Қазақстан республикасының Ғылым және білім министрлігі



жүктеу 2,04 Mb.
бет1/13
Дата04.12.2017
өлшемі2,04 Mb.
#2970
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


Құжат СЖМ 3 деңгейлі

ПОӘК

ПОӘК 042-Х. 1.ХХ/01- 20

ПОӘК

Пәннің оқу-әдістемелік материалдары

Информатиканы оқытудың әдістемесі


Редакция №





ПӘННІҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«5В011100» – «Информатика» мамандығы үшін


«Информатиканы оқытудың әдістемесі»
ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ

Семей

2013

Құрастырған: 28.08.2013 ж

Информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасының

аға оқытушысы _______ Абишова А.А.


Информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасының

отырысында талқыланды.

Хаттама № 1 05.09.2013 ж.

Информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасының

меңгерушісі _______ Абишова А.А.

Физика-математика факультетінің Оқу-әдістемелік бюро мәжілісінде бекітілді.

Хаттама №1 11.09.2013 ж.

Физика-математика факультеті

Оқу-әдістемелік бюросының төрайымы ____________ Батырова К.А.

Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданды.

Хаттама №1 18.09.2013 ж.

ОӘК төрайымы _________ Искакова Г.К.

Мазмұны


  1. Глоссарий

  2. Дәрістер

  3. Зертханалық сабақтар

  4. Студенттердің өздік жұмысы

1.ГЛОСАРИЙ

МАТ- мектептiк алгоритмдiк тiл

Педагогикалық-пpограммалық құралдар (ППҚ) курстың белгiлi бiр тақырыбын оқытуды және оқушылардың оқу пpограмасында көрсетiлген, практикалық дағдыларды қалыптастыруды қамтамасыз етедi

Мемлекеттік білім стандарты -бұл пәндер бойынша мазмұнның міндетті минимумы және оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды тағайындайтын нормативтік құжат

Информатика” оқу пәнiнiң базалық мазмұны (БМ) – оқу пәнiнiң мектепте мiндеттi түрде оқытылуы тиiс және үздiксiз бiлiм берудiң келесi сатылары мен деңгейлерiнде информатиканы оқуды жалғастыру үшiн жеткiлiктi болатын мазмұнының құрамы мен құрылымы.

Информатика” оқу пәнi бойынша бiлiм берудiң негiзгi бағдарламасы (БНБ) – оқу пәнiнiң мазмұнын, яғни оқушыларда ғылыми дүниетанымдық негiздi қалыптастыруды, олардың ойлау қабiлетiн дамытуды, ақпараттандыру құралдарын, ақпараттық технологияларды меңгертудi және оқушыларды өмiрге, еңбекке және бiлiмдерiн жалғастыруға даярлауды анықтайтын құжат. Оның мазмұны мемлекеттiк стандарт бойынша анықталады.

Информатика” оқу пәнi бойынша бағдарлы бiлiм беру бағдарламасы (БББ) – “Информатика” оқу пәнiнiң мазмұнын анықтайтын, пәндi тереңдетiп, бағдарлы оқытуды қамтамасыз ететiн, оқушыларды кәсiби даярлау бағытына қарай көлемi мен мазмұны бойынша сараланған құжат. Оның мазмұны мемлекеттiк стандарт бойынша анықталады.

Информатика” оқу пәнi бойынша қосымша бiлiм беру бағдарламасы (ҚББ) – мемлекеттiк стандарт мазмұнынан тыс, оқушылардың информатика пәнi бойынша бiлiмге деген қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға бағытталған оқу курстарының мазмұнын анықтайтын құжат.

Бейімделушілік (адаптивность) - өзгермелі жағдайлармен оларға қойылатын талаптарға бейімделушілік және үздіксіз өзгеру мүмкіндігі;

Интегралдылық (интегрированность) - шешілетін тапсырманың толықтылығын қамту және оның ішкі құрылғыларымен оны құраушы бөліктер арасындағы байланысты алу;

Унифицирлілік (унифицированность) - ішкі және сыртқы интерфейстердің бірлігіне, сонымен қоса өңдеу үрдісінің мазмұнына және оған барлық қатысушылар арасындағы ақпарат алмасуға көзқарастардың бірлігін қамтамассыз ету;

Таратушылық (распределенность) - орындалатын қызметтердің уақыттық және кеңістіктік бөлінулерімен есептеу техникасының компоненттері арасында тарату. Бұл таратулар өзара байланысқан есептеу ресурстарында орналасуы тиіс;

Дербестік (персонализация) - нақты қолданушының сұраныстарын қанағаттандыру мүмкіндігі;

Саундбластер. Дискіге немесе компакт дискіге жазылған цифрлық аудиоинфор-мацияны дыбыстық информацияға түрлендіруге арналған құрылғы

Стример – бұл винчестердегі мәліметтерді жоғалтпай (вирус, сыртқы әсерлерден) жазып алу үшін көшіруге арналған құрылғы

Postmaster– әрбір доменнің өзінің әкімшісі бар, оған почталық жүйенің жұмысына қатысты сұрақтар мен хабарларды жолдауға болады
2.ДӘРІСТЕР

1-ДӘРІС.

Тақырыбы: Орта мектепте информатиканы оқыту әдістемесі мен

теориясының жалпы мәселелері.

Мақсаты: Информатиканы оқыту әдістемесі пәні және информатика мұғалімін кәсіптік дайындау жүйесіндегі орнын, информатиканы оқыту әдістемесінің педагогикамен, псиxологиямен және информатика ғылымымен байланысын қарастыру.
22 қыркүйек 1997 жылы Қазақстан Республикасы президентінің өкімімен Қазақстан Республикасы орта білім жүйесін ақпараттандыру туралы мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.

Қазақстан Республикасы дүние жүзінің дамыған елдері сияқты орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың нақты жолына түсуі тиіс, яғни бірыңғай информациялық-білім беретін желіге негізделген бірыңғай информациялық-білім беру кеңістігін жасау қажет. Бұл орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мақсаты болып табылады.

Ұсынылып отырылған орта білім жүйесін ақпараттандыру бағдарламасын өзінің алдында мынадай міндеттер қояды:

1. мектеп мекемелерін жаңа информациялық технологияны (ЖИТ) оқытуда және оқу үрдісін басқаруда пайдалануға мүмкіндік беретін есептеуіш техника құралдарымен және ұйымдастырушы техникамен қамтамасыз ету.

2. барлық мектеп мекемелерін білім беретін информациямен қамтамасыз етуге қол жеткізетін инфроқұрылымдарды дамыту

3. ықпалды нормативтік-құқықтық база жасау

4. телекомуникациялық желі жүйесін жасау

5. жаңа информациялық техналогия пайдалану және ендіру саласында орта білім жүйесі үшін кадрларды даярлау және қайта даярлықтан өткізу

Осы қабылданған бағдарламаға сай республикамызда көптеген мектептер жаңа информациялық техналогияны оқыту үрдіссіне ендіру жұмыстарымен айналысуда. Оларды қолдауымыз, бағыттауымыз және қажетті әдістемелік көмек көрсетуіміз керек.

Ақпараттандыру деп оқытудың және оқу үрдіссін басқарудың әсерлілігін арттыру мақсатында техникалық және материалдық ресурстарды, идеяларды, ғылыми-әдістемелік материалдарды үнемі пайдалану және интеграциялау үрдіссін айтамыз.

Әрине, ақпараттандырудың техникалық негізінде ең жетілдірілген техникалық құрылғы ретінде компьютер жатады, бірақ сонымен бірге мектептің барлық техникалық паркін, атап айтқанда: магнитофондарды, телевизорларды, телефондық желілерді тағы сол сияқты бірығай бағдарламалық-техникалық кешенге интеграциялау қажет.

Информатиканы оқыту әдістемесі пәні және информатика мұғалімін кәсіптік дайындау жүйесіндегі орны.

Қазақстан Республикасында бiлiм берудi 2010 жылға дейiн дамытудың Мемлекеттiк бағдарламасында ақпараттық және коммуникативтiк технологияны бiлiм беру жүйесiн жеделдетiп дамытуға қолдану негiзгi мiндеттердiң бiрi ретiнде анықталды.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияны бәсекеге қабiлеттi ұлттық бiлiм беру жүйесiн дамытуға және оның мүмкiндiктерiн әлемдiк бiлiмдiк ортаға енудегi сабақтастыққа қолдану негiзгi мәнге ие болып отыр.

Бiлiм берудi ақпараттандыру, бiлiм салаларының барлық қызметiне ақпараттық технологияны енгiзу және ұлттық модельдi қалыптастыру қазақстандық бiлiм берудi сапалы деңгейге көтерудiң алғы шарты.

Аталған бағыттарды дамыту үшiн құқықтық-нормативтiк, материалдық-техникалық, ғылыми-әдiстемелiк және ақпараттық жағынан қамсыздандыру педагог мамандарды даярлаудың негiзгi бағыттарының бiрiне айналып отыр.

Бiлiм берудi қайта құру мұғалiмнен үлкен дайындықты талап етедi. Олай болса, олардың жеке тұлғалық қасиеттерi мен мамандық құзырлықтарына жоғарғы талап қойылады. Қазiргi уақытта мұғалiм бiлiм беру жүйесiндегi кез келген қайта құрулардағы педагогикалық үрдістiң негiзгi субъектiсiне айналып отыр.

Қазiргi мектепке шығармашылық iзденiс қабiлетi дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген мамандық шеберлiгi қалыптасқан мұғалiм қажет. Ол бiруақытта педагог, психолог және оқу-үрдісiн ұйымдастырушы технолог бола бiлуi керек. Сонымен қатар оқушының шектеусiз қабiлетiн дамыта алатындай бiлiм берудiң әлемдiк кеңiстiгiн құруға қабiлеттi бола бiлуi шарт. Бұдан мұғалiмнiң мамандық шеберлiгi анықталады.

Басқаша айтқанда, бiлiм берудi ақпараттандыру үрдісi мұғалiмнiң дайындық деңгейi мен мамандық сапасына үлкен талап қояды. Ол мұғалiмнiң өзiн-өзi дамуына, өзiндiк бiлiм алуына және шығармашылық түрде өздiгiнен қызметтерiн iске асыруға мүмкiндiк бередi. Сондықтан мұғалiмдердi жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтерiне еркiн пайдалана бiлуiне және оны оқыту құралы ретiнде пайдалану бағыттары бойынша бiлiмдерiн көтеру және қайта даярлау курстарының мазмұнын өзгертiп, жасақтау қажеттiлігi туындады. Педагог мамандардың бiлiктiлiгiн көтеру және қайта даярлауда ақпараттық әлемде оқу-тәрбие үрдісiн ұйымдастырудың негiзгi құралдарын, жаңа әдiстер мен формаларды кез келген уақытта таба бiлуiне мүмкiндiк туғызу. Мұндай жағдайда педагог мамандар өзiн-өзi дамытуына және өздiгiнен бiлiм алуына мүмкiндiк алады. Бұл жағдайда дамытудың өзектілігі – жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие үрдісiне жан-жақты, әрi еркiн пайдалана бiлуге үйрету дайындау кезеңдерiнiң сапалығымен анықталады.

Қазақстан Республикасы бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың Мемлекеттiк бағдарламаларының негiзгi мiндеттерiнiң бiрi ретiнде мамандардың осы сала бойынша бiлiктiлiгiн көтеру және қайта даярлау қарастырылған. Аталған мiндеттердi жүзеге асыру мақсатында мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау бойынша курс тақырыптарының мазмұны өзгертiлiп, жаңаланды. Оның негiзгi мазмұны бiлiм беру мекемелерi қызметкерлерiнiң кәсiби шеберлiгiн жаңа ақпараттық технологияны пайдалану бойынша жетiлдiруге, басқаша айтқанда, бiлiм берудi ақпараттандыруға сай мамандарды жан-жақты даярлауға бағытталған.

Тәжiрибе жүзiнде дәлелденгенiндей, кез келген мұғалiм мен әкiмшiлiктiң өз қызметтерiне компьютердi пайдалануы олардың әлемдiк ақпараттық кеңiстiкке енуде ақпараттық мәдениетiнiң қалыптасатынымен өлшенедi. Сонымен бiрге, бұл жағдайда, инновациялық әдiстер мен құралдарды оқу үрдісiне пайдалану оқушылардың мектеп пәндерiн игеруде қызығушылықтарын арттыруда. Ақпараттық технологияны оқу-тәрбие үрдісiне пайдалану – келесi педагогикалық мүмкiндiктердi жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi:

- оқушының дайындық деңгейiн, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалды меңгертуге байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту үрдісiне жаңа ақпараттық технологияның мүмкiндiктерiн пайдалану;

- оқытудың жаңа әдiстерi мен формаларын (мәселелік, ұйымдастырушылық, iс-әрекеттiк, компьютерлiк ойындар және т.б.);

- мәселелік, зерттеу, аналитикалық және модельдеу әдiстерiн қолдану арқылы классикалық әдiстердi жетiлдiру;

- жаңа ақпараттық технология құралдарын (жаңа типтi компьютерлер, телекоммуникация, виртуальды орта және мультимедиа-технология) пайдалану арқылы оқу үрдісiнiң материалдық-техникалық базасын жетiлдiру.

Мамандардың бiлiктiлiгiн көтеру мен қайта даярлау мiндеттерiн шешуде оқу үрдісiнде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдаланудың келесi мүмкiндiктерi ұсынылады:

- ақпараттық мәдениет элементтерiн қалыптастыруда бiлiм мекемелерi мамандарының қажеттiлiгiн қанағаттандыру: информатика, ақпараттық және желiлiк технологиялар саласы бойынша жаңа бiлiмдер алу;

- информатика мұғалiмдерiнiң бiлiктiлiгiн көтеру және қайта даярлау;

- балабақша қызметкерлерiн, бiлiм беру жүйесiн басқару мамандарын және пән мұғалiмдерiн жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтерiне еркiн пайдалана бiлуге үйрету;

- информатика пәнiн оқытудың өзекті мәселелерi бойынша информатика мұғалiмдерi үшiн стажировка өткiзу және оны ұйымдастыру;

- қашықтан оқыту формаларына мұғалiмдердiң қызметiн бағыттау;



Бақылау сұрақтары

  1. Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мақсаты

  2. Бiлiм берудi ақпараттандыру үрдісiнің мұғалiмдік мамандық сапасына қойған талаптары қандай?

  3. Оқу үрдісiнде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдаланудың мүмкiндiктерi қандай?

Негізгі әдебиеттер: [3, 4, 5, 14, 16]

Қосымша әдебиеттер: [24, 25, 26]
2-ДӘРІС.

Тақырыбы: Информатика ғылым және орта мектептегі оқу пәні ретінде.

Информатиканы оқыту әдістемесінің педагогикамен,

псиxологиямен және информатика ғылымымен байланысы

Мақсаты: Қоғамның алға қойған мақсатына байланысты информатиканы

оқытудың заңдылықтары қарастырылады


Қазіргі кездегі білім беру сферасы жаңа сапалы деңгейге еніп, оқу үрдісінде компьютерлік технологияны жаппай қолдану міндетін шешіп отыр. Бұл – электрондық оқулықтар мен ресурстарды эффективті түрде қолдануды талап етеді.

Қазіргі кезге дейінгі білім беру үрдісін қарапайым үш түрде қарастыруға болады:



  1. Информацияны беру және қабылдау. Онда “Оқытудың техникалық құралдары” көмегімен сабақ материалдарын иллюстрациялар: фотосурет, сурет, бейне, дыбыс көмегімен үлкен аудиторияларда көрсету мүмкіндігі артады. Оқушылардың информацияларды оқытушы көмегінсіз-ақ қабылдау мүмкіндігі пайда болады.

  2. Іс- тәжірибелік сабақтар. Бұл информацияны меңгеру негізінде білімін тереңдету болып табылады. Оқу аудиториясында есептер шығару, физикалық эксперименттер жасау, экономикалық есептеулер жүргізу немесе философиялық проблемаларды талқылау негізінде белгілі нәтижеге жету үшін информацияны қолдануды үйренеміз.

  3. Аттестациялау. Бұл оқушылар білімін тексерудің әр түрлі әдістері: ағымдағы сұрау, белгілі пән бойынша нақты есепті шешуді қамтитын комплексті емтихан.

Компьютердің пайда болуы аудиториялық және өздігінен жұмыс істеудің арасын біріктіріп, жаңа - өздігінен аттестациялау формасын тудырды.

Іс- тәжірибелік сабақтарда да компьютерді қолдану мынандай мақсаттарға жетуге мүмкіндік береді:



  1. Оның көмегімен лабораториялық жұмыстарды орындауды әрбір жеке детальдары бойынша көрсетуге, химиялық реактиві бар пробирканы қозғалысқа келтіру немесе радиотехникалық сызбаны баптау мүмкіндігін беретін “виртуальдық лабораториялар” ұйымдастыруға болады. Виртуальдық лаборатория көмегімен жасалынатын эксперименттердің ауқымы өте үлкен.

  2. Компьютерде интерактивті эффектінің ролі өте зор. Оның көмегімен әрбір оқушы кез келген сұрақ бойынша іс-тәжірибе жасауда жіберілген қателері туралы хабарлама, оны түзету әдістері жөнінде нақты кеңестер ала алады.

  3. Жағдайды басқару ойындарының көмегімен іс-тәжірибелерді әсерлі орындау мүмкіндігі.

Өзін - өзі аттестациялау білім бекітудің кез келген кезеңінде жеке түсініктерді қорытындылау мақсатында қолданыла береді. Қазіргі мультимедиалық технология жеке пәндер бойынша тестілеуде, әр түрлі мақсаттардағы есептерді шығару жолдарына түсініктемелер беруде және динамикалық графика элементтерін пайдалануда қолданылады.

Білім беруде жаппай компьютерлік технологияны ендіру қазіргі информациялық және мультимедиалық (IT/MT) технологияның барлық мүмкіндіктерін қолдану негізінде іске асады да білім берудің сапасын көтеруге жағдай жасайды.



Информатиканы оқыту әдістемесінің педагогикамен, псиxологиямен және информатика ғылымымен байланысы;

Жалпы бiлiм беретін орта мектепке "Информатика және есептегіш техника негіздері" курсының енгiзiлyiне байланысты педагогика ғылымның жаңа саласы пайда болды, оның зерттеу объектісі – информатикaны оқыту әдістемесі деп аталады. Мұнда қоғамның алға қойған мақсатына байланысты информатиканы оқытудың заңдылықтары қарастырылады. Оқыту зандылықтары информатика дамуының нақты кезеңіне сай зерттеледi.

Қазiргi уақытта информатиканы оқыту әдiстемесі қарқынды даму үстінде оның көптеген мәселелер теориялық жағынан зерттеудi тaлап етедi. Педагогика ғылымының осы саласы тұтас, әpi толық бiр мәнді болу үшiн информатиканың барлық деңгейде оқытылуы зерттелyi керек. Мектепке дейiнгi кезеңде, мектепте, орта оқу буындарының барлық типтерiнде, жоғaрғы мектепте, информатиканы өзiнше оқитындар үшiн және т.с.с. Осы аталған буыңдардың бәpi қазiргi уақытта педагогика ғылымының алдына өзіне тән проблемаларын қоюда. Бiздің жағдайда алдыңғы кезекте қарастыратын мәселемiз, мектеп көлемiнде оқытылатын "Информатика" курсын oқытy әдiстемесi. Информатиканы оқыту әдiстемесi оқытудың жалпы мақсаттарына сәйкес өзінің алдына келесi негiзгi мiндеттердi қояды: Информатика және есептегiш техниканы нақты мақсатын және орта мектептегi жалпы бiлiм беру пәнiнiң мазмұныy анықтау, оқыту түрлерiн ұсыну; Информатика мен есептегiш техниканы оқытудың барлық құралдарын қарастыру (оқу құралдары, программалық құралдар, компьютерлер және т.б.), мұғaлiмнiң практикалық жұмысына оларды қолдануға нұсқаулар беру;

Информатиканы оқыту әдістемесі жаңадан қалыптасып келе жатқан жас ғылым. Педагогика ғылымының iргелi бөлiгi ретiнде өзiнің дамуында информатиканы оқыту әдicтемесi философияға, педагогикаға, психологияға, информатикаға сүйенедi. Сонымен қатар, орта «Информатиканы оқыту әдістемесі» деп аталатын курс мектептегі информатика курсының жaлпы ғылыми оқу-әдістемелік дидактикалық ұйымдастырушылық педагогикалық, психологиялық мәселелерiн жан-жaқты қарастыратын курс болып табылады.


Бақылау сұрақтары

1.Информатика ғылым және орта мектептeгi оқу пәні ретiндегі маңызы қандай?

2.Информатиканы оқыту әдістемесінің педагогикамен псиxологиямен және информатика ғылымымен байланысы?

3.Информатиканы оқытудың мiндeттepiн ата?

4.Жалпы білім беретiн орта және кәcіптiк мектептердегi информатиканы оқытудың мақсаттары қандай?

5.Орта мектептегi информатика курсының мазмұнын сипатта.



Негізгі әдебиеттер: [1-22]

Қосымша әдебиеттер: [23-46]
3-ДӘРІС.

Тақырыбы: Мектепте информатиканы оқытудың мақсаттары мен міндет-

тері. Жалпы білім беретiн орта мектепте информатиканы оқытудың әдістемелік жүйесі. Оның негізгі бөліктерінің жалпы сипаттамасы

Мақсаты: Орта мектептегі информатика курсын оқыту заңдылықтары мен

нақты тақырыптарды оқыту әдістерін қарастыру


Қазіргі кезде ақпарат және оны білім беру саласына енгізу жалпы қоғамның дамуын анықтайтың шешуші фактор екені талас тудырмайды. Осы тұрғыдан қарасақ, республикамыздың білім жүйесін қайта құрудың негізгі бағыттарын қамтитын мәселе оны ақпараттандыру болып табылады.

Қазіргі уақыта ”қоғамды ақпараттандыру,” “білім беруді ақпараттандыру ” деген сөз тіркестері біздің сөздік қорымызға еніп кетті. Олай болса, қоғамды ақпараттандыру дегеніміз не? Қоғамды ақпараттандыру дегеніміз – ғылыми техникалық прогересс жетістіктерінің күнделікті тұрмысқа ауқымды енуінің нәтижесі, яғни адам өміріне іс - әрекеттің интелектуалды түрлерінің жан – жақты әсер етуі мен рөлінің жоғарлауына байланысты объективті үрдісс.

Уақыт өте білім беру жүйесін компютерлендірудің ойдағыдай жүзеге асып келе жатқандығын практика көрсетіп келеді. Бұл мәселені: есептегіш техникамен, оның програмалық қамтамасыз етілуінің біртіндеп жүзеге асырылуы, мұғалімдердің дайындалу қарқыны, информатика курсын оқытудың әдістемесінің, оның ішінде нақты тақырыптарды оқыту әдістемесінің қалыптасып келе жатқандығынан байқауға болады. Информатика және есептегіш техника негіздері жалпы білім беретін орта мектепке міндетті пән ретінде енгізілгелі бері курсты оқытудың белгілі тәжірибелері жинақталды. Сонымен қатар, курсты оқытудын дидактикалық жүйесі де қалыптасып келеді. Қазақстан Республикасы Президентінің Білім беру жүйесін ақпараттандыруға бағытталған бағдарламасына байланысты бірқатар шаралар жасалуда. Атап айтқанда, жалпы білім беретін орта мектептер қазіргі заман талабына сай техникамен және програмалық құралдармен жабдықталу үстінде. Аталған бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында орта мектептегі информатика курсы бойынша Мемлекеттік білім беру стандарты құрылып, оку үрдісіне енгізілді. Мемлекеттік білім беру стандарты бойынша курс 7–кластан бастап оқытылады. Бұдан информатика курсын оқытудың әдістемелік жүйесін айқындау мәселесі алдыңғы кезекке шығады.

Қоғамды индустриаландыру кезеңінде білім беру жүйесі алдынғы кезекте, маманданған сауатты орындаушыларды дайындауға бағытталса, ал білім беруді ақпараттандыру жағдайында бұл мәселе білім берудің негізгі мақсатына ауысады. Мұндағы негізгі мақсат – оқушының қоршаған әлем жайында табиғи ғылыми болжамын қалыптастырумен жалпы ізгілікті адамгершілікке дайындау. Бұл мәселенің негізгі ядросы жалпы білім беретін орта мектептегі информатика курсынан басталады. “Информатиканы оқыту теориясы және әдістемесі ” деп аталатын пәнді оқытуда мектептегі информатика курсының жалпы ғылыми оқу - әдістемелік, дидактикалық, ұйымдастырушылық, педогогикалық, психологиялық мәселелерін жан – жақты қарыстыратын болады. Сонымен жоғарыда айтқандай информатика сөзіне анықтама берейік. Информатика – ЭЕМ-дың көмегімен информацияны іздеу, сақтау, жинақтау, тарату, өлшеу мен өндеудің әдісі, тәсілдері мен заңдылықтарын қарастыратын математикалық ғылым. Қазіргі информация ағымын адамзат тек ЭЕМ-нің көмегі арқылы ғана қабылдайды. ЭЕМ информацияны автоматты түрде өндеуді жүзеге асырады. Сондықтан ЭЕМ-да программалау информатиканың негізгі ядросы болып табылады, ал қазіргі есептегіш техникалар – оның материалдық базасы.

Жалпы білім беретін орта мектепте “Информатика және есептегіш техника негіздері” курсының енгізілуіне байланысты педогогика ғылымының жаңа саласы пайда болды, оның зерттеу обьектісі – информатиканы оқыту әдістемесі деп аталады. Мұнда қоғамның алға қойған мақсатына байланысты информатиканы оқыту заңдылықтары қарастырылады. Оқыту заңдылықтары информатиканың дамуының нақты кезеңіне сай келеді.

Қазіргі кезде информатиканың оқыту әдістемесі қарқынды даму үстінде; оның көптеген мәселелері теориялық жағынан зерттеуді талап етеді. Педагогика ғылымының осы саласы тұтас, әрі толық бір мәнді болу үшін информатиканың барлық деңгейде оқытылуы, зерттелуі керек: мектепке дейінгі кезенде, мектепте, орта оқу буындардың барлық типтерінде, жоғары мектепте, информатиканы өзінше оқитындар үшін және т.с.с. Осы ғылымның алдында өзіне тән проблемаларын қоюда.

Біздін жағдайда алдыңғы кезекте қарастырылатын мәселеміз, мектеп көлемінде оқытылатын “Информатика” курсын оқыту әдістемесі. Информатика оқыту әдістемесі оқытудың жалпы мақсаттарына сәйкс өзінің алдына келесі негізгі міндеттерді қояды:


  • Информатика және есептегіш техниканы үйретудің нақты мақсатын және орта мектептегі жалпы білім беру пәнінің мазмұнын анықтау, оқыту түрлерін ұсыну;

  • Информатика және есептегіш техниканы оқытудың барлық құралдарын қарастыру (оқу құралдпры, программалық құралдар, компьютерлер және т.б.), мұғалімнің практикалық жұмысына оларды қолдануға нұсқаулар беру.

Мектеп пәндерін оқыту әдістемесінің алдына қойылатын дәстүрлі сұрактар информатиканы оқыту әдістемесінің де алдына қойылады.

  1. Оқытудың мақсаты (Не үшін оқытамыз?).

  2. Оқытудың мазмұны (Нені оқытамыз?).

  3. Оқыту әдіс (Қалай оқытамыз?).

  4. Оқыту туралы (Неден оқытамыз?).

  5. Оқытуды ұйымдастыру жолы (Қайтіп оқытамыз?).

Бұл айтылғандардан басқа екі мәселеге көңіл аудару керек. Олар:

  1. Кімді оқытамыз?

  2. Кім оқытады?

Соңғы екеуіндегі кімді оқытамыз деген сурақта; қай жастағы оқушыны қалай оқыту керек. Яғни қай пәнді, оның бөліктерін, қай кластан бастау керек дегенді білдіреді. Информатиканы оқыту әдістемесі жанадан қалыптасып келе жатқан жас ғылым. Педогогика ғылымының іргелі бөлігі ретінде өзінің дамуында информатиканы оқыту әдістемесі философияға, педагогикаға, психологияға, информатикаға сүйенеді. Сонымен қатар, орта мектепттің кеңейтілген практикалық тәжірибесін басшылыққы алады.

Информатика әдістемесінен біріктірілген барлық әдістемелік педагогикалық білімдер мен тәжірибелер жиынтығынан “Информатиканы оқыту әдістемесі” деп аталатын пән бөлініп шығады. Бұл оқу пәнінің мазмұнында информатиканы оқыту әдістемесінің жалпы теориялық негіздері, типтік техникалық құралдар жиыны және сонымен бірге мектеп курсының нақты тақырыптарын оқыту әдістері қарастырылады.

Жалпы оқытудың негізгі мақсаты – оқушыны дамыту. Осы мақсатқа сәйкес жас және педагогикалық психологиясында, сондай-ақ оқыту теориясында негізгі орын алған мәселе – дамыта отырып оқытуды зерттейтін бағыт.

Орта білім берудің басты мақсаты – жеке тұлғаның өзіне, қоғамға қажет қабілеттерін қалыптастырып, дамыту және өз бетімен білім алу, өзін-өзі дамытуға жағдай жасау.

Сонымен, мектептің алдына төмендегідей үш негізгі мақсат қойылады.


  1. Білім беру;

  2. Тәрбиелік;

  3. Практикалық.

Енді мектепке тән осы негізгі мақсаттардың информатиканы оқытудың жалпы мақсаттарына қатысты болатынын көрсетейік.


жүктеу 2,04 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау