=1+2 .
4– аксиома (әсер және кері әсер туралы ереже). Екі дененің бір-біріне әсері шама жағынан өзара тең, бір түзудің бойымен қарама-қарсы бағытталған күштермен анықталады (1.3,г-сурет). Екі дене бір-біріне әсер ететін 1, 2 күштері модульдері жағынан тең және бір түзудің бойымен қарама-қарсы бағытталған. Әсер етуші мен қарсы әсер етуші 1, 2 күштері әртүрлі денелерге түсірілгендіктен олар теңгеруші күштер жүйесін құрай алмайды.
5– аксиома (қатаю туралы ереже). Кез- келген механикалық жүйеге қосымша жаңа байланыстар қосқаннан, ол абсолют қатты денеге айналса да, оның бастапқы тепе-теңдік күйі өзгермейді.
6– аксиома. Абсолют қатты денеге түсірілген байланыстарды ойша алып тастап және оларды қарымта күштермен алмастыра отырып, оны еркін дене деп қарастыруға болады (1.4-сурет) .
1.4-сурет. Байланысты қарымта күшпен алмастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |