Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет51/51
Дата20.11.2017
өлшемі5,01 Kb.
#1193
түріКодекс
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51

айрықша талаптардың орындалуына тексеру жүргізуге; 
      13) жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ішкі 
бақылау жүргізуінің толықтығы мен дәйектілігін бақылауды жүзеге асыруға; 
      14) Қазақстан Республикасының заңнамасында кӛзделген ӛзге де құқықтарды 
жүзеге асыруға құқығы бар. 
      
331-бап. Мемлекеттік еңбек инспекторларының міндеттері
 
      Мемлекеттік еңбек инспекторлары: 
      1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге 
асыруға; 
      2) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының орындалуын тексеруді 
уақтылы және сапалы жүргізуге; 
      3) анықталған еңбек заңнамасын бұзушылықтарды жою жӛніндегі шараларды 
қабылдау мақсатында осындай бұзушылықтар туралы жұмыс берушілерді (олардың 
ӛкілдерін) хабардар етуге, кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту жӛнінде ұсынулар 
енгізуге; 
      4) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану мәселелері 
бойынша қызметкерлер мен жұмыс берушілердің ӛтініштерін уақтылы қарауға; 
      5) еңбек заңнамасының бұзылуына әкеп соғатын себептер мен мән-жайларды 
анықтауға, оларды жою және бұзылған еңбек құқықтарын қалпына келтіру жӛнінде 
ұсынымдар беруге; 
      6) ӛндірістегі жазатайым оқиғаларды және кәсіптік ауруларды тергеп-
тексеруге қатысуға; 
      7) еңбек заңнамасының бұзылу себептерін жинауды, талдауды, қорытуды 
жүзеге асыруға, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы бұзылуының алдын 
алу жӛніндегі жұмысты күшейтуге бағытталған іс-шараларды әзірлеу мен 
қабылдауға қатысуға; 
      8) мемлекеттік құпияны, еңбек міндеттерін орындауға байланысты ӛзіне 
мәлім болған қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын ӛзге де құпияны 
құрайтын мәліметтерді жария етпеуге; 
      9) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану мәселелері 
бойынша түсіндіру жұмысын жүргізуге; 
      10) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы бақылауды жүзеге 
асыру кезінде азаматтармен және қызметкерлердің ӛкілдерімен ӛзара іс-қимыл 
жасасуға міндетті. 
      
332-бап. Жҧмыс берушінің мемлекеттік еңбек инспекторы
 
                
бақылау жҥргізген кездегі қҧқықтары мен
 
                
міндеттері
 
      1. Жұмыс беруші Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуына 
мемлекеттік бақылауды жүргізу кезінде: 
      1) жүргізілген тексеру актілері бойынша мемлекеттік еңбек инспекторына 
түсініктемелер беруге; 
      2) егер жүргізілетін тексеру нысанасына қатысы болмаса, мәліметтер мен 
құжаттарды бермеуге; 
      3) тексеру нәтижелері туралы актіге және мемлекеттік еңбек 
инспекторының іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан 
Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға құқылы. 
      2. Жұмыс беруші Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуына 
мемлекеттік бақылауды жүргізу кезінде: 
      1) мемлекеттік еңбек инспекторының тексерілетін объект аумағына және 
үй-жайларына кедергісіз кіруін (болуын) қамтамасыз етуге; 
      2) тексеру жүргізетін мемлекеттік еңбек инспекторына және ұйым 
қызметкерлерінің ӛкілдеріне тексеру нәтижелері туралы актіге қоса тіркеу үшін 
қағаздағы және электрондық тасығыштардағы құжаттарды (мәліметтерді) не 
олардың кӛшірмелерін беруге, сондай-ақ тексерудің міндеттері мен нысанасына 
сәйкес автоматтандырылған деректер базасына (ақпараттық жүйелерге) қол 
жеткізуіне мүмкіндік жасауға; 
      3) мемлекеттік еңбек инспекторының актілерін орындау үшін қабылдауға 
және актінің екінші данасына оны алғаны туралы тиісті белгі жасауға; 


      4) тиісті мерзімдерде мемлекеттік еңбек инспекторының актілерін орындау 
жӛнінде ақпарат беруге міндетті. 
      
333-бап. Мемлекеттік еңбек инспекторының актілері
 
      1. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасын бұзушылықтардың анықталуына 
қарай мемлекеттік еңбек инспекторы мынадай актілер: 
      1) нұсқама: 
      Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою 
туралы; 
      жарақаттану қаупі бар және авариялық жағдайлардың туындауын болғызбау 
үшін ӛндірістік объектілер мен жабдықтардағы, сондай-ақ ӛндірістік 
процестердегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жӛніндегі алдын алу 
жұмыстарын жүргізу туралы; 
      жекелеген ӛндірістердің, цехтардың, учаскелердің, жұмыс орындары мен 
жабдықтардың пайдаланылуына және тұтас алғанда ұйым қызметіне тыйым салу (оны 
тоқтата тұру) туралы нұсқама шығарады (жасайды). Бұл ретте ұйым қызметіне 
тыйым салу (оны тоқтата тұру) туралы акт сот шешімі шығарылғанға дейін 
қолданылады; 
      2) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама; 
      3) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтату 
туралы қаулы; 
      4) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы шығарады. 
      2. Мемлекеттік еңбек инспекторының актілері жұмыс берушілер мен 
лауазымды адамдардың тексеруді жүзеге асыру барысында белгілі болған 
(анықталған) еңбек заңнамасының талаптарын бұзушылықтарына ықпал етудің 
құқықтық шаралары болып табылады. Актілер екі дана етіп жасалады, оның біреуі 
қолы қойғызылып, жұмыс берушіге тапсырылады. 
      3. Лауазымды адамдар, жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік еңбек 
инспекторының актілерін орындауға міндетті. 
      4. Мемлекеттік еңбек инспекторы актілерінің нысанын еңбек жӛніндегі 
уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді. 
      
334-бап. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының
 
                
сақталуын тексеру, олардың тҥрлері,
 
                
нысандары мен мерзімдері
 
      1. Тексерулер жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер болып бӛлінеді. 
      Жоспарлы - еңбек жӛніндегі уәкілетті мемлекеттік орган немесе оның 
аумақтық бӛлімшесі жоспарлаған, алдыңғы тексерулерге қатысты Қазақстан 
Республикасының заңдарында белгіленген уақыт аралықтары ескеріліп 
жүргізілетін тексеру. 
      Жоспарлы тексеру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтау 
мәселелері бойынша басқа бақылаушы органдармен және қызметкерлердің 
ӛкілдерімен бірлесе отырып, кешенді түрде де жүргізілуі мүмкін. 
      2. Бір жеке немесе заңды тұлғаға қатысты жоспарлы тексеру жылына бір 
реттен аспайтындай етіп, ал шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты, егер 
Қазақстан Республикасының заңдарында ӛзгеше кӛзделмеген болса, үш жылда бір 
реттен жиі болмайтындай етіп жүргізілуі мүмкін. 
      3. Жоспардан тыс тексерулер Қазақстан Республикасының еңбек 
заңнамасының бұзылуы туралы жеке немесе заңды тұлғалар, мемлекеттік органдар 
ӛтініш білдірген, сондай-ақ мемлекеттік еңбек инспекторы қызметкерлердің 
ӛмірі мен денсаулығына қауіп тӛндіретін әрі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті 
қорғау саласындағы бұзушылықтарды дереу жоюды талап ететін фактілерді 
анықтаған немесе осындай бұзушылықтар белгілерінің болуын куәландыратын 
немесе ӛндірістегі жазатайым оқиғаларды тексеруді жүргізу кезінде анықталған 
құжаттармен және ӛзге де дәлелдемелермен расталатын ӛзге ақпарат алған 
жағдайларда жүргізіледі. 
      Анонимдік ӛтініштер жоспардан тыс тексеру жүргізуге негіз болып 
табылмайды. 
      4. Тексеру ұзақтығы күнтізбелік он күннен аспауға тиіс. Ерекше 
жағдайларда, арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргізу қажет болған 
кезде, сондай-ақ тексеру кӛлемі ауқымды болған кезде мемлекеттік еңбек 


инспекциясының немесе оның аумақтық бӛлімшесінің басшысы (немесе оның 
орнындағы адам) тексеру жүргізу мерзімін оқшауланған құрылымдық бӛлімшесі жоқ 
заңды тұлға үшін күнтізбелік жиырма күнге дейінгі мерзімге, ал оқшауланған 
құрылымдық бӛлімшесі бар заңды тұлға үшін күнтізбелік отыз күнге дейінгі 
мерзімге ұзартуы мүмкін. 
      
335-бап. Мемлекеттік бақылауды жҥзеге асыратын
 
                
мемлекеттік еңбек инспекторының шешімдеріне,
 
                
әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану
 
                
тәртібі
 
      1. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде жұмыс берушінің құқықтары 
мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда, жұмыс беруші мемлекеттік еңбек 
инспекторының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан 
Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен еңбек 
жӛніндегі уәкілетті мемлекеттік органға, жоғары тұрған мемлекеттік 
инспекторға және (немесе) сотқа шағымдануға құқылы. 
      2. Шағымдану мемлекеттік еңбек инспекторлары берген актілердің 
орындалуын тоқтатпайды. 
      
336-бап. Мемлекеттік еңбек инспекциясының басқа
 
                
мемлекеттік органдармен және ҧйымдармен ӛзара
 
                
іс-қимыл жасасуы
 
      1. Мемлекеттік еңбек инспекциясы ӛз қызметін басқа мемлекеттік 
қадағалау және бақылау органдарымен, қызметкерлердің ӛкілдерімен, қоғамдық 
бірлестіктермен, басқа да ұйымдармен ӛзара іс-қимыл жасаса отырып жүзеге 
асырады. 
      2. Мемлекеттік органдар мемлекеттік еңбек инспекторына Қазақстан 
Республикасы еңбек заңнамасының орындалуын бақылауды жүзеге асыру жӛніндегі 
міндеттерін атқаруына жәрдемдесуге міндетті. 
      
337-бап. Мемлекеттік еңбек инспекторының мемлекеттік
 
                
бақылауды жҥзеге асыру кезіндегі жауапкершілігі
 
      Мемлекеттік еңбек инспекторы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде 
ӛз қызметтік міндеттерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған, сондай-ақ 
ӛзге де заңға қайшы әрекеттер (әрекетсіздіктер) жасаған жағдайда Қазақстан 
Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. 
 
39-тарау. ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӚНІНДЕГІ
 
ІШКІ БАҚЫЛАУ
 
      
338-бап. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
 
                
жӛніндегі ішкі бақылау
 
      1. Ішкі бақылау еңбек жағдайларының жай-күйін қадағалауды 
ұйымдастыруды, ӛндірістік бақылаудың деректеріне жедел талдау жүргізуді, 
тәуекелдерді бағалауды және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жӛніндегі 
анықталған сәйкессіздіктерді жою жӛнінде шаралар қабылдауды қамтиды. 
      2. Жұмыс беруші жұмыс орындарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті 
қорғау жӛніндегі белгіленген талаптарды сақтау және анықталған бұзушылықтарды 
жою бойынша жедел шаралар қабылдау мақсатында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті 
қорғау жӛніндегі ішкі бақылауды жүзеге асырады. 
      
339-бап. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
 
                
жӛніндегі ішкі бақылауды жҥзеге асыру тетігі
 
      1. Қызметкерлерінің саны 50-ден асатын ӛндірістік ұйымдарда еңбек 
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтау үшін ішкі бақылауды жүзеге 
асыру мақсатында жұмыс беруші еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметін 


құрады. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі ӛз мәртебесі бойынша 
негізгі ӛндірістік қызметтерге теңестіріледі. 
      2. Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі 
туралы үлгілік ережені еңбек жӛніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді. 
      3. Қызметкерлерінің саны 50-ге жетпейтін жұмыс беруші қызмет 
ерекшелігін ескере отырып, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жӛніндегі 
мамандық лауазымын енгізеді не еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау 
жӛніндегі міндетті басқа маманға жүктейді. 
      4. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жӛніндегі қызметтің немесе 
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жӛніндегі маманның еңбек қауіпсіздігі 
және еңбекті қорғау талаптарын орындау жӛніндегі нұсқауларын ұйымның барлық 
қызметкерлері орындауға міндетті. 
 
40-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ
 
САҚТАЛУЫН ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ
 
      
340-бап. Ҧйымда еңбек заңнамасының сақталуын қоғамдық
 
                
бақылау
 
      1. Ұйымда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қоғамдық 
бақылауды ұйымның кәсіподақ комитеті, ал кәсіподақ болмаған кезде 
қызметкерлердің жалпы жиналысы (конференциясы) сайлайтын еңбекті қорғау 
жӛніндегі қоғамдық инспектор жүзеге асырады. 
      2. Қызметкерлердің республикалық, салалық, ӛңірлік бірлестіктері 
ұйымдарда еңбек заңнамасының сақталуын қоғамдық бақылауды мұндай құқық 
келісімдерде және ұжымдық шарттарда бекітілген жағдайда жүзеге асырады. 
      
341-бап. Еңбекті қорғау жӛніндегі қоғамдық
 
                
инспекторлардың қҧқықтары
 
      Еңбекті қорғау жӛніндегі қоғамдық инспектордың: 
      1) жұмыс берушілердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жӛніндегі 
нормативтік құқықтық актілерді, жұмыс берушінің ұйымдардағы жұмыс орындарында 
қалыпты еңбек жағдайлары мен қауіпсіздік техникасын жасау жӛніндегі 
келісімдерді, ұжымдық шарттарды сақтауын қоғамдық бақылау арқылы жұмыс 
берушілер алдында қызметкерлердің еңбекті қорғау құқықтарының қорғалуын 
жүзеге асыруға; 
      2) ӛндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруге және мемлекеттік 
еңбек инспекторлары жүргізетін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың жай-
күйін кешенді тексерулерге қатысуға; 
      3) жұмыс берушілерден және ұйымдардың ӛзге де лауазымды адамдарынан ӛз 
функцияларын атқару үшін қажетті, оның ішінде жазбаша түрде ақпарат пен 
түсініктемелер алуға; 
      4) жұмыс берушілердің келісімдерде, ұжымдық шарттарда еңбекті қорғау 
бӛлігінде кӛзделген міндеттемелерді орындауын тексерулерді жүзеге асыруға 
және тексеру қорытындылары бойынша лауазымды адамдардың атына анықталған 
бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстар енгізуге; 
      5) ӛндірістік объектілер мен ӛндіріс құралдарын сынақтан ӛткізу және 
пайдалануға қабылдау жӛніндегі комиссиялардың жұмысына қатысуға; 
      6) еңбекті қорғау туралы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге 
қатысуға, оларға ӛз ұсыныстарын енгізуге; 
      7) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау 
туралы заңнамасының, еңбекті қорғау бӛлігінде келісімдер мен ұжымдық шарттар 
ережелерінің бұзылуына, ӛндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіптік ауруларды 
жасыруға кінәлі жұмыс берушілерді және ұйымдардың ӛзге де лауазымды адамдарын 
жауапқа тарту туралы талаптармен тиісті мемлекеттік органдарға жүгінуге; 
      8) еңбек жағдайларының ӛзгеруіне, Қазақстан Республикасының еңбек 
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жӛніндегі заңнамасының бұзылуына, 
келісімдерде және ұжымдық шарттарда, сондай-ақ еңбек шарттарында кӛзделген 
міндеттемелердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бӛлігінде 
орындалмауына байланысты еңбек дауларын қарауға қатысуға; 
      9) қызметкерлердің еңбек міндеттерін орындауға байланысты жарақат алуы 
немесе денсаулығының ӛзге де зақымдануы салдарынан келтірілген зиянды ӛтету 


құқықтарын қорғау үшін әрі қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті 
қорғау құқықтарына қысым жасалған басқа да жағдайларда қызметкердің ӛтініші 
бойынша талап қойып соттарға жүгінуге құқығы бар. 
      Қазақстан Республикасы 
      Президенті 
 

жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау