Қазақстан Республикасының Еңбек кодексi


жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру



жүктеу 0,8 Mb.
бет13/14
Дата15.04.2020
өлшемі0,8 Mb.
#29597
түріКодекс
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

                жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру

      Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру жұмыс берушiнiң қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер есебiнен жүзеге асырылады.


      Қызметкерлер бұл мақсаттарға шығынданбайды.
      Қаражат көлемi ұжымдық шартпен айқындалады.

36-тарау. ЕҢБЕК ҚАУIПСIЗДIГIН ЖӘНЕ ЕҢБЕКТI ҚОРҒАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

      319-бап. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау


                саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi
                қабылдау

      Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер еңбек қызметi процесiнде қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, технологиялық, санитариялық-гигиеналық, биологиялық, физикалық және өзге де нормаларды, қағидаларды, рәсiмдер мен критерийлердi белгiлейдi.


      Ескерту. 319-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      320-бап. Өндiрiстiк объектiлер мен өндiрiс құралдарын


                жобалау, салу және пайдалану кезiндегi еңбек
                қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi
                талаптар

      1. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау талаптарына сай келмейтiн өндiрiстiк ғимараттар мен құрылыстарды жобалауға, салуға және қайта құруға, технологияларды әзiрлеуге және пайдалануға, машиналарды, тетiктердi, жабдықтарды құрастыруға және әзiрлеуге жол берiлмейдi.


      2. Егер жаңадан салынған немесе қайта құрылған өндiрiстiк объектiлер, өндiрiс құралдары немесе өнiмнiң басқа да түрлерi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау талаптарына сай келмесе, қабылданбайды және пайдалануға берiлмейдi.
      3. Өндiрiстiк объектiлер еңбек жағдайлары бойынша мiндеттi мерзiмдiк аттестаттаудан өткiзiлуге тиiс.
      4. Қабылдау комиссиясы өндiрiстiк мақсаттағы объектiнi пайдалануға қабылдап алуды мемлекеттiк еңбек инспекторының мiндеттi қатысуымен жүргiзедi.
      Ескерту. 320-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      321-бап. Жұмыс орындарының қауiпсiздiк талаптары

      1. Жұмыс орындары орналасқан ғимараттар (құрылыстар) өзiнiң құрылысы бойынша олардың функционалдық мақсатына және еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау талаптарына сай болуға тиiс.
      2. Жұмыс жабдығы осы жабдық түрi үшiн белгiленген қауiпсiздiк нормаларына сәйкес келуге, онда тиiстi сақтандыру белгiлерi болуға және қызметкерлердiң жұмыс орындарындағы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн қоршаулармен немесе қорғау құрылғыларымен қамтамасыз етiлуге тиiс.
      3. Авариялық жолдар мен қызметкерлердiң үй-жайлардан шығатын жолдар бос болуға және ашық ауаға не қауiпсiз аймаққа шығаруға тиiс.
      4. Қауiптi аймақтар нақты белгiленуге тиiс. Егер жұмыс орындары жұмыстың сипатына қарай қызметкерге қауiп-қатер төндiретiн немесе құлайтын заттар бар қауiптi аймақтарда болса, онда мұндай орындар мүмкiндiгiнше бұл аймақтарға бөгде адамдардың кiруiн шектейтiн құрылғыларымен жабдықталуға тиiс. Жаяу жүргiншiлер мен
технологиялық көлiк құралдары ұйымның аумағында қауiпсiз жағдайларда жүрiп-тұруға тиiс.
      5. Қауiптi өндiрiстiк объектiлерде (учаскелерде), оның iшiнде биiктiкте, жерасты жағдайларында, ашық камераларда, теңiз қайраңдары мен iшкi су айдындарында жұмыстар жүргiзу үшiн қызметкерлердiң жеке қорғану құралдары болуға тиiс.
      6. Жұмыс орындары орналасқан үй-жайлардағы температура, табиғи және жасанды жарық, сондай-ақ желдеткiш жұмыс уақыты кезiнде еңбектiң қауiпсiздiк талаптарына сай болуға тиiс.
      7. Қызметкерлер еңбек жағдайлары зиянды (шаң-тозаң, газдану және басқа да факторлар) жұмысқа жұмыс берушi қауiпсiз еңбек жағдайларын қамтамасыз еткеннен кейiн жiберiледi.

37-тарау. ЕҢБЕК ҚЫЗМЕТIНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАРДЫ
ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ДЕНСАУЛЫҒЫНЫҢ ӨЗГЕ ДЕ ЗАҚЫМДАНУЛАРЫН
ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ МЕН ЕСЕПКЕ АЛУ

      322-бап. Тергеп-тексерудiң жалпы жағдайлары және


                өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды есепке алу

      1. Қызметкерлердiң, сондай-ақ:


      1) техникалық және кәсiптiк, орта оқу орнынан кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм берудiң бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын оқу орындарында оқитын, кәсiптiк практикадан өтiп жүрген адамдардың
      2) әскери қызмет өткерумен байланысты емес жұмыстарды орындауға тартылған әскери қызметшiлердiң
      3) сот үкiмi бойынша еңбекке тартылған адамдардың
      4) әскерилендiрiлген авариялық-құтқару бөлiмдерi, әскерилендiрiлген күзет жеке құрамының, авариялардың, дүлей зiлзаланың салдарларын жою жөнiндегi, адам өмiрiн және мүлiктi құтқару жөнiндегi ерiктi командалар мүшелерiнiң еңбек қызметiне байланысты және еңбекке қабiлетсiздiгiне не өлiмiне әкеп соққан денсаулығының зақымдану жағдайлары осы Кодекске сәйкес тергеп-тексеруге және есепке алуға жатады.
      2. Өндiрiстiк жарақаттар мен қызметкердiң денсаулығына еңбек мiндеттерiн атқарумен байланысты келтiрiлген өзге де зақымданулар не жұмыс берушiнiң мүддесi үшiн өз бастамасы бойынша еңбекке қабiлетсiздiгiне не өлiмге әкеп соққан басқа да әрекеттер жасау, егер олар:
      1) жұмыс уақыты басталар алдында немесе аяқталғаннан кейiн жұмыс орнын, өндiрiс құрал-жабдықтарын, жеке қорғану құралдарын және басқаларын дайындау және ретке келтiру кезiнде;
      2) жұмыс орнындағы жұмыс уақыты iшiнде немесе iссапар кезiнде не жұмыс берушiнiң немесе ұйымның лауазымды адамының тапсырмасы бойынша еңбек немесе өзге де мiндеттемелердi орындауға байланысты басқа жерде болғанда;
      3) қауiптi және (немесе) зиянды өндiрiстiк факторлар әсерiнiң нәтижесiнде;
      4) жұмысы қызмет көрсету объектiлерi арасында жүрумен байланысты қызметкер жұмыс уақытында жұмыс берушiнiң тапсырмасы бойынша жұмыс орнына бара жатқан жолда;
      5) қызметкердiң еңбек мiндеттерiн орындауы кезiнде жұмыс берушiнiң көлiгiнде;
      6) жеке көлiгiн қызмет бабында пайдалану құқығына жұмыс берушiнiң жазбаша келiсiмi болғанда өзiнiң жеке көлiгiнде;
      7) жұмыс берушiнiң өкiмi бойынша өз ұйымының немесе басқа ұйымның аумағында болған кезеңде, сондай-ақ жұмыс берушiнiң мүлкiн қорғау не жұмыс берушiнiң мүддесi үшiн өз бастамасы бойынша өзге де iс-әрекеттер жасау кезiнде болса, өндiрiстегi жазатайым оқиғалар ретiнде тергеп-тексерiледi және есепке алынады.
      3. Тергеп-тексеру барысында жарақаттар мен зақымданулардың:
      1) зардап шеккен адамның өз бастамасы бойынша жұмыстарды немесе өзге де iс-әрекеттердi функционалдық мiндеттерiне кiрмейтiн және жұмыс берушiнiң мүддесiмен байланысты емес, оның iшiнде вахталық әдiспен жұмыс iстеу кезiнде ауысымаралық демалыс және түскi ас үзiлiсi кезеңiнде, сондай-ақ алкогольдiк мас болу, уытты және есiрткi заттарды (олардың аналогтарын) пайдалану күйiнде орындаған кезде;
      2) өз денсаулығына қасақана (әдейi) зиян келтiру нәтижесiнде немесе зардап шеккен адам қылмыс жасаған кезде;
      3) зардап шеккен адам денсаулығының медициналық қорытындымен расталған, қауiптi және (немесе) зиянды өндiрiстiк факторлардың әсерiмен байланысты емес кенеттен нашарлауынан болғаны нақты анықталса, олар өндiрiстiк жарақаттар және қызметкерлер денсаулығының өндiрiстегi өзге де зақымданулары ретiнде ресiмделмейдi.
      4. Әрбiр жазатайым оқиға туралы зардап шеккен адам немесе куәгер жұмыс берушiге немесе жұмыстарды ұйымдастырушыға дереу хабарлауға мiндеттi. Денсаулық сақтау ұйымдарының жауапты лауазымды адамдары қызметкерлердiң өндiрiсте жарақат алуына немесе өзге де зақымдануына байланысты бастапқы өтiнiш жасауының әрбiр жағдайы туралы жұмыс берушiнi және мемлекеттiк еңбек инспекциясының аумақтық
бөлiмшелерiн, сондай-ақ қатерлi кәсiптiк ауру (улану) жағдайлары туралы халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк органды хабардар етуге тиiс.
      5. Өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды тергеп-тексерудi ұйымдастыруға, ресiмдеуге және тiркеуге жұмыс берушi жауапты болады.
      Ескерту. 322-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2007.07.27 N 320 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      323-бап. Жұмыс берушiнiң өндiрiстегi жазатайым оқиға


                кезiндегi мiндеттерi

      1. Жұмыс берушi:


      1) зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетудi және қажет болған кезде, оны денсаулық сақтау ұйымына жеткiзудi ұйымдастыруға;
      2) авариялық жағдайдың өршуiнiң және жазатайым оқиғаның орын алуына себеп болған факторлардың басқа адамдарға әсер етуiн болғызбау жөнiндегi шұғыл шараларды қабылдауға;
      3) жазатайым оқиға болған жердегi ахуалды (жабдықтар мен тетiктердiң, еңбек құрал-жабдықтарының жай-күйiн), егер бұл басқа адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiрмесе, ал өндiрiстiк процестiң үзiлiссiз жұмысын бұзу аварияға әкеп соқпайтын болса, оқиға болған кездегi күйде сақтауға, сондай-ақ жазатайым оқиға болған жердi фотосуретке түсiруге;
      4) өндiрiстегi жазатайым оқиға жөнiнде зардап шеккен адамның жақын туыстарын дереу хабардар етуге және осы Кодексте, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға хабарлама жiберуге;
      5) өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру мен есепке алуды осы тарауға сәйкес қамтамасыз етуге;
      6) арнайы тергеп-тексеру жөнiндегi комиссия мүшелерiн өндiрiстегi жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру үшiн оқиға болған жерге кiргiзуге;
      7) өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды және кәсiптiк ауруларды тiркеудi, есепке алу мен талдауды жүзеге асыруға мiндеттi.
      2. Жұмыс берушi өндiрiстегi жазатайым оқиға туралы еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан бойынша:
      1) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның мемлекеттiк еңбек испекциясының аумақтық бөлiмшелерiне;
      2) қауiптi өнеркәсiп объектiлерiнде болған жазатайым оқиғалар кезiнде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi жергiлiктi органдарға;
      3) кәсiптiк ауру немесе улану жағдайлары жөнiнде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық бөлiмшесiне;
      4) қызметкерлер өкiлдерiне;
      5) қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыру шартын жасасқан сақтандыру ұйымына хабарлайды.
      Осы тарауға сәйкес арнайы тексерiлуге тиiс жазатайым оқиға болған кезде жұмыс берушi:
      1) жазатайым оқиға болған жердегi құқық қорғау органына;
      2) өндiрiстiк және ведомстволық бақылау мен қадағалаудың уәкiлеттi органдарына хабарлауға тиiс.
      3. Өндiрiстегi жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру кезiнде комиссияның талабы бойынша жұмыс берушi өз қаражаты есебiнен:
      1) техникалық есептеулердiң орындалуын, зертханалық зерттеулердiң, сынақтардың, басқа да сараптама жұмыстарының жүргiзiлуiн және осы мақсаттарда сарапшы мамандардың тартылуын;
      2) оқиға орнын және зақым келтiрiлген объектiлердi фотосуретке түсiрудi, жоспарлар, эскиздер, схемалар жасауды;
      3) көлiк, қызметтiк үй-жай, байланыс құралдарын, арнаулы киiм, арнаулы аяқ киiм және тексеру жүргiзу үшiн қажеттi басқа да жеке қорғау құралдарын берудi;
      4) мыналарды:
      жұмыс орнының жай-күйiн, қауiптi және (немесе) зиянды өндiрiстiк факторлардың бар-жоғын сипаттайтын құжаттарды (жоспарларды, эскиздердi, схемаларды, ал қажет болғанда оқиға орнында түсiрiлген фото- және бейнематериалдарды және т.с.с);
      нұсқау берулердi тiркеу журналдарынан және зардап шеккен адамдардың еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi бiлiмiн тексеру хаттамаларынан, жазатайым оқиға куәгерлерi мен лауазымды адамдардан жауап алынған хаттамалардан, зардап шеккен адамдардың түсiнiктемелерiнен, мамандардың сараптама қорытындыларынан үзiндi көшiрмелердi;
      зертханалық зерттеулер мен эксперименттердiң нәтижелерiн;
      зардап шеккен адамның денсаулығына келтiрiлген зақымданудың сипаты мен ауырлық дәрежесi немесе оның өлiмiнiң себебi туралы, алкогольдiк, есiрткiлiк немесе уыттық мас болу белгiсiнiң бары (жоғы) туралы медициналық қорытындыны;
      зардап шеккен адамға арнаулы киiм, арнаулы аяқ киiм және басқа да жеке қорғану құралдары берiлгенiн растайтын құжаттардың көшiрмелерiн;
      аталған өндiрiсте (объектiде) мемлекеттiк еңбек инспекторлары мен аумақтық мемлекеттiк қадағалау органының лауазымды адамдарының (егер жазатайым оқиға осы орган бақылайтын ұйымда немесе объектiде орын алса) бұрын берiлген нұсқамаларынан үзiндi көшiрмелердi, сондай-ақ қоғамдық еңбек инспекторларының анықталған еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi нормативтiк талаптарды бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаларынан үзiндi көшiрмелердi;
      комиссияның қалауына қарай iстiң қаралуына қатысы бар басқа да құжаттарды бередi.
       Ескерту. 323-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

      324-бап. Өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды


                тергеп-тексеру тәртiбi

      1. Арнайы тергеп-тексерiлуге тиiс жағдайларды қоспағанда, өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды тергеп-тексерудi жазатайым оқиға болған кезден бастап жұмыс берушiнiң актiсiмен жиырма төрт сағат iшiнде құрылатын, мынадай құрамдағы комиссия жүргiзедi:


      төраға - ұйымның (өндiрiстiк қызметтiң) басшысы немесе оның орынбасары;
      мүшелерi - ұйымның еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау қызметiнiң басшысы және қызметкерлердiң өкiлi.
      Жазатайым оқиға болған тиiстi учаскедегi еңбек қауiпсiздiгiне тiкелей жауап беретiн лауазымды адам тергеп-тексерудi жүргiзу кезiнде комиссия құрамына енгiзiлмейдi.
      2. Арнайы тергеп-тексеруге:
      1) ауыр немесе кiсi өлiмiмен аяқталған жазатайым оқиғалар;
      2) зардап шеккен адамдар жарақаттарының ауырлық дәрежесiне қарамастан, бiр мезгiлде екi және одан да көп қызметкерлер ұшыраған топтық жазатайым оқиғалар;
      3) қатерлi уланудың топтық оқиғалары жатады.
      3. Жұмыс берушiнiң - жеке тұлғаның өндiрiсiндегi жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруге жұмыс берушi немесе оның уәкiлеттi өкiлi, қызметкерлердiң өкiлi, жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруге шарт негiзiнде де шақырылуы мүмкiн еңбектi қорғау жөнiндегi маман қатысады.
      4. Қатерлi улану жағдайында комиссияның тергеп-тексеруiне халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк органның өкiлдерi қатысады.
      5. Комиссияның жұмысына жұмыс берушiмен немесе зардап шеккен адаммен тиiстi шарттық қатынастары бар сақтандыру ұйымының өкiлi қатысуға құқылы.
      6. Жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру мерзiмi комиссия құрылған күннен бастап он жұмыс күнiнен аспауға тиiс.
      7. Өндiрiстiк практикадан өтiп жүрген, жалпы бiлiм беретiн, кәсiптiк мектептерде және жоғары оқу орындарында оқитын адамдар ұшыраған жазатайым оқиғаны тергеп-тексерудi жұмыс берушiнiң және зардап шеккен адам өкiлiнiң қатысуымен өз аумағында оқиға болған ұйымның басшысы құратын комиссия жүргiзедi.
      8. Басқа ұйымның аумағында орналасып, жұмыс жүргiзiп жатқан ұйымның қызметкерi немесе өндiрiстiк тапсырманы (қызметтiк немесе шарттық мiндеттердi) орындау үшiн басқа ұйымға жiберiлген қызметкер ұшыраған жазатайым оқиғаны тергеп-тексерудi аумағында жазатайым оқиға болған ұйымның жауапты өкiлiнiң қатысуымен жұмыс берушiнiң өзi жүргiзедi.
      9. Қызметкер қоса атқаратын жұмысын орындау кезiнде ұшыраған жазатайым оқиғаны жұмыс өз аумағында немесе соның тапсырмасы бойынша жүргiзiлген жұмыс берушi тергеп-тексередi және есепке алады.
      10. Көлiк құралдарының авариясы салдарынан болған жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру жол полициясының тергеп-тексеру материалдары негiзiнде жүргiзiледi.
      Жол полициясы жазатайым, оқиғаларды тергеп-тексеру жөнiндегi комиссия төрағасының талабы бойынша көлiк оқиғасы болған күннен бастап бес күн мерзiмде тергеп-тексеру материалдарының көшiрмелерiн беруге мiндеттi.
      11. Әрбiр өндiрiстегi жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру кезiнде комиссия оқиға куәгерлерiн, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi талаптардың бұзылуына жол берген адамдарды анықтайды және олардан жауап алады, жұмыс берушiден қажеттi ақпарат және мүмкiн болса, зардап шеккен адамнан түсiнiктеме алады.
      12. Жұмыс берушiге уақтылы хабарланбаған немесе нәтижесiнде еңбекке қабiлетсiздiгi бiрден туындамаған (талап ету мерзiмiне қарамастан) жазатайым оқиғалар зардап шеккен адамның (оның өкiлiнiң) өтiнiшi бойынша немесе мемлекеттiк еңбек инспекторының нұсқамасы бойынша өтiнiш тiркелген, нұсқама алынған күннен бастап он күн iшiнде тергеп-тексерiледi.
      13. Жиналған құжаттар мен материалдар негiзiнде комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайлары мен себептерiн анықтайды, жазатайым оқиғаның жұмыс берушiнiң өндiрiстiк қызметiмен байланысын және тиiсiнше, зардап шеккен адамға оқиға орнында өзiнiң еңбек мiндеттерiн орындауына байланысты болуы түсiндiрiлгенiн анықтайды, жазатайым оқиғаны өндiрiстегi жазатайым оқиға ретiнде немесе өндiрiспен байланысты емес жазатайым оқиға ретiнде саралайды, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау талаптарының бұзылуына жол берген адамдарды анықтап, өндiрiстегi жазатайым оқиғалардың себептерiн жою және алдын алу жөнiндегi шараларды белгiлейдi.
      14. Режимдi объектiлердегi жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру жөнiндегi комиссияның жұмыс жағдайлары осы объектiлерге кiру, соларда болу ерекшелiктерi ескерiлiп айқындалады.
      15. Қызметкердiң (қызметкерлердiң) еңбекке қабiлеттiлiгiн жоғалтуына әкеп соққан өндiрiспен байланысты әрбiр жазатайым оқиға медициналық қорытындыға (ұсынымға) сәйкес еңбек жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша жазатайым оқиға туралы актiмен қажеттi данасы жасалып (әрбiр зардап шеккен адамға жеке-жеке) ресiмделедi.
      Денсаулық сақтау ұйымы белгiленген тәртiппен растаған улану жағдайлары да еңбекке қабiлеттiлiктiң жоғалғанына немесе жоғалмағанына қарамастан, жазатайым оқиға туралы актiмен ресiмделедi.

      325-бап. Өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды арнайы


                тергеп-тексеру ерекшелiктерi

      1. Жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексерудi мемлекеттiк еңбек инспекциясы органының аумақтық бөлiмшесi құрған комиссия мына құрамда жүргiзедi:


      төраға - мемлекеттiк еңбек инспекторы;
      мүшелерi - жұмыс берушi және қызметкерлердiң өкiлi.
      2. Екi адам қайтыс болған топтық жазатайым оқиғаларды тергеп-тексерудi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бас мемлекеттiк еңбек инспекторы басқаратын комиссия жүргiзедi.
      3. Қауiптi өнеркәсiп объектiлерiнде болған жазатайым оқиғалар кезiнде комиссия құрамына төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi мемлекеттiк инспектор кiредi.
      Техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде болған жазатайым оқиғалар кезiнде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi мемлекеттiк инспектор арнайы тергеп-тексеру жөнiндегi комиссияның төрағасы болып тағайындалады. Бұл жағдайда мемлекеттiк еңбек инспекторы комиссия мүшесi болып табылады.
      4. Қайтыс болған адамдар саны үш адамнан бес адамға дейiн болса, топтық жазатайым оқиғаларды тергеп-тексерудi еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган, ал бес және одан да көп адам қайтыс болғанда - Қазақстан Республикасының Үкiметi құрған комиссия жүргiзедi.
      5. Сараптамалық қорытындыны талап ететiн мәселелердi шешу үшiн арнайы тергеп-тексеру жөнiндегi комиссияның төрағасы ұйымдардың мамандары, ғалымдар және бақылау-қадағалау органдары қатарынан сараптамалық кiшi комиссиялар құруға құқылы.
      6. Ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе кiсi өлiмiмен аяқталған жазатайым оқиғаны, қызметкерлердiң топтық жазатайым оқиғасын және топтық қатерлi улану жағдайын тергеп-тексеру еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысандағы арнайы тергеп-тексеру актiсiмен ресiмделедi.
      7. Арнайы тергеп-тексеру жөнiндегi комиссия төрағасының келiсiмiнсiз куәлерден, куәгерлерден жауап алуды, сондай-ақ ресми тағайындалған комиссияның жұмыс күндерiнде кез келген бiреудiң немесе өзге де комиссияның осы жазатайым оқиғаға қатысты қатар тергеп-тексерулер жүргiзуiне үзiлдi-кесiлдi тыйым салынады.
      8. Ұйым объектiлерiндегi жарылыстың, аварияның, қираудың және басқа да жағдайлардың нәтижесiнде зардап шеккен адамды (зардап шеккен адамдарды), жоғалған адамды (жоғалған адамдарды) iздеудiң тоқтатылуын арнайы тергеп-тексеру жөнiндегi комиссия авариялық-құтқару бөлiмшесi басшысының және сарапшы мамандардың қорытындысы негiзiнде айқындайды.

      326-бап. Өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру


                материалдарын ресiмдеу және оларды есепке алу

      1. Жазатайым оқиға туралы акт толтырылып, оған еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау қызметiнiң және ұйым бөлiмшесiнiң басшылары, сондай-ақ ұйым қызметкерлерiнiң өкiлдерi қол қояды және оны жұмыс берушi бекiтiп, ұйымның мөрiмен расталады.


      2. Улану жағдайларында жазатайым оқиға туралы актiге халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк органның өкiлi де қол қояды.
      Егер жұмыс берушi жеке тұлға болса, жазатайым оқиға туралы акт толтырылып, оған жұмыс берушi қол қояды және нотариалды түрде расталады.
      3. Акт тергеп-тексеру материалдарына сәйкес ресiмделуге тиiс.
      Егер өндiрiстегi жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру кезiнде комиссия зиянның туындауына немесе ұлғаюына өрескел абайсыздық себеп болғанын анықтаса, онда комиссия тараптардың аралас жауапкершiлiгiн қолданып, қызметкер мен жұмыс берушiнiң кiнәсiн процентпен айқындайды.
      Егер жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру жөнiндегi комиссияның бiр мүшесi комиссияның (көпшiлiктiң) қорытындысымен келiспейтiн болса, ол өзiнiң дәлелдi пiкiрiн тергеп-тексеру материалына қосу үшiн жазбаша түрде ұсынады. Ол арнайы тергеп-тексеру актiсiне "ерекше пiкiрге қара" деген сiлтеме жаза отырып, қол қояды.
      4. Әрбiр жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру аяқталғаннан кейiн жұмыс берушi үш күннен кешiктiрмей зардап шеккен адамға немесе оның сенiмдi адамына жазатайым оқиға туралы актiнi беруге мiндеттi, актiнiң бiр данасы жұмыс берушiмен тиiстi шарттық қатынастары бар сақтандыру ұйымына, ал екiншiсi - мемлекеттiк еңбек инспекциясына жiберiледi.
      Улану жағдайында актiнiң көшiрмесi халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк органға да жiберiледi.
      5. Тергеп-тексеру нәтижесiмен келiспеген немесе жазатайым оқиға туралы акт уақтылы ресiмделмеген жағдайда, зардап шеккен адам немесе оның сенiм бiлдiрген адамы, ұйым қызметкерлерiнiң өкiлi жұмыс берушiге жазбаша түрде жүгiнуге құқылы, жұмыс берушi олардың өтiнiшiн он күн iшiнде қарап, тиiстi шешiм қабылдауға мiндеттi.
      6. Тергеп-тексеру барысында жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру, ресiмдеу және тiркеу мәселелерi бойынша жұмыс берушiнiң, қызметкердiң және мемлекеттiк еңбек инспекторының не қауiптi өнеркәсiп объектiлерiнде болған оқиғалар кезiнде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi мемлекеттiк инспектордың арасында туындаған келiспеушiлiктердi тиiстi жоғары тұрған бас мемлекеттiк еңбек инспекторы бағыныштылық тәртiппен қарайды және (немесе) сот тәртiбiмен қаралады.
      Жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру мәселелерi бойынша жоғары тұрған бас мемлекеттiк еңбек инспекторының шешiмi еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысанда қорытынды түрiнде ресiмделедi.
      7. Жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру актiсi материалдарының көшiрмелерiн жұмыс берушi мемлекеттiк бақылау органдарына жiбередi. Оның үстiне, жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру аяқталғаннан кейiн мемлекеттiк еңбек инспекторы арнайы тергеп-тексеру актiсi материалдары көшiрмелерiнiң бiр данасын жетi күн iшiнде жергiлiктi iшкi iстер органына жiбередi, ол заңнамаға сәйкес тиiстi шешiм қабылдап, қабылданған шешiм туралы жиырма күннен кешiктiрмей хабарлайды.
      8. Актiмен ресiмделген әрбiр жазатайым оқиға өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды және денсаулыққа келтiрiлген өзге де зақымдануларды тiркеу журналына жазылады. Журнал еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан бойынша жүргiзiледi. Еңбекке уақытша жарамсыздық және жарақаттану туралы алғашқы статистикалық деректер мемлекеттiк статистика саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен статистикалық әдiснамаға сәйкес берiледi.
      9. Алынып тасталды - ҚР 2010.03.19 № 258-IV Заңымен.
      10. Жұмыс берушi немесе оның өкiлi уақыт өте келе ауыр зардаптарға немесе кiсi өлiмiне әкеп соққан жазатайым оқиғалар санатына ауысқан өндiрiстегi жазатайым оқиғалар туралы тиiстi мемлекеттiк еңбек инспекциясына, ал сақтандыру жағдайлары туралы - сақтандырушының атқарушы органына (сақтанушы тiркелген жердегi) хабарлайды.
      11. Жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру материалдары ұйымда қырық бес жыл бойы сақталуға тиiс, ұйым таратылған жағдайда жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру материалдары мiндеттi түрде сол ұйым жұмыс iстеген жердегi мемлекеттiк мұрағатқа тапсырылуға тиiс.
      12. Өндiрiстегi жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру материалдарында тергеп-тексеру актiсiмен қатар:
      1) зардап шеккен адамның еңбектi қорғау жөнiнде оқығаны және нұсқама алғаны, сондай-ақ алдын ала және мерзiмдiк медициналық тексерулерден өткенi туралы мәлiметтер;
      2) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан бойынша жауап алу хаттамалары және оқиға куәгерлерiнiң, сондай-ақ еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау талаптарының сақталуына жауапты лауазымды адамдардың түсiнiктемелерi;
      3) оқиға болған жердiң жоспарлары, схемалары мен фотосуреттерi;
      4) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау талаптарын регламенттейтiн нұсқаулықтардан, ережелерден, бұйрықтардан және басқа да актiлерден үзiндi көшiрмелер, өндiрiстегi салауатты және қауiпсiз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге жауапты лауазымды адамдардың мiндеттерi және басқалар;
      5) зардап шеккен адамның денсаулығына келтiрiлген зақымның сипаты мен ауырлығы (өлiмге әкеп соққан себеп) туралы медициналық қорытынды;
      6) зертханалық және басқа зерттеулердiң, эксперименттердiң, сараптамалардың, талдаулардың нәтижелерi және тағы сол сияқтылар;
      7) бас мемлекеттiк еңбек инспекторының қорытындысы (егер бар болса);
      8) жұмыс берушiге келтiрiлген материалдық залал туралы мәлiметтер;
      9) жұмыс берушiнiң зардап шеккен адамға (отбасы мүшелерiне) оның денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу және жол берiлген оқиғаға кiнәлi лауазымды адамдарды жауапкершiлiкке тарту туралы бұйрығы;
      10) қоса берiлетiн құжаттардың тiзбесi болуға тиiс.
      13. Зардап шеккен адам немесе қызметкерлердiң өкiлi жазатайым оқиғаны тергеп-тексерудiң бүкiл материалдарымен танысуға және қажеттi үзiндi көшiрмелер жасауға құқылы.
      Ескерту. 326-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.03.19 № 258-IV Заңымен.

      327-бап. Жазатайым оқиғалардың дұрыс, уақтылы


жүктеу 0,8 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау