тараптары мүдделерінің теңгеріміне, экономикалық өсуге қол жеткізуге, өндіріс
тиімділігі мен адамдардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған қажетті құқықтық
жағдайлар жасау болып табылады.
4-бап. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының
принциптері
Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының принциптері:
1) адам мен азаматтың еңбек саласындағы құқықтарының шектелуіне жол бермеу;
2) еңбек бостандығы;
3) кемсітушілікке, мәжбүрлі еңбекке және балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне
тыйым салу;
4) қауіпсіздік және гигиена талаптарына сай келетін еңбек жағдайларына
құқықты қамтамасыз ету;
5) өндірістік қызмет нәтижелеріне қатысты алғанда қызметкердің өмірі мен
денсаулығының басымдығы;
6) еңбегі үшін жалақының ең төменгі мөлшерінен кем емес, әділетті сыйақыға
құқығын қамтамасыз ету;
7) тынығу құқығын қамтамасыз ету;
8) қызметкерлердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігі;
9) қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өздерінің құқықтары мен мүдделерін
қорғау үшін бірігу құқығын қамтамасыз ету;
10) әлеуметтік әріптестік;
11) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерін мемлекеттік реттеу;
12) қызметкерлер өкілдерінің Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының
сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру құқығын қамтамасыз ету болып табылады.
5-бап. Еңбек саласындағы құқықтардың шектелуіне
жол бермеу
Осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген
жағдайлар мен тәртіптен басқа, ешкімнің де еңбек саласындағы құқықтарына шек
қойылмайды.
6-бап. Еңбек бостандығы
Әркімнің де еңбекті еркін таңдауға немесе еңбекке қандай да болмасын
кемсітушіліксіз және мәжбүрлеусіз еркін келісуге құқығы, өзінің еңбекке
қабілеттілігіне иелік етуге, кәсіп және қызмет түрін таңдауға құқығы бар.
7-бап. Еңбек саласындағы кемсітушілікке тыйым салу
1. Әркімнің де еңбек саласындағы өз құқықтары мен бостандығын іске асыруға
тең мүмкіндіктері бар.
2. Ешкімді де өзінің еңбек құқықтарын іске асыру кезінде жынысына, жасына,
дене кемістіктеріне, нәсіліне, ұлтына, тіліне, мүліктік, әлеуметтік және лауазымдық
жағдайына, тұратын жеріне, дінге көзқарасына, саяси сеніміне, руға немесе текке-
топқа, қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына байланысты ешқандай кемсітуге
болмайды.
3. Еңбектің осы түріне тән талаптармен айқындалатын не әлеуметтік және
құқықтық басымдықпен қорғалуға мұқтаж адамдар жөнінде мемлекеттің ерекше
қамқорлығынан туындаған өзгешеліктер, ерекшеліктер, артықшылықтар мен шектеулер
кемсітушілік болып табылмайды.
4. Еңбек саласында кемсітушілікке ұшырадым деп есептейтін адамдар Қазақстан
Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сотқа немесе өзге де орындарға
жүгінуге құқылы.
8-бап. Мәжбүрлі еңбекке тыйым салу
Мәжбүрлі еңбекке тыйым салынған.
Мәжбүрлі еңбек, мынадай жұмыстарды:
Қазақстан Республикасының міндетті әскери қызмет туралы заңдарына орай талап
етілетін;
азаматтардың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген әдеттегі
азаматтық міндеттерінің бөлігі болып табылатын;
жұмыс мемлекеттік органдардың қадағалауымен және бақылауымен жүргізілетін
және жұмысты орындайтын адам жеке және (немесе) заңды тұлғалардың билігіне
берілмейтін немесе тапсырылмайтын жағдайда қандай да бір адамнан соттың заңды
күшіне енген үкіміне байланысты талап етілетін;
төтенше жағдайлар немесе соғыс жағдайында талап етілетін;
ұжымның тікелей пайдасы үшін осы ұжым мүшелері орындайтын және сол себепті,
олардың немесе олардың өкілдерінің бұл жұмыстардың орындылығына қатысты өз пікірін
айтуға құқығы болған жағдайда, ұжым мүшелерінің әдеттегі азаматтық міндеттері болып
есептелетін жұмыстарды қоспағанда, қандай да бір адамнан қандай да бір жаза қолдану
қаупімен талап етілетін, оны орындау үшін бұл адам ерікті түрде өз қызметін
ұсынбаған кез келген жұмысты немесе қызметті білдіреді.
9-бап. Осы Кодекстің қолданылу аясы
1. Осы Кодекс:
1) еңбек;
2) еңбек қатынастарына тікелей байланысты;
3) әлеуметтік әріптестік;
4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қатынастарды реттейді.
2. Осы Кодекс, егер заңдарда және Қазақстан Республикасы ратификациялаған
халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе:
1) қызметкерлерге, оның ішінде мүлкінің меншік иелері, қатысушылары немесе
акционерлері шетелдік жеке немесе заңды тұлғалар болып табылатын, Қазақстан
Республикасының аумағында орналасқан ұйымдардың қызметкерлеріне;
2) жұмыс берушілерге, оның ішінде мүлкінің меншік иелері, қатысушылары немесе
акционерлері шетелдік жеке немесе заңды тұлғалар болып табылатын, Қазақстан
Республикасының аумағында орналасқан ұйымдарға қолданылады.
3. Қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбегін құқықтық реттеудің
ерекшеліктері осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында
белгіленеді.
4. Қазақстан Республикасының заңдары осы Кодексте белгіленген құқықтар,
бостандықтар мен кепілдіктер деңгейін төмендетпеуге тиіс.
10-бап. Еңбек шарттары, әлеуметтік әріптестік
тараптарының келісімдері, ұжымдық шарттар, жұмыс
берушінің еңбек саласындағы актілері
1. Еңбек қатынастары, сондай-ақ еңбек қатынастарына тікелей байланысты өзге
де қатынастар еңбек шартында, жұмыс берушінің актісінде, келісімде және ұжымдық
шартта реттеледі.
2. Әлеуметтік әріптестік тараптары келісімдерінің, ұжымдық шарттың, еңбек
шартының, жұмыс беруші актілерінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен
салыстырғанда қызметкерлердің жағдайын нашарлататын ережелері жарамсыз деп
танылады.
3. Келісімдердің, ұжымдық шарттың, еңбек шартының талаптары біржақты
тәртіппен өзгертілмейді.
11-бап. Жұмыс берушінің актілері
1. Жұмыс беруші осы Кодекске және өзге де нормативтік құқықтық актілерге,
еңбек шартына, келісімдерге, ұжымдық шартқа сәйкес өз құзыреті шегінде актілер
шығарады.
2. Жұмыс беруші осы Кодексте, ұжымдық шартта көзделген жағдайларда,
Достарыңызбен бөлісу: |