Қазақстан Республикасының Еңбек кодексi



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет24/57
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12938
түріКодекс
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   57

      3) жақын туыстары қайтыс болған;  
      4) еңбек шартында, ұжымдық шартта көзделген өзге де жағдайлар кезiнде 
қызметкердiң жазбаша өтiнiшi негiзiнде күнтiзбелiк бес күнге дейiн жалақы 
сақталмайтын демалыс беруге мiндеттi.  
      112-бап. Оқу демалысы 
 
      1. Бiлiм беру ұйымдарында оқып жүрген қызметкерлерге сынақтар мен 
емтихандарға дайындалу және оларды тапсыру, зертханалық жұмыстарды орындау, 
дипломдық жұмысты (жобаны) дайындау және қорғау, әскери оқытылған резервтi 
даярлау бағдарламасынан өту үшiн оқу демалыстары берiледi. 
      2. Оқу демалысына ақы төлеу еңбек шартында, ұжымдық шартта, оқу 
шартында айқындалады. 
      
Ескерту. 112-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.16 
№ 562-IV
 (алғашқы 
ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа 
енгiзiледi) Заңымен.
 
      113-бап. Баланы (балаларды) тууға, жаңа туған баланы 
 
                (балаларды) асырап алуға байланысты демалыстар 
 
      1. Жүктi әйелдерге, баланы (балаларды) туған әйелдерге, жаңа туған 
баланы (балаларды) асырап алған әйелдерге (еркектерге) баланың туылуына 
байланысты мынадай демалыстар:  
      1) жүктiлiкке және босануға байланысты демалыс;  
      2) жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге демалыс;  
      3) бала үш жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты жалақы 
сақталмайтын демалыс берiледi.  
      2. Баланы (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға 
байланысты демалыстар беру осы Кодекстiң 192 - 195-баптарында көзделген 
шарттармен жүзеге асырылады.  
      3. алынып тасталды  
      Ескерту. 113-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 
2007.12.19. 
N 9 
(2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) 
Заңымен. 
 
      114-бап. Демалысты ресiмдеу 
 
      Демалысты беру, ауыстыру, ұзарту не демалыстан шақырып алу жұмыс 
берушiнiң актiсiмен ресiмделедi.  
9-тарау. ЕҢБЕКТI НОРМАЛАУ 
 
      115-бап. Еңбектi нормалауды ұйымдастыру саласындағы 
 
                мемлекеттiк кепiлдiктер 
 
      Еңбектi нормалауды ұйымдастыру саласындағы мемлекеттiк кепiлдiктер:  
      еңбектiң үлгiлiк нормалары мен нормативтерiн;  
      мемлекеттiк органдардың еңбектiң техникалық негiзделген үлгiлiк 
нормалары мен нормативтерiн әзiрлеудi қамтамасыз етуiн;  
      жұмыс берушiлердiң еңбек нормаларын әзiрлеудi, енгiзудi және қайта 
қарауды қамтамасыз етуiн бақылауды қамтиды.  
      116-бап. Еңбек нормалары 
 
      1. Еңбек (өндiрiм, уақыт, қызмет ету) нормалары еңбек шығындарының 
өлшемi болып табылады және тиiстi бiлiктiлiгi бар қызметкерi үшiн техниканың, 
технологияның, өндiрiс пен еңбектi ұйымдастырудың қол жеткiзiлген деңгейiне 
сәйкес белгiленедi.  
      2. Он сегiз жасқа толмаған қызметкерлер үшiн өндiрiм нормалары осы 
Кодекстiң 182-бабына сәйкес белгiленедi.  
      3. Қызметкерлердiң жекелеген санаттарының еңбегiне уақыт бойынша ақы 


төлеу кезiнде нормаланған тапсырмалар белгiленедi. Жұмыс берушi жекелеген 
функциялар мен жұмыс көлемдерiнiң орындалуы үшiн қызмет ету нормаларын немесе 
қызметкерлер санының нормаларын  
(нормативтерiн) белгiлеуi мүмкiн.  
      117-бап. Жаңа еңбек нормаларын әзiрлеу, енгiзу, 
 
                қолданыстағы еңбек нормаларын ауыстыру және 
 
                қайта қарау 
 
      1. Жұмыс берушi еңбек нормаларын жаңадан енгiзудi, қолданыстағы еңбек 
нормаларын ауыстыруды және қайта қарауды қызметкерлер өкiлдерiмен келiсе 
отырып, еңбектiң үлгiлiк нормалары мен нормативтерiн ескерiп жүргiзедi.  
      2. Еңбектiң үлгiлiк нормалары мен нормативтерiн тиiстi қызмет 
салаларындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдар еңбек жөнiндегi уәкiлеттi 
мемлекеттiк органмен келiсе отырып, өздерi белгiлеген тәртiппен бекiтедi.  
      3. Еңбектiң үлгiлiк нормалары мен нормативтерiн ауыстыруды және қайта 
қарауды оларды бекiткен органдар еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк 
орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асырады.  
      4. Еңбек нормалары жұмыс орындарына аттестаттау мен рационализациялау 
жүргiзу, еңбек өнiмдiлiгiнiң өсуiн қамтамасыз ететiн жаңа техника, технология 
және ұйымдық-техникалық iс-шаралар енгiзу шамасына қарай мiндеттi түрде 
ауыстырылуға тиiс.  
      Жекелеген қызметкерлердiң өз бастамасы бойынша жаңа еңбек тәсiлдерiн 
қолдануы және жұмыс орындарын жетiлдiруi есебiнен өнiм шығарудың (қызметтер 
көрсетудiң) жоғары деңгейiне қол жеткiзу бұрын белгiленген еңбек нормаларын 
қайта қарауға негiз болып табылмайды.  
      5. Қызметкерлер кемiнде бiр ай бұрын жұмыс берушiнiң жаңа еңбек 
нормаларын енгiзуi туралы хабардар етiледi.  
      118-бап. Еңбек нормаларын әзiрлеуге қойылатын талаптар 
 
      Еңбектiң нормаларын әзiрлеу кезiнде:  
      1) еңбек нормаларының сапасы, оны қажеттi еңбек шығындарына оңтайлы 
жақындату;  
      2) ұқсас ұйымдастыру-техникалық жағдайларда орындалатын бiрдей 
жұмыстарға бiрыңғай еңбек нормаларын белгiлеу;  
      3) еңбек нормаларының ғылым және техника жетiстiктерi негiзiндегi 
прогрессивтiлiгi;  
      4) еңбек нормалары белгiлене алатын және оны белгiлеу орынды болатын 
жұмыс түрлерiн еңбектi нормалаумен қамту;  
      5) еңбек нормаларының техникалық (ғылыми) негiздiлiгi қамтамасыз 
етiлуге тиiс.  
      119-бап. Еңбектi нормалауды реттеудiң ерекшелiктерi 
 
      Қызметтер көрсетуге (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, 
алым ставкаларын) мемлекеттiк реттеу енгiзiлетiн ұйымдарда еңбек нормаларын 
ұсыну, қарау және келiсу тәртiбiн еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк 
орган белгiлейдi.  
10-тарау. ЕҢБЕККЕ АҚЫ ТӨЛЕУ 
 
      120-бап. Еңбекке ақы төлеу саласындағы мемлекеттiк 
 
                кепiлдiктер 
 
      Қызметкерлердiң еңбегiне ақы төлеу саласындағы мемлекеттiк кепiлдiктер:  
      айлық жалақының ең төменгi мөлшерiн;  


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   57




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау