7) Жылжымайтын сфералық топса. Қарымта күштің бағыты да, шамасы да алдын ала белгісіз және қарымта күштің орнына х, у, z құраушылары іздестіріледі (1.5,з,м -сурет).
8) Салмақсыз сырықтар-қабылдайтын жүктермен салыстырғанда салмағын ескермеуге болатын сырықтар. Қарымта күш сырық өсінің бойымен бағытталады (1.5,н,к -сурет).
Барлық дербес жағдайларда қарымта күштің түсу нүктесі, шамасы мен бағыты туралы білу керек. Олар статика есептерін шешу арқылы табылады.
Статика есептерін геометриялық әдістер (геометриялық және графикалық салулар) немесе аналитикалық әдістер (сандық әдістер) арқылы шешуге болады. Қарастырылып отырған курста негізінен аналитикалық әдістер жиі қолданылады.
.
1.5-сурет. Байланыс түрлері.
Достарыңызбен бөлісу: |