енгізіледі) Заңымен;
24) еңбек төрелігі туралы үлгілік ережені бекітеді;
25) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында ақпарат ұсыну және
мемлекеттік статистика жүргізу тәртібін айқындайды;
26) орташа жалақыны есептеудің бірыңғай тәртібін белгілейді;
27) азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына
орналасуға арналған конкурс
өткізу тәртібін айқындайды;
28) ұйымда кадрларды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және олардың
біліктілігін арттыруға қойылатын жалпы талаптарды айқындайды;
29) еңбек кітапшаларының нысанын, оларды жүргізу және сақтау тәртібін
бекітеді;
30) он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің еңбегін пайдалануға тыйым
салынатын жұмыстардың тізімін, он сегіз жасқа толмаған
қызметкерлердің ауыр
заттарды тасуы мен жылжытуының шекті нормаларын бекітеді;
31) әйелдердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімін,
әйелдердің ауыр заттарды қолмен көтеруінің және жылжытуының шекті нормаларын
бекітеді;
32) ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі туралы үлгілік
ережені бекітеді;
33) өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті
кезеңділік аттестаттау тәртібін айқындайды;
34) қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша
оқыту, оларға нұсқама беру және білімдерін тексеру тәртібі мен мерзімдерін
айқындайды;
35) жұмыс берушiнiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi
нұсқаулықты әзiрлеу, бекiту және қайта қарау тәртібін белгілейді;
36) еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау
мен
төлеу тәртібін айқындайды;
37) жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге сүт, емдік-
профилактикалық тағам, арнаулы киім, арнаулы аяқ киім және басқа да жеке қорғану
құралдарын беру тәртібін бекітеді, сондай-ақ оларды ұжымдық қорғану құралдарымен,
санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету тәртібін
белгілейді;
38) қызметкерлерге сүт, емдік-профилактикалық тағам, арнаулы киім, арнаулы
аяқ киім және басқа да жеке қорғану құралдарын беру нормаларын бюджеттік жоспарлау
жөніндегі орталық уәкілетті органмен
келісу бойынша бекітеді;
39) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан
Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде
көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 16-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014
N 239-V
(алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014
№ 269-V
(01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі)
Заңдарымен.
17-бап. Еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның
құзыреті
Еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган:
1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті
қорғау жөніндегі талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
2) жұмыс берушілер ұсынған ұжымдық шарттардың мониторингін жүзеге асырады;
3) өндірістік жарақаттанудың, кәсіптік аурулардың, кәсіптік уланулардың
себептеріне талдау жүргізеді және олардың профилактикасы жөнінде ұсыныстар
әзірлейді;
4) өндірістегі жазатайым оқиғаларды Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгіленген
тәртіппен тергеп-тексереді;
5) жұмыс берушілерде еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз
етуге жауапты адамдардың білімін тексеруді жүргізеді;
6) өндірістік мақсаттағы объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі қабылдау
комиссиясының құрамына қатысады;
7) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормативтерін жетілдіру мәселелері
бойынша қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өкілетті өкілдерімен өзара іс-қимыл
жасайды;
8) қызметкерлердің, жұмыс берушілер мен олардың өкілдерінің еңбек
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі өтініштерін қарайды;
9) өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау мониторингін
жүзеге асырады;
10) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы»
Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексерулер жоспарларын әзiрлейдi және
бекiтедi;
11) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға еңбекті қорғау және еңбек
қауiпсiздiгі жөніндегі ақпараттық жүйе
базасында кезеңдік есептерді, сондай-ақ
еңбек қауiпсiздiгі және еңбектi қорғау жай-күйі мониторингінің нәтижелерін ұсынады;
12) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға еңбек қатынастары бойынша
қажетті ақпаратты береді.
Ескерту. 17-бап жаңа редакцияда - ҚР 13.06.2013
№ 102-V
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс
енгізілді - ҚР 29.12.2014
№ 269-V
(01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі)
Заңдарымен.
18-бап. Жергілікті атқарушы органдардың еңбек
қатынастарын реттеу саласындағы құзыреті
Жергілікті атқарушы органдар:
1)
алынып тасталды - ҚР 2011.07.22
№ 478-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан
кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1-1) еңбек қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн
денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру,
мәдениет, спорт және
ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн жергiлiктi өкiлдi органмен
келiсу бойынша айқындайды;
3) қалалық, аудандық деңгейде жасалған салалық және өңірлік келісімдерді
тіркеуді жүзеге асырады;
4) халықтың тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарда (қоғамдық көлік,
сумен, электр энергиясымен, жылумен қамтамасыз ететін ұйымдар) ереуіл
өткізуді
келіседі;
5) жұмыс берушілердің өңірлік бірлестіктерімен және қызметкерлердің өңірлік
бірлестіктерімен өңірлік (облыстық, қалалық, аудандық) келісімдер жасайды;
6) көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді
(бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдар
қызметкерлерінің еңбек нормаларын және еңбегіне ақы төлеу жүйесінің
параметрлерін
еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен қарайды және
келіседі;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған халық санаттарын жұмысқа
орналастыру үшін квота белгілейді;
8) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының