Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі



жүктеу 1,35 Mb.
Pdf просмотр
бет9/47
Дата20.11.2017
өлшемі1,35 Mb.
#1191
түріКодекс
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   47

жағдайларының және еңбектi қорғаудың жай-күйiне және Қазақстан Республикасы заңнамасының 

сақталуына тексерулер жүргізу үшін, сондай-ақ еңбек қызметіне байланысты жазатайым 

оқиғаларды және кәсiптiк ауруларды тергеп-тексеру үшiн кедергiсiз жiберуге;

 

      23) жұмыс беруші айқындайтын, он сегіз жастан кіші жұмыскерлердің тегі, аты, 



әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және туған жылы, 

күні, айы көрсетілетін тізілімдердің немесе басқа да құжаттардың жүргізілуін қамтамасыз 

етуге;

 

      24) жұмыскердің дербес деректерін Қазақстан Республикасының дербес деректер және 



оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес жинақтауды, өңдеуді және қорғауды жүзеге 

асыруға;


 

      25) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылауды жүзеге асыруға 

міндетті.

 

      3. Жұмыс берушінің осы Кодексте көзделген өзге де құқықтары болады және ол өзге де 



міндеттерді атқарады.

 

   ЕРЕКШЕ БӨЛІК 



   2-БӨЛІМ. ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ 

   4-тарау. ЕҢБЕК ШАРТЫ 

      24-бап. Еңбек шартының нысанасы

 

      Еңбек шарты бойынша жұмыскер жұмысты (еңбек функциясын) жеке өзі орындауға, еңбек 



тәртіптемесі қағидаларын сақтауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші жұмыскерге келісілген 

еңбек функциясы бойынша жұмыс беруге, осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында 

және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде, ұжымдық шартта, 

жұмыс берушінің актілерінде көзделген еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге, жұмыскерге 

уақтылы және толық мөлшерде жалақы төлеуге міндеттенеді.

 

      25-бап. Еңбек шартын жасасу кезі мүмкіндіктер теңдігінің



 

               кепілдіктері

 

      1. Еңбек шартын жасасу кезінде құқықтар мен мүмкіндіктер теңдігін бұзуға тыйым 



салынады.

 

      2. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, жүктілік, үш жасқа дейінгі 



балаларының болуы, кәмелетке толмағандық, мүгедектік еңбек шартын жасасу құқығын 

шектемейді.

 

      26-бап. Еңбек шартын жасасуға және жұмысқа орналасуға



 

               салынатын тыйымдар және қойылатын шектеулер

 

      1. Мынадай:



 

      1) медициналық қорытынды негізінде адамның денсаулық жағдайына байланысты істеуге 

болмайтын жұмысты орындауға;

 

      2) ауыр жұмыстарға, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарға, 



сондай-ақ жұмыс берушінің мүлкі мен басқа да құндылықтарының сақталуын қамтамасыз 

етпегені үшін жұмыскердің толық материалдық жауаптылығы көзделетін лауазымдар мен 

жұмыстарға, сондай-ақ орындалуы олардың денсаулығы мен имандылық тұрғысынан дамуына зиян 

келтіруі мүмкін жұмыстарға (ойын бизнесі, түнгі ойын-сауық орындарындағы жұмыс, алкоголь 

өнімдерін, темекі бұйымдарын, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндіру, 

тасымалдау мен сату) он сегіз жасқа толмаған азаматтармен;

 

      3) соттың заңды күшіне енген үкіміне сәйкес белгілі бір лауазымға тұру немесе 



белгілі бір қызметпен шұғылдану құқығынан айырылған азаматтармен;

 

      



РҚАО-ның ескертпесі!

 

      4) тармақшаның қолданысқа енгізілу тәртібін ҚР 23.11.2015 № 414-V Кодексінің 



204-

бабынан


 қараңыз.

 

      4) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен шетелдік жұмыс күшін 



тартуға арналған рұқсатты алғанға дейiн не шетелдік жұмыскерді жұмысқа орналастыруға 

жергiлiктi атқарушы органның рұқсатын алғанға дейiн не Қазақстан Республикасының Ішкі 




істер министрлігі белгілеген тәртіппен ішкі істер органдары еңбекші көшіп келушіге 

беретін рұқсатты алғанға дейiн немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген 

шектеулердi немесе ерекшеліктерді сақтамай, Қазақстан Республикасының аумағында уақытша 

болатын шетелдiктермен және азаматтығы жоқ адамдармен еңбек шартын жасасуға жол 

берілмейді.

 

      Осы тармақшаның ережесі мемлекеттік органның шетелдік жұмыскеріне қолданылмайды;



 

      5) білім беру ұйымынан оқу нысаны көрсетілген немесе қабылдайтын ұйымнан кәсіптік 

даярлаудан және (немесе) тағылымдамадан өтуі туралы анықтамаларды және білім алу 

мақсатында болуға арналған рұқсатты ұсынбаған, Қазақстан Республикасының аумағында 

уақытша болатын шетелдік студенттермен және тағылымдамадан өтушілермен;

 

      6) отбасына қосылу мақсатында келуге және онда болуға арналған рұқсатты және 



Қазақстан Республикасының заңнамасымен танылатын, Қазақстан Республикасының азаматымен 

некеде тұрғанын растайтын құжатты ұсынбаған, Қазақстан Республикасының аумағында уақытша 

болатын шетелдіктермен және азаматтығы жоқ адамдармен;

 

      7) бір жұмыс беруші жеке тұлғаның үй шаруашылығында жұмыстар орындау (қызметтер 



көрсету) бойынша бір мезгілде бестен көп еңбекші көшіп келушімен еңбек шартын жасасуына 

жол берілмейді.

 

      2. Мыналарға:



 

      1) мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін адамға, егер адам мемлекеттік қызметті 

тоқтатар алдындағы соңғы бір жылда мемлекеттік функцияларды орындау кезеңінде өзінің 

лауазымдық өкілеттіктеріне орай осы коммерциялық ұйымның қызметін тексеру нысанында 

бақылауды тікелей жүзеге асырған болса не осы коммерциялық ұйымның қызметі аталған 

адаммен оның құзыретіне сәйкес тікелей байланысты болған болса, мемлекеттік ұйымдарды 

және жарғылық капиталындағы мемлекеттiң үлесi елу пайыздан көп, оның iшiнде акционерi 

мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық холдингтерде, ұлттық 

компанияларда, ұлттық даму институттарында, дауыс беретiн акцияларының (қатысу 

үлестерiнiң) елу пайызынан астамы өздеріне тиесiлi олардың еншiлес ұйымдарында, сондай-

ақ дауыс беретiн акцияларының (қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы аталған еншiлес 

ұйымдарға тиесiлi заңды тұлғаларды қоспағанда, бір жыл бойы коммерциялық ұйымға аталған 

адамды;

 

      2) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарға, ұлттық басқарушы 



холдингтерге, ұлттық даму институттарына, ұлттық холдингтерге және ұлттық компанияларға, 

сондай-ақ олардың еншілес ұйымдарына басқару функцияларын орындаумен байланысты 

лауазымға бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамды;

 

      3) кәмелетке толмағандардың қатысуымен білім беру, тәрбиелеу және дамыту, 



демалысты ұйымдастыру және сауықтыру, дене шынықтыру және спорт, медициналық қамтамасыз 

ету, әлеуметтік қызметтер көрсету, мәдениет және өнер саласындағы ұйымдарға: адам 

өлтіргені, денсаулыққа қасақана зиян келтіргені, адамдардың денсаулығына және 

имандылыққа, жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін, 

экстремистік немесе террористік қылмыстар, адам саудасы үшін сотталғандығы бар немесе 

болған, қылмыстық қудалауда жүрген немесе қудалауда болған (Қазақстан Республикасы 

Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларының 

негізінде оларға қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған адамдарды қоспағанда) адамдарды 

жұмысқа орналастыруға жол берілмейді;

 

      4) Әйелдердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізіміне сәйкес 



әйелдерді ауыр жұмыстарға, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарға;

 

      5) он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлерді және ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары 



зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлерді қоса атқаратын жұмысқа 

орналастыруға жол берілмейді. 

 

 



жүктеу 1,35 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   47




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау