Ќазаќстан республикасыныѕ білім министрлігі



жүктеу 0,7 Mb.
бет3/8
Дата27.01.2020
өлшемі0,7 Mb.
#27434
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8

ТӘЖІРИБЕНІ ЖҮРГІЗУ РЕТІ


Тәжірибе алдында шаңсорғыш желдеткішін қосу қажет, сосын калориметр қыздырғышын қосу керек. Автотрансформатор тұтқасымен бірінші тәртіптегі кернеуді орнату қажет. Тәжірибені жүргізу, t1 - t2 температуралар айырмасының мәні өзгермеуімен сипатталатын, стационар күйді орнатқаннан кейін басталады. Құрылғылардың көрсетілулерін 2 мин. интервалмен 6 – 10 мин. барысында жазу керек. Тәжірибенің басында және соңында газ санағышының көрсетуін жазып алу қажет. Қоршаған ортаның қысымын барометрмен өлшейді.

Кернеудің жаңа мәнін орнатып, тәжірибені қайталау керек. Өлшеулер нәтижелерін бақылаулар протоколына еңгізу керек (1 кесте).

Бұдан былайғы есептеулердің бәрінде тәжірибе уақытында алынған параметрлердің орташа мәндерін пайдаланған жөн.
Бақылаулар протоколы

1 кесте


Тәжірибе нөмірі

UҚ,

I,

Vτ,

t1,

t2,

C1P,

CP,

B

A

м3

0C

0C

кДж/(м3Қ·К)

кДж/(кг·К)

1


орташа мәндері


2


орташа мәндері




ӨЛШЕМДЕР НӘТИЖЕЛЕРІН ӨҢДЕУ


t1 – ден t2 – ге дейінгі температуралар интервалындағы ауаның орташа изобаралық жылу сыйымдылығын тәжірибе алған шамалар бойынша есептеу керек. Қыздырғыш бөлетін жылу мөлшері мына теңдеумен анықталады:

QЭЛ = UҚ·I·τ, Дж (7)


мындағы τ – тәжірибе уақыты, с.

Барлық қыздырғышта бөлінген жылу мөлшері ауаны қыздыруға кетері және көлемдік шығын Vτ өлшенеді деп санап; изобаралық жылу сыйымдылығын келесі формула бойынша есептейміз:


С1Р = Qэл/103vҚ(t2 – t1), кДж/(м3Қ ·К) (8)

Мұндағы VҚ – физикалық қалыпты жағдайларға (Т0 = 273,15 К және Р0 =101325 Па) келтірілген ауаның көлемдік шығыны, м3.

VҚ шамасы, ауа идеал газ күйінің теңдеуіне бағынады деген жорамалдаумен анықталады:

PO ·VҚ /TO = P · Vτ /T,

мұндағы Р - тәжірибе барысындағы ауаның атмосфералық қысымы, Па;

Т – лабораториядағы ауаның температурасы, К. Калориметрдің кіре берісіндегі термометрдің көрсетуімен анықталады; Vτ – калориметр арқылы өткен ауаның көлемдік шығыны, м3, ол газ санағышының көрсетуімен анықталады.

Осыдан

VҚ = P · Vτ ·TO/(T·PО). (9)


(8) формуламен есептелген көлемдік жылу сыйымдылығының орташа мәні, температуралардың сол интервалындағы СР массалық жылу сыйымдылығының орташа мәнін анықтауға мүмкіндік береді:

СР = СР1·22.4/μ кДж/(кг·К) (10)


мұндағы μ – ауаның молекулалық массасы; μ = 28,97 кг/кмоль.

Лабораториялық жұмыс бойынша есеп беру үшін:




  1. жұмыс мақсаты;

  2. тәжірибелік құрылғының сызбанұсқасы;

  3. бақылаулар протоколы;

  4. есептеулер нәтижесі керек.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ





  1. Жылу сыйымдылығының анықтамасын беріңіз.

  2. Орташа және ақиқат жылу сыйымдылығы дегеніміз не?

  3. Өлшем бірліктеріне байланыстыжылу сыйымдылықтарының қандай түрлерін ажыратады.

  4. Майер теңдеуін жазыңыз.

  5. Изохоралықтан изобаралық жылу сыйымдылық неліктен көп?

  6. Газдағы атом санының артуы мен жылу сыйымдылық қалай өзгереді?

  7. Калориметрдің кіре берісіндегі және шығысындағы температуралар айырмасы қалай анықталады?

  8. Берілген жұмыста жылудың қоршаған ортаға кететін шығыны ескеріле ме?

Лабораториялық жұмыс ТД – 2

АУАМЕН ИЗОХОРАЛЫҚ ПРОЦЕСТІ ЗЕРТТЕУ

Жұмыс мақсаты: Жылу берілетін изохоралық процесс үшін қысымның өзгеруіне байланысты температураның өзгеруін анықтау, процестің негізгі сипаттамасын анықтау.
ТЕОРИЯЛЫҚ МАҒЛҰМАТТАР
Изохоралық процеске жабық ыдыстағы газдың қыздырылуы немесе салқындатуы мысал бола алады. Процесс теңдеуі мынандай v=const.

1 – 2 процесіндегі газдың параметрлерінің арасындағы қатынас мынадай:

Р21 = Т21 (1)

Яғни, изохоралық процесте газдың қысымы абсолют температураға пропорционал өзгереді.

Өйткені v=const онда dv=0 және l=p·dv=0; нәтижесінде тұрақты көлемде өтетін процестерде сыртқы жұмыс жасалмайды, яғни газға берілетін жылу тек ΔU ішкі энергияның артуына жұмсалады:

Q = ΔU = M·CV(T2-T1) (2)

мұндағы М – газдың массасы; CV – оның изохоралық жылу сыйымдылығы.

Изохоралық процесте энергияның өзгеруі мынандай формуламен есептеледі:

ΔS = S2 –S1 = M·CV· ln(T2-T1) (3)

P – v координаттарында изохора деп аталатын v=const теңдеудің графигі вертикаль орналасады (1 сурет). 1 бастапқы күйдегі газға жылу берілгенде, оның күйінің өзгеруі сызықпен 1 – 2 бейнеленеді (қысым артады).

T – S диаграммасында (3) теңдеуге сәйкес изохора логарифмдік қисықпен бейнеленеді (1 сурет), ол жылу берілу процесінде газдың температурасымен энтропиясын бір мезгілде артуын бейнелейді. Изохора астындағы аудан процесс жылуына сәйкес (берілген жағдайда Q>0)болады.
1. сурет. Изохоралық процестегі күйдің өзгеруінің процестері.

ТӘЖІРИБЕЛІК ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ


Тәжірибелік құрылғы болаттан жасалған герметикалық резервуар 1 болып табылады (2 сурет), сыйымдылығы 5 дм3 . Резервуар ішінде 2 керамикалық корпустан және 3 спиральдан тұратын электрлік қыздырғыш бар. Резервуардың сыртқы қабаты 4 жылудан оқшауланған. Ішіндегі ауаның температурасы 5 термометрмен өлшенеді. Резервуардағы қысым 6 манометрмен өлшенеді.

2 сурет. Тәжірибелік құрылғының сызбанұсқасы.

ТӘЖІРИБЕНІҢ ОРЫНДАЛУ РЕТІ


Тәжірибе электр қыздырғышты қосудан басталады. Тәжірибенің басталу уақыты мен температура дәл белгіленіп алынады. Әрбір 0,05 сайын уақыт пен құралдардың көрсетулері жазылып отырылуға тиіс. Өлшеулер нәтижелерін бақылаулар протоколына еңгізеді (1 кесте).

Бақылаулар протоколы 1 кесте




уақыт τ, c

UҚ, В

I, A

P1, ати

Т, К

0







1,0

1,05


1,10

1,15




ӨЛШЕМДЕР НӘТИЖЕСІН ӨҢДЕУ




    1. Қыздырғыш бөліп шығарған толық жылу мөлшері анықталады, кДж

QЭЛ = I·UҚ· τ / 1000, (4)

мұндағы UҚ - қыздырғыш тізбегіндегі кернеу;

I – тоқ күші; τ – тәжірибе уақыты;


    1. Резервуардағы ауаның массасы, кг

M = P1V/(R·T1), (5)

мұндағы Р1- резервуадағы бастапқы абсолют қысым,

Р1 = 1 кгс/см2 = 98,07 кПа = 735,6 мм санап бағанасымен деп қабылданады; V – резервуар көлемі, V = 5дм3;

R – ауаның газ тұрақтысы, R = 287 Дж/(кг·К);

Т1 – резервуардағы ауаның бастапқы температурасы.


    1. Процестің соңындағы қысым

Р2 = Ра + Р1, (6)

мұндағы Ра – манометрмен өлшенген артқан қысым, кгс/см2.




    1. Ауаның шексіз температурасы

Т2 = Т1 ·Р21 (7)


    1. Ауаның орташа изохоралық жылу сыйымдылығы, кДж/(кг·К)

CV = 0.715+0.597·10-4 (t1-t2) (8)

мұндағы t1, t2 – ауаның бастапқы және шектік температурасы, 0С.




    1. Ауаны қыздыруға кеткен процестің жылуы, кДж

Qa = M ·CV (T2 –T1) (9)


    1. Энтропияның өзгеруі

ΔSa = M·CV·ln(T2/T1) (10)

Лабораториялық жұмыс бойынша есеп беру үшін:




  1. жұмыс мақсаты;

  2. тәжірибелік құрылғының сызбанұсқасы;

  3. бақылаулар протоколы;

  4. есептеулер нәтижесі керек.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ




    1. Изохоралық процесс деп нені айтамыз?

    2. Изохоралық процесстің теңдеуін жазыңыз.

    3. Изохоралық процестегі температура мен қысым арасындағы байланыс қандай?

    4. Изохоралық процесте газ жұмыс жасай ма?

    5. P – v және T – S диаграммаларында жабық ыдыстағы газдың салқындату процесін бейнелеңдер.

    6. T – S диаграмманың көмегімен изохоралық процестің жылуын қалай анықтауға болады?

Лабораториялық жұмыс ТД – 3


СУДЫҢ БУЛАНУ ЖЫЛУЫН АНЫҚТАУ
Жұмыс мақсаты: Қайнау әдісімен атмосфералық қысымда судың булану тәжірибе жүзінде өлшеу.
ТЕОРИЯЛЫҚ МАҒЛҰМАТТАР
Көптеген энергетикалық және технологиялық құрылғыларда жұмыстың дене және жылу тасымалдаушы қызметін су буы атқарады. Судың және су буының термодинамикалық қасиеттері кестелер, диаграммалар, күй теңдеулері арқылы анықтала алады.

1 – ші суретте бу үшін жұмыстың (фазалық) диаграмма бейнеленген. КМ қисығы қаныққан сұйық сызығы деп, өзгеше – сол жақ шекара қисығы деп аталады. КN сызығы құрғақ қаныққан бу сызығы, өзгеше - оң жақ шекара қисығы деп аталады.

Сол жақ және оң жақ шекара қисықтары P – v диаграммасын бірнеше аудандарға бөледі. КМ сызығының сол жағындағы барлық нүктелер, температурасы қайнау температурасынан төмен, яғни қаныққан сұйық күйлеріне сәйкес келеді. Шекаралық сызықтар арасындағы аудан ылғалды қаныққан бу күйіне сәйкес келеді, ал оң жақ шекаралық қисықтың үстіңгі жағы мен оң жағы қызған бу күйіне, яғни сол қысымдағы температурасы қайнау температурасынан жоғары, сәйкес келеді. P – v диаграммасында булану процесі ab сызығымен бейнеленген. а нүктесі қаныққан сұйық күйіне сәйкес, оның меншікті көлемі v1 – пен белгіленеді, b нүктесі құрғақ қаныққан бу күйіне сәйкес, оның меншікті көлемі - v11.

Су буының маңызды энергетикалық параметрінің бірі болып булану жылуы табылады. Тұрақты қысымда 1 кг қаныққан сұйықты, құрғақ қаныққан бу күйіне айналдыру үшін қажет болатын жылу мөлшері,



r – булану жылуы деп аталады.

Булану жылуын өлшеу, қайнау және конденсация әдісі мен жүргізіле алады. Булану жылуын қайнау әдісімен анықтау, қайнап жатқан сұйыққа белгілі бір жылу мөлшерін бергенде пайда болған, құрғақ қаныққан бу мөлшерін өлшеуге негізделген. Конденсация әдісін пайдаланғанда, құрғақ будың белгілі бір бөлігі калориметрге бағытталады, онда сол бу конденсацияланғанда бөлініп шыққан жылу мөлшері өлшенеді.


1 сурет. Бу үшін жұмыстық диаграмма.


ТӘЖІРИБЕЛІК ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ
Тәжірибелік құрылғы бір ыдыстан 1 тұрады (2 сурет), онда екі электрлік қыздырғыш орнатылған: негізгі 2 және калориметрлік 3. Ыдыстағы тесік арқылы су құйылады және тесік тайта тығынмен 5 берік жабылады. Су қайнағанда алынатын бу, ирек түтік 4 арқылы шығарылады, ирек түтік суға батырылған күйде ыдыс ішіне орнатылған.

Ирек түтіктен құрғақ қаныққан бу 6 құбыр арқылы 7 конденсаторға келеді, ол су құбырдағы сумен суытылады. Конденсат өлшеуіш цилиндрға 8 (мензуркаға) жиналады. Конденсатты алу уақыты секундометрмен анықталады.



2 сурет. Тәжірибелік құрылғының сызбанұсқасы.

ТӘЖІРИБЕНІҢ ОРЫНДАЛУ РЕТІ.


Құрылғыны су және ағын құбырына жалғап, ыдысты белгіленген деңгейге дейін сумен толтырады. Сосын негізгі қыздырғышты қосып, суды қайнау температурасына жеткізеді. Сонымен қатар тұрақты қайнау күйіне жеткізу керек, ол қыздырғыштың қуаты өзгермегенде мензуркаға тең уақыт аралықтарында конденсаттың бірдей мөлшері келіп түсетіндігімен сипатталады.

Сосын құрылғының қалыптасқан жұмыс тәртібінде конденсат мөлшерлерінің дәл мөлшерлерін алу қажет.

Ол үшін τ1 уақыт аралығында (мысалы 5-10 мин) өлшеуіш цилиндға конденсат жинау керек. Алынған конденсат мөлшері m1 , τ1 уақыт аралығында осы тәртіпте пайда болатын будың мөлшері болып табылады, өзгеше айтсақ құрылғының «жүрісі» делінеді.

Құрылғының «жүрісін» өлшегеннен кейін, калориметрлік қыздырғышты қосу қажет – алдыңғы тәртіпке қарағанда, пайда болатын конденсат мөлшері 2 есе артады. Өлшеулерді мензура бөліктері бойынша жүргізу керек. Бұдан былай қалыптасқан тәртіпке жетуді бақылау керек. Ондай тәртіп орнағанда, m2 конденсат мөлшерін дәл өлшеу керек, конденсатты τ2 = τ1 уақыт аралығында өлшеуіш цилиндрға жинайды.

m1 және m2 өлшеулер дәлдігін арттыру үшін, конденсатты өлшеу және жинау жұмыстарын, алдын ала өлшенген шыны бюкстарда жүргізеді. Сол кезде әрбір 2 минут сайын калориметрлік қыздырғышқа жалғанған амперметр және вольтметр көрсетулерін жазып отыру қажет. Конденсат жинауды аяқтағаннан кейін, калориметрлік қыздырғышты өшіреді және m3 құрылғының «жүрісін» өлшеуді қайта қайталайды. Осымен тәжірибе аяқталады.

ӨЛШЕМДЕР НӘТИЖЕСІН ӨҢДЕУ


Егер тәжірибенің I және III кезеңдерінде өткізілген өлшемдердің нәтижесінде m1 және m3 құрылғыларының «жүрістерінің» шамалары түрлі болса, онда есептеу жүргізгенде орташа мән пайдаланылады:

mх = (m1+ m3)/2 (1)

Тәжірибенің I және III кезеңдерінде тек бір негізгі қыздырғыш жұмыс істейді. Бұл кезде, τ1 = τ3 өлшеу уақытында, қыздырғыштан келетін жылу белгілі – бір мөлшерде будың пайда болуына және қоршаған ортаға кетуіне qП жұмсалады:

QX = r· mх + qП (2)

мұндағы r – ізделініп отырған булану жылуы, кДж/кг.

I-шi кезеңде екі қыздырғыш жұмыс істейді – негізгі және калориметрлік. Сонда қоршаған ортаға кететін жылу τ1 = τ2 уақытта өзгеріссіз қалды және qП – ға тең, өйткені калориметрлік қыздырғышты қосқанда тек пайда болатын будың мөлшері ғана өзгереді, ал оның температурасы мен ыдыстың температурасы өзгеріссіз қалды. Сонда τ1 = τ2 уақыт үшін:

QX + QK = r· m2 + qП (3)

мұндағы QK - τ2 уақытта калориметрлік қыздырғыштан келетін жылу, кДж

(2) мен (3) – ден:

QK = r(m2 – mх) (4)

Яғни жылу тек

mK = m2 - mX (5)

мөлшердегі будың пайда болуына жұмсалады. Бұдан булану жылуы:

r = QK/mK (6)

Калориметрлік қыздырғыштан келетін жылу мөлшері былайша есептеліне алады:

QK = I ·UK ·τ2/1000 (7)

Мұндағы I – қыздырғыш бойымен ағатын тоқ күші, А;

UK – вольтметр көрсеткіші, В;

τ2 - өлшеу уақыты, с;

r – дың алынған мәнін кестелік мәнмен салыстыру қажет.


Лабораториялық жұмыс бойынша есеп беру үшін:




  1. жұмыс мақсаты;

  2. тәжірибелік құрылғының сызбанұсқасы;

  3. есептеулер нәтижесі керек.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ



  1. Бу үшін жұмыс диаграммасын бейнелеңіз және диаграммадағы аудандарды сипаттап беріңіз

  2. Құрғақ қаныққан бу, қаныққан сұйық және қызған бу дегеніміз не?

  3. Булану жылуының анықтамасын беріңіз.

  4. Pv – диаграммада булану процессін бейнелеңіз.

  5. Қандай тәжірибелік әдістер булану жылуын анықтауға қызмет етеді, олардың мәні неде?

  6. Тәжірибелік құрылғының құрылысы мен жұмыс принціпін айтып беріңіз.

Лабораториялық жұмыс ТД – 4


ЫЛҒАЛДЫ АУАЛЫ ПРОЦЕСТЕРДІ ЗЕРТТЕУ

Жұмыс мақсаты: Кептіру қондырғысындағы өтетін процестерді және ылғалды ауа күйлерін зерттеу.

ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕР

Әдетте ауада су буы түрінде, қандай да бір мөлшерде ылғал болады. Құрғақ ауамен су буының осындай қоспасын ылғалды ауа деп атайды.

Ылғалды ауаға байланысты, көптеген есептеулер жағдайында, қалыпты атмосфералық қысымға таяу қысымдар алынады және ондағы парциал қысым бу үшін көп емес, сондықтан ылғалды ауаға идеал газ заңдары қажетті дәлдікпен қолданыла алады:

Идеал газдар күйінің негізгі теңдеуі

p·V = m·RO·T;

Дальтон заңы

Р = Ра + Рб

мұндағы Р – ылғалды ауаның қысымы; Ра – құрғақ ауаның парциал қысымы; Рб – су буының парциал қысымы;

Су буының массасының ылғалды ауа көлеміне қатынасын абсолют ылғалдылық деп атайды:

ρб = mб /VЫА

мұндағы mб – су буының массасы, кг; VЫА – ылғалды ауаның көлемі, м3.

Берілген температурадағы ауаның абсолют ылғалдылығының, оның сол температурада мүмкін болатын максимал абсолют ылғалдылығына қатынасын салыстырмалы ылғалдылық деп атайды

φ = ρб/ ρmax


Ылғалды ауаны сипаттау үшін ылғалдылық шамасын қолданады – ол ылғалды ауадағы ылғалдың (будың) массасының ондағы құрғақ ауа массасына қатынасымен анықталады:

d = mб /mа

Бұл теңдеуді мына түрге келтіруге болады:

d = 622·Рб/(Р - Рб).

Ауаны тұрақты ылғалда, қаныққан (φ = 100%) болуы үшін, салқындату керек болған температураны, шық нүктесі деп атаймыз.

Ылғады ауаның энтальпиясы су буы мен құрғақ ауаның энталпияларының қосындысы ретінде анықталады

i = iа + iб · d

Ылғалды ауамен өтетін процестердің техникалық есептеулерін, белгілі қысымға арнап салынған ылғалды ауаның i, d- диаграммасы бойынша жүргізіледі. i, d – диаграммадағы (1, а сурет) координат осьтерінің арасындағы бұрыш 1350. i, d – диаграммамен анықтала алатын негізгі процестер 1, б суретте көрсетілген. Ауаның күйі қандай да бір екі параметрмен анықталады (мысалы, А нүктесі белгілі болатын φ және t нүктелерінің қиылысында жатыр). Диаграммадағы шық нүктесінің орны d=const мен φ=100% (В нүктесі) сызықтарының қиылысуымен анықталады. Ауаның шық нүктесінен төмен салқындатылуы φ=100% - пен жүретін сызығымен бейнеленген. Бұл процесс (В-В1) ылғалдылықтың азаюымен қатар жүреді, өйткені ауадан ылғал шығады. Ауаның қыздырылуы d=const кезінде жүреді. (А-С сызығы)



1 сурет. Ылғалды ауаның i, d – диаграммасы:

а-салынуы, б-негізгі процестер.

Ылғалмен қанығу процесі i = const (А – D сызығы) болғанда өтеді. Буды еңгізу арқылы ауаны ылғалдандыруға, ауаның (i2, d2) жаңа күйі араласу процесінің жылулық және материялдық балансының (i1, d1) бастапқы күйімен анықталады.
d2 = d1 + dб
1,б суретте штрихталған сызықтар мен А ылғалды ауаның күйі үшін. Рб парциал қысымның анықталу реті көрсетілген.

ТӘЖІРИБЕЛІК ҚОНДЫРҒЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ


Тәжірибелік стенд көпіруші қондырғының моделі болып табылады (2 сурет). Құрғатқыш агент болып табылатын ауа, лаборатория бөлмесінен желдеткіш көмегімен жіберіледі және тізбектей, калорифер 2 мен кептіруші камера 3, сосын 4 түтік арқылы атмосфераға шығарылады.

Калорифер 2 ішекке кішірек диаметрлі құбыр 8 орнатылған, металды қабаттан 9 тұрады; 8 құбырдың ішінде: 7 фарфор құбырға орнатылған нихром сым 6 болып табылады, электрлік қыздырғыш орнатылған. Қоршаған ортаға жылуды жоғалтуды азайту үшін, ауа алдымен 8 құбыр мен 9 қабат арасындағы дөңгелек саңылаудан өтеді, сосын қыздырғышты айнала ағып жоғары көтеріледі. Қыздырылған ауа жалғастырушы түтік арқылы кептіруші камераға 3 келеді.

Кептіруші камера 5 корпустан тұрады, оның ішінде кептірілуі керек болатын, ылғалданған шыт бұлмен 10 жабылған қанқа орналасқан.

Ауаның жұмсалуы 11 есептеуішпен, электр қыздырғышқа жұмсалатын қуат 12 трансформатормен және вольтметр, амперметр 13–пен реттеліп, өлшенеді.



Калориферге кіре берістегі ауаның ылғалдылығы, лабораторияда орнатылған психрометрдың көмегімен анықталады.

2 сурет. Кептіруші қондырғының құрылысы.


жүктеу 0,7 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау