: Сақтандыру ісін шетел тәжірибесінде ұйымдастыруды оқыту.

Сүрақтар:

1. Шет елдерде сақтандыру ісін ұйымдастыру.

2. Шет елдерде сақтандырудың формасы және негізгі түрлері.

3. Шетелде сақтандыру қызметінің даму тенденциясы.

4. Мемлекеттердің сыртқы экономикалық қызметін сақтандыру сферасы.
8.3.Студенттер үшін СӨЖ тақырыптары және практикалық сабақтардың сұрақтары:
1 Тақырып. Экономикалық мәні және сақтандыруды белгілеу.

Мақсаты: Нарықтық экономикада сақтандыру қатынастарының пайда болу негіздерін оқу және бекіту.

Талқыланатын сұрақтар:

1. Сақтандыру түсінігі, оның қазіргі қағамдағы мәні және қажеттілігі.

2. Сақтандыру функциялары және принциптері.

3. Сақтандырудың экономикалық табиғаты.

4. Қаржы және несиелік сақтандыру арасындағы байланыс.

5. Сақтандыру қатынастарының жүйесі.



Баяндама/рефераттар тақырыбы:

1. Сақтандыру және сақтандыру ісінің пайда болу және даму тарихы.

2. Нарықтық экономикада сақтандыру функциясы және экономикалық мәні.

3. Сақтандыру ролі кәсіпорынның қаржылық жағдайын нығайтуда.

4. Сақтандыру қорларының қалыптасуы.

5. Сақтандыру қорларының пайдалану бағыттары.

Ағымдағы білімді бақылау формасы: сұрау

Студенттің өз бетімен жасалған жұмыстарын бақылау формасы: тестілеу, рефераттар.


2 Тақырып. ҚР-ғы сақтандыру классификациясы.

Мақсаты: ҚР сақтандыру классификациясы, сақтандыру ісінің терминдері, негізгі түсініктерін оқу және бекіту.

Талқыланатын сұрақтар:

1. Сақтандыруда қалданылатын негізгі түсініктер және терминдер.

2. Сақтандыру классификациясының қажеттілігі және негізі.

3. Қауіп төндіру бойынша және сақтандыру объектісі бойынша классификация.

4. ҚР сақтандыру классификациясы: салалары, түрлері және кластары.

5. Міндетті әлеуметтік сақтандыру және оны жүргізу шарттары.

6. Әлеуметтік және жеке сақтандырудың жалпы және өзгермелі сипаты.

7. Сақтандыруды жүргізудің формалары және әдістері.



Баяндама/реферат тақырыптары:

1. ҚР-ғы міндетті сақтандырудың ерекшеліктері.

2. Қазіргі жағдайда әлеуметтік сақтандырудың дамуы.

3. Сақтандырудың күрделі формалары: көпше (екі есе, топтық) және комплекті сақтандыру және қайта сақтандыру.

Ағымдағы білімді бақылау формасы: сұрау

Студенттің өз бетімен жасаған жұмысын бақылаудың формасы: тестілеу, рефераттар.


3 Тақырып. Тәуекел түсінігі және оның экономикалық салдары.

Мақсаты: тәуекелдің теориялық негізін оқу және бекіту, тәуекелді бағалау,тәуекелді басқару негізі, менеджмент тәуекелі.

Талқыланатын сұрақтар:

1. Тәуекел: түсінігі,функциясы, көздері.

2. Қаржылық тәуекелдің классификациясы және оның сипаттамасы.

3. Тәуекелді басқару негіздері.

4. Қаржылық тәуекелді төмендету әдістері.

Баяндама/рефераттардың тақырыптары:

1. Несиелік және пайыздық тәуекелдер.

2. Валюталық тәуекел.

3. Инвестициялық және бизнес тәуекелі.

4. Инфляциялық тәуекел.

Ағымдағы білім бақылау формасы: сұрау

Студенттердің өз бетімен жасаған жұмысын бақылау формасы: тестілеу, рефераттар.

4 Тақырып. Сақтандыру мәселелерінің заңды регламентациясы.

Мақсаты: Қазақстандағы сақтандыру ісінің қалыптасу кезеңдерімен танысу,ҚР сақтандырудың заңды негіздерін оқу және бекіту.

Талқыланатын сұрақтар:

1. ҚР сақтандыру заңының қалыптасуы және даму кезеңдері.

2. 18.12.00 ж. «ҚР сақтандыру қызметі туралы» ҚР Заңының негізгі ережелері.

3. Сақтандыру қызметін реттейтін заңды және нормативті актілері.

4.Сақтандыру келісім шарты: түсінігі, негізгі элементтері, маңызды шарттары және ерекшелектері.

Баяндама/реферат тақырыптары:

1. Сақтандыру бойынша заңдылық базаның жаңартылуының негізгі бағыттары.

2. Сақтандыру қызметінің мемлекеттік реттелуі және лицензиялау.

3. Сақтандыру компанияларының қызметі мемлекеттің бақылауында және қарауында.

4. Сақтандыру қызмет көрсетулерінің тұтынушыларының құқықтарын қорғау.

5. Сақтандару туралы заңды бұзғаны үшін жауапкершіліктің түрлері және түсінігі.

Ағымдағы білімді бақылау формасы: сұрау

Студенттің өз бетімен жасаған жұмысын бақылау формасы: тестілеу, рефераттар.


5 Тақырып. ҚР сақтандыру нарығының институционалдық құрылымы.

Мақсаты: Сақтандыру нарығының құрылымын оқу және бекіту, оған әсер ететін факторлар және сақтандыру қызмет көрсету бағасы.

Талқыланатын сұрақтар:

1. Сақтандыру нарығының құрылымы.

2. Сақтандыру міндеттемелері, оның мазмұны.

3. Сақтандыру спецификалық тауар ретіндегі қызметі.

4. Сақтандыру қызмет көрсетуінің бағасы. Сақтандыру қызмет көрсету бағасына әсер ететін факторлар.

5. Сақтандыру нарығының қатысушылары.

6. Сақтандыру брокері, сақтандыру агентінің қызметі.

Баяндама/рефераттардың тақарыбы:

1. Сақтандыру келісімшарт жасағанда және сақтандырудың дамуында сақтандыру делдалдарының ролі.

2. Сақтандыру нарығының қалыптасуында (дамығын) елдің дамуына әлеуметтік-экономикалық деңгейінің әсер етуі.

Ағымдағы білім бақылау формасы:сұрау

Студенттің өз бетімен жасаған жұмысын бақылау формасы: тестіле, рефераттар.
6 Тақырып. Сақтандыру компанияларының ұйымдастыру қызметі.

Мақсаты: Сақтандыру ісін ұйымдастыру мәселесі бойынша білімді бекіту.

Талқыланатын сұрақтар:

1. Сақтандыру қызметінің ұйымдастырылушылық-құқықтық формасы.

2. Сақтандыру компаниясының ұйымдастыру жұмысы.

3. Сақтандыру ұйымдарының қызметі.

4. Сақтандыру компанияларының қызметінің экономикалық негізі.

5. Сақтандыру компанияларын басқарудың негізгі принциптері.



Баяндама/реферат тақырыптары:

1. Сақтандыру компанияларының табыстарының негізгі көздерінің құралу көздері.

2. Сақтандыру компанияларының резервтерін пайдаланудың негізгі бағыттары.

3. Сақтандыру компаниялардың инвестицияларын басқару.

4. Сақтандыру компанияларының мемлекеттік емес ұйымдарының ерекшеліктері.

Ағымдағы білім бақылау формасы: сұрау

Студенттің өз бетімен жасаған жұмысын бақылау формасы: тестілеу, рефераттар.
7 Тақырып. Актуарлық қызмет.

Мақсаты: актуарлық есептердің, сақтандыру тарифтерінің есебі бойынша білімді бекіту.

Талқыланатын сұрақтар:

1. Актуарлық қызметтің ұғымы және мәні.

2. сақтандыру тарифтерін құру міндеттері және маңызы.

3. Тарифтік мөлшерлеменің құрамы және құрылымы.

4. Сақтандыру статистикасының көрсеткіштері.

5. Сақтандыру жарнасының мәні.

6. Сақтандыру сыйақысы сақтандыру компаниясының қызметін қаржыландыру көздері.

Баяндама/реферат тақырыптары:

1.Сақтандыру тарифтерін құру методикасы.

2.Сақтандыру тарифтерінің құрылымы және сақтандырудың жеке салаларында оларды құру ерекшеліктері.

3.Жауапкершілікті және кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру бойынша тарифтерді құру ерекшеліктері.

4.Сақтандырудың тәуекел түрлері бойынша сақтандыру тарифтерін құру.

5.Дифференциация принциптері және тарифтік мөлшерлемені жаңарту проблемалары.

Ағымдағы білімді бақылау формасы: сұрау

Студенттің өз бетімен жасаған жұмысын бақылау формасы: тестілеу, рефераттар.


8 Тақырып. ҚР сақтандыру төлемдеріне кепілдеме беру қоры.

Мақсаты: ҚР сақтандыру төлемдеріне кепілдеме беру Қорының қызметін оқып білу.

Талқыланатын сұрақтар:

1. Сақтандыру төлемдеріне кепілдеме беру Қорын (СТКҚ) құру қажеттілігі.

2. «Сақтандыру төлемдеріне кепілдеме беру қоры туралы» 03.06.03 ж. ҚР заңының жалпы ережесі. Типтік келісім шарттың негізгі ережесінің СТКҚ қатысуы.

3. Келісім шарт қатысушыларының міндетті және төтенше жарналарын белгілеу.



Баяндама/реферат тақырыптары:

1. Сақтандыру төлемдеріне кепілдеме беру қоры мен басқа да отандық қорларды құру қызметінің салыстырмалы сипаттамасы.

2. 03.06.2003 ж. «Сақтандыру төлемдеріне кепілдеме беру қоры туралы» ҚР Заңын жаңарту бағыттары.

Ағымдағы білімді бақылау формасы: сұрау

Студнеттің өз бетімен жасаған жұмысын бақылау формасы: тестілеу. рефераттар.
9 Тақырып. Жеке сақтандыру.

Мақсаты: Жеке сақтандыру негізін оқу және бекіту, жеке сақтандырудың категориялары және оны жүргізу шарты. Медициналық сақтандыру.

Талқыланатын сұрақтар:

1. Жеке сақтандыру экономикалық зерттеулердің, оның классификациясының объектісі ретінде.

2. Жеке сақтандырудың негізгі объектісі: сақтандыру қатынастарының субъектілері, сақтандыру тәуекелі, түрлері.

3. Ұзақ мерзімді жеке сақтандырудың түрлері.

4.Сақтандыру салалары және жеке сақтандыру бойынша өтемді анықтау.

5. Өмірді сақтандыру бойынша сақтандыру қызметінің ұйымдастыру және оның нормативті құқықты базасы.



Баяндама/реферат тақырыптары:

1. Жеке сақтандырудың пайда болу тарихы (Ежелгі Рим, Франция, Ұлыбритания).

2. Жеке сақтандыру және оның даму перспективасы.

3. Жеке сақтандыруды жүргізу шарттары, өмірді сақтандыру бойынша тарифті құру үшін пайдаланылатын есептің статистикалық көрсеткіштері және математикалық тәсілдері.

4. Өз еркімен медициналық сақтандыру бойынша тарифтік мөлшерлемені анықтау методикасы.

5. Еңбекке қабілеттіліктен және денсаулықтан айырылудан сақтану.

6. «Династия» АҚ қызметі.
10 Тақырып . Аннуитеттік сақтандыру, зейнетақы сақтандыру.

Мақсаты: ренталы сақтандыру келісім шартын жасау шартын оқу.

Талқыланатын сұрақтар:

1. Сақтандыру ренталарының түсінігі.

2. Рентаны сақтандыру келісім шартынан «өмірдің шегіне дейін» өмірді сақтандыру келісім шартынан айырмашылығы. Сақтандыру тәуекелі, сақтандыру сомасы, сақтандыру сыйақысын төлеу тәртібі, сақтандыру сыйақысының мөлшерін анықтау.

3. Рентаны сақтандыру шарттарының нұсқалары – ақырындап, өмір бойғы аннуитет, мерзімі ұзартылған аннуитет, уақытылы аннуитет.

4. Зейнетақыны сақтандыру – жеке сақтандыру түрі.

5. Зейнетақы сақтандыру келісім шарт жасаудың негізгі шарттары, зейнетақы және міндеттемелердің мөлшері, оған әсер ететін төлем.

6. Зейнетақыны сақтандыру нұсқалары: жанұялық сақтандыру, ұлғайтылған рентамен келісім шарты, өмір бойғы рентаға кепілдеме беру; полис редукциясы; редукцияланған полисті қылыптастыру.

Баяндама/реферат тақырыптары:

1. ҚР тұрғындарының әлеуметтік қорғау концепциясына сәйкес аннуитеттердің зейнетақы нарықтарын дамыту.

2. «Валют Транзит Life» АҚ қызметі.
11 Тақырып . Мүлікті сақтандыру.

Мақсаты: Мүлікті сақтандыруды экономикалық және қаржылық негіздерін белгілеу, оны жүргізу шарты.

Талқыланатын сұрақтар:

1. Мүлікті сақтандырудың экономикалық және қаржылық белгіленуі.

2. Мүліктік сақтандырудың негізгі түрлері, тарифтері.

3. Мүліктік сақтандыру бойынша төлемді ұйымдастыру және негізгі шарттары.

4. Регрессивті талаптар.

5. Заңды және жеке тұлғалардың мүлікті сақтандыру ерекшеліктері.

6. Андеррайтинг стратегиясы.

Баяндама/реферат тақырыптары:

1. Заңды тұлғалардың мүлікті сақтандыру шарты және тәртібі, механизмі.

2. Заңды тұлғалардың негізгі және айналым қаражаттарын сақтандыру.

3. Сақтандыруға алынған мүлікті алдын ала экспертизалау.


12 Тақырып. Азаматтық құқықтық жауапкершілікті сақтандыру (АҚЖС).

Мақсаты: Экономикалық мәні және жауапкершілікті сақтандыруды белгілеу.

Талқыланатын сұрақтар:

1. «Жалпы сақтандыру» саласына жататын жауапкершілікті сақтандырудың маңызы және мәні.

2. Жауапкершілікті міндетті және өз еркімен сақтандырудың негізгі түрлері.

3. Көлік құралдыры иелерінің АҚЖС классификациялық белгілері және спецификалық негіздері.

4. Көлік құралдыры иелерінің АҚЖС негізгі шарттары.

5. Жолаушылар алдында тасымалдаушылардың АҚЖ сақтандырудың негізгі шарттары.

6. Аудиторлардың АҚЖ сақтандырудын негізгі шарттары.

7. Нотариустарды АҚЖ сақтандырудың негізгі шарттары.

8. Туроператор және турагенттердің АҚЖ сақтандырудың негізгі шарттары.

Баяндама / реферат тақырыптары:

1. Шаруашылық және кәсіпті қызмет процессінде келтірілген зиян жағдайында жауапкершілікті сақтандыру.

2. Салымшылар алдында банктердің жауапкершілігін сақтандыру.

3. Дәрігердің жауапкершілігін сақтандыру.

4. Еңбектік қызмет міндеттемелерін орындау барысында жұмысшылардың денсаулығына және өміріне кілтірілген зардабы үшін жұмыс берушінің жауапкершілігін сақтандыру.

5. Меншікті тұлғаларға зиян келтіру қаупі төмендегі қызметі, объект иелерінің АҚЖ сақтандыру.


13 Тақырып. Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру.

Мақсаты: кәсіпкерлік қызметпен байланысты объектілердің теоретикалық негізін сақтандыруды оқу және бекіту.

Талқыланатын сұрақтар:

1. Кәсіпкерлік қызметпен байланысты объект сипаттамасы.

2. Коммерциялық тәуекелді сақтандыру – инвестиция, пайда немесе табыс.

3. Банк тәуекелі, оның түрлерін сақтандыру.

4. Қаржылық тәуекелді сақтандыру.

5. Биржалық және валюталық тәуекелді сақтандыру.

6. Несиелік тәуекелді сақтандыру. Экспорттық және коммерциялық несиелерді сақтандыру.

Баяндама/реферат тақырыптары:

1. Инвестицияны сақтандыру.

Қазіргі кезеңде сақтандырудың тәуекел түрлерін дамыту.

2. Сақтандыруда биржылық және валюталық тәуекелді хеджерлеудің ролі.

3. «Экспортты несие және инвестицияны сақтандыру бойынша мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» АҚ қызметі.
14 Тақырып. Сақтандырушының төлем қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету.

Мақсаты: Сақтандырушының төлем қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылық есеп методологиясын оқу.

Талқыланатын сұрақтар:

1. Сақтандырушының қаржысын ұйымдастырудың негізгі принциптері.

2. Сақтандыру қорын қалыптастыру.

3. Сақтандыру резервтерінің түрлері және оларды құру тәртібі.

4. Сақтандырушы компанияның қаржылық тұрақтылығы және беріктілігін бағалау.

5. Сақтандыру ұйымының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету шарттары.

6. Активтердің нормативті қатынастары және сақтандыру міндеттемелерін пайдалану.

Баяндама/реферат тақырыптары:

1. Сақтандырушының табыстары және шығындары.

2. Сақтандырушының табыстары, оның қалыптасу көздері және бөлу тәртібі.

3. Сақтандырушы қызметінің қаржылық нәтижесін қалыптастыру.

4. Сақтандыру қызметін экономикалық талдау.

5. Сақтандырушының қаржылық жағдайын бағалау.

6. Сақтандыру қызметінің қаржылық нәтижесін талдау.

7. Сақтандыру ұйымдарының инвестициялық қызметі.


15 Тақырып. Қайта сақтандыру – сақтандыру компаниясының қаржылық тұрақтылығының құрамды бөлігі.

Мақсаты: Активті және пассивті қайта сақтандырудың теориялық негіздерін оқу.

Талқыланатын сұрақтар:

1. Сақтандырудың және қайта сақтандырудың теориялық негізі және мәні.

2. Қайта сақтандыру сақтандыру операцияларын қаржылық тұрақтылығын нығайту әдісі.

Активті және пассивті қайта сақтандыру.

3. Қайта сақтандыруда тәуекелді алмастыру тәсілі бойынша қайта сақтандырылушы операциялар.

4. Қайта сақтандыру келісім шарты – пропорционалды және пропорционалды емес.

5. Қайта сақтандыру аймағындағы негізгі терминология.

6. Қайта сақтандырылушы пұлдардың қызметі: мәні және маңызы.



Баяндама/реферат тақырыптары:

1.Сақтандыру қызметіндегі қайта сақтандырудың ролі және функциясы, эканомикалық мәні.

2.Қайта сақтандыру келісім шартының түрлері және мазмұны.

3.Қайта сақтандыру қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету элементі ретінде.


16 Тақырып. Шет елдерде сақтандыру.

Мақсаты: Сақтандыру ісін шетел тәжірибесінде ұйымдастыруды оқыту.

Талқыланатын сұрақтар:

1. Шет елдерде сақтандыру ісін ұйымдастыру.

2. Шет елдерде сақтандырудың формасы және негізгі түрлері.

3. Шетелде сақтандыру қызметінің даму тенденциясы.

4. Мемлекеттердің сыртқы экономикалық қызметін сақтандыру сферасы.

Баяндама/реферат тақырыптары:

1. Швецияның әлеуметтік сақтандыру ерекшеліктері.

2. Дамыған елдерде (АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Жапония) сақтандыру ерекшеліктері.

3. Оңтүстік Шығыс Азия елдерінде сақтандырудың ерекшеліктері.

Ағымдағы білім бақылау формасы: сұрау

Студенттің өз бетімен жасаған жұмысын бақылау формасы: тестілеу, рефераттар.


8.4. ОСӨЖ тақырыптары:

  1. Сақтандыру қорларын ұйымдастыру және сақтандыруды қорғау формаларының бірі ретінде.

  2. ҚР-ғы еркін сақтандырудың дамуы.

  3. Сақтандыру келісім шарт жақтары: олардың құқықтары және міндеттері.

  4. Сақтандыру келісімшарты орындалмағаны үшін сақтандырушымен сақтандырылушының жауапкершілігі.

  5. ҚР-ғы сақтандыру нарығының қазіргі жағдайы.

  6. ҚР сақтандыру нарығының даму проблемасы және оны шешу жолдары.

  7. 2004-2006 жылдары ҚР-да сақтандырудың даму перспективасы.

  8. ҚР-ғы сақтандыру компанияларының қызметіндегі проблемалары және оны шешу жолдары.

  9. Сақтандыру төлемдерінің түсуін жоспарлау методикасының мәні.

  10. Сақтандыру сомасына және сақтандыру өтем көлеміне инфляцияның әсерін анықтау.

  11. Сақтандыру зияндары және өтеу деңгейін бағалау әдістері.

  12. Өз еркімен медициналық сақтандыру перспективасы.

  13. Мүлікті сақтандыру түрлерінің даму перспективасы.

  14. Азаматтардың мүлігін сақтандыру және оның даму перспективасы.

  15. Несиені өтемегені үшін қарызгердің жауапкершілігін сақтандыру. ҚР АҚЖ даму перспективасы.

  16. Несиенің өтелмегендігі, өнім сапасы, айналадағы ортаның ластануының жауапкершілігін сақтандыру.

  17. Туризм және туристік бизнесті сақтандыру.

  18. ҚР өсімдік өсіруді міндетті сақтандыру шарты және ерекшелігі.

  19. Сақтандырушының қаржыны ұйымдастыруды жаңарту жолдары және проблемалары.

  20. Сақтандырушының төлем қабілеттілік проблемасы.

  21. Сақтандыру операцияларының салық салу ерекшеліктері.

  22. Қазақстанда қайта сақтандырудың даму перспективасы және проблемасы мен жағдайы.

  23. Сақтандырушының қаржы ұйымдастыруды жаңарту жолдары және проблемалары.

24. Қаржылық жоспарды сақтандыру қызметінің жалпы бизнес-жоспардың құрамды бөлігі ретінде құру тәртібі.

25.. Шетелде сақтандыру ісін ұйымдастыру және даму тарихы.

26. ҚР-нда және шетелде міндетті сақтандыруды жүргізудің салыстырмалы сипаттамасы.

27. ҚР Ресей Федерациясының сақтандыру нарығының жалпы және ерекше әлпеті.

28. ҚР және шет елдердің сақтандыру нарығының дамуының жалпы және ерекше әлпеті.

29. Халықаралық сақтандыру нарығының қызмет атқару проблемалары.

30. Сыртқы экономикалық қызметті сақтандыру және оның даму перспективасы.


жүктеу 1,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау