Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі



жүктеу 1,81 Mb.
бет5/9
Дата05.02.2018
өлшемі1,81 Mb.
#8501
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Пысықтау сұрақтары:

1. Өлім түрлері.



Ұсынылатын нормативтік актілер

1ҚР ның Конституциясы 2007ж

2.ҚР сының «ҚР сының Президенті туралы» Конституцяилық заңы//

3.ҚР ның Үкіметі туралы заң 2006ж



2. Негізгі әдебиеттер

1. Г.М.Төлепбергенова, Б.А.Дүкенбаева. Сот медицина пәнінен студенттерге арналған оқу әдістемелік құралы (каз., рус.).- Алматы, 2009.-183б.

2. Г.М.Төлепбергенова, Сот медицина пәнінен дәрістер жиынтығы (каз).- Алматы, 2006.-91б.

3. Қаракөбенов Қ.Д. Сот медицинасы. Оқулық .- Алматы, 1996.-319б.

2.Судебная медицина. Учебник / В. Н. Крюков, Л.М. Бедрин. Москва «Медицина», 2005 – 474 с.

3. Практикум по судебной медицины. Г.П. Джуваляков, Д.В. Сундуков. Ростов-на-Дону «Феникс», 2006.

4. Судебная медицина. Ю.Д. Гурочкин, Ю.И. Соседко. Москва «Эксмо», 2006.

5. Попов В.Л., Судебная медицина, Учебник, Санкт-Петербург, 2002

6. Томилин В.В., Пашинян А.П. Руководство по судебной медицине. Москва, 2000.

7. Задачи и тестовые задания по судебной медицине. Под редакцией Ю.И.Пиголкина. Москва. «Гзотар-мед» 2004.

8. Учебное пособие для практических занятий по судебной медицине. Под редакцией Ю.И. Пиголкина. Москва. «Гзотар-мед». 2004.

9. Судебная медицина в схемах и рисунках. Г.А. Пашинян, П.О. Ромадановский. Москва. «Гзотар-мед», 2004.


Тақырып 7. Мәйіттің табылған жерде қаралуы.
1. Оқиға болған жерді қарау әдісі мен кезеңдері.

2. Әр турлі жағдайлардағы өлім болған жерді карау ерекшеліктері.

Адам мәйітін, ол табылған жерде сыртынан қарау тергеулік қараудың жалпы ережелерін сақтай отырып және сот медицина саласындағы маман дәрігердің, ал оның қатысуы мүмкін болмаған жағдайда - өзге дәрігердің міндетті түрде қатысуымен жүргізіледі. Өлікті қарау үшін басқа да мамандар таратылуы мүмкін.

Өлікті қосымша немесе қайталап қараған жағдайда сот медицинасы саласындағы маман дәрігердің қатысуы міндетті.

Танылмаған өлік міндетті түрде фотосуретке түсірілуге және дактилокөшірме жасалуы тиіс.

Өлікті сырттай қарау кейін сот-медицина сараптамасының жүргізілуін алмастырмайды және жоққа шығармайды.

Өлікті қарау барысында азаматтардың қайтыс болған адамды тану туралы мәліметтерді сол тергеу әрекетінің хаттамасына енгізіліп, кейіннен мәлімдеушіден куә ретінде жауап алынады, бұл мәйітті басқа адамдардың тануы үшін көрсетуді жоққа шығармайды (ҚР ҚІЖК-нің 224-бабы).

Мәйттіңі табылған жерінде, тергеушіні оның сырттай қарауын жүргізеді. Табылған жерінде мәйтті сырттай қарау екі сатыдан тұрады-мәйттің жалпы қарауы және бөлшектеп қарауы. Мәйітті қараудың барысы мен нәтижелері оқиға болған жерді қарау хаттамасында сипатталады.



Мәйітті қарау кезінде міндетті түрде зерттелетіндер:

    1. Мәйіттің қандай қалыпта жатқаны және оның оқиға жерінде орналасуы. Мәйіттің жалпы қарауы мәйттің жатқан жерін, мәйттің жалпы түрі мен қалпын, күйін, яғни оныңмүшелерінің бір-біріне қарағандағы орналасуын бекітуден басталады. Мәйттің қалпы мен орналасуы оқиға болған механизмі туралы версия құруда елеулі маңызы бар.

Мәйіттің орналасуын қараған кезде, оның жақын жердегі қозғалмайтын обьектілерге қарағанда қалай орналасқанын сипаттау керек – кірер есікке, терезелерге, қабырғаға, темір жол рельстеріне, ағаштарға және басқаларға. Егер келеңсіз қалыпқа қандай да бір құралдармен ұстаттырылып қойылған болса, онда ондай құралдар да мұқият қаралып сипатталуы керек. Мәйіттің оқиға жеріндегі орнынан ауыстырылуы немесе бастапқы қалпынан басқа қалыпқа өзгертілуін ең алдымен мәйіт дақтарының сипаттары мен орналасуы куәлайды.

    1. Мәйіттің киімдерінің сыртқы жағдайлары. Киімнің жағдайы да мәйіттің жалпы қарауы барысында анықталады. Киімнің сыртқы түрі оқиға механизмін анықтау үшін елеулі роль атқарады. Мысалы, әуелі әйелді зорлап, кейін оны өлтіріп тастағандығы туралы істер бойынша жәбірленушінің киімдерінің үлкен дәлелдемелік маңызы бар екені белгілі.

    2. Мәіттен табылған өлім келтірген қару. Өлім келтірген құралды мәйітті қарау барысында тек қана ол тікелей мәйіттен табылса ғана бірге қаралады, мысалы, мойынын буған тұзақ. Егер де жәбірленушіге жарақат түсірген құрал мәйіттен алшағырақ жатса, онда оның қарауы тергеушінің шешкен оқиға жеріндегі обьектілерді қараудың кезектілігі бойынша қаралады.

    3. Киімнің сыртқы күйін қарап, мәйіттің орналасуы мен қалпын бекітіп алғаннан кейін мәйттің астын қарау керек. Осы мақсатта мәйітті көтеріп орнынан жылжыту керек. Бұл жағдайда мәйітті сүйреуге немесе аударуға болмайды. Мәйіттің астындағы заттардың іс үшін елеулі маңызы болуы мүмкін және мәйіт дақтарын салыстыра отырып, мәйіттің орны ауыстырылғандағы және қалпының өзгертілгендігі туралы тұжырым жасауға болады.

    4. Мәйіттегі киім сырттай қарап болған соң, оны шешіндіреді. Киімнің әрбір бөлігі жеке және киімнің басқа бөліктерімен бірге қаралады. Киімді қарау кезінде анықталатындар: өлшемі мәйітке үйлесе ме, киімнің барлық бөліктері бар ма, қалталарында және киімнің басқа бөліктерінде қандай заттар бар, онда қандай сатпақтар немесе дақтар бар (ондай дақтардың көлемі мен орналасуы, матаға сіңу деңгейі, дақтың түсі, ылғалдылығы), киім қандай жарақаттар алған (ондай жарақаттардың сипаты, өлшемдері, нышаны, неден пайда болғанын көрсететін белгілер бар ма және олар қандай, киімнің ерекше иісі бар ма, сыртқы және ішкі киімдердің сапасының сәйкестігі.

    5. Мәйіт денесі барынша тиімді болып табылатын кезектілікпен қаралады. Өлгеннің жанысы, жасы, бойы, шашының, көзінің түстері анықталады, мәйттік құбылыстар мен жарақаттардың сипаты, деңгейі мен локализациясы анықталады (олардың пайда болуы тек мәйттің сот медициналық зерттеуі кезінде анықталады): тіс аппаратының куйі, биологиялық бөлінділердің болуы және басқалар анықталады. Мәйіт денесіндегі жарақаттарды киімдегі жарақаттармен өлшемділік орындарының сәйкес келу тұрғысынан салыстырып көру керек.

    6. Мәйіт киімнің қалталарынан және басқа да бөліктерінен табылған заттар киімді қарау барысында да және мәйтті қарап болған соң да қаралыу мүмкін. Осы кезде заттардың мазмұны, өлшемі, сыртқы қалыптары, олардың қандай күйде екендіктері және мәйтті орналасуы бекітіледі. Әсіресе жаке басы анықталмаған жәбірленуші мәйттің келбеті мен киімдерінің белгілері мұқият бекітіледі. Мұндай жағдайларда, мәйттен міндетті түрде дактилокөшірмесі алынады және мәйтті тірі кезіндегідей қалыпқа келтірген соң мәйттің барлық киім-кешектерін тану суреті ережелері бойынша суретке түсіріледі.

Эксгумация және жерлеу жерінен көтерілген мәйтті қарау. Эксгумация, тергеулік қараумен қатар бір тарауда берілсе де, оны тергеулік қараумен шатастыруға болмайды, тек осы тергеу әрекетін жүргізу кезінде көтерілген мәйттің тергеулік қараудың ережелеріне сәйкес қарауы жүргізіледі.

Мәйітті тексеріп-қарау кезінде өлімнің кейбір түрлеріне күдіктенген жағдайда сот медицинасы саласындағы маман-дәрігер (оның міндетін атқарушы дәрігер) тергеушінің назарын мынадай ерекшеліктерге көңіл аударады:


      1) жол-көлік жарақатында - мәйіттің тұрпатына, жол бөліктеріне, маңайындағы заттарға, көлік құралдарына, іздеріне қатысты жатуы немесе олардың арасындағы қашықтыққа; 
      олардың ара қашықтығына, киімнің күйіне, (ондағы зақымданулар, шыны бөлшектері, көше балшығымен, жол үстінің бөлшектерімен былғануы және сүйреу немесе протектор, шынжырбаудың трактары және өзге де көлік құралдарының іздері);
      аяқ-киімнің күйіне, олардағы зақымдануларға, аяқ-киімнің табанындағы сырғудың іздеріне, мәйіттегі зақымдану сипаттарына, олардың орнығуына, сүйектің патологиялық қозғалу орнына, крепитацияның болуына, дененің жеке бөліктерінің қисаюына, аяқ-қолының қысқаруына, сүйрету іздеріне, кірген бөгде бөлшектерге;
      жол аймағындағы биологиялық текті заттардың болуына, киім мен аяқ-киімнің жыртылуына немесе үзілген бөліктерінің, заттардың болуына;
      қанның ізіне, шашқа, тері бөлшектеріне, ми заттарына, органдардың (тіндердің) кесіктеріне, киім матасының талшықтары мен қиындыларына, осылардың суретінің таңбаларына және басқаларға;
      2) теміржол жарақатында - мәйіттің жатуына, тұрпаты және рельске, сепкен жерге, жол ғимараттары мен теміржол көлігіне (қай вагонның немесе дөңгелек жұбының астында) қатысты бөлшектенген мүшесінің бөлшектерінің, бөлшектенген мүшелерінің аралығына, былғанған киімдегі зақымдануларға (майланатын заттармен, көмір тозаңы), денеге темір жолдың балласт қабаты бөлшектерінің енуіне, «іркісті тегістеуге», қысым жолақтарына;
      мәйіттегі зақымданулардың орналасуы мен сипатына, олардың түбі мен жиегінің былғануына, киімдегі және аумағындағы қан іздерінің болуына, қысым жолғаның түсіне және шөгінділер мен басқаларға;
      теміржолының учаскесіндегі денені сүйрету іздеріне;
      теміржол көлігіндегі биологиялық тектес іздердің болуына және олардың орналасу биіктігіне;
      3) әуе жарақатында - мәйіттердің бөліктерінің бір-біріне қатысты және әуе кемесінің сынықтарымен өзара орналасуына;
      сол аймақтағы денелердің немесе дене бөліктерінің ауысу іздеріне, киімінің күйіне, бөтен иістерге; бөліктің қай мәйітке тиісті екендігіне (реттік нөмірі бар биркалар тағылады, егер белгілі болса, әр фрагментке қайтыс болғанның аты-жөні жазылады). Мәйіттердің қалдықтарынан құжаттарды, бағалы және басқа заттарды алуға үзілді-кесілді тыйым салынады. Мәйіттерге немесе оның бөліктеріне әсер ететін зақым мен байланған белбеулерден болған денедегі іздер мен зақым түрлеріне;
      экипаж мүшелері зақымдануларының ерекшеліктері мен сипатына (оқ тиген жарақаттардың, өзге де жарақаттардың белгілері, көміртек тотығымен улану және басқалар);
      4) биіктен құлағанда - биік объектіге қатысты мәйіттің жатқан күйіне, киімдегі жолақ пішінді былғануларға, қабырғаның бойымен сырғудан болған мата мен әшекейлеу детальдарының (түйме, қапсырма) сыдыруларына, жәбірленушінің құлаған жерінің өзіне тән былғануы мен киімінің былғануы ерекшеліктерінің сәйкестігіне, тігіс бойынша киімнің тігістерінің бойындағы жыртылуларға, мәйіттің денесінің шығып тұрған беті мен денесі бөліктеріндегі зақымдануларға, жарақаттардың бір беткейде орнығуына (егер сатылы құлау болмаған жағдайда);
      егер қолымен не аяқпен кұлаған кезде зақымданулардың симметриялылығына, бір не екі табан аймағындағы жұмсақ тіндердің зақымдануына;
      аяқ-қолдарының біреуінің қысқаруына, аяқ басының ротациясына және басқаларға;
      5) доғал және үшкір заттардан болған зақымдар - зақымның сипатына, орнығуына, пішініне, жиегіне, мөлшеріне, киіміндегі зақымдарға сәйкес басқа да ерекшеліктеріне, қарсыласу немесе қорғану сипатындағы мәйіттің қолында жарақаттың болуына немесе болмауына;
      біртекті жарақаттар кезінде олардың - санына, орналасуына, қанға ұқсас іздердің, шаштың, тоқыма талшықтарының, жұмсақ тіндердің бөліктеріне, ми затының мәйітте, оның киімінде, қоршаған орта заттарында, жарақат келтіру болжамы бар құралда (қаруда) болуына;
      аяқ киім табанында және табанның өкше тұсында қанға ұқсас дақтардың болуына (денедегі немесе табиғи саңылаулардағы кіріп тұрған заттарды алуға тыйым салынады);
      6) оқ тиген жарақатта - киімдегі зақымдарға, олардың орналасқан жеріне, пішініне, деффектінің болуына, шамамен алғандағы өлшемдеріне, киім арасы қабаттарында немесе қатпарларында оқтың, бытыраның және атудың қосымша факторларының іздеріне (арнайы зерттеу үшін алу), аяғында аяқ киімнің бар екеніне, мәйіттің денесіндегі зақымдардың санына және орналасқан жеріне, қару ұңғысының ұшындағы таңбалардың пішіні мен жуық өлшеміне, тесіп өткен жарақат кезінде кірген және шыққан тесік аумағындағы тіндердің жарылуына, жарақатта бөгде заттардың болуына (тесіп өткен, жабық, жанап өткен) және оның ерекшеліктеріне, айналасындағы заттарға, мәйіттің киімдеріндегі, денесіндегі қанға ұқсас іздерге, олардың орналасуына және ерекшеліктеріне;
      7) жарылу кезіндегі жарақаттарда - жарылу аймағына (нүктесі) қатысты мәйіттің тұрпаты және оның бөліктерінің ара қашықтығын көрсетіп, бір-біріне қатысты орналасуына, киім қабатының арасында бос жатқан жарылған заттың бөліктеріне, мәйіттің денесіндегі, киімді зақымдау сипатына, күйгеніне, отпен шарпылғанына, қақталғанына;
      8) механикалық асфиксияда - беттің ісінуіне, көздің дәнекер тінді қабықтарына қан құйылуға, тілдің күйіне, терінің көгеруіне;
      дәреттің, нәжістің, шәуеттің денедегі және киімдегі іздеріне; мойынды жіппен қылқындырғанда – мәйіттің тұрпатына;
      дененің еркін асылып тұрғанда - аяқ ұшынан еденге (жерге) дейінгі және іздері бар (мысалы, аяқ киім) тұғырға еденнен ілмектің бос ұшының бекітілген жеріне дейінгі ара қашықтыққа;
      дене толық асылмаған кезде – дененің қай бөлігі тіреуіш нүктесі болғандығына, еденнен ілмектің еркін ұшына дейінгі (төменгі) және ілмектің бекіткіш ұштарына дейінгі ара қашықтығына;
      9) тіреуішке ілмек ұшының бекітілу ерекшеліктеріне, тіреуіште және жіптегі сырғу іздерне; ілмекке (түрі, бау саны, мата, түйіннің, түйілудің, матада тесіктің болуы және басқа да ерекшеліктеріне, мойында ілмектің орналасу ерекшеліктері, түйіннің орналасқан жері, түйіннің байлану сипаты);
      мәйіттік дақтардың орнығуына, бет терісінің түсіне, көздің мөлдір қабығына нүктелік (ноқатты) қан құйылуға, тілдің күйіне, странгуляциялық жолақтың ерекшелгіне және ілмек пен оның арасындағы сәйкестікке (ілмекті мәйітпен бірге мәйітханаға жіберу үшін, түйінге қарсы тұрған жағынан кесіп алу керек, содан соң кесілген ұштарын жіппен бекітіп, ілмек пен оның бос бөлігінің ұзындығын өлшеу керек;
      мәйіттің мойнындағы ілмек тым қатты тартылған болса, онда ол оқиға болған жерден алынбайды);
      10) қолмен қылқындырып, мұрын мен ауыз тесігін басқа заттармен жауып өлтірілгендігіне күдік туындаған жағдайда - мәйіттің тұрпатына, киімнің күйіне, ауыз бен мұрын тесіктерін жапқан заттағы зақымдар мен бөгде заттардың қалдықтарының болуына, бетке жабысқан сілекейге, құсық заттарға, ауыз қуысындағы тығынға; ауыз қуысындағы тығын - ауыздан материалдың қаншалықты шығып тұрғандығына, қаншалықты тығыз енгізілгеніне;
      басқа кигізген полэтилен пакеттің (қаптың)- тұрпатына, тығыз жатқан жеріне, пакеттің ішіне басқа заттың салынғанына, оның ішіндегі ылғал тамшыларына, терлеу іздері;
      шешкеннен кейін - бөгде иістердің болуына, пішініне, мөлшеріне, мойын терісі, бет, мұрын және ауыз тесігі айналасындағы терідегі зақымдануларға, еріннің, ауыз қуысының шырышты қабатының күйі, дененің басқа аумақтарындағы зақымданулардың болуына, әсіресе қолдарындағы (ауыздағы тығынды оқиға болған жерден алуға үзілді-кесілді тыйым салынады. Тығынның түсіп қалуы немесе ығысуына жол бермеу үшін теріге лейкопластермен жабыстыру қажет;
      11) кеуде  клеткасы мен іш жаншылғанда - қысып тұрған заттардың мөлшері мен сипатына, терідегі, киім мен олардағы түсіп қалған таңбаларға, механикалық зақымданулардың сипаты мен ерекшеліктеріне, терінің түсі, көздің мөлдір қабығы мен қабақтардың шырышты қабаттарындағы қан құйылуларға, экзофтальмге және басқаларға;
      12) суға батып кеткенде (суға тұншығу)- судың үстінде денені ұстап тұрған заттарға;
      (сақтану белдігі және басқалары) немесе керісінше, батуға себеп болған заттардың (мойынға, денеге байлаған тас немесе т.б. заттар) мөлшерін, сипатын, бекіту әдісін көрсетіп отыра, денесінің қай жағы суға батқанына, киімі бар болса, оның күйіне, оған жабысқан құмға немесе су өсімдіктеріне және механикалық зақымдануларына, оның сипатына, терінің базданған бөліктеріне, ауыз бен мұрын тесіктерінен аққан қанға, тұрақты көпіршіктерге;
      13) уланғанда - удың киім мен теріге әсер ететін іздері (мәйіттегі күйіктер, құсық қалдықтары және қасындағы химиялық заттардың қалдықтары бар (мәйіттегі күйіктер, таблеткалар, үгінділер, құтылар, ампулалар, сұйықтықтар, дәрілер тағы басқалар) заттарға, мәйіттің жанындағы не киімінің қалтасындағы шприц, ине сияқты заттарға, терісінің түсіне, әсіресе мәйіттік өзгерістерге, көз қарашығының күйіне, аузынан шыққан иіске, бар болса инъекция іздеріне (сот-медициналық сарапшы тергеушіге әрі қарай жүргізілетін зертханалық зерттеулер үшін химиялық заттар қалдықтарын алуды ұсынады);
      14) төмен температураның әсері - мәйіттің тұрпатына, жатқан орнына, күйіне, киімнің күйіне (мысалы жыл мезгіліне сәйкестігі, жұпынылығы, ылғалдылығы және басқалар), мәйіттік өзгерістерге, көз, мұрын мен ауыз тесіктерінің маңайындағы шық пен мұз түйірлеріне, терінің «құс терісі» күйі және терінің әр түрлі дәрежедегі үсуіне, орнығуына, мөлшеріне және басқа да ерекшеліктеріне (үсіп қалған мәйітті қарау өте сақтылықты қажет етеді, дененің қатып калған бөліктерінің зақымдануы мүмкін (саусақтар, құлақ қалқандары);
      15) жоғары температураның әсері тигенде - киімнің жоқтығына немесе ішінара болуына (дененің қай аумағына сәйкес), оның күйіне, ерекшеліктеріне, отпен шарпылғанына немесе күйгеніне, қанға ұқсас іздерге, мәйіттің тұрпатына, орнына, мәйіттің үстіндегі күйіктің жайылуына және дәрежесіне, мұрын, ауыз, тіл, тістердің шырышты қабатында, тері қатпарының ұшында күйеге және тағы басқа жалын әрекетіне қатысты емес закымдардың барына. (өрт болған жерде мәйіттің денесі бөлшектеліп әр жерден табылуы мүмкін екендігін есте сақтау қажет;
      сот-медициналық сарапшы тергеушіге от жағылған орын мен оның жел соғарының әр жерінен күлдің 4 түрлі сынамасын, салмағы 50 граммға жуық, кейбір табылған заттарды қарап-тексергеннен кейін, қалған күлді де зерттеу үшін алуға ұсыныс жасайды);
      16) электр тогының әсерінен: атмосфералық (найзағаймен, жай, жасын) – киімдегі және денедегі зақымданулврдың болуы, киімнің жануы, күйіктер немесе шаштың күюі, терідегі «найзағай кескіні» («найзағай кескіні» болған кезде олар тез жоғалып кететіндіктен сондай-ақ, металл заттардың балқуын суретке түсіру ұсынылады);
      техникалық - қараудың алдында мәйітпен қасындағы заттар электр тогының ықпалынан емес екендігін тексеріп алған дұрыс;
      содан кейін өлімнің нақты белгілері белгіленеді; мәйіттің және оның кейбір бөлшектерінің жерге тығылған заттарға қатысты жатуына, ток көздері мен желілеріндегі эпидермис, қан, шаш, тоқыма талшықтары бөлшектерінің және киім кесінділерінің болуына, ток өткізуге ықпал ететін киімнің (ылғалдығы, аяқ киімнің табанындағы металл шегелері) ерекшеліктері;
      токтың жылу немесе механикалық әсерінен болған (матаның шарпылуы, күюі, жыртылуы, аяқ киіміндегі шегелері, қалталарындағы металл немесе пластмасса заттардың балқуы) зақымдануларына;
      ток әсерінің белгілеріне: өткізгіш пен токтың болжамды шығуы арқылы байланыс орындарындағы электр таңбаларына;
      17) заңсыз түсік жасаған жағдайда - шайғыштарға, легендерге, медициналық аспаптарға, химиялық заттарға, аборт жасау мақсатында пайдаланатын дәрі-дәрмектерге, қанға ұқсайтын іздерге, іш киімдерге және қоршаған жағдайларға;
      мәйіттің тұрпатына, жүктілік белгілеріне, сыртқы жыныс мүшелері мен бұтаралығының күйіне (механикалық зақымдар, қан, жыныс жолдарына енгізілген бөгде заттар);
      ұрық пен оның бөлшектерін және жолдасының тығылған немесе лақтырып тастаған жерлерін тексеру қажеттігіне;
      18) нәрестенің мәйітін немесе оның бөлшектерін қарағанда - орау сипатына, байлау әдісіне, майлы жұқпаларының болуына немесе болмауына, туғандағы ісікке, қан немесе меконий іздеріне, нәрестені күту белгілеріне (кіндік байлау, таңу және басқалар), табиғи саңылаулардағы бөгде заттарға, кіндіктің және бала орнының күйіне, олардағы зақымдарға;
      19) белгісіз адамның мәйітін қарағанда - киіміне (әр бөлігіне), мәйіт қасындағы, астындағы қосымша заттарға, жынысына, антропологиялық пішініне, жуық жасына, дене бітіміне, шаш өсіміне, тістерінің күйіне, ерекше айырмашылығына (даму кемшілігі, жарақаттың, аурудың, тыртықтардың, татуировканың іздері және тағы басқалар), зақымдардың болуына және сипатына, мәйіттің бейнесін ауызша сипаттау әдісінің дұрыстығына;
      20) бөлшектенген мәйіттің бөлшектері табылғанда - оралған болса оның сипатына, киіміне (бөлшектеріне), байлау тәсіліне, табылған дененің бөлшектенген мүшелерінің анатомиялық сипатына, мәйіттік өзгерістерге, бөтен заттармен былғануына, қанға ұқсас іздеріне, ерекшеліктеріне, бөлшектенген жерлердің ерекшеліктеріне, орнының, жиегінің сипатына, пішініне, жуық мөлшеріне және өзге де зақымдардың ерекшеліктеріне;
      21) қаңқаға айналған мәйіт табылғанда - сүйектерінің өзара қалыпты орналасуына, оларда зақымданулар мен жағындылардың болуына. Топырақтан шыққан бөлек сүйекті алуға болмайды, ең алдымен топырақтан бүкіл қаңқаны тазартып, содан соң алған жөн;
      22) кенеттен өлгенде - зақымдардың болуына немесе болмауына, сипатына, өлімге себеп болған жағдайларды анықтауға, марқұм туралы медициналық құжаттаманы алуға;
      23) егер өлім аса қауіпті жұқпалардан (бұдан әрі АҚЖ) (оба, шешек, тырысқақ, геморрагиялық вирустық тырысқақ, күйдіргі және тағы да басқа жаңадан туындаған аса қауіпті жұқпалар) болғанына күдік пайда болса сот-медицинасы саласындағы маман дәрігер (оның міндетін атқарушы дәрігер) тергеушіге дереу хабарлап, екеуі бірігіп жақын маңдағы денсаулық сақтау органдарының және санэпидстанцияның басшыларына хабар беруге шаралар қабылдайды. Оқиға болған жерді қарауға қатысатын адамдар нақты жағдайға байланысты тиісті нұсқау беретін арнайы індетке қарсы бригада келгенше, орнында қалады. Мәйітті санитариялық-эпидемиологиялық қызмет арнаулы көлікте алып кетуді жүзеге асырады.


Пысықтау сұрақтары:

  1. Мәйіттің табылған жерде қаралуы.

  2. Оқиға болған жерді қарау әдісі мен кезеңдері.

  3. Әр турлі жағдайлардағы өлім болған жерді карау ерекшеліктері.


Ұсынылатын нормативтік актілер

1ҚР ның Конституциясы 2007ж

2.ҚР сының «ҚР сының Президенті туралы» Конституцяилық заңы//

3.ҚР ның Үкіметі туралы заң 2006ж



2. Негізгі әдебиеттер

1. Г.М.Төлепбергенова, Б.А.Дүкенбаева. Сот медицина пәнінен студенттерге арналған оқу әдістемелік құралы (каз., рус.).- Алматы, 2009.-183б.

2. Г.М.Төлепбергенова, Сот медицина пәнінен дәрістер жиынтығы (каз).- Алматы, 2006.-91б.

3. Қаракөбенов Қ.Д. Сот медицинасы. Оқулық .- Алматы, 1996.-319б.

2.Судебная медицина. Учебник / В. Н. Крюков, Л.М. Бедрин. Москва «Медицина», 2005 – 474 с.

3. Практикум по судебной медицины. Г.П. Джуваляков, Д.В. Сундуков. Ростов-на-Дону «Феникс», 2006.

4. Судебная медицина. Ю.Д. Гурочкин, Ю.И. Соседко. Москва «Эксмо», 2006.

5. Попов В.Л., Судебная медицина, Учебник, Санкт-Петербург, 2002

6. Томилин В.В., Пашинян А.П. Руководство по судебной медицине. Москва, 2000.

7. Задачи и тестовые задания по судебной медицине. Под редакцией Ю.И.Пиголкина. Москва. «Гзотар-мед» 2004.

8. Учебное пособие для практических занятий по судебной медицине. Под редакцией Ю.И. Пиголкина. Москва. «Гзотар-мед». 2004.

9. Судебная медицина в схемах и рисунках. Г.А. Пашинян, П.О. Ромадановский. Москва. «Гзотар-мед», 2004.




Тақырып 8. Мәйіттің табылған жерде қаралуындағы дәрігер маманның ролі.
1.Дәрігер маманның ролі.

Мәйіт табылған жерде сот медицинасы саласындағы маман-дәрігер (оның міндетін атқарушы дәрігер) ең алдымен болжамды «мәйітте» нақты өлім белгілерінің бар жоқтығын анықтайды.


      Өлімнің нақты белгілер болмаған жағдайда сот медицинасы саласындағы маман-дәрігер (оның міндетін атқарушы дәрігер) бұл туралы жедел медициналық жәрдем шақырған тергеушіге хабарлайды. 
      Көрсетілген жағдайда сот медицинасы саласындағы маман-дәрігер (оның міндетін атқарушы дәрігер) жеке өзі реанимация бойынша қажетті шараларды (жасанды дем алдыру, жүрекке жабық массаж және басқа да іс-шаралар) қабылдайды.
      Қабылданған реанимациялық іс-шаралардан оң нәтиже болмаған жағдайда тергеуші (тексеріп-қарау жүргізген адамға) оқиға болған жерді тексеріп-қарау хаттамасына реанимациялық іс-шаралардың түрлерін, олардың басталуы мен аяқталу уақытын, оның нәтижесін және оларды тоқтату негіздерін енгізеді.

Мәйіт табылған жерде тексеріп-қарау кезінде сот медицинасы саласындағы маман-дәрігер (оның міндетін атқарушы дәрігер) мәйітті тексеріп-қарау хаттамасына енгізу үшін мынадай мәліметтерді анықтап, тергеушіге хабарлайды:


      1) мәйіттің жатқан күйі, қалпы, аяқ-қолының орналасуы, мәйіттің үстіндегі немесе жанындағы заттар;
      2) мәйіттің киімі мен аяқ киімінің жағдайы мен қалпы (оның бүтіндігі, ластануы, дақтар, түйменің тесіктері, бауларының күйі, қанға ұқсас іздерінің және басқа бөліністердің);
      3) ағытып киімін көтеріп, бірақ шешіндірмей жынысын, шамамен жасын, дене бітімін, терісінің түсін, көрініп тұрған шырышты қабықтарын, көз жанарын, мөлдір қабықты, табиғи тесіктердің жағдайы, егер оларда бөтен заттармен бөлінген сұйықтықтар болса, олардың түсі мен ерекшеліктері көрсетілуі тиіс;
      4) белгісіз мәйітті тексеріп-қарау кезінде ерекше белгілері (тыртық, таңба, туа біткен қал, дене кемшіліктері);
      5) алғашқы мәйіттік өзгерістердің сипатты (хаттама жүргізу барысында мәйітті зерттеудің нақты уақыты міндетті түрде көрсетіледі, атап айтқанда:
      мәйіт дақтарының орналасуы мен диагностикалық ерекшеліктері (түсі, мөлшерлеп басу кезіндегі түстің өзгеруі және бастапқы түсіне келуіне дейінгі уақыт (секундпен), көлденең жолақ бұлшық еттердің механикалық және электрлік тітіркендіруге реакциясы, көз жанарларының электрлік және химиялық тітіркендіруге реакциясы, дененің жабық және ашық бөліктерінің қолымен басып көргендегі суу (салқындау) дәрежесі, дене бөлігі, температураны өлшеу уақыты көрсетілген дененің температурасы (электротермометр мен немесе кәдімгі термометрмен анықталады), міндетті түрде қоршаған ортаның температурасы көрсетіледі;
      6) кешіккен мәйіттің өзгерістері болған жағдайда (шіру, мумиялану, майбалауыз, шымтезек тәрізді кебу және өзгелер) олардың орнығуын, дененің бөліктерінің таралу мен олардың айқындылық дәрежесін көрсетеді;
      7) мәйіттен қандай болмасын бөтен иістің шығуы (алкоголь, эфир және өзгелер);
      8) мәйітте және оның киімдерінде жәндіктер мен олардың жұмыртқаларының болуы (көбірек жиналған орны және олардың сипаты);
      9) қол ұшының күйі, алқанда заттардың болуы (жұмылған жұдырық, саусақ аралықтары, тырнақ асты кеңістігіндегі заттар);
      10) мәйіттің денесіндегі зақымданулар, олардың орнығуы, сипаты, көлемі, пішіні, шеттерінің ерекшеліктері, денеге немесе теріге жұққан заттар, қосындылар, қанға ұқсас ағымдар.
      Жараны (зақымды) тексеріп-қарау кезінде оны сүңілеуге және басқа да зақымның алғашкы түрі немесе қасиеттерін өзгеріске ұшырататын әрекеттер жасауға, сондай-ақ заттай айғақтардың (әйнектің, металл сынықтары, күйе және тағы басқа) ұсақ бөлшектерін жоғалтып алмау үшін қатып қалған қанды, басқа да сұйықтарды жууға, сүртуге немесе басқа тәсілдермен кетіруге тыйым салынады.
      Жарақаттағы бекіткіш құралдар мен заттарды мәйіттің сот-медициналық сараптамасына дейін алуға, ауыстыруға жол берілмейді.
      Мәйітті сырттай тексеріп-қарау мен оқиға болған (мәйіт табылған) жердегі жағдайды зерттеу аяқталған соң сот медицинасы саласындағы маман-дәрігер (оның міндетін атқарушы дәрігер) ауызша түрде тергеушіге мыналар туралы алдын ала өзінің ойын айтуға құқығы бар:
     1)шамамен өлімнің болған уақыты;
     2)өлімнен кейінгі мәйіттің қалпының өзгеруі;
     3)дене жарақаттарын түсіру механизмі мен жарақатты түсірген болжамды қару;
     4)мәйіттің табылған жерінің оқиға болған жермен сәйкестігі;
     5)мәйіттің және оны қоршаған заттарда сипаты бойынша қанға ұқсас заттардың іздері табылған жағдайда сыртқа қан кетуден кейінгі оқиғаларды орнына келтіру мақсатында зақымдардың пайда болуы механизмі туралы талқылау;
     6)өлім себептерін болжау.
      Тергеушіге айтылған болжамдар кезінде тергеуге мүдделі мәселелердің шешілуі тек мәйітті толық сот-медициналық зерттеуден кейін және іс бойынша қажетті барлық қосымша зерттеулерден кейін ғана мүмкін екендігін міндетті түрде хабарлау керек.
      Мәйіт табылған жерде сот медицинасы саласындағы маман-дәрігер (оның міндетін атқарушы дәрігер) мынадай іс-қимылдарды жүзеге асырады:
      1) табылған жерінде мәйітті сырттай тексеріп-қарау мәселелері бойынша, сондай-ақ мәйіттің кейінгі сот-медициналық сараптамасы мәселелері және сот-медициналық сараптаманың құзырына кіретін мүмкін болатын зертханалық зерттеулер бойынша тергеушіге консультация беру;
      2) қанға ұқсас іздер, шәует немесе адамның басқа да бөлінділерін, шаштарын, адамның жұмсақ және тығыз тіндерін, дәрілік препараттарға ұқсас әртүрлі заттарды, тұрмыстық немесе өндірістік химия препараттарын, зақым келтірілуі мүмкін заттар мен қаруларды, сондай-ақ осы іс бойынша мүдделі басқа да объектілерді тауып алуда, оларды маман-криминалистер тексеріп-қарағаннан кейін ғана тергеушіге көмек көрсету;
      3) тергеуші мен куәлардың назарын нақты оқиға үшін маңызы бар барлық ерекшеліктерге (оның ішінде жағымсыз жағдайларға) аудару;
      4) қарауды жүргізу барысында жасалып жатқан істермен олардың нәтижелеріне түсінік беру.
      Сот-медициналық зертханаларда сараптауға жататын объектілер анықталған және алынған жағдайда сот медицинасы саласындағы маман-дәрігер (оның міндетін атқарушы дәрігер) тергеушінің назарын биологиялық тектес кез келген ізді суреттеу қажеттілігіне, оның орнығуын, пішінін, өлшемдерін атап көрсетуге аударады.
      Бұдан басқа табылған іздер жағдайында:
      1) қанның түрлері: қан жиналған жер - жиегі шетінің, перифериясының сипаты, ұйыған қандағы бар іздер (мысалы, бастың шашты бөлігінің ізі), қанның құрғақ қалдығын кейінгі өлшеуге алу, сүйреткендегі іздері - із бағыттары, олардың ені, жиегі мен ұштарының сипаты (қарқындылығы), қанның сіңуі-матаның қай жағынан (сыртынан немесе ішінен) сіңгендігін анықтау, қанның аққан бағыты (әр кесіндінің бағытын көрсету), оның ұшының сипаты, қан тамшысы - тамшы іздері бар аймақты сипаттау, олардың саны, қосылу белгілері бар, жоғын, жиектеріне екінші рет шашырау белгісі бар, жоғын, жиектерін қадағалап қарау, қанның шашырауы – шашыраған аймақтың көлемі, олардың пішіні (желпуіш тәрізді, шынжыр тәріздес т.б.), саны, сопақша пішіндес болса оның ұзын сопақ бөлігінің бағыты, үшкірленген жағының бағыты, және ноқатты элементі (тамшыға ұқсас түрі немесе леп белгісі тәрізді ізі), қанның жағылуы - жиегін жете сипаттау (таңбалар, сүртінділер), қанның инерциялық іздері - ортаға қарай ұмтылған жолақтардың таралуы;
      2) шәуеттің іздерін іздеу мен сипаттауда: тасымалдаушы-заттан іздердің пішіні мен кескінін мұқият суреттеп, түсін, ультркүлгін сәуле арқылы өзіне тән жарқырауын көрсету;
      3) өзге де бөліністерді тапқан жағдайда оларды суреттеп, жазу (сілекей, несеп, тер және т.б.) оларды пішіні мен ерекшеліктерін мұқият түрде сипаттап, жазу, ультракүлгін сәуле арқылы өзіне тән жарқырауын көрсету, (сілекей, тер, шәует күдікті адамның киімдерінде және мәйіттің айналасында байқалуы мүмкін);
      4) шаш іздеуде бұрыш тұсынан жақсы жарық беретін жарық көзі арқылы, сондай ақ лупа, резеңке қондырғысы бар ұштар, шыны аспаптар, пакеттер мен жабысқақ лента және өзгелер болуы тиіс, объекті ауаның жеңіл қозғалысы кезінде оңай жоғалып кетуі мүмкін болғандықтан алу және сақтау кезінде сақтанған жөн (бұл объектілерді жарақат түсірген құралдардан, киімнен, қолдан, мәйіттің астынан іздеген жөн).

жүктеу 1,81 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау