Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасы



жүктеу 12,01 Mb.
бет39/51
Дата07.12.2017
өлшемі12,01 Mb.
#3402
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   51

690-бап. Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау

және бақылау жөніндегі органдар


1. Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органдар осы Кодекстiң 144 (бірінші бөлігінде), 172, 289, 290, 291, 292, 293, 294 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 295, 296 (бірінші бөлігінде), 300, 301, 302, 303, 304, 305 (электр және жылу желілері жолдарының күзет аймақтарындағы бұзушылықтар бойынша)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары құқылы.


691-бап. Көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi орган
1. Көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 230 (екiншi бөлiгiнде) (темiржол көлiгiмен, теңiз және iшкi су көлiгiмен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылықтар бөлiгiнде), 464 (бірінші бөлігінде), 563 (бірінші бөлігінде), 564 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 565, 566 (бірінші бөлігінде), 580, 581 (бірінші бөлігінде), 582, 583 (бірінші бөлігінде), 589, 625 (теңiз және әуе көлiгi кемелерiндегi бұзушылықтар бөлiгiнде), 633, 634-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi органның, оның аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.

2. Көліктік бақылау органдары осы Кодекстің 333 (бірінші бөлігінде), 441(бірінші және екінші бөліктерінде), 464 (бірінші бөлігінде), 559, 560, 561, 562, 571, 572 (бірінші бөлігінде), 573, 575, 576, 577, 578, 579, 580, 581, 582, 583 (бірінші, үшінші бөліктерінде), 584, 585, 586, 587, 588, 589 (әуе көлiгi кемелерiндегi бұзушылықтардан басқа), 590 (сегізінші бөлігінде), 593 (бірінші бөлігінде, бұл бұзушылықтар жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзушылықтар болып табылатын кезде, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 609, 616, 621 (бірінші, екінші, төртінші бөліктерінде), 623, 624, 625 (әуе көлiгi кемелерiндегi бұзушылықтардан басқа), 627, 628, 631 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

Көліктік бақылау органдары атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:

1) осы Кодекстiң көліктік бақылау органдарының ведомстволығына жатқызылған барлық баптары бойынша – көліктік бақылау органының басшысы мен оның орынбасарлары, аумақтық көліктік бақылау органдарының бастықтары мен олардың орынбасарлары;

2) осы Кодекстің 441 (бірінші бөлігінде), 464 (бірінші бөлігінде), 560, 561, 562, 571, 572 (бірінші бөлігінде), 573, 575, 576, 582, 583 (бірінші, үшінші бөліктерінде), 584, 585, 587, 588, 589 (әуе көлiгi кемелерiндегі бұзушылықтардан басқа), 590 (сегізінші бөлігінде), 593 (бірінші бөлігінде, бұл бұзушылықтар жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзушылықтар болып табылатын кезде, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 609, 616, 621 (бірінші, екінші, төртінші бөліктерінде), 623, 625 (әуе көлiгi кемелерiндегi бұзушылықтардан басқа), 627, 631 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша – көліктік бақылау органдарының осыған уәкiлеттiк берілген лауазымды адамдары құқылы.

Осы баптың екінші бөлігінің төртінші абзацында аталған лауазымды адамдар салатын айыппұл мөлшері жиырма айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс.

3. Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 230 (екінші бөлігінде) (әуе көлiгiмен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылықтар бөлiгiнде), 564 (осы баптың бiрiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде көзделген, азаматтық авиацияға жатпайтын әуеайлақтарда немесе осындай әуеайлақтар ауданында жасалған бұзушылықтар туралы iстердi қоспағанда, бесінші бөлігінде), 565, 566 (бірінші бөлігінде), 567, 568, 569 (үшінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 570, 571 (бiрiншi бөлiгiнде), 589, 623 (әуе көлiгiнде бұзушылықтар жасағаны үшін), 626-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

Азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:

1) осы Кодекстiң азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның ведомстволығына жатқызылған барлық баптары бойынша – азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары;

2) осы Кодекстiң 564 (осы баптың бiрiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде көзделген, азаматтық авиацияға жатпайтын әуеайлақтарда немесе осындай әуеайлақтар ауданында жасалған бұзушылықтар туралы iстердi қоспағанда), 565, 569 (үшінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 589, 623 (әуе көлiгiнде бұзушылықтар жасағаны үшін)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша – азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның осыған уәкілеттік берілген лауазымды адамдары құқылы.
692-бап. Байланыс және ақпараттандыру

саласындағы уәкiлеттi орган


1. Байланыс және ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 464 (бiрiншi бөлiгiнде), 636 (бiрiншi бөлiгiнде), 637 (бiрiншi, екінші және үшінші бөлiктерiнде), 638 (бiрiншi бөлiгiнде), 639, 640,
641-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:

1) ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары;

2) ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органдарының басшылары құқылы.


693-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы

саласындағы мемлекеттік бақылауды

жүзеге асыратын органдар
1. Мемлекеттiк еңбек инспекциясы органдары осы Кодекстiң
83 (жұмыс берушілер жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде),
86 (бiрiншi, екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 87, 88, 89, 90, 93, 94, 95, 96, 97, 98, 230 (жұмыс берушiлер жасаған құқық бұзушылықтар бойынша екiншi бөлiгiнде), 519 (бiрiншi, екiншi, үшінші, бесінші және алтыншы бөлiктерiнде), 520-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларына қатысты осы Кодекстiң


86 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 87, 88, 89, 90, 93, 97, 98, 230 (жұмыс берушiлер жасаған құқық бұзушылықтар бойынша екiншi бөлiгiнде), 519 (бiрiншi, екiншi және үшінші бөлiктерiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:

1) мемлекеттiк еңбек инспекторлары;

2) Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларына қатысты – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің лауазымды адамдары құқылы.


694-бап. Әдiлет органдары
1. Әдiлет органдары осы Кодекстiң 230 (екінші бөлігінде) (бұл бұзушылықтарды жекеше нотариустар жасаған кезде), 457, 459, 460, 466, 468, 491-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға зияткерлiк меншiк құқықтары, нормативтік құқықтық актілерді, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары, облыстық, Астана және Алматы қалалары әдiлет органдарының басшысы мен олардың орынбасарлары құқылы.


695-бап. Заңды тұлғаларды, азаматтық хал актiлерiн

мемлекеттiк тiркеу, бағалау қызметiн реттеу

саласындағы уәкiлеттi орган
1. Заңды тұлғаларды, азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркеу, бағалау қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң
464 (бiрiншi бөлiгiнде), 466, 491-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға заңды тұлғаларды, азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркеу, бағалау қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi органның, оның аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.


696-бап. Көшi-қон жөнiндегi органдар

1. Көшi-қон жөнiндегi органдар осы Кодекстiң 520-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi (өз құзыретi шегiнде) қарайды.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға Қазақстан Республикасының көшi-қон жөнiндегi органының басшысы, облыстық, Астана және Алматы қалаларының көші-қон жөніндегі органының және көшi-қон жөнiндегi оған теңестiрiлген органының бастығы құқылы.
697-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлетті орган
1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 139 (бiрiншi бөлiгiнде), 140 (екiншi бөлiгiнде),
230 (шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық жағынан қауiптi түрлерiн жүзеге асыратын тұлғалар жасаған құқық бұзушылықтар бойынша екiншi бөлiгiнде), 297 (бiрiншi бөлiгiнде), 324, 325, 326 (бiрiншi және екінші бөлiктерiнде), 327, 328, 329, 330, 331, 332, 333 (бірінші бөлігінде), 334, 335, 336, 337, 344, 346, 347, 351, 352, 353, 356 (екiншi бөлiгiнде), 358, 374, 377, 379, 391, 392 (бiрiншi бөлігінде), 393 (бiрiншi бөлiгiнде), 394, 395 (бiрiншi бөлiгiнде), 396 (бiрiншi бөлiгiнде),
397 (бiрiншi, екінші және үшінші бөліктерінде), 399 (бiрiншi бөлiгiнде), 464 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:

1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мемлекеттiк экологиялық инспекторлары және аға мемлекеттiк экологиялық инспекторлары – жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi, лауазымды адамдарға – елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға – екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;

2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк экологиялық инспекторлары – жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi, лауазымды адамдарға – жетпiске дейiнгi, заңды тұлғаларға – екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;

3) Қазақстан Республикасының аға мемлекеттiк экологиялық инспекторлары – жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң қырыққа дейiнгi, лауазымды адамдарға – үш жүзге дейiнгi, заңды тұлғаларға – бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;

4) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бас мемлекеттiк экологиялық инспекторлары – жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi, лауазымды адамдарға – бiр жүз елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға – екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып жүргiзiлген операция сомасынан не қоршаған ортаға келтiрiлген зиян сомасынан пайызбен көрсетiлген айыппұл салуға;

5) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк экологиялық инспекторы мен оның орынбасары – жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi, лауазымды адамдарға – бiр жүз елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға – екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып жүргiзiлген операция сомасынан не қоршаған ортаға келтiрiлген зиян сомасынан пайызбен көрсетiлген айыппұл салуға құқылы.
698-бап. Кеден органдары
1. Кеден органдары осы Кодекстiң 151 (бірінші бөлігінде), 152,
287 (жетінші бөлігінде), 464 (бірінші бөлігінде), 521, 522, 523, 524, 525, 526, 527, 528 (екінші және үшінші бөліктерінде), 529, 530, 531, 533, 534, 535, 536, 537, 538, 539, 540, 542, 543 (екінші бөлігінде), 546, 547,
548 (бірінші бөлігінде), 551 (бірінші және үшінші бөліктерінде),
552 (бірінші бөлігінде), 553, 554, 555, 556, 557, 558-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Кеден органдары осы тармақта санамаланған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы автомобиль өткiзу пункттерiнде жасалған кезде, осы Кодекстiң 230 (екінші бөлігінде), 297, 324 (бірінші бөлігінде), 334, 377 (бірінші бөлігінде), 425 (бірінші бөлігінде), 571 (екінші және үшінші бөліктерінде), 572 (бірінші бөлігінде), 573, 574, 589 (автомобиль көлiгiндегi әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша), 590 (бірінші, екінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші және оныншы бөліктерінде), 593 (екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде) 609, 612 (үшінші бөлігінде), 621 (төртінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға кеден органдарының бастықтары немесе олардың орынбасарлары құқылы.
699-бап. Қазақстан Республикасы Қорғаныс

министрлiгiнiң органдары

1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң органдары осы Кодекстiң 642, 644, 645, 646, 647, 648, 649, 650-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi органдарының атынан жергілікті әскери басқару органдарының бастықтары құқылы.


700-бап. Денсаулық сақтау органдары
1. Дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы мемлекеттiк орган және оның аумақтық бөлiмшелерi осы Кодекстiң 424 (бiрiншi бөлiгiнде), 426 (бiрiншi бөлiгiнде), 432, 464 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi өз құзыреті шегінде қарайды.

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы мемлекеттiк органның басшысы, оның орынбасарлары, аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.

2. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттiк орган және оның аумақтық бөлiмшелерi осы Кодекстiң 80 (бiрiншi, екiншi және үшінші бөлiктерiнде), 81 (бiрiншi бөлiгiнде), 82 (бiрiншi бөлiгiнде), 424 (бiрiншi, екiншi және төртінші бөлiктерiнде), 428, 429, 432, 464 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi өз құзыреті шегінде қарайды.

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттiк органның басшысы, оның орынбасарлары, аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.


701-бап Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық

саламаттылығы саласындағы уәкілетті орган


Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын органдар осы Кодекстің 93 (екінші және бесінші бөліктерінде), 151 (бірінші бөлігінде), 203, 324, 327, 344, 351, 358, 425 (бірінші бөлігінде), 430 (бірінші бөлігінде), 431, 464 (бірінші бөлігінде), 621 (бірінші, екінші бөліктерінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттiк органның басшысы, оның орынбасарлары, аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.


702-бап. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының,

Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң және Қазақстан

Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң мемлекеттік

санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды және

қадағалауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелері

1. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелері тиісінше: Қазақстан Республикасының ішкi iстер органдарына және Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне ведомстволық бағынысты; Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң әскери қалашықтары мен оқу орталықтарының аумағында орналасқан объектiлерде санитариялық қағидаларды және гигиеналық нормативтерді бұзушылықтар туралы, осы Кодекстiң 425-бабының (бiрiншi бөлiгiнде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары не осыған уәкілеттік берілген лауазымды адамдары құқылы.
703-бап. Ветеринария саласындағы уәкiлеттi орган
1. Ветеринария саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамдары осы Кодекстiң 406-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Осы Кодекстің 406-бабына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:

1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторы мен оның орынбасарлары;

2) ветеринариялық бақылау бекеттерiндегi мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлар;

3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлары мен олардың орынбасарлары;

4) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлары;

5) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлары мен олардың орынбасарлары, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары құқылы.

3. Ветеринария саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамдары:

1) өткiзу орындарында – жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты өткiзу кезiнде ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалардың бұзылғаны үшiн;

2) темiржол, су және әуе көлiгiнде, жолдарда және мал айдайтын күре жолдарда – мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды (орнын ауыстыруды) жүзеге асыру кезiнде, сондай-ақ мал айдау кезiнде ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалардың бұзылғаны үшiн;

3) мемлекеттiк шекарада – Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау бөлiгiнде ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалардың бұзылғаны үшiн айыппұлды сол жерде ала алады.
704-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы

саласындағы уәкiлеттi орган


1. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамдары осы Кодекстiң 407-бабында (бiрiншi бөлiгiнде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:

1) Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекторы;

2) Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекторының орынбасары;

3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары мен олардың орынбасарлары;

4) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттік инспекторлары құқылы.


705-бап. Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi уәкiлеттi орган
1. Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi уәкiлеттi орган мен оның жергiлiктi жердегi органдары осы Кодекстiң 400-бабында (бірінші бөлігінде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:

1) Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинi жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекторы мен оның орынбасары;

2) тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өсiмдiктер карантинi жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары;

3) Қазақстан Республикасының тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерінің және фитосанитариялық бақылау бекеттерінің өсiмдiк карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары құқылы.
706-бап. Астық нарығын реттеу саласындағы уәкiлеттi орган

1. Астық нарығын реттеу саласындағы уәкiлеттi орган мен оның аумақтық органдары осы Кодекстiң 250, 401 (бірінші және екiншi, үшiншi және он бірінші бөлiктерiнде), 404 (бiрiншi және екінші бөлiктерiнде), 464 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға аумақтық органдардың бастықтары мен олардың орынбасарлары құқылы.
707-бап. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы уәкiлеттi орган

1. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы уәкiлеттi орган мен оның жергiлiктi жердегi бөлiмшелерi осы Кодекстiң 297, 377,


403-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:

1) Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекторы;

2) Қазақстан Республикасының тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерінің өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары;

3) өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар құқылы.
708-бап. Су қорын пайдалану және қорғау

саласындағы уәкiлеттi органдар


1. Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органдар осы Кодекстiң 138 (екінші бөлігінде), 141, 299 (бірінші бөлігінде) (өнеркәсіптік қауіпсіздікті қоспағанда), 358, 359, 360 (екінші бөлігінде), 361, 362, 363, 365-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:

1) суды пайдалануды реттеу мен қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспектор мен оның орынбасарлары, суды пайдалануды реттеу мен қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк бассейндік (аумақтық) инспекторлар мен олардың орынбасарлары – жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жетпiске дейiнгi, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;

2) суды пайдалануды реттеу мен қорғау жөнiндегi аға мемлекеттiк инспекторлар – жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс беске дейiнгi, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екi жүз жетпiске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;

3) суды пайдалануды реттеу мен қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар – жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпысқа дейiнгi, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екi жүз алпысқа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
709-бап. Орман, балық және аңшылық шаруашылығы

саласындағы уәкiлеттi органдар


1. Орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органдар осы Кодекстiң 138 (екінші бөлігінде), 142, 143, 337, 339, 366, 367, 368, 369, 370, 371, 372, 373, 374, 375, 376, 377, 378, 379, 380, 381, 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші, екінші және бесінші бөліктерінде), 384, 385 (бірінші бөлігінде), 386, 387, 388, 390, 394 (бірінші бөлігінде), 395 (бірінші бөлігінде), 396 (бірінші бөлігінде), 464 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы органдардың атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:

1) осы Кодекстiң 138 (екінші бөлігінде), 142, 143, 337, 339, 366, 367, 368, 369, 370, 371, 372, 373, 374, 375, 376, 377, 378, 379, 380, 381,
382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші, екінші және бесінші бөліктерінде), 384, 385 (бірінші бөлігінде), 386, 387, 388, 390, 394 (бірінші бөлігінде), 395 (бірінші бөлігінде), 396 (бірінші бөлігінде), 464 (бірінші


жүктеу 12,01 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау