2. Орта дөрежелі жөне жеңіл дене жарақаттары
Орта дәрежелі дене жарақаттарының белгілеріне: 1) олар-дын адам өміріне қауіпті болмауы; 2) олардың денсаулық бүзылуының үзақ уақытқа созылуын туғызбауы; 3) олардың еңбек қабілетінің үштен бірінен кемірегін едәуір түрақты жоғалтуын туғызуы және т.б. жатады.
Адамның жарақат алу салдарынан ауыруы немесе әлдебір мушесі қызметінің бұзылуы 3 аптадан асып кетсе, жарақат-тың бүл түрі денсаулыңтын узақ уақыт бұзылуы деп түсі-ніледі. Бүған білек, білезік, тобықтан төменгі, астыңғы жақ сүйектерінің сынуы сияқты жарақаттар, яғни ауыр және женіл жарақаттардың ортасында түрған сияқты болып көрінетін жарақаттар жатады. Заң түрғысьшан алғанда бүлар да ауыр жарақаттар болып табылады, бірақ онша ауыр деп танылмайды.
Еңбек қабілетінін үштен бірінен кемірегін едәуір түрақты жоғалтуына және еңбек қабілетінің 10-13 %-ін біржола жоғалтуына әкеп соққан жарақаттарды жатқызу керек. Ал еңбек қабілетін жоғалту мөлшері Мемлекеттік сақтандыру орындарынын кестесі бойынша анықталады. Осындай белгі-лері бар жарақаттарды орта дәрежелі жарақат ретінде баға-лау керек.
Жеңіл дене жарақаттары екі топқа бөлінеді:
денсаулықтың қысқа уақытқа бүзылуына әкеп соғуы;
еңбек қабілетінің болмашы тұрақты жоғалтылуына
әкеп соғуы. Жоғарыда атап өтілгеніндей, жеңіл дене жарақаттарын салуға байланысты істер жәбірленген адамның шағымы бо-йынша ғана қозғалады, яғни жеке айыптау істеріне жатқы-зылады.
Жеңіл дене жарақаттарын қарастырайық.
1. Денсаулықтың қысқа уақытқа бұзылуы белгісіне адам-
ның белгілі бір мүшесінің көп дегенде 3 аптадан аспайтын
уақыт бойы ауыруы немесе жұмысының бүзылуы жатады.
Әдетте жәбірленуші сот-медицина сарапшысына денсаулығының қаншалықты үзақ мерзімге бұзылғанын растайтын қүжаттарын (еңбекке жарамсыздық парағын, емхана анықтамасын, науқас тарихының көшірмесін және басқа қужат-тарды) табыс етеді. Бүл орайда сарапшы қүжаттармен мүқи-ят танысуы қажет. Ол жәбірленушінің емдеу мекемесінде болу ұзақтығы объективті қажеттілікпен негізделгенін және еңбекке жарамсыздық парағының дүрыс берілгенін анықтауға тырысады. Кейбір жағдайларда аурудың ұзаққа созылуы зардап шегушінің атқаратын жұмысына байланысты болуы мүмкін. Мысалы, машинка басатын әйелдің саусағына зақым келеді немесе аспаздың қолы іріңдеп кетеді және т.т. Басқа кәсіпте істейтін адамдар үшін мүндай жарақаттардың үзаққа созылуы орынды болмас еді. Демек, дене жарақа-тының қаншалықты ауыр екенін бағалаған кезде сол кәсіпте істейтін адам денсаулығының үзақ уақыт бүзылуына сүйеніп, кәсіптік ерекшелікті ескермеуге болмайды.
Алайда тәжірибеде зардап шегушінің еңбекке жарамсыз-дық парағын алу мен оны табыс етуден бас тартуы, жүмысқа жеке басының қамын ойлап өз тілегімен шығуы кездеседі. Дене жарақатының қаншалықты ауыр екенін бағалаған кез-де бүл да ескерілуі тиіс.
Сарапшы белгілі бір адамның нақты жарақаттануы салда-рынан денсаулығының бүзылуы мен жүмыс қабілетін жо-ғалтуының ұзақтығын бағалағанда объективті деректерді не-гізге алуы керек. Зардап шегушінің емдеу мекемесінде болуын емдеуші дәрігерлердің кейде әдейі созуы немесе оны жұмыстан орынсыз босатуы мүмкін екенін ескере отырып, медициналық қүжаттарды, еңбекке жарамсыздық парағын сын көзбен мүқият тексеру қажет. Әдетте, дәрігерлердің кейіннен сот қудалауының болу мүмкіндігін ескермей, басқа мақсаттарды, мысалы, зардап шегушіге қамқорлық жасауды негізге алуы мүмкін. Сондықтан медициналық қүжаттарда баяндалған деректерді сын көзбен анықтаудың маңызы өте зор.
2. Еңбек қабілетінің болмашы тұрақты жоғалтылуында іс
жүзінде 5—10% мөлшерінде түрақты жоғалтуға әкеп соғатын
жарақат зардаптары қарастырылады.
тарды кәдуілгі емханада қабылдаған тәртіп бойынша зерт-теледі. Жәбірленушінің жүйке (нерв) жуйесі мен психика-сына көп көңіл бөлген жөн, өйткені сот-медицина тәжіри-бесінде жарақаттарды психикалық зақымдану да тереңдете түсетіні жиі кездеседі.
Жарақаттарды шамамен алғанда емхананың хирургиялық тәжірибесінде істелетіні сияқты ерекше бөліп көрсеткен жөн. Жәбірленушінің жарақат кезінде ауырғанын сезінуін оның куәландыру (сипау, тықылдату, белсенді және енжар қозғалысының шамасын анықтау және т.б.) кезінде ауырсынуы негізінде анықтау керек, бүл орайда куәландырылушының көңілін аландатпаған жөн.
Әрине, сот-медициналық зерттеу жәбірленушінің денсаулығына қосымша зиян келтірмеуге тиіс. Егер буып байлайтын таза материалдын немесе буып байлайтын арнаулы орынның болмауы себепті сарапшының асептика жөне антисептика ережелерін сақтауға мумкіндігі болмаса, ол емдеу мекемесінде тазаланып байланған ораманы алмауға тиіс. Мүндай жағдай да ол жәбірленушіге емделіп біткеннен кейін емхана карта-сынан салынған жарақат жайлы толық сипатталған көшір-месін алып келуді үсынады.
Егер куәландырылғанға дейін жарақатқа хирургиялық жолмен ем жасалса, емдеуші дәрігерден жарақаттың бас-тапқы көлемі мен сипатын егжей-тегжейлі сипаттап жазып беруді сүрау керек. Ал бүл мәліметтерді емдеуші дәрігер ауру тарихында немесе емхана картасында көрсетуге тиіс. Әлбетте, сот-медицина сарапшысы клиникалық зерттеудін барлық әдістерін біле бермейді. Сондықтан қажет болған жағдайда ол куәландырылушыны түрғылықты жері немесе жүмыс орны бойынша емхананын маман дәрігеріне консуль-тацияға жібереді.
Маман дәрігер мен сот-медицина сарапшысының арасын-да іскерлік байланыс пен өзара түсіністік орнату үшін сарапшы сараптама сипатының бағыты мен мақсатын көрсетуге, маманның қүзыретіне жататын мәселелердің белгілі бір тобын оның шешуіне қоюға тиіс. Ең алдымен белгілі бір зақымдану немесе ауру сол жарақатқа байланысты ма, бүл жарарқатты немесе ауруды дағдылы жағдайда емдеу мерзімі қандай, бүл жарақат куәландырылушының денсаулық жағ-дайына қандай дәрежеде ықпал жасайды немесе қазірдің өзінде қандай ықпал жасады, негізгі аурудың асқынуына әсер етті ме және бүлайша асқынудың объективті белгілері қандай деген сүрақтарды анықтап алу қажет. Сонымен майан дәрігерге сүрақтың көп қойылуы сараптама жүргізуге едәуір көмек көрсетеді. Керісінше, сарапшы жолдамасында сүрақ-тардың болмауы кеңесші-дәрігердің көбінесе диагнозбен ғана шектеліп, өте қысқа жауап қайтаруына мүмкіндік береді. Бүл жағдай сот-медицина сарапшысын түйыққа тіреп қана қоймай, сараптама мерзімінің де үзаққа созылуына әкеп соғады, өйткені сарапшы мен кеңесшінің хат алысуы кейде едәуір үзақ уақытқа созылуы мүмкін.
Егер жәбірленуші куәландырылғанға дейін ауруханада жатса немесе емханада емделіп жүрсе, сарапшының міндетті түрде емханаға сауал салуы немесе ауру тарихының не емхана картасының толық көшірмесін сүратып алдыруы керек.
Алынған жарақат пен жәбірленуші айтқан ескі аурудың асқынуы арасында болуы ықтимал байланысты анықтау үшін медициналық қүжаттарға ерекше мүқият талдау жасау қа-жет. Мүндай жағдайда жәбірленушінің ескі ауруына бай-ланысты қандай емдеу мекемесінде емделіп немесе бақылауда жүргенін білген жөн. Денсаулық жағдайы нашарлауының алынған жарақатқа байланысты екендігі және оның неден аңғарылатындығы туралы мәселені анықтау үшін куәландырылушыны да соған жіберуі керек. Сарапшы-дәрігер меди-циналық қүжаттарға мүқият талдау жасап, оларда бірінші кезекте еш күмән келтірмейтін деректерді ескеруге міндетті атап көрсеткен жөн. Бүл орайда куәландырылушының өз шағымына, мысалы, ми шайқалуы мүмкіндігі жөніндегі шағымына байланысты ауруханада бақылау мен тексеруде көп уақьіт болуы мүмкін екенін ескеру қажет.
Пысықтау сұрақтары:
1.Ауыр дене жарақаттары
2. Орта дәрежелі және жеңіл дене жарақаттары.
Ұсынылатын нормативтік актілер
1ҚР ның Конституциясы 2007ж
2.ҚР сының «ҚР сының Президенті туралы» Конституцяилық заңы//
3.ҚР ның Үкіметі туралы заң 2006ж
2. Негізгі әдебиеттер
1. Г.М.Төлепбергенова, Б.А.Дүкенбаева. Сот медицина пәнінен студенттерге арналған оқу әдістемелік құралы (каз., рус.).- Алматы, 2009.-183б.
2. Г.М.Төлепбергенова, Сот медицина пәнінен дәрістер жиынтығы (каз).- Алматы, 2006.-91б.
3. Қаракөбенов Қ.Д. Сот медицинасы. Оқулық .- Алматы, 1996.-319б.
2.Судебная медицина. Учебник / В. Н. Крюков, Л.М. Бедрин. Москва «Медицина», 2005 – 474 с.
3. Практикум по судебной медицины. Г.П. Джуваляков, Д.В. Сундуков. Ростов-на-Дону «Феникс», 2006.
4. Судебная медицина. Ю.Д. Гурочкин, Ю.И. Соседко. Москва «Эксмо», 2006.
5. Попов В.Л., Судебная медицина, Учебник, Санкт-Петербург, 2002
6. Томилин В.В., Пашинян А.П. Руководство по судебной медицине. Москва, 2000.
7. Задачи и тестовые задания по судебной медицине. Под редакцией Ю.И.Пиголкина. Москва. «Гзотар-мед» 2004.
8. Учебное пособие для практических занятий по судебной медицине. Под редакцией Ю.И. Пиголкина. Москва. «Гзотар-мед». 2004.
9. Судебная медицина в схемах и рисунках. Г.А. Пашинян, П.О. Ромадановский. Москва. «Гзотар-мед», 2004.
Тақырып 10. Тірі адамдарға сот -медицина сараптамасын жүргізудің кейбір ерекшеліктері.
Тірі адамдарға сот - медицина сараптамасын жүргізудің кейбір ерекшеліктері.
Сот - медицина сараптамасы кезінде қатысатын адамдар.
Сот - медицина куәландыруының құжаттары.
1. Тірі адамдарға сот-медици-на сараптамасын жүргізген кезде жарақаттау, зорлау, әдейі ауыру және т.б. кезінде пайда болған өзгерістерді мүмкіндігінше ертерек анықтау өте манызды, бүл осы өзгерістер-мен егжей-тегжейлі танысу, не болғанын жақсырақ білу және тергеуші қойған сүрақтарға неғүрлым қысқа мерзімде мейлінше толық жауап қайтару үшін қажет. Сондықтан субъ-ектіге оқиға болғаннан кейін мүмкіндігінше тезірек зерттеу жүргізу қажет. Алайда өзгерістер болғаннан кейін оларды тез арада қарауға сарапшының мүмкіндігі бола бермейді, өйткені жәбірленушіге ең алдымен дәрігерлік көмек көрсету немесе зерттеуді жарақат алынғаннан кейін біраз уақыт өткеннен кейін жүргізуге тура келеді. Сарапшының қарап шығуына жәбірленушінің хал-жағдайы да кедергі жасауы мүмкін. Емдеу мекемесіне түскен жәбірленушіні қарау мүмкіндігін, тергеушінің қаншалықты талап еткеніне қарамастан, тек қана емдеуші дәрігер белгілей алады немесе оның рүқсатымен ғана белгіленуі мүмкін. Мүндай жағдай-да сарапшы жәбірленушінің емдеуші дәрігерімен де сөйлесіп, одан қажетті мәліметтер алуға және өз кезегінде дәрігердің араласуы кезінде, мәселен, жарақатты хирургиялық жол-мен анықтаған кезде нені сақтап, неге назар аудару қажет экенін түсіндіруге тиіс.
Кейде сарапшы тергеушіге жәбірленушіге алғаш көмек көрсеткен дәрігерлерден жауап алуды, бүл орайда сараптама қорытындысы үшін қажет болатын деректерге ерекше назар аударуды үсына алады. Ал егер сарапшының жәбірленушіні сол жерде немесе жарақат алғаннан кейін жәбірленуші медициналық көмек сүрағанға дейін көп кешікпей қарауға мүмкіндігі болса, ол жараның инфекциялануына жол бермеу үшін сараптама қүжатында қаралған кезде байқалған нәрселерді ғана көрсетеді және жәбірленушіні алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін емханаға немесе одан әрі емделу үшін түрақты емдеу мекемесіне жібереді, Мүндай жағдайда жәбірленушіге белгілі бір мерзімнен кейін қайтадан куәлан-дыру үшін келу үсынылады. Бүл орайда оның қолына емдеу мекемесіне емделу мерзімі біткеннен кейін байқалған барлық анықтама беру жөнінде сауал-сүрақ беріледі. Мүндай қүжатты сарапшы тікелей емдеу мекемесінің әкімшілігінен де талап ете алады. Қүжаттарды талап етудің аталған тәртібі жеке айыптау істері бойынша ғана жасалуы мүмкін. Тергеу органдары жүргізетін істерде сарапшы барлық қүжаттарды тергеуші арқылы ғана алады.
Бірқатар себептерге байланысты жәбірленушіні қайталап тексеру қажет. Өйткені кейбір жағдайларда жана ғана алын-ған жарақаттарды қараған кезде сарапшы жарақаттың немен бітетініне сенімді болмауы мүмкін. Сондықтан ол қорытынды бере алмай, жарақаттың немен бітетінін күтуге мәжбүр болуы ықтимал. Іс жүзінде алғашқы қарағанда жеңіл болып көрінетін жарақаттың шын мәнінде онша ауыр емес немесе ауыр болып шығуы мүмкін. Бүл жөнінен бастың жарақатына ерекше назар аудару қажет. Жәбірленуші тікелей бастан жарақат алғаннан кейін сарапшыға жіберілген кезде сарапшы қатерлі симптомдар болған кездің өзінде де мүндай жарақаттардың қаншалықты ауыр екені туралы ешбір жағдайда дереу қорытынды бермеуге тиіс. Мүндай жарақат бойынша қорытындыны әдетте жарақаттың нәтижесі анықталғаннан кейін беру керек.
Жарақат үзақ уақыт бойы емханада немесе түрақты емдеуді керек ететін жағдайларда жәбірленушіге кейде бірнеше рет қайталап тексеру жүргізуге тура келеді. Дене жарақатының нәтижесі, демек, қаншалықты ауыр екені жарақаттЫң нәтижесін анықтағаннан кейін ғана белгіленуі мүмкін.
2.Сот-медицина сараптамасы кезінде қатысатын адамдар. Сот-медицина сараптамасын жүргізу туралы нүсқауды тергеу және сот органдарының талап етуі бойынша жүргізілетін сот-медицина сараптамасының барлық түрлері олардың өкілдерінің қатысуымен жүргізілетіні көрсетілген. Ал олардың өкілдері кейде тірі адамдарға ерекше елеулі және күрделі жағдайларда жасалатын сараптамаға қатысады. Әдетте, жеке істер бойынша тірі адамдарға сараптама жүргізгенде оларға тергеу жөне сот органдарының өкілдері қатыса бермейді.
Ал кәмелетке толмағандарға гинекологиялық зерттеу жүргізген кезде ата-анасының, оларды ертіп әкелген ересек адамдардың біреуі, халыққа білім беру бөлімінің өкілі қатысуға міндетті. Кейде кәмелетке толмағандарға сараптама жүргізгенде тәжірибелі педагогтің қатысуы керек болады. Тірі адамдарға сараптама жүргізген кезде куәлардың қатысуы талап етілмейді.
Емдеу меііемелерінде, арнаулы емханаларда сараптама әрқашанда бөгде адамдардың - орта және кіші медицина қызметкерлерінің қатысуымен өткізіледі. Акушерлік-гинекологиялық сараптама да әрқашан басқа адамдардың қатысуы-мен жүргізіледі. Мүндай сараптама өткізгенде куәландыру кезінде сарапшыға қажетті көмек көрсету үшін фельдшерді, медицина бикесін, кіші медицина қызметкерін қатыстыру үсынылады. Жоғарыда көрсетілгеніндей, сот-медицина сараптамасын үйде жасаған жағдайда оган тергеушінің немесе ол уәкілдік берген адамдардың қатысуы қажет.
Тірі адамдарға сот-медицина сараптамасын жүргізудің жалпы тәртібі. Сот-медицина сарапшысы бірінші кезекте сот-медицина сараптамасын жүргізгенде негізге алынатын қүжаттармен танысады. Тірі адамдарға сот-медицина сараптамасы тергеу органдарының (милицияның, тергеушінің) қаулысы немесе үсынысы, сот үйғарымы бойынша ғана жүргізіледі, онсыз сарапшы жәбірленушіге зерттеу жүргізе алмайды және жүргізбеуге тиіс. Егер ондай зерттеу жүргізілсе де ол сарап-тама болып саналмайды. Мүндай жағдайда сарапшы сотқа куә ретінде ғана шақырылуы мүмкін, ал оның қорытындысы куәгерлік айғақ ретінде ғана пайдаланылады. Ал сарапшы етіп басқа маман тағайындалуға тиіс.
Кейбір жағдайларда жәбірленушінің шағымы бойынша қылмысты іс қозғалады. Бүл жеке айыптау ісі деп аталады. Олардың кейбіреуі жәбірленушінің айыпталушымен бітісуі жағдайында қысқартылуы, ал кейбіреуі қысқартылмауы мүмкін. Мүндай істер мынадай жағдайларда: а) қасақана же-ңіл дене жарақатын салғанда; 3) жала жапқанда; б) қорла-ғанда (бүл істер тараптардын татуласуымен тоқтатылуы мүмкін); в) зорлағанда; г) авторлық және өнертапқыштық қүқықтар бүзылғанда (бүл істер тараптардың татуласуымен тоқтатылуы мүмкін) қозғалады.
Егер қылмыс туралы істің ерекше қоғамдық мәні болса немесе жәбірленуші айыпталушыға байланысты шарасыз-дық жағдайда болса немесе басқа да себептермен өз қүқықта рын қорғай алмаса, мүндай жағдайларда прокурор бүл істерді жәбірленушінің шағымы болмағанның өзінде де қозғауға қүқылы. Бүл жағдайда істі жәбірленушіні айыпталушымен бітістіру арқылы қысқартуға болмайды. Жоғары-да көрсетілген және жәбірленушінің шағымы бойынша қоз-ғалған істер бойынша, егер мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделер мен азаматтардың қүқықтары талап етсе, прокурор кез келген уақытта іске араласып, сотта айыптауға қүқылы. Мүндай жағдайларда да іс тараптардың татуласуы-мен қысқартылуға жатпайды.
Жеке айыптау істері бойынша жәбірленуші әдетте сот-медицина сараптамасына жолдаманы милиция органдарынан немесе халық сотынан алады. Ал прокуратура қылмыстық іс қозғаған кезде істі жүргізуге қабылдап алған тергеуші сот-медицина сараптамасын тағайындау туралы қаулы шығарып, онда істің мән-жайын қысқаша баяндай келіп, сарапшының алдына шешілуі керек сүрақтарды қояды.
Сот-медицина сарапшысы сараптама жүргізуді, әдеттегідей, қүжаттармен және жауап қайтарылуға тиісті сүрақтармен мүқият танысудан бастайды. Сонымен бірге медицина-лық және басқа да қүжаттардың мазмүнына, толтырылуына, қойылған қолдарға, мөрге, мөртаңбаға назар аударып, олар-дың жасанды болмауын пысықтау керек.
Сараптамада жіберілген қүжаттармен танысып шыққан-нан кейін сарапшы төлқүжатының немесе өзге де қүжаттары бойынша куәландырылушының өзімен танысуға тиіс. Бүл, әсіресе, жеке айыптау істері бойынша қажет. Кейде мүдделі адамдардың әр түрлі себептермен өз орнына басқа адамды жіберуге әрекеттенуі де кездеседі. Сарапшы осылай істелуі мүмкін екенін әрқашан есінде үстап, сараптамаға жіберілген адамның кім екенін мүқият тексеруге тиіс. Күдік келтірілген жағдайда сарапшы оны тергеу органдары арқылы істей ала-ды.
Сонымен бірге сарапшы ең алдымен өзінің қорытынды беретін іс материалдарымен танысып алуға тиіс. Сарапшыға танысу үшін табыс етілетін материалдың көлемін тергеуші анықтайды. Сарапшы өзіне танысу үшін табыс етілген мате-риалдармен танысып шығып, олардың қорытынды беруге және өзіне тергеуші қойған сүрақтарға жауап қайтаруға жеткілікті болатынын немесе қосымша материалдар керек етілетінін анықтайды. Тағы да материалдар қажет болған жағдайда сарапшы өзінің қорытынды беруі үшін қандай ма-териалдар керек екенін тергеушіге хабарлайды. Тергеуші са-рапшыға қорытынды берілуге тиісті тармақтарды баяндайды. Қорытынды берілуге жататын мәселелерді айыпта-лушының да жазбаша түрде табыс етуге қүқығы бар. Ал сарапшы істін өзі қорытынды беруге тура келетін мән-жай-ларымен тергеушінің рүқсатымен таныса алады. Егер сарапшы өзіне тергеуші табыс еткен қүжаттарды қорытынды беруге жеткіліксіз деп тапса, қорытынды берудің мүмкін еместігін дәлелдеп хабарлама жазады. Мүндай жағ-дайда алдын ала тергеудің сарапшыға табыс етілетін материалдары ауқымын прокурор немесе сот шешеді.
Сарапшы белгілі бір іске қатысты барлық медициналык қүжаттармен танысып шығуға міндетті. Әдетте, тергеуші са-рапшыға медициналық қүжаттардың көшірмесін, кейде он-дай қүжаттардан үзіндіні табыс етеді. Өйткені емдеу меке-мелерінде қүжаттардың көлемі өте үлкен болатындықтан, олардың көшірмесін беруге ынта-ықылас көрсетіле бермейді. Дегенмен де медициналық қүжаттардан алынған үзінділерді ешбір жағдайда пайдалануға болмайды. Оларда қажетті де-ректердің болмауы және көбінесе асығыс жасалуы өте жиі кездеседі. Сонымен бірге кейбір қүжаттардан, мысалы, ауру тарихынан үзінді жасайтын адам (әдетте мүны медицина би-кесі жасайды) сарапшыға не керек болатынын білмей, үзіндіге кейде өте маңызды деректерді енгізбеуі мүмкін. Сондықтан сарапшы әрқашанда тергеуші арқылы медициналық қүжаттың түпнүсқасын талап етуге тиіс, ол қүжатты содан кейін тергеуші емдеу мекемесіне қайтарып береді. Медициналық қүжаттар мен басқа да материалдарды сараптамаға қажет болса, сарапшы емес, тергеуші ғана сүрап алуға тиіс. Ал тергеуші сарапшыға сараптама және қорытынды үшін қажетті барлық материалдарды табыс етуге міндетті.
Жеке айыптау істерінде сарапшы қажетті материалдарды тергеу және сот органдары арқылы талап етеді немесе медициналық қүжаттарды емдеу мекемесінің әкімшілігі арқылы ресми түрде өзі сүратып алады. Алынған материалдарды са-рапшы егжей-тегжейлі зерттеп, сараптама алдына қойылған мәселелерді шешу үшін маңызы бар деректерге ерекше назар аударады. Медициналық қүжаттар мен рентгенге түсірілген суреттердің дүрыс және нақты екеніне, штамцысына, мөріне, істің мән-жайына олардың қаншалықты сәйкес келетініне көңіл бөліп, күдік келтірілген жағдайда анықтау үшін оларды тергеушіге беру керек.
Барлық материалдар мен қүжаттарды зерттеп шыққаннан кейін сарапшы тексерілуші адамнан анамнез жинауға кіріседі. Прокуратура қозғаған қылмысты істер жөнінде сараптама жүргізген кезде сарапшы өзіне тергеуші берген және іс мате-риалдарында бар деректерді ғана пайдалана алады. Сарапшы керек еткен сүрақтар бойынша куәландырылушыдан сарапшының қатысуымен тергеуші жауап алады. Тергеуші жоқта сараптама жүргізгенде өзі қараған адамнан алған мәліметтер іс материалдарында болмаса, сарапшы оларды сараптама қүжатына енгізбей, тергеушіге хабарламайды. Ал тергеуші уәландырылушыдан қосымша жауап алып, оның матери алдарын іске енгізеді. Егер сарапшы істе жоқ, бірақ өзі анық-таған жаңа мәліметтерді сараптама құжатына енгізсе, оның сарапшыдан куәгерге ауыстырылуы мүмкін. Сөйтіп, сотқа ол енді сарапшы емес, тергеу және сот органдарына белгісіз фактілер туралы айғақ беретін куә ретінде қатыса алады.
Жеке айыптау істерінде анамнезді сарапшының өзі жинайды. Мүны ол өзіне қойылған сүрақтарды шешу үшін қажетті мән-жайларды анықтаудан бастайды. Мысалы, ол ең әуелі жарақат алынған уақытты, жарақаттың қандай қүралмен және қалай салынғанын, аурудың барысын және басқа де-ректерді анықтап алады.
Куәландырылушының деректерді әрқашанда өз мүдде-лерін көздей отырып хабарлайтынын білген жөн. Олар мүны ешқандай арам ойсыз, ал кейде әдейі де істейді. Сарапшыны адастыру мақсатымен белгілі бір деректердің қасақана бүрмалап көрсетілуі мүмкін екенін есте үстау керек. Мысалы, бүрын қанталаған жердің жаңадан көрсетілуі мүмкін. Сондықтан тексерілушінің берген түсіндірмелеріне мейлінше сын көзбен қарап, олардағы қарама-қарсы пікірлерге баса назар аудару және оларды объективті деректермен салыстырып отыру керек. Сараптаманың алдына қойылатын басты міндеттердің бірі - объективті деректердің куә-ландырылушы түсініктемелерімен қаншалықты сәйкес келе-тіндігін анықтау.
Күдік келтірілген деректердің бәрі қайталап сүрақтар қою, салғастыру арқылы ерекше мүқият тексерілуге тиіс. Алайда сарапшы өзінің күмәндарын ешқашан, ешбір жағдайда айт-пауға, тексерілушімен сөз таластырмауға жәңе оның қайшы пікірлерін әшкерелемеуге тиіс. Қажетті деректердің бәрін алғаннан кейін сарапшы тексерілушіден оның жасайтын шағымдарын сүрайды. Мүқият тыңдап алғаннан кейін сарапшы оларды сараптама қүжатына енгізеді. Содан соң барып сарапшы қарауға кіріседі.
Субъектіні қарағанда объективті деректерді: адамның алған жарақаттары мен басқа да өзгерістерді анықтау мақсат және міндет етіп қойылады. Қарауды біртіндеп, дәйекті түрде, белгілі бір ретпен жүргізу қажет. Көзбен қарап шығумен қоса, қарап шығу үшін үлкейткіш шыны қолдану керек. Қарап шығу міндетті түрде табиғи жарықта жүргізілуге тиіс. Үлкейткіш шынымен тәптіштеп қараған кезде дененің өзгеріс болған жерлерін қарауға арнаулы жарықты да пайдалануға болады.
Қарауды тексерілушіде қандай жарақаттар бар екенін анықтаудан бастау керек. Содан соң дененің жекелеген жер-лерін біртіндеп қарап шығып, байқалған өзгерістер мен жа-рақаттарды нақ сол ретімен сипаттайды.
Тексерілуші өзінде болған барлық өзгерістер мен жара-
қаттарды көрсетуге мүдделі болатын жеке айыптау істерінде сарапшы өзіне куәландырылушы айтқандарды қараумен шектелуі мүмкін. Неғүрлым күрделі және күдікті жағдайларда, әсіресе күдіктілер мен айыпталушыларды, сондай-ақ жәбір-ленушілерді қараған кезде тексерілушінің толық шешінуін сүрап, сонан соң ғана қарап шыққан жөн. Осылайша қарау өзгерістер мен жарақаттар және олардың сипаты туралы толық өрі дүрыс түсінік береді, куәландырылушыны әлдебір жарақатты жасырып қалу мүмкіндігінен айырады, ал сарап-шы өзінің бәрін қарап шыққанына сенімді болуға тиіс.
Сарапшы куәландырылушының кейде өз бойында болған өзгерістер мен .жарақаттарды түрлі себептер бойынша жа-сырып қалып, сарапшыны жаңылтуға тырысатынын ескеруге тиіс. Куәландырылушыны толық қарап шығу талап етілетіні сондықтан. Ол дененің жекелеген жерлерін: басты, мойын-ды, кеудені, қол-аяқты мүқият қарап шығады. Әсіресе, де-ненің көзге көрінбейтін жерлері: қолтық, емшек безінің асты, шап қыртыстары толық тексеріледі. Осылайша толық қаралғанын сарапшы өз қорытындысында көрсетуге тиіс.
Сарапшы барЛық өзгерістерді қарап шыққаннан кейін оларды сипаттауға кіріседі. Дененің түрлі бөліктеріндегі жа-рақаттар мен өзге де өзгерістер объектінің сипатына қарай біртіндеп сипатталады. Оның реті әр түрлі болуы мүмкін, бірақ әрқашанда бас жақтағы өзгерістер мен ерекшеліктерді сипаттаудан бастап, сонан соң мойынды, қолды, кеудені, арқа мен ішті, жыныс мүшелерінің, бөксенің маңайын, аяқты сипаттауға көшу керек.
Сипаттау кезінде мына тәртіп сақталады: 1) жарақаттың сипаты (сызат, қанталау, жара, т.б.); 2) жарақаттың пішіні (сызықша, дөңгелек, т.б.); 3) сантиметрмен есептегендегі жарақат мөлшері (үзындығы, ені немесе диаметрі); 4) тереңдігі (шел клетчаткасына, сүйекке дейін, т.б.); 5) басқа да ерек-шеліктері (жара жиектерінің сипаты, оның айналасындағы терінің жайыг қанталаған жердің, сызат қабығының түсі және т.б.). Әрбір жарақат пен өзгеріс, мысалы, тыртық, т.б. жеке-жеке, ал жарақат көп болса, олар жеке топтарға біріктіріліп сипатталады. Оларды нөмірлеп, ретімен сипаттауға да болады, бірақ түскен жарақаттардың бәрі көрсетілуі керек.
Оларды сипаттаумен бірге схемаларын жасау үсынылады. Мүны түрлі түсті қарындаштармен жасаған жақсы. Әсіресе, қанталаған жерлерді көрсету үшін осылай істеген жөн. Күрделі және ерекше жауапты сараптамалар жүргізгенде барлық жарақаттарды суретке түсіру қажет. Әеіресе, бетке түскен жарақаттар міндетті түрде суретке түсірілуге тиіс, өйткені кейіннен бетәлпеттің бүзылуы туралы мәселе туындауы мүмкін.
Сот-медицина сараптамасының кейбір түрлерінде жекелеген мүшелерді, дене ауқымын өлшеуге тура келеді. Оны антропометрияльщ өлшеу деп атайды. Оның да өзінің техникасы мен әдістемесі бар (соматометрия). Мүндай өлшеу белгілі бір төртіппен және жалпыға бірдей әдістемемен жүргізілуте тиіс, әйтпесе алынған нәтиже сенімді болмайды. Антропологиялық өлшеу техникасы әдістемесі сарапшының белгілі бір білімі мен дағдысы болуын және сонымен бірге одан ерекше дәл, ыждағатты әрі мүқият болуды талап етеді. Мүндай өлшеу жүргізу үшін арнаулы аспаптар пайдаланылады. Ол аспаптарды жыл сайын тексеріп отыру, мүқият сақтау керек, оларға тиісті күтім жасалуға тиіс. Сот-медицина тәжірибесінде қолданылатын мүндай аспаптарға медицина-лық таразы, арнаулы бой өлшегіш, сантиметрлі таспалар мен арнаулы циркульдер жатады. Сараптама тәжірибесінде Склифосовскийдің бүрыш өлшегіші, адамның еңбекке қабілетін тексергенде басқа да аспаптар, мысалы, бүлшық ет күшін анықтау үшін -динамометр, өкпенің ауқымын анықтау үшін спирометр керек болуы мүмкін. Сот-медицина кабинетінде аталған аспаптардың бәрі болуға тиіс. Ал антропологиялық өлшеулерді әрқашанда бір адамның жүргізгені жөн.
Өлшеу үшін тексерілушіні шешіндіріп, мүлде жалаңаш жағдайда өлшеу жүргізу керек. Адамнын жасын, жынысын, жыныс қатынастарына жарамдылығын анықтаған кезде және басқа да кейбір жағдайларда талап етілетін антропологиялық өлшеулер минимумы бар. Мысалы, адамның салмағын, түрғандағы бойын, отырғандағы бшктігін, кеудесішң көлемін, жіліншігінін жуандығын, иығының енін, бөксесішң ауқымын анықтау қажет. Өлшеуді белгілі бір антропометриялық нүкте-лер арасында ғана жүргізу керек. Түзу өлшеулер тік немесе көлбеу жазықтар бойынша жүргізіледі. Периметрлер - тас-палармен, ал диаметрлер циркульдермен өлшенеді. Адамның бойы мен дене сегменттерінщ үзындығьш өлшеу бой өлшегіш-пен (антропомермен) жүргізіледі. Мүндай өлшеуді таспамен жүргізуге болмайды және өлшеген кезде адам әрқашанда тік түруға тиіс. Бас көлбеу жазық бойынша өлшенеді. Ал мүндай жазық қүлақ қалқанының жоғарғы шеті мен көз үясының төменгі шеті арқылы өтеді.
Дененің салмағын таңертең, адам тамақ ішпегек кезде өлшеген жөн. Ал дененің үзындығы (бойы) ағаш бой өлшегішпен тік түрған жағдайда өлшенеді. Тексерілуші бой өлшегіштің ағаш аланшасына, өкшесі, бөксесі және жауы-рыны бой өлшегіштің артқы жағына тиіп түрады. Денесі сәл еңкейіп, ішін тартып.қолдарын екі бүйіріне жіберіп түрады, басын тік үстайды. Содан соң жогарыдағы көлбеу планка-ны адамның төбесіне тигенге дейін түсіріп бекітеді де, бЪй-ды 0,5 см-ге дейінгі дәлдікпен белгілейді.
Отырғандағы биіктігін де нақ сондай бой өлшегшпен өлшейді, бұл орайда жиылмалы орындықты немесе биіктігі 40 см орындықты пайдаланады. Тексерілушінің бөксесі мен жауырыны бой өлшегіштің артқы жағына тиіп түруға тиіс. Басын тік үстап, соған жоғарғы планка түсіріледі. Отырғандағы биіктік тексерілуші отырған орындықтың биіктігін алып тастағаннан кейін анықталады.
Кеудесі сантиметрлі таспамен өлшенеді, бүған металл тас-паны пайдаланған жөн. Тексерілуші екі қолын көтереді, сонан соң таспа артқы жағынан жауырынңың төменгі бүрышынан, алдыңғы жағынан еркектердің емшегінің төменгі шетінен, ал әйелдерге IV қабырғаның төс сүйегіне жалғасатын деңгейінде - емшектен жоғары салынады. Таспа салғаннан кейін тексерілуші қолдарын түсіреді. Кеуде ауқымы дем алғанда, барынша дем шығарғанда және солардың арасындағы үзілісте өлшенеді. Тексерілуші еңкеймей тік түруға тиіс. Екіүш рет өлшегеннен кейін ен үлкен шамасы жазылады. Өлшеу дәлдігі 1 см-ге дейін.
Иықтың аумағын влшегенде қол бүлшық етке күш түсірмей шынтақтан бүгіледі. Таспамен екі иықтың басындағы бүлшық еттің ең қалың жерінен өлшенеді. Сонан соң қолды еркін түсіріп турған жағдайда нақ әлгі жерлер арқылы иықты өлшейді. Ал білек ең ауқымды жерінен, қолды еркін түсіріп түрған кезде өлшенеді.
Сан аумағын өлшегенде адам аяқтарын иығының ауқы-мына теңеп қойып түрады. Сантиметрлі таспаны артқы жағынан бөксе қатпарының астынан, алдыңғы жағынан соған тең жағдайда салады. Жіліншіктің аумағы оның ең көлемді жері-нен өлшенеді.
Иықтың кеңдігін үлкен циркульмен немесе антропомермен өлшеу керек. Бүл орайда циркульдің тармақтары иық сүйегінің басына емес, жауырынның басына қойылады. Ал бөксенің аумағы акушерліктәжірибедегі сияқты өлшенеді.
Қолдың үзындығын өлшегенде тексерілуші адам саусақтарын тік үстап, қолын түсіріп түрады. Өлшеу антропомермен жүргізіледі. Аяқ та нақ сондай жағдайда антропомермен өлшенеді. Табанынан жамбастың үлкен үршығына дейінгі қашықтық анықталады.
Сот-медицина сараптамасында кездесетін негізгі өлшеу жүмыстары, міне, осындай. Тек тағы бір қайталап айтатын нәрсе: өлшеуді даярлығы бар маман жүргізуге тиіс. Егер басқаша да өлшеулер қажет болса, антропометриялық өлшеу-лердің технгікасы мен әдістемелері жөніндегі арнаулы бас-шылықтарды пайдалану керек.
Тергеу органдары мен сотқа керекті бірқатар мәселелерді айқындау үшін сот-медицина сарапшысының куәландырылушы адамның киімін, аяқ- киімін және бас киімін қарап шығуы да маңызды. Адам денесінің ашық жерлеріне ғана емес, киімі бар жерлеріне де жарақат салынуы мүмкін. Мүндай жағдайларда киімде қолданылған қүралдың, қарудың іздері қалады. Сот-медицина сарапшысы куәландырылушыны қараған кезде қиім-кешекке назар аударуға міндетті. Куәландырылушы өзіне-өзі қол салып, оны басқа адам салған жарақат деп көрсететін күдіктуғанда киім-кешекті қарап шығудын маңызы зор. Киімге келтірілген зақым мен денедегі жарақатты салыстыру кейде олардың мерзімі жөнінен немесе орны жөнінен сәйкес келмейтіндігін анықтауға мүмкіндік береді. Киімге арнаулы, мысалы, криминалистік немесе сот-химиялық тексеріс жүргізу керек болуы мүмкін. Мүндай жағдайда тергеуші киімді айғақты зат ретінде сараптамадан өткізуге жібереді.
Бірқатар арнаулы мәселелерді шешу үшін киім-кешекті зерттеуді сот-медицина сарапшысы немесе криминалист-сарапшы, сот- химигі зерттеудің барлық қажетті әдістерін қолданып жүргізеді. Ал сарапшы бірқатар жағдайларда жәбірленушінің киімін қарайды, сондықтан ол киімнің зақымданған жерлерін, ондағы іздер мен басқа да белгілерді қарап, сипаттай білуге тиіс. Арнаулы зерттеу керек болған киімді тергеуші ғана алып, зерттеуге жібере алады. Киімге арнайы зерттеу жүргізу керек екенін анықтаған соң сарапшы оны терге-шіге хабарлайды.
Киімнің әр бөлігінің өз атауы бар. Сарапшы өзі тапқан зақымдануларды, киімдегі іздер мен басқа да өзгерістерді, сондай-ақ киім ерекшеліктерін киім схемасына түсіреді.
Бүлармен қоса сараптамада, жоғарыда айтылғанындай, арнаулы зерттеу әдістері қолданылуы мүмкін. Мүндай арнаулы зерттеулерге: рентгеноскопиялық, яғни рентгенографиялық, лабораториялық, қанға және несепке жүргізілетін спектралдық, сондай-ақ химиялық, ботаникалық, микроскопиялық зерттеулер жатады.
3.Сот-медицина куәландыруының қүжаттары
Қылмыстық істер жүргізу кодексінің 56-бабына сәйкес куәландырудың барлық жағдайларында, соның ішіндетірі адам-дарды куәландырғанда сот-медицина сарапшысы қорытын-ды жазуға тиіс.
Сот-медицина сарапшысының куәландыру қорытындысы сараптама жүргізудегі тағайындаған адамға немесе үйымға ол жүргізілгеннен кейін 3 күннен кешіктірмей жіберіледі. Дәлелді себептер болған жәғдайда (мысалы, консультацияға жіберілген, рентгенге түсірген, лабораториялық және басқа зерттеу әдістерін жүргізген кезде) бүл мерзім үзартылуы мүмкін, бүл орайда әлгіндей себептер қорытындының аяғында
көрсетілуге тиіс. Қорытындының бір данасы сарапшыда сақ-
талады.
Сот-медицина түрғысынан куәландыру қорытындысы негізінен үш бөлімнен: кіріспе, суреттеме бөлімдері мен сарапшының түжырымынан (пікірінен) түрады.
Сарапшы қорытындысының кіріспесінде: 1) куәландыры-лу жүргізілген уақыт пен орын; 2) сараптаманы кімнің тағайын-дағаны; 3) сот-медицина сарапшысының аты-жөні; 4) куәландырылушының аты-жөні, жасы, түрғылықты жері; 5) оның кәсібі; 6) сараптаманың мақсаты немесе сараптама алдына қойылған сүрақтар; 7) жарақат салынған мән-жай туралы алдын ала мәліметтер көрсетілуге тиіс. Бүл мәліметтердін тергеу және сот органдарынан немесе куәландырылушы адамның сөздерінен алынуы мүмкін. Сондай-ақ кіріспеде жәбірленушінің куәландырылу кезеңінде жасаған шағымдары да көрсетілуге тиіс.
Кіріспенің суреттеме бөліміне медициналық қүжаттардың деректері мен объективті зерттеу нәтижелері енгізіледі. Егер бастапқы куәландыру кезінде жәбірленушінщ қолында алынған жарақат туралы медициналық қүжаттар болса, сарапшының әуелі солармен танысып алып, хаттама бөліміне сол қүжаттардың негізгі деректерін жазғаны жөн. Ал медициналық қүжаттардың өздерін куәландыру қорытындысына қоса
тіркеу керек.
Сарапшының қорытындыға енгізілетін қүжаттардан алынған үзінділері жеткілікті дәрежеде толық, емдеу мекемесінде қойылған диагнозды растауға тиіс. Сонымен бірге онда емдеу мекемесінің атауы, медицина қүжатының (ауру тарихының, емхана картасының және басқаларының) нөмірі, олардың берілген күні міндетті түрде көрсетіледі.
Объективті зерттеу нәтижелерін суреттеген кезде сарапшы куәландыру барысы мен осы жағдайда табылған барлық деректерді егжей-тегжейлі баяндауға тиіс. Сонымен бірге қорытындының суреттеу бөлімінде сарапшылық түжырымдар, яғни аурудың диагнозы, жарақаттың мерзімі, жарақат салудың қүралы, әдісі және т.б. туралы түжырым жасаудан тартынған жөн.
Егер куәландырылушы консультация немесе емделу үшін маманға жіберілсе, сот-медицина сарапшысы консультацияның немесе емдеудің нәтижелерін хаттамаға жазып қана қоймай, сонымен қатар жәбірленушіні қайтадан куәландырып, хаттамада куәландырылушының консультациядан не-месе емделуден кейінгі, яғни қайта куәландырылу кезіндегі хал жайын да баяндауға міндетті.
Түжырымдарда (пікірде) сараптаманың ғылыми түрде не-гізделген нәтижелері, атап айтқанда, тергеу немесе сот органдарының сараптама алдына қойған сүрақтарына жауаптар болуға, сондай-ақ онда куәландыру барысының өзінде туындап, сарапшыға айқын болған мәселелер көрсетілуге тиіс. Сонымен бірге сарапшының түжырымы (пікірі) қоры-тындының хаттама бөлімінің қисынды нәтижесі және соған негізделген болуы керек. Қорытындыда арнаулы медициналық және латын тіліндегі терминдер, түзетулер, қысқарған сөздер, сөздер арасында ашық қалдырылған орындар бол-мауға тиіс, тігуге арналған ашық жер қалдырылып, сарапшының қол қоюы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |