Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылы бойынша жиынтық ақпарат


Оқушылар және жастар арасында темекі тарту денгейін тамендетуге арналған іс-шаралар кешенін жүргізу



жүктеу 2,83 Mb.
бет2/15
Дата20.01.2018
өлшемі2,83 Mb.
#7700
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

5.1.1.22. Оқушылар және жастар арасында темекі тарту денгейін тамендетуге арналған іс-шаралар кешенін жүргізу

1-30 мамыр аралығында республиканың өңірлерінде 31 мамыр - Дүниежүзілік темекісіз күнге орай темекі тартуды шектеу және профилактикалау бойынша айлық өткізілді. Айлықтың шеңберінде 1951006 адам қатысты, оның ішінде: мектеп оқушылары – 1298232, студенттер – 99638. 411 970 іс-шара өткізілді, темекі тартуды профилактикалау бойынша ақпараттық-білім беру материалының 20 түрі тираждалып, таратылды – 103 705 дана.

Айлықтың шеңберінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы тұрақты өкілінің қатысуымен баспасөз-конференциясы өткізілді, Дүниежүзілік темекіге қарсы күрес күнінің шеңберінде бокс бойынша әлем чемпионы Е. Ыбраимовтың қатысуымен пікірталас өткізілді.

Темекі тұтынуды профилактикалау бойынша бейне- және дыбысроликтері әзірленді, телеарналардың эфиріне шығумен телебағдарламалар дайындалды.

Республика бойынша темекі тартуды профилактикалау мәселелері бойынша ақпараттық-білім беру материалдары тираждалды – 1131529 дана.

Республикалық телеарналарда және радиостанцияларда бейне- және дыбыс роликтерінің прокаты жүзеге асырылды. Темекі тартуды профилактикалау бойынша бейнероликтерді прокаттаудың жалпы саны (бейне-кальян) – 60 шығу, дыбысроликтері – 80 шығу.

Алматы және Астана қалаларының әуежайларында бейнероликтерді прокаттау жүзеге асырылды – 38820 шығу (10 бейнеролик): Астана қаласының әуежайында цилиндрлық мониторда бейнероликтерді прокаттау – 20820 шығу (10 бейнеролик); - Алматы қаласының әуежайында халықаралық және жергілікті ұшу залдарындағы мониториларда бейнероликтерді прокаттау – 18 000 шығу (10 бейнеролик)

Ғаламторда бейнероликтерді www.youtube.com орналастыру арқылы саламатты өмір салтын насихаттау белсенді күшейтілуде.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.
5.1.1.23. Белсенді өмір салтын жүргізуге, бұқаралық спортқа, дене тәрбиесіне тұрғындарды уәждеу және ақпараттануын арттыру, тұрғындар арасында СӨСҚ негіздерін насихаттауды жетілдіру

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігімен 2012 жылы 18,9 мың спорттық-бұқаралық іс-шара өткізілді, оның ішінде аулдық жерлерде 12,6 мың. Осы іс-шараларға 3 млн. астам адам қатысты.

Республикада 1743 спорт клубы қызмет етеді, оның ішінде 89 дене шынықтыру даярлығының балалар-жасөспірімдер клубы, 537 балалар-жасөспірімдер клубы, 968 дене шынықтыру-сауықтыру клубы және спорт түрлері бойынша 132 кәсіби клубы, оларда 373 мың 617 адам спортпен айналысады.

Ағымдағы жылдың 20 сәуірінен бастап 20 мамырға дейін республикалық президенттік тесттер өткізілді, оларға 2 381 497 адам қатысты, оның ішінде 1 219 526 ауыл тұрғыны.

Тестілердің президенттік деңгейін 5-ші сынып оқушылары (7309) сәтті тапсырды, ауылдық жерде – 709, 9-шы сынып оқушылары – 8835, ауылдық жерде – 1 148, 11-ші сынып оқушылары – 7 145, ауылдық жерде – 1 024 және 18-23 жас аралығындағы жастар арасында 44 470 адам, ауылдық жерде 2 758 адам.

Тұрғындардың негізгі саны Ұлттық даярлық деңгейіне қатысты, олардың ішінде өте жақсы көрсеткіштер – 67 070 адам, жақсы көрсеткіштер – 130 177 адам, орташадан жоғары – 187 222 адам, орташа – 260 484 адам, орташадан төмен – 155 513, қанағаттанарлық – 106 153, қанағаттанарлықтан төмен – 85 122 адам көрсетті.

Облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің деректері бойынша «Президенттік миля» тестілерін тапсыру жолымен 24-тен бастап және одан жасы үлкендер арасында халықтың дене шынықтыру даярлығына жыл сайынғы тестілеу өткізілді. Осылайша, жүгіруге қатысқандардың саны 951 486 адамды құрады. Алматы (211969 адам) және Қостанай (155504 адам) облыстары қатысушыларды анағұрлым толық қамтуды қамтамасыз етті.

Агенттік Ұлттық олимпиялық комитетімен бірлесіп барлық обылстарда және Астана, Алматы қалаларында 19 мамырда «Жүгірудің олмипиялық күнін» өткізді, оған 306 521 адам қатысты. Осы іс-шара бойынша бейнеролик даярланды, ол 16-19 мамыр аралығында «Қазақстан» телеарнасында көрсетілді. Ағымдағы жылдың 8 шілдесінде Қазақстан Республикасының Ел ордасы күніне орай Астана қаласының «Қазанат» ипподромында ат спортының ұлттық түрлері бойынша «Еуразия кубогы» сайыстары өткізілді, оған 11 облыстың және Астана, Алматы қалаларының 118 ат ойыншысы қатысты.

Бұқаралық спортпен шұғылдануды насихаттау және нашақорлықтың, маскүнемдіктің және темекі шегудің алдын-алу мақсатында 2012 жылғы 27 қарашадан бастап 18 желтоқсанға дейін «Рахат-ТВ» ЖШС телеарнасында жетекші спортшылардың және қоғамдық қайраткерлердің қатысуымен тікелей эфирде таңғы гимнастика өктізілді.

Спортты және саламатты өмір салтын насихаттау бойынша 5 бейнеролик әзірленіп, «Қазақстан», «Астана», «31 арна», «СТВ» телеарналарында көрсетілді (қараша-желтоқсан).

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.
5.1.1.24. Жастар денсаулық сақтау орталықтарын ашу, оқу орындарына және мектепке дейінгі балалар ұйымдарында «Саламатты мектептер», «Саламатты университеттер» білім беру бағдарламаларын енгізу

2013 жылғы 1 қаңтардағы ахуал бойынша республикада барлығы 3 587 денсаулық мектебі, 54 ЖДО қызмет істейді.

Жастар денсаулық сақтауының 54 орталығы 196 544 адамды қамтыды, 47%-ын ер адамдар, 53%-ын әйелдер құрайды.

Қазақстан Республикасында ДДҰ-ның «Саламатты мектептер» жобасын енгізу жалғасуда, 7465 жалпы білім беру мектебінің арасында жобаға 755 мектеп қатысады, «Саламатты университеттер» жобасына 57 жоғары білім беру мекемесі қатысады.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.
5.1.1.25. «Денсаулық фестивалі», медицина қызметкерлерінің спартакиадасын, «Темекіні таста да ұтып ал» халықаралық және респу6ликалық конкурстар, Ұлттық ойындар күнін өткізу

14 мамырдан бастап 18 маусымға дейін Медицина қызметкері күнін тойлау шеңберінде медицина қызметкерлерінің республикалық спартакиадасы және Қазақстан халқының ұлттық ойындарының спартакиадасы өтті.

Ұлтты сауықтыру мақсатында 2012 жылғы 8 қыркүйекте «Денсаулық фестивалі – 2012» кең ауқымды акция ұйымдастырылып, өткізілді. Жалпы республика бойынша 1 414 991 адам қатысты.

2012 жылғы 3 – 8 қыркүйек күндері республиканың барлық мектептері оқушыларының арасында «Денсаулық апталығы» өтті, онда жалпы 678 743 адам қатысты.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.
5.1.1.27. Кәмелетке толмағандар істері жөніңдегі инспекторларды балалар мен жасөспірімдер арасында наркологиялық бейін бойынша қауіп топтарын ерте анықтау технологияларына оқыту 

2012 жылы кәмелетке толмағандар ісі бойынша инспекторлар үшін «Балалар мен жасөспірімдер арасында наркологиялық бейін бойынша қауіпті топтарды анықтау технологияларына оқыту» Қазақстан Республикасының қалаларында: Павлодар – 2 семинар, Қостанай – 2 семинар, Тараз – 3, Ақтөбе – 2, Ақтау – 2 семинар өткізілді. Барлығы 450 курсант оқытылды.

Осы тармақ бойынша 2012 жылғы шығын 3476,5 мың теңгені құрады.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.



5.1.1.28. Мектеп оқушылары арасындағы нашақорлық саласында нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру

Осы тармақты орындау шеңберінде мынадай жұмыс жасалды:

1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің келісімі бойынша «Балалар алкоголизмі мен нашақорлығы профилактикасының арнайы әдістері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011 жылғы 9 маусымдағы №376 бұйрығы әзірленіп, жарияланды;

2) «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлерін есірткіге тәуелділік мәселелері бойынша оқыту үшін білім беру бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011жылғы 31 қазандағы № 755 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің (бұдан әрі – ҚР ІІМ) 2011жылғы 28 қазандағы №568 бірлескен бұйрығы бекітілді.

2012 жылы Министрлік Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірігіп «Орта білім беру жүйесінде есірткіге алғашқы тәуелділікті профилактикалау жүйесін жетілдіру туралы» бұйрық жобасын әзірледі. Қазіргі уақытта бұйрық жобасы Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен келісу үстінде.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.


5.1.1.29. ІІМ қызметкерлерін (полиция, учаскелік инспекторлар) мас болу күйін анықтау дағдыларына, алкогольді (есірткі, уыттану) жағдайындағы тұлғаларға қатысты қабылданған шараларға сараланған тәсілдерге оқыту

«Мастық күйін анықтау дағдыларына, алкогольді (есірткі, уыттану) жағдайындағы тұлғаларға қатысты қабылданған шараларға сараланған тәсілдер» 3 күндік оқыту семинарының бағдарламасы әзірленді.

Барлығы 2012 жылы 490 полиция қызметкері және участкелік инспекторлар оқытылды:

• 2012 жылғы сәуір және шілде айларында үш 3 күндік оқыту семинары Павлодар қаласында өткізілді, 135 курсант оқытылды;

• 2012 жылғы мамыр және тамыз айларында үш 3 күндік оқыту семинары Қостанай қаласында өткізілді, 105 курсант оқытылды;

•2012 жылғы шілде және желтоқсан айларында үш 3 күндік оқыту семинары Тараз қаласында өткізілді, 100 курсант оқытылды;

• 2012 жылғы қыркүйек айында екі 3 күндік оқыту семинары Ақтау қаласында өткізілді, 90 курсант оқытылды;

• 2012 жылғы қазан айында екі 3 күндік оқыту семинары Ақтөбе қаласында өткізілді, 60 курсант оқытылды.

Барлығы 2012 жылғы шығын 3504,0 мың теңге соманы құрады.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.



5.1.2.32. Халықтың дұрыс тамақтану дағдыларын және тамақ өнімдері қауіпсіздігін қалыптастыру

Халықтың дұрыс тамақтану дағдыларын және тамақ өнімдері қауіпсіздігін қалыптастыру мақсатында 2012 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі және «Дұрыс тамақтану ұлттық орталығы» ҚБ арасында жалпы сомасы 204 900,0 мың теңгеге мемлекеттік сатып алулар туралы 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 271 шарт жасалды.

Осы іс-шараны жүзеге асыру мақсатында мынадай жұмыс жасалды:

1) 2012 жылғы 29-30 мамырда халықтың әртүрлі топтарының тамақтануының өзекті мәселелеріне, республикадағы балалар үйлері балаларының тамақтану ерекшеліктеріне, 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мәселелері бойынша халықпен жұмысты ұйымдастыруға және оңтайландыруға арналған Миннесота (АҚШ) университеті ғалымдарының, жетім балалардың халықаралық қорының өкілдерінің, Ресейдің ерікті ғалымдарының, республиканың балалар үйлерінің бас дәрігерлерінің, дәрігер-диетологтардың, диета-мейіргерлердің және басқа да медицина және ғылыми-зерттеу мекемелері өкілдерінің қатысуымен «Қазіргі заманғы кезеңдегі тамақтанудың өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми конференция ұйымдастырылып, өткізілді;

2) республиканың өнеркәсіптік кәсіпорындарына балалар тағамы өнімдерін, қант диабетімен және жүрек-қан тамыры ауруларымен ауыратын науқастарға тағам өнімдерін өнеркәсіптік шығару бойынша стандарттарды әзірлеуде консультативтік көмек көрсетілді;

3) өнеркәсіптің қайта өңдеу салалары үшін «Балалар тамағына, қант диабетімен және жүрек-қан тамыры ауруларымен ауыратын науқастарға арналған функционалдық өнімдер» деген әдістемелік ұсынымдар әзірленді, шығарылды және таратылды.

4) «Семірудің және қант диабетінің алдын алу», «Тамақ факторымен байланысты инфекциялық аурулар», «Денсаулық және қауіпсіз тамақтану дегеніміз не», «Біздің тамағымыздағы витаминдер мен микроэлементтердің рөлі», «Жасырын аштық деген не және одан қалай сақтануға болады» деген тақырыптарда жалпы білім беретін мектептердегі кіші мектеп оқушыларын интерактивті оқытудың тақырыптық компьютерлік бағдарламалары әзірленді, шығарылды және республиканың облыстары және Астана мен Алматы қалаларының білім басқармаларына таратылды;

5) С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ нутрициология кафедрасының базасында әртүрлі мамандықтағы дәрігерлер үшін дұрыс тамақтану мәселелері жөнінде үлгілік және жұмысшы оқу бағдарламалары, бірнеше тақырыптар бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде жоспарлар мен оқу құралдары әзірленді;

6) МСАК, СӨС орталықтары қызметкерлері, барлық облыстар, Астана мен Алматы қалаларындағы санэпидқызмет мамандары үшін 849 адамды қамтумен дұрыс тамақтану және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі проблемалары бойынша оқыту семинарлары өткізілді;

7) Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында 6-9 айлық балалардың және ұрпақты болу жасындағы әйелдердің йодпен, темірмен, фолий қышқылымен және А витаминімен қамтамасыз етілуіне биологиялық мониторинг жүргізілді;

8) Мектепте тамақтану жағдайын бағалау, қалалық және ауылдық елді мекендердегі жалпы білім беретін мектептерде оқушылардың тамақтану мәртебесін зерттеу нәтижелері бойынша республика халқының әртүрлі топтары үшін Энергияға және тағамдық заттарға физиологиялық қажеттіліктер нормалары әзірленді және бекітілді.

Балаларды А витаминімен сапплементациялау әдістемесі енгізілді. Ақмола және Қостанай облыстарының пилоттық аудандарында тұратын 6-9 айдағы 27 500 балаға А витаминімен сапплементация жүргізілді;

9) дәрігерлер мен орта медицина персоналы үшін А витамині тапшылығының алдын алу бойынша нұсқау әзірленді және жұмыста пайдаланылды, ол қазір ЮНИСЕФ желісі бойынша техникалық көмек шеңберінде басылымда жатыр;

10) 6-9 айдағы балаларда А витаминімен сапплементациялау жүргізу бойынша 120 медицина қызметкеріне оқыту семинары жүргізілді;

11) республиканың барлық өңірлерінде тұратын ұрпақты болу жасындағы 4361 әйелге олардың емшекпен тамақтандыру жөніндегі ақпараттандырылуын, білімі мен дағдыларын, сондай-ақ олардың тамақтану жағдайларын анықтау бойынша сауалнама жүргізілді. Дәрігерлер, орта медицина персоналына арналған қазақ және орыс тілдерінде емшекпен тамақтандыру, сондай-ақ «Балаға мейірімді қарым-қатынас ауруханасы» (бұдан әрі – БМҚА) халықаралық критерийлеріне ауруханалардың сәйкестігін бағалау жөніндегі құралдың 3 түрі әзірленді, басып шығарылды және облыстық және қалалық денсаулық сақтау басқармаларына таратылды. Алматы қаласы № 1,2 перзентханаларды БМҚА сәйкестігіне қайта сертификаттау жүргізілді.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.



5.1.2.33. Дұрыс тамақтану мәселелері бойынша ақпараттық-насихаттау науқанын жүргізу

Көрсетілген іс-шараларды орындау үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен «Профилактикалық медицина академиясы» АҚ арасында дұрыс тамақтану мәселелері бойынша ақпараттық-насихаттау компаниясын жүргізу жөнінде 58 995,0 мың теңге сомасына 2012 жылғы 13 сәуірде № 272 мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалды.

Барлығы республика бойынша 48 акция өткізілді, оның ішінде «Дұрыс тамақтану – қазіргі заманғы өмірдің стилі» деген 16 жалпы республикалық акция барлық облыс орталықтарында, 32 қалалық акция жазғы демалыс кезінде жазғы сауықтыру лагерлерінде мектеп оқушыларымен өткізілді. Барлығы акциялармен 72 788 адам қамтылды, оның ішінде балалардың мектепке дейінгі мекемелерінің ұйымдасқан ұжымдарының балалары, студенттер мен басқа да халықтың топтары.

Тұрғындардың дұрыс тамақтану және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі мәселелері бойынша ақпараттандырылуын арттыру мақсатында конференциялар мен семинарларда (5), дөңгелек үстелдерде (13) баяндамалар оқылған 82 әртүрлі коммуникациялық іс-шаралар өткізілді, викториналар (8), конкурстар (9), БМДМ-де кештер (6) ұйымдастырылды, халықтың әртүрлі топтарымен әңгімелесулер мен кездесулер (24), мастер-кластар (5) өткізілді және 12 іс-шарада тегін негізде консультациялық көмек көрсетілді. Жалпы 16340 адам қамтылды. Білім беру ұйымдары мен медициналық мекеме қызметкерлері, қарт адамдар, оқушылар мен студенттер, жалпы 8164 тыңдаушы саны қамтылған жекелеген ұжымдар үшін 220 дәріс оқылды.

МСАК медицина қызметкерлері үшін халықтың әртүрлі топтарын дұрыс әрі тиімді тамақтану негіздеріне оқыту, халықпен инфекциялық емес аурулардың алдын алу бойынша жұмыс бойынша 168 семинар тренингтер мен балалардың мектепке дейінгі мекемелері, орта мектеп мен оқу орындарының тәрбиеленушілері арасында семинарлар өткізілді, 7186 адам қамтылды.

Республикалық ғылыми-практикалық журналдарда тезистер шығарылды, оның ішінде 172 моно және қосалқы авторлармен жұмыстар шығарылды. БАҚ-та екі тілде 187 сөз сөйленді, оның ішінде 161-і – республикалық, өңірлік телеарналар бойынша және 26 әңгімелесу әртүрлі деңгейдегі радиода. Қызметкерлердің республикалық және облыстық, басқа да жергілікті теле және радиоарналарда сөз сөйлеуі дұрыс тамақтану, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі, алиментарлы аурулардың алдын алу, тамақ өнімдерінің жекелеген топтарының пайдалы қасиеттері, жасты, жұмыс сипатын, өмір сүру үлгісін есепке ала отырып әртүрлі топтың тамақтану ерекшеліктері, тамақтану дағдыларын өзгерту мәселелері бойынша халықтың көптеген бөлігін қамтуға мүмкіндік берді.

160 мың дана көлемінде 18 коммуникациялық материал әзірленді және басып шығарылды (жүкті әйелдерге арналған кітапша, МСАК мекемелері үшін плакат, ер адамдарға, мектеп оқушылары мен олардың ата-аналарына, мектепке дейінгі балаларға арналған плакат, бояуға арналған суреттер, парақша-кестелер, ата-аналар мен мұғалімдерге, аналарға арналған парақшалар, тұрғындарға арналған жаднамалар, халықтың әртүрлі топтарына арналған буклеттер, оқушыларға арналған күнтізбе).

Дұрыс тамақтану және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі бойынша қазақ және орыс тілдерінде роликтер түсірілді, олар телеарнада 2012 жылғы 18 қыркүйектен бастап 21 желтоқсанға дейін 4 ай бойы көрсетілді.

Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі мәселелері бойынша телевизиялық фильм түсірілді, оны 2013 жылдың 1-ші тоқсанында «Астана» республикалық арнасында көрсету жоспарлануда.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.


5.1.2.34. Дұрыс тамақтану мәселелері жөніңдегі бейне және аудио роликтер шығару

Дұрыс тамақтану мәселелері бойынша 4 бейнеролик көрсетілді (2-уі орыс тілінде, 2-уі қазақ тілінде). 2012 жылғы 18-21 желтоқсан аралығында «Астана» арнасында бейнероликтер көрсетілді (дұрыс тамақтану проблемасы бойынша – 16 рет, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі бойынша – 16 рет).

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.

5.1.2.35. Денсаулық сақтау мәселелерін орта, техникалық және кәсіптік білім берудің педагог қызметкерлерінің білктілігін арттыру бағдарламаларына енгізу

Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыратын республикалық институтында, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өңіраралық орталықтарында педагогикалық қызметкердің денсаулығын сақтау мен білім сапасын арттыру мақсатында «Жұмыс орнындағы техникалық қауіпсіздік», «Төтенше жағдай кезіндегі жүріс-тұрыс», «Стихиялық апатта қауіп-қатерді төмендету», «Еңбекті қорғау», «Есірткі тұтыну», «Шылым шегуді ескерту» тақырыптары қарастырылған.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.
5.1.2.36. Витаминді-минералды кешенмен байытылған тамақ өнмдерін мектептердегі балаларды тамақтандыру рационына енгізу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 461 қаулысына сәйкес витаминді-минералды кешенмен байытылған тамақ өнімдерін мектептердегі балаларды тамақтандыру рационына енгізу үшін Алматы облысының (Талғар ауданы) бюджетіне 100 млн. теңге бөлінді.

Жеткізу бойынша іс-шараны жүзеге асыру ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап жоспарланды.

Жеткізу шарты бойынша 2012 жылғы қазан мен 2013 жылғы қаңтар аралығында 4 ай ішінде Алматы облысы Талғар ауданының 41 мектебінде табиғи витаминделген сүтті және «тірі» йогуртты жеткізу ұйымдастырылды. 14599 оқушы (мектеп алды, 1 - 4 сыныптар) витаминделген сүтпен қамтамасыз етілді.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.
5.1.2.37. Жергілікті шикізат көздерін пайдалана отырып балаларға арналған емдік-профилактикалық тамақ өнімдерінің өндірісін ұйымдастыру мәселесін қарау

Қазіргі уақытта жергілікті сүт шикізатын пайдаланумен «Амиран» зауыты және балаларға арналған тамақ өнімдерін өндіретін 40 балалар сүт ас үйі жұмыс істейді.

Халықтың мақсатты топтары үшін жергілікті шикізат негізінде өнеркәсіптің қайта өңдеу салалары үшін тамақ өнімдерін шығару жөнінде әдістемелік нұсқаулықтар әзірленді (балалардың мамандандырылған тағамы: биолакт, наринэ, йогурттар; емдік-профилактикалық тағам: қымыз, шұбат, айран, таң).
5.1.3.38. Мектеп жасындағы балалар арасында тірек-қозғалыс аппараты ауруларының профилактикасы бойынша іс-шаралар кешенін әзірлеу

Профилактикалау мақсатында мектеп жасындағы балалар арасында тірек-қозғалыс аппаратын нығайту бойынша «Дене шынықтыру» сабағында 1-11 сыныптарында жаттығулар жүргізіледі.

Қарағанды облысында жалпы бағасы 39 470,0 мың тенгеге 2193 дана және Астана қаласында жалпы бағасы 10 530,0 мың тенгеге 585 дана рефлексті терапияға арналған құрылғы қойылған.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.


5.1.3.39. Жалпы білім беретін оқу орындарында «Нашақорлықтың маскүнемдікпен темекі шегудің профилактикасы» әдістемелік құралын байқаудан өткізу және енгізу

Білім және ғылым министрлігі мұғалімдерге арналған «Сенің таңдауың!» («Өз денсаулығың – өз қолында») атты әдістемелік құрал әзірледі.

Аталған әдістемелік құрал мектептің жоғары сынып оқушыларына, кәсіптік мектептерге, колледждерге, жоғары оқу орындарына арналған.

Әдістемелік құрал оқу процесінде қолданылады.


5.1.3.40. Үй-жайларды, ойын алаңдарын тиісті жобалау және қазіргі заманғы мектеп жабдықтарымен қамтамасыз етілуін бақылауды күшейту

2011-2012 оқу жылдары республиканың жалпы білім беру ұйымдарында 46 спорт залы, 67 ойын және 66 спорт алаңдары қалпына келтірілді. 70 спорт залы, 71 ойын және 116 спорт алаңдары қайта ашылды.

1248 мектепке жаңа жиһаз сатып алынды. Ағымдағы қадағалау барысында анықталған бұзушылықтар үшін мемсанэпидқадағалау органдары 586 айыппұл салды, 638 ұйғарым берді. 8 спорт залдың жұмысы тоқтатылды.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.


5.1.3.44. Жасөспірімдердің психологиялық денсаулығы мәселелері бойынша ақпараттық науқан (бейне және аудио роликтер шығару) жүргізу

2012 жылдың мамыр айынан бастап Алматы қаласында жасөспірімдерге және жастарға арналған Ұлттық тәуліктік тіке байланыс желісінің телефоны (150) қызмет істейді. Бүгінгі таңда «Тіке байланыс желісі» орталығында акушер-гинекологтар жұмыс істейді. Шағымдар Қазақстан Республикасының барлық жерінен тіркеуге алынады. Қызмет істеу кезінде 5 700 астам шағым түсті.

Жастарды психоәлеуметтік қолдау (тіке байланыс желісі 150) бойынша бейне және аудиороликтер жасалды, олар «ХИТ» ТРК және «ХИТ FM» радиостанциясында көрсетілді.

Интернет арқылы www.youtube.com. Видеороликтерді орналастыру жолымен саламатты өмір салтын насихаттау шаралары белсенді күшейтілді.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.
5.1.3.45. Жалпы орта білім беретін оқу орындарының персоналын балалар менжасөспірімдер арасында қауіп топтарын ерте анықтау технологияларына және наркологиялық бейін бойынша қауіп топттарымен ақпараттық және психоәлеуметтік жұмыс технологияларына оқыту

Жалпы орта білім беретін оқу орындары қызметкерлеріне арналған 6 күндік семинар өткізілді. 200 психолог оқытылды.

2012 жылы осы бағыттағы шараларға барлығы 1995,0 мың теңге қаржы жұмсалды.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.


5.1.3.46. Білім беру ұйымдарына алкогольге қарсы және есірткіге қарсы профилактикалық бағдарламаларды (бейнеқұралдар) әзірлеу және енгізу

Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемаларының республикалық ғылыми-практикалық орталығы бейнеқұралдар жасады, сонымен қатар журнал түрінде мемлекеттік және орыс тілдерінде бейнеқұралдарды қолдану туралы нұсқаулықтар әзірленді.

Бүгінгі таңда бағдарламаларды тираждау жүзеге асырылуда: тираж саны 2150 дана (жалпы дискілер саны).

1075 мектепті қамтамасыз ету жоспарлануда: оның ішінде, Астана қаласында - 69 мектеп; Павлодар облысында – 416 мектеп; Қарағанды облысында – 590 мектеп.

Осы тармақша бойынша 2012 жылғы шығын Осы тармақша бойынша 2012 жылғы шығын 2568,4 мың теңге соманы құрады.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.


5.1.3.47. Жалпы білім беретін оқуорындарын балалар менжасөспірімдерде темекіге, алкогольге және есірткіге елігу қаупін, сондай-ақ химиялық емес тәуелділік-ойынкұмарлық интернетке тәуелділікті ерте анықтау компьютерлік бағдарламаларымен жарақтандыру

2012 жылғы компьютерлік бағдарламалармен 839 мектеп жабдықталды:

Астана қаласында – 9 мектеп;

Ақмола облысында – 191 мектеп;

Қрағанды облысында – 235 мектеп;

Солтүстік Қазақстан облысында – 200 мектеп;

Қстанай облысында– 204 мектеп.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.


жүктеу 2,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау