тісті муфталар;
жылжымалы муфталар;
айқас муфталар.
Тісті муфталар. Тісті муфталар екі ішкі тісті құрсаудан (3) және сыртқы тісті екі жарты муфтадан (1,2) тұрады. Ішкі тісті құрсау сыртқы тісті жарты муфтаға кигізіледі (26.4-сурет).
Ал жарты муфталар жалғастырылатын біліктердің ұшына отырғызылады. Құрсаулар бір-бірімен болттар арқылы бекітілелді. Олардың тістерінің профилі көбінесе эвольвентті болып келеді, .
Тістер саны муфтаның көлеміне байланысты(z=30...80) алынады. Бұл муфталардың басқа муфталарға қарағанда төмендегідей артықшылықтары бар: а) тісті муфталардың беріктігіне байланысты, олар үлкен күшті қуатты бере алады; б) тістердің айналу жылдамдығы 25м/с-қа жетеді.
в) біліктердің диаметрі d=40...50мм және беретін айналу моменті үлкен Тайн =700...10000 Нм-ге тең дейін жетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |