айқындалған көрсеткіштердің орындалуы негізге алына отырып, еңбекке ақыны реттеу
тетігі туралы;
3) өтемақы төлемдері туралы;
4) қызметкерлерді жұмыспен қамтуға, кәсіптік даярлауға және қайта даярлауға
жәрдемдесу туралы;
5) жұмысқа және тынығуға қолайлы жағдайлар жасау және тиісті қоршаған ортаны
қамтамасыз ету жолымен өндірісте қызметкерлердің денсаулығын сақтауды ұйымдастыру
туралы;
6) салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі шаралар туралы;
7) қызметкерлерді және олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік қорғау жөніндегі
арнайы іс-шаралар туралы;
8) өндірістің уақытша тоқтатылуы жағдайында қызметкерлерді қорғау шаралары
туралы;
9) жанжалдар мен ереуілдерді болдырмау, еңбек тәртібін нығайту
туралы;
10) қызметкерлер өкілдерінің қызметін жүзеге асыру үшін талаптар туралы;
11) заңнамаға қайшы келмейтін әлеуметтік-еңбек мәселелері бойынша басқа да
ережелер;
12) әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға жәрдемдесу туралы ережелер көзделуі
мүмкін.
5. Салалық келісімдерде:
1) еңбекке ақы төлеу, еңбек жағдайлары және еңбекті қорғау, еңбек және тынығу
режимі туралы;
2) өтемақы төлемдері туралы;
3) қызметкерлерді әлеуметтік қорғау жөніндегі арнайы іс-шаралар туралы;
4) инфляция, ең төменгі күнкөріс деңгейі негізге алынып, еңбекке ақы төлеуді
реттеу және келісімде айқындалған көрсеткіштерді орындау тетіктері туралы;
5) көтеріңкі салалық коэффициенттерді белгілеу туралы ережелер көзделуге
тиіс.
6. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен салыстырғанда қызметкердің
жағдайын нашарлататын келісімнің ережелері жарамсыз деп танылады.
Ескерту. Осы Кодекстің 276-бабы 5-тармағы 5) тармақшасы 2008 жылғы 1
қаңтардан бастап
қолданысқа
енгізіледі.
277-бап. Келісімдерді тіркеу
1. Облыстық деңгейде жасалған салалық және өңірлік келісімдерді тіркеуді
еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.
2. Қалалық, аудандық деңгейде жасалған салалық және өңірлік келісімдерді
тіркеуді жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.
278-бап. Келісімдердің қолданылуы
1. Келісімдердің күші келіссөздерде осы келісімдерді әзірлеу мен өз аттарынан
жасасу үшін тиісті тараптар өкілдеріне уәкілеттік берген тиісті атқарушы
органдарға, қызметкерлер мен жұмыс берушілерге қолданылады.
2. Келісім:
жұмыс берушілер бірлестіктерінің мүшелері болып табылатын, келісімді жасасқан
барлық жұмыс берушілерге қатысты қолданылады. Жұмыс берушілер бірлестігіндегі
мүшелікті тоқтату жұмыс берушіні соның мүшесі болған кезеңде жасалған келісімді
орындаудан босатпайды. Келісім қолданыста болған кезеңде жұмыс берушілер
бірлестігіне кірген жұмыс беруші осы келісімде көзделген міндеттемелерді орындауға
міндетті;
келісімге қол қойылғаннан кейін қосылған жұмыс берушілерге қатысты
қолданылады.
3. Келісімдер Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, мүлкінің меншік
иелері, құрылтайшылары (қатысушылары) немесе акционерлері шетелдік жеке және заңды
тұлғалар не шетелдік қатысуы бар ұйымдар болып табылатын ұйымдарға да қолданылады.
4. Келісім жарияланғаннан кейін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган
республикалық деңгейде, тиісті қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар
салалық деңгейде және жергілікті атқарушы органдар өңірлік деңгейде келісім
жасасуға қатыспаған жұмыс берушілер бірлестіктеріне, жұмыс берушілерге,
қызметкерлер бірлестіктеріне тиісті деңгейде келісімге қосылуға ұсыныс жасауға
құқылы. Аталған ұсыныс ресми жариялануға тиіс.
Егер жұмыс берушілер бірлестіктері, жұмыс берушілер, қызметкерлер
бірлестіктері келісімге қосылу туралы ұсыныс ресми жарияланған күннен бастап
күнтізбелік 30 күн ішінде тиісті атқарушы органдарға оған қосылудан дәйекті бас
тартуды жазбаша түрде ұсынбаған болса, онда келісім соларға қатысты осы ұсыныс
ресми жарияланған күннен бастап қолданылады деп есептеледі.
279-бап. Келісімдердің орындалуын бақылау
Келісімдердің орындалуын бақылауды әлеуметтік әріптестік тараптары жүзеге
асырады.
280-бап. Келіссөздерге қатысудан жалтарғаны үшін
жауапкершілік
Тараптар өкілдерінің әлеуметтік әріптестік туралы келісімді жасасу, өзгерту
жөніндегі келіссөздерге қатысудан жалтаруы немесе әлеуметтік әріптестік туралы
келісілген келісімге қол қоюдан құқыққа сыйымсыз бас тартуы, келіссөздер жүргізу
және әлеуметтік әріптестік туралы келісім нормаларының сақталуына бақылау жасау
үшін қажетті ақпарат бермеуі, сондай-ақ оның талаптарын бұзуы немесе орындамауы
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
31-тарау. ҰЖЫМДЫҚ ШАРТ
281-бап. Ұжымдық келіссөздер жүргізудің принциптері
Ұжымдық келіссөздер жүргізудің принциптері:
тараптар мүдделерінің тең құқықтылығы және оларды құрметтеу;
ұжымдық шарттың немесе келісімнің мазмұнын құрайтын мәселелерді талқылаудағы
таңдау еркіндігі;
тараптардың міндеттемелер қабылдау еріктілігі;
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтау болып табылады.
282-бап. Ұжымдық келіссөздер жүргізудің, ұжымдық шартты
әзірлеу мен жасасудың тәртібі
1. Кез келген тарап ұжымдық шарт жобасын әзірлеудің бастамашысы бола алады.
Екінші тараптың ұжымдық шарт жасасу жөніндегі келіссөздерді бастау туралы
ұсынысы бар хабарламасын алған тарап оны он күндік мерзімде қарап, осы баптың 2-
тармағында белгіленген тәртіппен келіссөздерге кірісуге міндетті.
2. Ұжымдық келіссөздер жүргізу және ұжымдық шарттың жобасын әзірлеу үшін
тараптар тепе-тең негізде комиссия құрады. Комиссия мүшелерінің саны, оның жеке
құрамы, жобаны әзірлеу және ұжымдық шарт жасасу мерзімдері тараптар келісімімен
айқындалады.
Жұмыс беруші тараптардың келісімі бойынша ұжымдық шартты әзірлеу мен жасасу
үшін қажетті жағдай жасауды қамтамасыз етеді.
Кәсіптік одақтың мүшелері болып табылмайтын қызметкерлер жұмыс берушімен
өзара қарым-қатынастарда өз мүдделерін білдіру үшін кәсіподақ органына да, өзге
өкілдерге де уәкілеттік беруге құқылы.
Ұйымда қызметкерлердің бірнеше өкілдері болған кезде комиссияға қатысу және
ұжымдық шартқа қол қою үшін олар біртұтас өкілді орган құруы мүмкін. Бұл ретте
олардың әрқайсысына өздері өкілдік ететін қызметкерлердің санына қарай
Достарыңызбен бөлісу: |