Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасы



жүктеу 12,01 Mb.
бет30/51
Дата07.12.2017
өлшемі12,01 Mb.
#3402
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   51

5. Шетелдiк заңды тұлғалардың және халықаралық ұйымдардың, шетел қатысатын заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, қайырымдылық ұйымдарының саяси партияларды қаржыландыруы -

заңсыз қайырмалдықтар тәркілене отырып, лауазымды адамдарға – төрт жүз, заңды тұлғаларға екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

6. Саяси партияның заңсыз қайырмалдықтарды қабылдауы -

заңсыз қайырмалдықтар тәркілене отырып және саяси партияның қызметіне тыйым сала отырып, төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

7. Саяси партияның қаржылық қызметi туралы жылдық есептіліктi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмдерде және көлемде жарияламау –

саяси партияның қызметiн алты айға дейінгі мерзiмге тоқтата тұрып, екі жүз айлық eceптiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

8. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, саяси партияның, оның құрылымдық бөлiмшелерiнің (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) қызметтi қайта тiркеусiз жүзеге


асыруы –

саяси партияның қызметiне тыйым сала отырып, екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

9. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелмеген, сол сияқты қызметі тоқтатыла тұрған немесе оған тыйым салынған қоғамдық, дiни бiрлестiктердiң қызметіне басшылық жасау –

бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

10. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркелмеген, сол сияқты қызметi тоқтатыла тұрған немесе оған тыйым салынған қоғамдық, дiни бiрлестiктердiң қызметiне қатысу –

елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

11. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркелмеген, сол сияқты қызметi тоқтатыла тұрған немесе оған тыйым салынған қоғамдық, дiни бiрлестiктердiң қызметiн қаржыландыру –

екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


490-бап. Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни

бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу


1. Қазақстан Республикасының заңнамасында:

1) дiни жораларды, рәсімдерді және (немесе) жиналыстарды өткізуге;

2) қайырымдылық қызметті жүзеге асыруға;

3) діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де материалдарды, діни мақсаттағы заттарды әкелуге, шығаруға, басып шығаруға және (немесе) таратуға;

4) ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салуға, үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттар) етіп қайта бейіндеуге (функционалдық мақсатын өзгертуге) белгіленген талаптарды бұзу –

қызметтi үш ай мерзімге тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – елу, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Заңды діни қызметке кедергі келтіру, сол сияқты жеке тұлғалардың азаматтық құқықтарын дінге көзқарасы себептері бойынша бұзу немесе олардың діни сезімдерін қорлау не қандай да бір дiндi ұстанушылар қастерлейтін заттарды, құрылыстар мен орындарды бүлдіру, егер жоғарыда баяндалған барлық әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –

жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға – бір жүз, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Миссионерлiк қызметтi тіркеусіз (қайта тіркеусіз) жүзеге асыру, сол сияқты миссионерлердің дінтану сараптамасының оң қорытындысы жоқ діни әдебиетті, діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды және діни мақсаттағы заттарды пайдалануы, Қазақстан Республикасында тіркелмеген діни бірлестіктердің діни ілімді таратуы –

Қазақстан Республикасының азаматтарына бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ тұлғаларға Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiбере отырып, бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Діни бірлестіктің өз жарғысында көзделмеген қызметті жүзеге асыруы –

қызметті үш ай мерзімге тоқтата тұрып, үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Діни бірлестіктің саяси қызметпен айналысуы, сол сияқты саяси партиялардың қызметіне қатысуы және (немесе) оларға қаржылық қолдау көрсетуі, мемлекеттік органдардың қызметіне араласуы не мемлекеттік органдардың немесе олардың лауазымды адамдарының функцияларын діни бірлестіктер мүшелерінің иемденіп алуы –

қызметті үш ай мерзімге тоқтата тұрып, үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

6. Мемлекеттік органдарда, ұйымдарда, мекемелерде, оның ішінде денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарында діни бірлестіктердің ұйымдық құрылымдарын құру –

лауазымды адамдарға – бір жүз, заңды тұлғаларға екі жүз


айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

7. Уәкілетті органмен келіспей шетелдік діни орталық тағайындаған адамның діни бірлестікті басқаруы, сол сияқты діни бірлестік басшысының кәмелетке толмаған адамның ата-анасының біреуі немесе оның өзге де заңды өкілдері қарсылық білдірген кезде кәмелетке толмағандарды діни бірлестіктің қызметіне тартуға және (немесе) қатыстыруға жол бермеу шараларын қолданбауы –

Республиканың шегінен әкімшілік жолмен шығарып жібере отырып, елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

8. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші және жетінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –

қызметке тыйым сала отырып, жеке тұлғаларға – екі жүз, лауазымды адамдарға – үш жүз, заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
491-бап. Азаматтық хал актiлерiн жазу қағидаларын бұзу
Некеге отыруға кедергi келтіретін мән-жайларды жасыру немесе азаматтық хал актiлерiн жазу органдарына жалған мәлiметтер беру –

бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

492-бап. Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты

куәландыратын құжаттарсыз тұру


1. Қазақстан Республикасы азаматтарының күнтізбелік он күннен үш айға дейінгі мерзімде жеке куәлiксiз немесе жарамсыз жеке куәлікпен не тұрғылықты жері бойынша тiркеуден өтпей тұруы –

ескерту жасауға әкеп соғады.

2. Қазақстан Республикасы азаматтарының үш айдан астам мерзімде жеке куәлiксiз немесе жарамсыз жеке куәлікпен не тұрғылықты жері бойынша тiркеуден өтпей тұруы –

бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы баптың бірiншi және екінші бөлiктерінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет –

он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Қазақстан Республикасында шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның күнтізбелік он күннен астам мерзімде тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркеуден өтпей не тұруға ықтиярхатсыз немесе азаматтығы жоқ адамның куәлiгінсiз не жарамсыз тұру ықтиярхатымен, азаматтығы жоқ адамның жарамсыз куәлiгімен тұруы, сондай-ақ ішкі істер органдарын паспорттың, тұруға ықтиярхаттың не азаматтығы жоқ адам куәлігінің жоғалғаны туралы уақтылы хабардар етпеу –

бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Осы баптың төртінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейін бір жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер –

он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


493-бап. Тұрғынжай меншік иесiнiң немесе қарамағында

тұрғынжайлар, ғимараттар және (немесе) үй-жайлар

бар басқа да тұлғалардың оларда нақты тұрмайтын

жеке тұлғаларды тіркеуге жол беруі


1. Тұрғынжай меншік иесінің немесе қарамағында тұрғынжайлар, ғимараттар және (немесе) үй-жайлар бар басқа да тұлғалардың меншiк иесiне тиесілі немесе басқа да тұлғалардың қарамағындағы тұрғынжайларда, ғимараттарда және (немесе) үй-жайларда нақты тұрмайтын жеке тұлғаларды тiркеуге жол беруi –

жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет –

жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Тұрғынжай меншік иесінің немесе қарамағында тұрғынжайлар, ғимараттар және (немесе) үй-жайлар бар басқа да тұлғалардың меншiк иесiне тиесілі немесе басқа да тұлғалардың қарамағындағы тұрғынжайларда, ғимараттарда және (немесе) үй-жайларда тіркелген және тұрмайтын жеке тұлғаларды тiркеуден шығару жөнiнде шаралар қолданбауы –

жеке тұлғаларға – үш, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет –

жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


494-бап. Паспорттарды, жеке куәліктерді заңсыз

алып қою немесе оларды кепілге қабылдау


1. Азаматтардан паспорттарды, жеке куәліктерді заңсыз алып қою немесе оларды кепілге қабылдау –

ескерту жасауға немесе бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –

он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

495-бап. Жеке басты куәландыратын құжаттарды алған кезде

не Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға

рұқсат алу үшін немесе Қазақстан Республикасының

азаматтығына қабылдау не Қазақстан Республикасының

азаматтығын қалпына келтіру туралы өтініш берген

кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік

органдарына көрiнеу жалған мәлiметтерді ұсыну
1. Жеке басты куәландыратын құжаттарды алған кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көрiнеу жалған мәлiметтерді ұсыну –

жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу үшін немесе Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау не Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көрiнеу жалған мәлiметтерді ұсынуы –

Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберуге әкеп соғады.


496-бап. Қазақстан Республикасының азаматтық туралы заңнамасын

бұзу


1. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған адамның Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және (немесе) жеке куәлігін пайдалануы –

жеке тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Қазақстан Республикасының азаматының басқа мемлекеттің азаматтығын алуы –

екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Мемлекеттік қызметтегі адамдар, сондай-ақ билік өкілінің функцияларын жүзеге асыратын не мемлекеттік органдарда ұйымдастырушылық-өкімдік немесе әкімшілік-шаруашылық функцияларды орындайтын адамдар жасаған осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер –

үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


497-бап. Алғашқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібін

бұзу
1. Мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына анық емес алғашқы статистикалық деректерді ұсыну –

ескерту жасауға әкеп соғады.

2. Мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына алғашқы статистикалық деректерді белгіленген мерзімде ұсынбау –

жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жеті, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы баптың бірiншi және екінші бөлiктерінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер –

жеке тұлғаларға – жеті, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
498-бап. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу деректерiн

ұсынудан бас тарту, ұсынбау, уақтылы ұсынбау,

жасыру, қосып жазу және басқа да бұрмалаушылықтар
1. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттік органға құқықтық статистика мен арнайы есепке алу деректерiн ұсынудан бас тарту, ұсынбау, оларды белгiленген мерзiмдi бұза отырып ұсыну, құқықтық статистика және арнайы есепке алу деректерiн жасыру, қосып жазу, басқа да қасақана бұрмалаушылықтар, сол сияқты құқықтық статистикалық ақпаратты және арнайы есепке алу мәлiметтерiн алуға қандай да бiр нысанда кедергi келтіру –

лауазымды адамдарға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Денсаулық сақтау саласында жасалған дәл сол іс-әрекеттер –

лауазымды адамдарға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


499-бап. Әкімшілік деректерді ұсыну тәртібін

бұзу
1. Әкімшілік көздердің лауазымды адамдарының мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға анық емес әкімшілік деректерді ұсынуы –

он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Әкімшілік көздердің лауазымды адамдарының мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға әкімшілік деректерді ұсынбауы –

он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы баптың бірiншi және екінші бөлiктерінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер –

он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


500-бап. Мемлекеттік статистикалық байқаулар

жүргiзуден бас тарту


Лауазымды адамдардың өздерiне жүктелген статистикалық байқаулар жүргiзу жөнiндегi мемлекеттiк мiндеттердi орындаудан бас тартуы немесе оларды уақтылы орындамауы –

ескерту жасауға немесе он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


501-бап. Лауазымды адамның алғашқы статистикалық деректерді,

статистикалық ақпаратты және (немесе) дерекқорларды

жоғалтуы, сатуы, беруі немесе өзге де заңсыз жария етуі
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік статистика органдары лауазымды адамының респондентті бірдейлендіруге мүмкіндік беретін алғашқы статистикалық деректерді, статистикалық ақпаратты және (немесе) дерекқорларды жоғалтуы, сатуы, беруі немесе өзге де заңсыз жария етуі, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –

жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


502-бап. Алғашқы статистикалық деректерді

бекітілмеген статистикалық нысан бойынша жинау


Алғашқы статистикалық деректерді бекітілмеген статистикалық нысан бойынша жинау –

лауазымды адамдарға ескерту жасауға немесе он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


503-бап. Әкімшілік деректерді келісілмеген нысан бойынша жинау
Әкімшілік деректерді келісілмеген нысан бойынша жинау –

лауазымды адамдарға ескерту жасауға немесе он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


504-бап. Мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы, сондай-ақ

таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратпен жұмыс істеудегі

белгіленген талаптарды бұзу
1. Мемлекеттiк құпияларға қол жеткізудің немесе жіберудің белгiленген тәртiбiн бұзу –

жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Мемлекеттік құпиялармен немесе олардың жеткізгіштерімен жұмыс істеуге жіберілген адамдардың құпиялылық режимін қамтамасыз ету бойынша белгіленген талаптарды бұзуы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –

жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Құпияландыруға жатпайтын мәліметтерді және олардың жеткізгіштерін негізсіз құпияландыру, мемлекеттік құпияларға жатқызылмаған мәліметтерді құпияландыру үшін құпиялылық белгілерін және өзге де шектеу белгілерін пайдалану, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –

жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Осы баптың үшiншi бөлiгінде көзделген, заңдылықтың бұзылғандығын жасыру мақсатында жасалған әрекеттер –

елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Мемлекеттік құпиялар туралы заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді және олардың жеткізгіштерін негізсіз құпиясыздандыру, жеткізгіштерді құпияландыру кезінде оларды құпиясыздандырудың белгіленген мерзімдерін бұзу, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекеттер белгілері болмаса, –

жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

6. Таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратпен жұмыс істеу бойынша белгіленген талаптарды оған кәсіптік немесе қызметтік жұмысына байланысты рұқсат берілген адамдардың осы мәліметтердің жария етілуіне немесе жоғалуына әкеп соққан бұзуы –

он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


505-бап. Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын

абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар

мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін

бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру


1. Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру –

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –

жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


506-бап. Күзетiлетiн объектiлерге заңсыз кіру
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Мемлекеттік күзет қызметі, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Iшкi iстер министрлiгiнiң, Қорғаныс министрлiгiнiң органдары мен бөлiмшелерi күзететiн объектiге заңсыз кіру –

он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.


507-бап. Ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылардың

қызметіне кедергі келтіру


Ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің елеулі түрде бұзылуына әкеп соққан, олардың заңды қызметіне лауазымды адамның қызмет бабын пайдалана отырып кедергі келтіруі, сол сияқты лауазымды адамның осы қызметке өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасалған араласуы –

қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


508-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын ала

болу барысында өздерiне белгiлi болған адамның

жеке өмiрi туралы мәлiметтердi жария етуi
Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын ала болу барысында өздерiне белгiлi болған адамның жеке өмiрi туралы мәлiметтердi осы адамның келiсiмiнсiз жария етуi, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, –

жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

509-бап. Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын жою
1. Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын, жеке құрам бойынша құжаттарды уәкілетті органның не облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының келісімінсіз жою –

лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –

лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

28-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК

ШЕКАРА РЕЖИМIНIҢ БЕЛГIЛЕНГЕН ТӘРТIБIНЕ

ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

АУМАҒЫНДА БОЛУ ТӘРТIБIНЕ ҚОЛ СҰҒАТЫН

ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
510-бап. Шекара аймағында шекара режимiн

және жекелеген жерлерде болу тәртiбiн бұзу


1. Мыналардың:

1) жеке басын куәландыратын құжатсыз Қазақстан Республикасы азаматының;

2) жеке басын куәландыратын құжатсыз және ішкі істер органдары беретін рұқсатсыз шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның;

3) Қазақстан Республикасына жеке басын куәландыратын құжатсыз және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі беретін рұқсатсыз оңайлатылған өткізу пункттері арқылы кірген шетелдіктің (іргелес мемлекеттердің шекаралас аудандарының тұрғынының) шекара аймағына кiру (өту), онда уақытша болу немесе жүрiп-тұру кезінде шекара аймағында шекара режимін бұзуы, сол сияқты шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасынан шығу мақсатында өткізу пунктіне халықаралық теміржол және автомобиль жолдары бойынша шекара аймағы арқылы жүруі кезіндегі маршрутты өзгертуі –

бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Шекара аймағында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін хабардар етпей, шаруашылық, кәсiпшiлiк және өзге де қызметтер жүргiзу, қоғамдық-саяси, мәдени және өзге де


iс-шаралар өткiзу –

жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың келуі үшін Қазақстан Республикасының уақытша жабық аумағына Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің және ішкі істер органдарының рұқсатынсыз шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның кіруі (өтуі), онда уақытша болуы немесе жүріп-тұруы -

он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


511-бап. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан

Республикасының басқа да әскерлері мен әскери

құралымдарының арсеналдары, базалары мен қоймалары

жанындағы тыйым салынған аймақ пен Қазақстан

Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан

Республикасының басқа да әскерлері мен әскери

құралымдарының арсеналдары, базалары мен қоймалары

жанындағы тыйым салынған аудан аумағында белгіленген

шектеулерді бұзу
1. Жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтың аумағында болуы –

он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


жүктеу 12,01 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау