Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі



жүктеу 1,35 Mb.
Pdf просмотр
бет22/47
Дата20.11.2017
өлшемі1,35 Mb.
#1191
түріКодекс
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   47

      4) еңбек, ұжымдық шарттарда көзделген өзге де жағдайларда жұмыскердің хабарламасы 

негізінде күнтізбелік бес күнге дейін жалақы сақталмайтын демалыс беруге міндетті.

 

      98-бап. Оқу демалысы



 

      1. Білім беру ұйымдарында оқып жүрген жұмыскерлерге сынақтар мен емтихандарға 

дайындалу және оларды тапсыру, зертханалық жұмыстарды орындау, дипломдық жұмысты 

(жобаны) дайындау және қорғау, әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламаларынан өту 

үшін оқу демалыстары беріледі.

 

      2. Оқу демалысына ақы төлеу келісімдерде, ұжымдық, еңбек шарттарында, оқу шартында 



айқындалады.

 

      3. Жұмыс беруші «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде шетелге оқуға, 



тағылымдамаға жіберілген жұмыскерлерге жұмыс орнын (лауазымын) сақтай отырып, оқу 

демалыстарын береді.

 

      99-бап. Жүктілікке және бала (балаларды) тууға, жаңа туған



 

               баланы (балаларды) асырап алуға байланысты

 

               демалыстар



 

      1. Жүкті әйелдерге, бала (балаларды) туған әйелдерге, жаңа туған баланы 

(балаларды) асырап алған әйелдерге (еркектерге) баланың туылуына байланысты мынадай 

демалыстар беріледі:

 

      1) жүктілікке және босануға байланысты демалыс;



 

      2) жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған жұмыскерлерге демалыс;

 

      3) бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын 



демалыс.

 

      2. Жүкті әйел жүктілікке және босануға байланысты демалысқа құқық беретін еңбекке 



уақытша қабілетсіздік парағында көрсетілген күннен бастап демалысты оның аталған түріне 

құқықты растайтын еңбекке уақытша қабілетсіздік парағын ұсыну арқылы ресімдейді. Егер 

Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, ұзақтығы босануға дейін 

күнтізбелік жетпіс күнге және босанғаннан кейін күнтізбелік елу алты (қиын босанған 

немесе екі немесе одан көп бала туған жағдайда – жетпіс) күнге жүктілікке және босануға 

байланысты демалыс беріледі.

 

      Демалыстарды есептеу жиынтықтап жүргізіледі және демалыс әйелге босанғанға дейін 



нақты пайдаланған күндерінің санына және жұмыс берушідегі жұмысының ұзақтығына 

қарамастан, толық беріледі.

 

      3. Жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған жұмыскерлерге (ата-ананың біреуіне) 



баланы асырап алған күннен бастап және бала туған күннен бастап елу алты күн өткенге 

дейінгі кезеңге демалыс беріледі.

 

      4. Егер еңбек және (немесе) ұжымдық шарт талаптарында, жұмыс берушінің актісінде 



көзделсе, жұмыс беруші орташа жалақыны сақтай отырып, Қазақстан Республикасының міндетті 

әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылған, жүктілікке және 

босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған 

жағдайда төленетін әлеуметтік төлем сомасын шегеріп, жүктілікке және босануға байланысты 

демалысқа, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған жұмыскерлерге берілетін демалысқа 

ақы төлейді.

 

      100-бап. Бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне



 

                байланысты жалақы сақталмайтын демалыс

 

      1. Жұмыс беруші жұмыскерге:



 

      1) ата-анасының таңдауы бойынша – баланың анасына не әкесіне;

 

      2) баланы жалғыз тәрбиелеп отырған ата-анаға;



 

      3) ата-ананың қамқорлығынсыз қалған баланы іс жүзінде тәрбиелеп отырған басқа 

туысына не қамқоршысына;

 

      4) жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған жұмыскерге бала үш жасқа толғанға 



дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс беруге міндетті.

 



       2. Бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын 

демалыс жұмыскердің жазбаша өтініші негізінде оның ұзақтығы көрсетіле отырып және 

баланың туу туралы куәлігі немесе баланың туу фактісін растайтын басқа құжат ұсыныла 

отырып беріледі. 

 

      Жұмыскер бала күтіміне байланысты демалысты бала үш жасқа толғанға дейін толық 



немесе бөліп пайдалана алады.

 

      3. Бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын 



демалыс уақытында жұмыскердің жұмыс орны (лауазымы) сақталады.

 

      4. Бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын 



демалыс аяқталғанға дейін жұмысқа шыққан жағдайда жұмыскер жұмыс берушіге өзінің ниеті 

туралы жұмыс басталғанға дейін бір ай бұрын ескертуге міндетті.

 

   8-тарау. ЕҢБЕКТІ НОРМАЛАУ ЖӘНЕ ЕҢБЕККЕ АҚЫ ТӨЛЕУ 

      101-бап. Еңбекті нормалау

 

      1. Еңбек (уақыт, өндірім, еңбек сыйымдылығы, қызмет көрсету, сан) нормалары еңбек 



шығындарының өлшемі болып табылады және тиісті біліктілігі бар жұмыскер үшін техниканың

технологияның, өндіріс пен еңбекті ұйымдастырудың қол жеткізілген деңгейіне сәйкес 

белгіленеді.

 

      2. Жұмыс беруші еңбек нормаларын әзірлеуді, енгізуді, ауыстыруды және қайта 



қарауды еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен жүргізеді.

 

      3. Еңбек нормалары жұмыс орындарына аттестаттау мен рационализациялаудың 



жүргізілуіне, еңбек өнімділігін арттыруды қамтамасыз ететін жаңа техниканың, технология 

мен ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралардың ендірілуіне қарай міндетті түрде 

ауыстырылуға тиіс.

 

      Жекелеген жұмыскерлердің өз бастамасы бойынша жаңа еңбек тәсілдерін қолдануы және 



жұмыс орындарын жетілдіруі есебінен өнім шығарудың (қызметтер көрсетудің) жоғары 

деңгейіне қол жеткізу бұрын белгіленген еңбек нормаларын қайта қарау үшін негіз болып 

табылмайды.

 

      4. Жұмыскерлер жұмыс берушінің жаңа еңбек нормаларын енгізуі туралы кемінде бір ай 



бұрын хабардар етіледі.

 

      5. Еңбек нормаларын әзірлеу кезінде:



 

      1) еңбек нормаларының сапасы, оларды қажетті еңбек шығындарына оңтайлы жақындату;

 

      2) ұқсас ұйымдастырушылық-техникалық жағдайларда орындалатын дәл сондай жұмыстарға 



бірдей еңбек нормаларын белгілеу;

 

      3) еңбек нормаларының ғылым мен техника жетістіктері негізіндегі прогрессивтілігі;



 

      4) еңбек нормаларын белгілеу мүмкін және орынды болатын жұмыс түрлерін еңбекті 

нормалаумен қамту;

 

      5) еңбек нормаларының техникалық (ғылыми) негізділігі қамтамасыз етілуге тиіс.



 

      6. Көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, 

алымдар мөлшерлемелерін) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдарда еңбек нормаларын 

тиісті қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен және еңбек жөніндегі 

уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша, ол белгілеген тәртіппен жұмыс беруші 

бекітеді.

 

      7. Еңбек жөніндегі үлгiлiк нормалар мен нормативтерді жұмыс берушілердің салалық 



қауымдастықтары әзірлейді және бекітеді, барлық қызмет салалары үшін еңбек жөнiндегi 

бірыңғай және (немесе) салааралық үлгiлiк нормалар мен нормативтерді жұмыскерлердің 

өкілдерімен келісу бойынша еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген 

тәртіппен Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бекітеді.

 

       8. Жұмыскерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен белгілі бір жұмыс түрлерінің 



күрделілігі кәсіптік стандарттар негізінде, ал олар болмаған кезде Жұмыстар мен жұмысшы 

кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы, Басшылар, мамандар және басқа да 

қызметшілер лауазымдарының, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларының 



жүктеу 1,35 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   47




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау