3. Пайдаланылмаған жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын не
оның бір бөлігін
қатарынан екі жыл бойы бермеуге тыйым салынады.
95-бап. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысынан кері
шақыртып алу
1. Жұмыс беруші өндірістік қажеттілік жағдайында жыл сайынғы ақы төленетін еңбек
демалысын жұмыскердің жазбаша келісімімен ғана үзуі мүмкін.
2. Кері шақыртып алуға байланысты жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының
пайдаланылмаған бөлігі еңбек шарты тараптарының келісімі бойынша ағымдағы жұмыс жылы ішінде
немесе келесі жұмыс жылында кез келген уақытта беріледі не келесі жұмыс жылының жыл сайынғы ақы
төленетін еңбек демалысына қосылады.
3. Жұмыскерді жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысынан кері шақыртып алған кезде
демалыстың пайдаланылмаған бөлігін басқа уақытта берудің орнына, жұмыскер мен жұмыс берушінің
арасындағы келісім бойынша жұмыскерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының
пайдаланылмаған бөлігінің күндері үшін өтемақы төлемі жүргізіледі.
4. Он сегіз жасқа толмаған жұмыскерді, жүкті әйелдерді және ауыр жұмыстарда, еңбек
жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлерді жыл сайынғы ақы
төленетін еңбек демалысынан кері шақыртып алуға жол берілмейді.
96-бап. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы құқығын
іске асыру және еңбек шарты тоқтатылған кезде
өтемақы төлеу
1. Еңбек шарты мерзімінің өтуіне байланысты оны кейіннен тоқтатумен жыл сайынғы ақы
төленетін еңбек демалысы, демалыс уақыты еңбек шарты мерзімінің шегінен толық немесе ішінара
шыққан жағдайда берілуі мүмкін. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының соңғы күні еңбек
шарты мерзімінің өтуіне байланысты оны тоқтату күні болып есептеледі.
2. Еңбек шарты тоқтатылған кезде жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын (жыл сайынғы
еңбек демалыстарын) пайдаланбаған немесе толық пайдаланбаған жұмыскерге жыл сайынғы ақы
төленетін еңбек демалысының (жыл сайынғы еңбек демалыстарының) пайдаланылмаған күндері үшін
өтемақы төлемі жүргізіледі.
97-бап. Жалақы сақталмайтын демалыс
1. Еңбек шарты тараптарының келісімі бойынша жұмыскердің өтініші негізінде оған жалақы
сақталмайтын демалыс берілуі мүмкін.
2. Жалақы сақталмайтын демалыстың ұзақтығы жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы
келісім бойынша айқындалады.
3. Жұмыс беруші:
1) неке тіркелгенде;
2) бала туылғанда;
3) жақын туыстары қайтыс болғанда;
4) еңбек, ұжымдық шарттарда көзделген өзге де жағдайларда жұмыскердің хабарламасы
негізінде күнтізбелік бес күнге дейін жалақы сақталмайтын демалыс беруге міндетті.
98-бап. Оқу демалысы
1. Білім беру ұйымдарында оқып жүрген жұмыскерлерге сынақтар мен емтихандарға дайындалу
және оларды тапсыру, зертханалық жұмыстарды орындау, дипломдық жұмысты (жобаны) дайындау және
қорғау, әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламаларынан өту үшін оқу демалыстары беріледі.
2. Оқу демалысына ақы төлеу келісімдерде, ұжымдық, еңбек шарттарында, оқу шартында
айқындалады.
3. Жұмыс беруші «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде шетелге оқуға, тағылымдамаға
жіберілген жұмыскерлерге жұмыс орнын (лауазымын) сақтай отырып, оқу демалыстарын береді.
99-бап. Жүктілікке және бала (балаларды) тууға, жаңа туған
баланы (балаларды) асырап алуға байланысты
демалыстар
1. Жүкті әйелдерге, бала (балаларды) туған әйелдерге, жаңа туған баланы (балаларды)
асырап алған әйелдерге (еркектерге) баланың туылуына байланысты мынадай демалыстар беріледі:
1) жүктілікке және босануға байланысты демалыс;
2) жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған жұмыскерлерге демалыс;
3) бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс.
2. Жүкті әйел жүктілікке және босануға байланысты демалысқа құқық беретін еңбекке уақытша
қабілетсіздік парағында көрсетілген күннен бастап демалысты оның аталған түріне құқықты
растайтын еңбекке уақытша қабілетсіздік парағын ұсыну арқылы ресімдейді. Егер Қазақстан
Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, ұзақтығы босануға дейін күнтізбелік жетпіс күнге
және босанғаннан кейін күнтізбелік елу алты (қиын босанған немесе екі немесе одан көп бала
туған жағдайда – жетпіс) күнге жүктілікке және босануға байланысты демалыс беріледі.
Демалыстарды есептеу жиынтықтап жүргізіледі және демалыс әйелге босанғанға дейін нақты
пайдаланған күндерінің санына және жұмыс берушідегі жұмысының ұзақтығына қарамастан, толық
беріледі.
3. Жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған жұмыскерлерге (ата-ананың біреуіне) баланы
асырап алған күннен бастап және бала туған күннен бастап елу алты күн өткенге дейінгі кезеңге
демалыс беріледі.
4. Егер еңбек және (немесе) ұжымдық шарт талаптарында, жұмыс берушінің актісінде көзделсе
, жұмыс беруші орташа жалақыны сақтай отырып, Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік
сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылған, жүктілікке және босануға, жаңа туған
баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік
төлем сомасын шегеріп, жүктілікке және босануға байланысты демалысқа, жаңа туған баланы (
балаларды) асырап алған жұмыскерлерге берілетін демалысқа ақы төлейді.
100-бап. Бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне
байланысты жалақы сақталмайтын демалыс
1. Жұмыс беруші жұмыскерге:
1) ата-анасының таңдауы бойынша – баланың анасына не әкесіне;
2) баланы жалғыз тәрбиелеп отырған ата-анаға;
3) ата-ананың қамқорлығынсыз қалған баланы іс жүзінде тәрбиелеп отырған басқа туысына не
қамқоршысына;
4) жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған жұмыскерге бала үш жасқа толғанға дейін
оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс беруге міндетті.
2. Бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс
жұмыскердің жазбаша өтініші негізінде оның ұзақтығы көрсетіле отырып және баланың туу туралы
куәлігі немесе баланың туу фактісін растайтын басқа құжат ұсыныла отырып беріледі.
Жұмыскер бала күтіміне байланысты демалысты бала үш жасқа толғанға дейін толық немесе
бөліп пайдалана алады.