5.3.124. АИТВ инфекциясына эпидемиологиялық қадағалау жүйесін жетілдіру, ЖИТС-ке қарсы әрекет ету іс-шаралары мониторингі және бағалау жүйесін нығайту
Шолғыншы эпидемиологиялық қадағалаудың (бұдан әрі – ШЭҚ) серологиялық кезеңін жүргізу үшін скринингтік және сараптау тест-жүйелері сатып алынды. ШЭҚ далалық кезеңі үшін сауалнама көбейтілді. « Қазақстан Республикасында АИТВ инфекциясы жағдайларын электрондық бақылау жүйесін енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 5 наурыздағы № 144 бұйрығы бекітілді. Электрондық қадағалау жүйесін бағдарламалық қамтамасыз етуді одан әрі жетілдіру жалғастырылады.
Іс-шараны іске асыру жалғасуда.
5.4.127. Мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесі желісінің үлгілеуді аяқтау
Денсаулық сақтау ұйымдарының желісі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №395 ««Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2131 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ұйымдарының желісі мемлекеттік нормативке сәйкес келтірілді.
Желіні үлгілеу аяқталды. Іс-шара орындалды.
5.4.128. Медициналық-әлеуметтік көмекті дамыту, әлеуметтік қызметкерлер институтын енгізу
2012 жылы МСАК ұйымдарының әлеуметтік қызметкерлерімен және психологтармен жасақталуы 2120 және 540-ты тиісінше құрайды.
Іс-шараны іске асыру жалғастырылады.
5.4.129. Астана қаласында 4 дербес отбасылық денсаулық орталығын құру бойынша пилоттық жобаны енгізу
Астана қаласында 1 өз бетімен қызмет ететін 19 724 адам тіркелген, «Демеу» отбасы медицинасының оқу-тәжірибелік орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны отбасы денсаулық орталығы құрылды. Астаналық емханалардың жұмысын жеңілдету мақсатымен жаңа медициналық ғимараттар эксплуатацияға еңгізіледі. Сондықтан, 2012 жылы көпсалалы аурухана құрамында жаңа мамандырылған балалар емханасы ашылып балаларға арнайы медициналық көмек көрсету мүмкіндігін берді.
Сонымен қатар, Оңтүстік-Шығыс ауданы Аманат көшесі 3-те орналасқан аусымына 500 қабылдау жүргізетін жаңа амбулаториялық-емханалық кешені ашылды. Басқармамен 2013 жылы қалған үш жеке қызмет ететін отбасы денсаулық орталықтарының құрылуы жоспарланады.
Басқа медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететiн ұйымдарда Денсаулық орталықтары медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететiн ұйымдардың құрамында қызмет етеді. 2012 жылы барлығы орталықтарға 1 338 338 қабылдау жүргізілді, соның ішінде 83 423 дәрігерге дейінгі кабинетке, науқасты үйге қарау 104 157, үйде 4 925 стационарлық көмек көрсету ұйымдастырылды, күндізгі стационарда 10 473 науқас емделді. Аурудың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері бойынша орталықтардың мамандырымен 2 125 тренинг, 736 дөңгелек үстел өткізілді.Тәжді науқастар, диабет, астма науқастар және басқа да мектептерінде 16 410 пациент оқумен қамтылды.
Іс-шараны іске асыру жалғасуда.
5.4.130. Медицина қызметкерлерінің уәждемелерін арттыру тетіктерін жетілдіру
«Уәжделген қызметкер және қанағаттанған науқас» моделін құру жөніндегі жұмыс жетілдірілуде. Бұл дегеніңіз халықтың көрсетілген медициналық қызмет сапасымен қанағаттануының және дәрігердің өз жұмысының түпкілікті нәтижесіне бағдарлануының деңгейін арттырады.
2012 жылы қызметкерлерін уәждеуді енгізген медициналық мекемелер деңгейі өсіп отыр (есепті жылы 65%, өткен жылы 31% құраған болатын). Медициналық қызметкерлерді түпкілікті нәтиже бойынша ынталандыру 34%-ды құрап, нәтижесінде қосылған орташа қосымша айлық төлемақы стационардың дәрігерлері үшін 30,1 мың тенгені, орташа медициналық қызметкерлері үшін 15,2 мың теңгені құрады.
Іс-шараны іске асыру жалғасуда.
5.4.131. Дәлелді медицина қағидаттары негізінде БМСК көрсету стандарттарын жетілдіру
Медициналық көмек тің сапасын жоғарту Республикада денсаулық сақтау жүйесін реформалаудың маңызды және негізгі жағдайдың бірі.
Халықаралық стандарттарға сәйкес медициналық қызмет атқарудың сапасын жақсарту үшін дәлелді медицинасына негізделген таңдамалы клиникалық нұсқаларды қолдану әсерімен практикалық мамандармен клиникалық шешімдерді қабылдау жүйесі енгізіледі
Клиникалық нұсқаларды енгізудің мақсаты ең бастысында қазіргі заманғы қатаң ғылыми деректер негізінде клиникалық практикада стандарттарды колдану. Бұл дәрігерлерді алдын алу қолайлы әдістер, ерте анықтау, ауру диагностикасы және емдеу туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді, дәрігерлік қате санын азайтуға мүмкіншілік береді. Бұдан басқа бұл емделуші жеке ерекшеліктер және мамандылық клиникалық ой есебімен клиникалық шешімдерді қабылдау процесін жеңілдетеді.
Клиникалық нұсқалады енгізу процес медициналық араласуды стандарттау мақсатымен үздік медициналық практикасына сәйкес және дәлелді медицина қағидаттар негізінде емделушінің денсаулық сақтау жүйесімен алғашқы байланыс кезінде медициналық қызмет көрсететін структура ретінде біріншілікті медициналық-санитарлық көмек тармақты сөзсіз қамтиді.
2012 жыл ішінде Стандарттау орталығымен дәлелді БМСҚ көрсету сұрақтарды толық жарықтандырататын медицина негізінде 33 клиникалық нұсқалар бейімделді.
2013 жылда БМСҚ деңгейде медициналық қызметті көрсетуге байланысты 34 клиникалық нұсқалар бйімделу жоспарланады.
Қазіргі кезде бейімделген нұсқалар бойынша клиникалық нұсқалардың және оларды практикалық енгізу маңызды құралдардың бөлшегі болып келетін диагностикалық және емдеу алгоритмдері жасалады.
Іс-шараны іске асыру жалғасуда.
5.4.133. БМСК ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту (холестерин және глюкозаны анықтау үшін скринингілік орталықтарды және БМСК ұйымдарын жарақтандыру)
Холестерин және глюкозаны анықтау үшін скринингілік орталықтарды және БМСК ұйымдарын жарақтандыру мақсатында мынадай медициналық жабдықтар сатып алынды: жалпы сомасы 876,7 мың теңге қанда холестеринді және глюкозаны анықтауға арналған құралдар; рентгендік стационарлық сандық маммографтар; рентгендік диагностикалық стационарлық сандық аппараттар.
5.4.134. Дәрілік заттардың тізбесін кеңейту және амбулатариялық. деңгейде тегін және женілдікпен қамтамасыз ету тетігін жетілдіру
Сирек аурулармен ауыратын балаларды тегін дәрімен қамтамасыз ету тізімі кеңейтілді: муковисцедоз (дорназа-альфа, тиамфеникола глицинат ацетилцистеинат, панкреатин), мукополисахаридоз (ларонидаза, идурсульфаза, галсульфаза), Гоше ауруы (имиглюцераза).
Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2011 жылғы 4 қарашадағы № 786 бұйрығымен белгілі науқастары (жағдайлары) және мамандандырылған емдеу өнімдері бар амбулаториялық деңгейде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізімі бекітілді.
Министрлік ТМККБК шеңберінде амбулаториялық деңгейде тегін және жеңілдікті түрде дәрілік заттармен қамтамасыз етуге, стационарлық деңгейде дәрілік заттармен қамтамасыз етуге тұрақты негізде мониторинг жүргізуде.
Іс-шараны іске асыру жалғасуда.
5.4.134-1. Амбулаториялық деңгейде мынадай ауруларды емдеуге дәрілік заттармен қамтамасыз ету: гемофилиямен ауыратын науқас балалар, онкогематологиямен ауыратын науқас балалар, бытыраңқы (жайылма) берішпен ауыратын науқас балалар
Гемофилиямен, онкогематологиямен, сонымен қатар шашыраңқы берішпен ауыратын балалар амбулаториялық деңгейде дәрілік заттармен толықтай қамтамасыз етіледі.
Іс-шараны іске асыру жалғастырылады.
5.4.134-2. Амбулаториялық деңгейде ТМККК шеңберінде дәрілік заттарды сатып алуға өтеу коэффициентін 0,5-дан 1,0-ге дейін жеткізу
2002 жылы амбулаториялық деңгейде ТМККК шеңберінде дәрілік заттарды сатып алуға өтеу коэффициенті жеткізілді.
Іс-шараны жүзеге асыру жалғасуда.
5.4.134-3. В,С вирусты гепатиті бар ересектерді емдеу үшін препараттар сатып алу
В және С вирусты гепатиті бар науқастарды емдеу үшін 2743 мың теңгеге препараттар сатып алынды.
Іс-шараны жүзеге асыру жалғасуда.
5.4.135. БМСК тиімділігін айқындайтын нысаналы индикаторларды әзірлеу
МСАК тиімділігін көрсететін нысаналы индикаторлар «ТМККК шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтердің тарифтерін қалыптастырудың және шығыстарды жоспарлаудың әдістемесін бекіту туралы» ҚР ДСМ 2009 жылғы 26 қарашадағы № 801 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР ДСМ 2012 жылғы 6 сәуірдегі № 226 бұйрығымен бекітілді.
2012 жыл ішінде МСАК бойынша әрбір 33 клиникалық нұсқаулыққа өзіндік сапа индикаторлары әзірленді, олар жалпы медициналық ұйымның, сондай-ақ нақты әрбір дәрігердің клникалық нұсқаулықты пайдаланушы ретінде қызмет етуінің тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді және мониторингілеудің және бағалаудың негізгі құралы болып табылады.
Қолданыстағы халықаралық практикаға сәйкес дәлелденген стандарттарды енгізу көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттыратыны және тиісінше МСАК деңгейінде ЖНЫК әсер ететін ақырғы нәтижелерге қол жеткізуге (ана, бала өлімінің болмауы, туберкулезді және онкопатологияны ерте айқындау) әсер тигізетіні сөзсіз.
Бұл дәрігерді соңғы нәтижеге, яғни көрсетілетін қызметтер сапасына және пациенттің қанағаттану деңгейіне бағытталуға мүмкіндік береді.
5.4.136. Мамандандырылған медициналық көмекті одан әрі дамыту бойынша НҚА әзірлеу
Қазақстан Республикасының 2 қаулысы әзірленіп, бекітілді:
«Қазақстан Республикасында онкологиялық көмекті дамытуды 2012 - 2016 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» 2012 жылғы 29 наурыздағы № 366;
«Адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкін болмайтын аурулардың тізбесін бекіту туралы» 2012 жылғы 30 наурыздағы № 404.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 5 бұйрығы шықты:
«Қазақстан Республикасының халқына офтальмологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 22 ақпандағы № 120;
«Қазақстан Республикасының халқына кәсіби патология бойынша медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 25 мамырдағы № 374;
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің патологоанатомиялық қызметті жетілдіру және дамытудың 2012-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» 2012 жылғы 8 мамырдағы № 323;
«Қазақ Республикалық лепрозорийі» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі ережені бекіту туралы» 2012 жылғы 30 наурыздағы; «Денсаулық сақтау ұйымының бастапқы медициналық құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» 2010 жылғы 23 қаңтардағы № 907 бұйрығына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 31 шілдедегі № 514.
Іс-шараны іске асыру жалғастырылады.
5.4.137. Ауылдық медициналық ұйымдарды медициналық кадрлармен жарақтандыру
Ресми статистиканың деректері бойынша ауылдық өңірлердегі денсаулық сақтау ұйымдарындағы бос лауазымдар бойынша медициналық кадрлардағы жеткіліксіздік 2009 жылы 325-тен 2012 жылы 494-ке дейін артты.
Медициналық ЖОО түлектерін орналастыру қорытындылары бойынша жұмысқа орналастырылған түлектердің 57 %-ы (559 адам) ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарында орналастырылды.
Іс-шараны іске асыру жалғастырылады.
5.4.138. Пациенттің медициналық ұйымды еркін таңдауын, қолжетімлілікті, әділеттік пен науқастардың жоспарлы емдеуге жатқызуды камтамасыз ету:
Жоспарлы емделуге жатқызу үшін өзінің стационарды таңдау құқығын қолданған азаматтар санының жыл сайынғы қалыптасқан өсу тенденциясы байқалады. Сонымен, өзінің еркін таңдау құқығын 780 мыңнан астам адам пайдаланған, бұл ретте олардың 46%-н ауыл тұрғындары құрайды. Өз өңірлерінде азаматтардың 92,3% емделді, тұрғындардың 1,8%-ы өзге өңірлерде, 5,9%-ы республикалық клиникаларда мамандандырылған көмек алды. Емдеуге жатқызылғандардың жалпы санының 93,9%-ы 10 күнге дейінгі күту мерзімінде емдеуге жатқызылған, азаматтардың тек 6,1%-ы ғана өзінің емдеуге жататын күнін 10 күннен артық күткен.
жоспарлы емдеуге жатқызудың порталы арқылы халықты құқықтары және емдеуге жатқызу тәртібі туралы тұрақты ақпараттандыруды камтамасыз ету:
Осы тармақ шеңберінде халықты ақпараттандыруды қамтамасыз ету бойынша мынадай іс-шаралар жүргізілді: 403 мақала жарияланды, БАҚ-да (ТВ, радио) 394 сұхбат берілді, 41 түрлі (815 167 дана) буклет әзірленді, 40 видеоролик түсірілді.
Іс-шараны жүзеге асыру жалғасуда.
5.4.139. Тәулік бойы стационарға емдеуге жатқызу деңгейін төмендетуді және стационарды алмастырушы технологияны дамытуды қамтамасыз ету
Бірыңғай ақы төлеуші жүйесінде 2012 жылы стационарлық көмек көрсеткіштерінің оң қарқыны байқалады, мысалы, 2012 жылы тәуліктік стационарға емдеуге жатқызу деңгейі өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі 100 тұрғынға шаққандағы 13,6-дан 1%-ға төмендеді, стационарлық көмекті тұтыну 1000 тұрғынға шаққанда 11936,1 төсек-күніне дейін немесе өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 5%-ға және төсекпен қамтамасыз етілу 3%-ға төмендеді, сондай-ақ төсек айналымы 3%-ға артты. Есепті кезеңде стационарды алмастыратын көмек алған пациенттердің саны 4%-ға көбейді.
Іс-шараны жүзеге асыру жалғасуда.
5.4.140-1. Икемді төсек бейіндерімен көп бейінді стационарларды, оның ішінде ауруханалық секторды қайта құрылымдаудың есебінен дамыту
Дүниежүзілік банктің «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау секторындағы технологияларды беру және институционалдық реформа жүргізу» жобасын іске асыру шеңберінде А 2.2. «Денсаулық сақтау секторында инвестициялық жоспарлау бойынша әріптестік өзара іс-қимыл» кіші компоненті бойынша «Sanigest Internaсional» консалтингтік компаниясы Денсаулық сақтаудың инвестициялық жобаларын жоспарлау, мониторингілеу және бағалау орталығымен (бұдан әрі – Орталық) бірлесіп халық санын, тууды, сырқаттануды, халықтың медициналық көмектегі қажеттілікті, медициналық ұйымға жету уақытын болжауды есепке ала отырып, 2025 жылға дейін облыстардың ауруханалық ұйымдар желісін қайта құрылымдау бойынша мастер-жоспарлардың жобаларын (бұдан әрі – мастер-жоспарлар) әзірлеуде.
Ауруханалық сектордың желісін қайта құрылымдау және оңтайландырудың өңірлік жоспарларын әзірлеу кезінде республиканың ерекшеліктері есепке алынды: үлкен аумақ және 500-ге дейін тұрғыны бар кішкентай елді-мекендердің үлкен саны, аумақтық алшақтығы.
Қазіргі кезде 14 облыс үшін мастер-жоспарлардың жобалары әзірленді, ал 2 қала: Алматы және Астана үшін ағымдағы жылы әзірленетін болады.
Әзірленген жобалармен қолда бар медициналық ұйымдарды І деңгейдегі ауруханаға – аудандық ауруханаларға (АА) қайта бейімдеу ұсынылады, олардың құрамында төсектердің 4 негізгі бейіні көзделеді (терапия, педиатрия, хирургия, босандыру); ІІ деңгейдегі – көп бейінді өңірлік ауруханалар (КБӨА), құрамында төсектердің 4 негізгі бейінінен басқа неврологиялық, кардиологиялық, ревматологиялық, офтальмологиялық, отоларингологиялыұ, урологиялық және төсектердің басқа бейіндерін ұйымдастыру жоспарлануда, сондай-ақ қалпына келтіру емі және оңалту, мейіргерлік күтім бөлімшелері мен ауруханаларының және хоспистердің желісін дамыту ұсынылады.
Ауруханалық секторды оңтайландыру бойынша өткізілетін шаралар тәуліктік стационарлардағы ресурссыйымды төсек қорын төмендетуге және стационарды алмастыратын технологияларды дамытуға бағытталған.
Демографиялық өзгерістерді және халықтың стационарлық көмектегі тиісті қажеттілігін есепке ала отырып, қолданылатын тәсілдердің негізінде көп бейінді (ауданаралық) және аудандық ауруханалар түрінде кейбір стационарлардың төсектік қуаттылығын арттыру және керісінше қуаттылығы аз тиімсіз ауылдық ауруханаларды жабу ұсынылады. Көптеген жағдайларда ауруханаларды жабу емес, қайта бейімдеу көзделеді.
Осылайша, өңірлерде 55 қалалық, 156 орталық аудандық ауруханасынан, 23 аудандық ауруханасынан 1/3 жағдайда ІІ деңгейдегі ауруханаларды ұйымдастыру жоспарлануда – 73 көп бейінді аурухана, оның ішінде келесі өңірлер бойынша: Ақмола – 4, Ақтөбе – 4, Алматы – 10, Атырау – 3, Шығыс Қазақстан – 8, Батыс Қазақстан – 4, Жамбыл – 7, Қарағанды – 6, Қостанай – 6, Қызылорда – 5, Маңғыстау – 1, Павлодар – 3, Солтүстік Қазақстан – 3, Оңтүстік Қазақстан – 9.
Өңірлердің ауруханалық ұйымдарын халықаралық стандартқа сәйкес келтіру үшін мастер-жоспарлардың жобаларымен мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің тетігін пайдалануды қоса, 2025 жылға дейін стационарларды салу және жаңғырту бойынша ұсыныстар берілген. Осы ұсыныстар мастер-жоспарлардың жобаларында «100 аурухана, 100 мектеп» жобасымен үйлестірілген.
Оған қоса, медициналық ұйымдардың желісін оңтайландыру бойынша ұсыныстарды тиімді іске асыру үшін «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2131 қаулысына ауруханалық ұйымдардың желісін жетілдіру бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін ұсыныстарды әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде.
5.4.140-2. Бейіндердің қажеттілігін есепке ала отырып, төсек қорын ұтымды ету
БҰДЖ жағдайында менеджментті жетілдірудің белгілері пайда бола бастады. Бұл керует қорын дербес және ұтымды басқарудан басталады. Сонымен, 2012 жылы республика көлемінде медициналық қызметтің сұранысқа ие емес бейіні бойынша 1409 керует қысқартылған, 2201 керует халыққа қажет медициналық көмек бейіні бойынша қайта бейінделген.
Іс-шараны жүзеге асыру жалғасуда.
5.4.140-3. Медициналық ұйымдар қызметінің бейінді емес түрлерінің аутсорсинг жүйесін дамыту
Денсаулық сақтау министрлігі медициналық ұйымдардың бейінді емес қызмет түрлерінің аутсорсингін дамыту жөніндегі бұйрықты дайындады.
5.4.140-4. БҰДЖ мақсаттарына қол жеткізу үшін БҰДЖ және ДБАЖ-ны ықпалдастыру
БҰДЖ және ДБАЖ ықпалдастыру үшін республика бойынша пайдаланылатын бағдарламалық кешендердің порталдық форматтары енгізілді.
5.4.140-5. Бағдарламалық кешендердің порталдық форматын енгізу
Денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін іске асыру бойынша ақпараттық қамтамасыз ету шеңберінде «Емдеуге жатқызу бюросы» порталы жұмыс істейді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көмек көрсету денсаулық сақтау ұйымдарына бекітілген тұрғындардың нақты саны туралы бірыңғай орталықтандырылған дерекқорды қалыптастыру мақсатында «Бекітілген тұрғындардың тіркелімі» (бұдан әрі-БТТ) порталы жұмыс істеуде.
Шығындарды өтеу процесін ақпараттық-технологиялық сүйемелдеу мақсатында «Стационарлық науқастардың электрондық тіркелімі» порталы жұмыс істеуде.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету тарифіне қосымша компонентін енгізу, әр өңір бөлігінде индикатор жүйесі баллдарының құнын есептеу мақсатында «Медициналық-санитариялық көмек көрсетуге қосымша компонент» порталы жұмыс істеуде.
Онкологиялық аурумен ауыратын науқастардың электрондық тіркелімді қалыптастыру процестерін автоматтандыру және халықаралық стандарттар емделудің сапасына сәйкес қамтамасыз етуімен көрсетiлген санаттағы науқастарды медициналық көмек көрсетуде онкологиялық диспансерлердің шығындарын өтеу мақсатында «Стационарлық науқастардың электрондық тіркелімі» порталы құрылды.
5.4.140-6. Медициналық ұйымдар қызметін бағалаудың рейтингтік жүйесін енгізу
Пациенттердің хабардарлығын арттыру, денсаулық сақтау саласындағы бәсекеге қабілетті ортаны, медициналық ұйымның ашықтық және еркін таңдау қағидаттарын дамыту мақсатында Министрлікпен 2011 жылдың қыркүйек айынан бастап сыртқы, ішкі аудит нәтижелері және пациенттердің пікірлері негізінде денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін рейтингтік бағалау жүйесін әзірлеу және енгізу бойынша жұмыс басталды. 2012 жылы медициналық ұйымдарды рейтингтік бағалау жүйесінің әзірленген әдістемесі негізінде республиканың медициналық ұйымдарын саралау жүргізілді. Саралау нәтижелері 2012 жылдың желтоқсан айында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің және ҚР ДСМ Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының сайтында орналастырылды.
5.4.140-7. Амбулаториялық-емханалык ұйымдардың деңгейінде ішінара қор ұстаудың бірінші кезеңін енгізу бойынша ұсыныстарды әзірлеу және енгізу (пилоттық жоба)
2012 жылы 15 МСАК ұйымдарында кешенді жан басына шаққандағы норматив бойынша пилот жүзеге асырылды
5.4.140-8. Аурухана секторын қайта құрылымдауды ескере отырып, 10 жылдық мерзімге инвестициялық жобаларды қалыптастыру
«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау секторындағы технологияларды беру және институционалдық реформа жүргізу» жобасының А.2.2.-кіші компонентін іске асыру шеңберінде 2012 жылы «Sanigest» консалтингілік компаниясы 14 өңірдегі ауруханалық секторды қайта құрылымдау бойынша шеберлік-жоспар жобаларын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне келісу үшін әзірлеп, жолдады, 2013 жылы Астана және Алматы қалалары бойынша шеберлік-жоспар жобалары әзірленеді.
Осындай шеберлік-жоспарларда консалтингілік компания әрбір өңір үшін инвестициялық жобаларды жасау (күрделі жөндеу, медициналық ұйымдардың ғимараттарын салу және стандарттарға жеткізу, халықаралық стандарттарға дейін медициналық жабдықтарды жарақтандыру) бойынша ұсынымдар жасады.
Өңірлердің ауруханалық секторын қайта құрылымдау бойынша шеберлік-жоспарлар жобалары негізінде «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» ШЖҚ РМК Жоспарлау, мониторингілеу және бағалау орталығы инвестициялық жобаларды қалыптастыру үшін қажетті ақпаратты жинау және өңдеу және өңірлердің қажеттілігіне сәйкестендіру бойынша жұмыстарды бастады. Аталған іс-шаралар өңірлердің денсаулық сақтау басқармаларымен бірлесіп жүзеге асырылады.
5.4.140-9. Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті енгізу тетіктерін әзірлеу бойынша ұсыныстар әзірлеу
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау секторында МЖМӘ дамытудың 2013-2017 жылдарға арналған салалық бағдарламасының ттұжырымдамасы келісу үстінде, онда денсаулық сақтау саласында мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің тетіктерін енгізу бойынша міндеттер көрсетілген:
- мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің әртүрлі нысандарын енгізу үшін нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру;
- орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың инвестициялық жоспарларын келісу негізінде денсаулық сақтау секторында бірыңғай инвестициялық портфельді ұзақ мерзімге қалыптастыру;
- МЖМӘ жобаларын іске асырудың ашықтығын және айқындылығын қамтамасыз ету;
- МЖМӘ негізінде жобаларды іске асыру саласында әлеуетті арттыру.
Мемлекеттік-жеке меншік әрітестіктің әртүрлі нысандарын енгізу мақсатында нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру үшін төмендегілер қажетті:
-«Мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің жаңа нысандарын енгізу және оларды қолдану салаларын кеңейту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қабылдау;
-«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2131 қаулысына өзгерістер енгізу;
-Жаңа денсаулық сақтау объектілерін жобалау үшін халықаралық стандарттарға сәйкес СНжҚ қайта қарау;
-МЖМӘ объектілерін пайдалану кезеңінде денсаулық сақтау сеткорында МЖМӘ жобаларын қаржыландыруды қосу;
Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың инвестициялық жоспарларын келісу негізінде денсаулық сақтау секторында бірыңғай инвестициялық портфельді ұзақ мерзімге қалыптастыру мәселесін шешу үшін келесі іс-шараларды өткізу қажет:
- өңірлік деңгейде қайта құрылымдау жоспарларын бекіту;
- әрбір өңір үшін әлеуетті денсаулық сақтау объектілерінің тізбесін айқындау;
- ұзақ мерзімге бірыңғай инвестициялық портфельді қалыптастыру (10-15 жыл);
МЖМӘ жобаларын іске асырудың ашықтығын және айқындылығын қамтамасыз ету үшін келесі бағыттар бойынша іс-шараларды орындау қажет:
МЖМӘ мәселелері, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытудың мүмкіндіктері, жұмыс орындарын құру бойынша азаматтық сектордың өкілдерімен түсіндірме жұмысын жүргізу;
Ашық конкурстық ресімдер;
МЖМӘ жобасының өмірлік циклының барлық кезеңдерінде ақпараттық сүйемелдеу;
МЖМӘ негізінде жобаларды іске асыру саласында әлеуетті арттыру мақсатында төмендегілер қажетті:
- Денсаулық сақтау министрлігінде денсаулық сақтау секторында МЖМӘ жобаларын дамыту және сүйемелдеу бойынша басқарманы құру;
- Денсаулық сақтау министрлігінің және облыстық денсаулық сақтау басқармалары мамандарының МЖМӘ саласында әлеуетін арттыру үшін халықаралық консалтингтік көмекті жұмылдыру;
- Қазақстан Республикасының аумағында және шетелде МЖМӘ жобаларын іске асыру мәселелері бойынша оқыту іс-шараларын ұйымдастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |