Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі



жүктеу 1,14 Mb.
бет1/6
Дата01.02.2018
өлшемі1,14 Mb.
#8323
  1   2   3   4   5   6

ПОӘК 042-18-20.1.18/03-2015

№ 1 баспа

беттің -беті







ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ОӘК

ПОӘК 042-18-20.1.18/03-2015

«Қазақстан Республикасының еңбек құқығы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені

№1 басылым


.09. 2015 ж



«Қазақстан Республикасының еңбек құқығы» пәні бойынша

«5В030100»- құқықтану мамандығына арналған



ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІНІҢ

ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛЫ

СЕМЕЙ

2015

Мазмұны


  1. Глоссарий

  2. Дәрістер

  3. Практикалық сабақтар

  4. Студенттердің өздік жұмысы


1. Глоссарий



Термин атауы

Термин мазмұны

1

Еңбек

Адамдардың өмірі үшін қажетті материалдық, рухани және басқа да құндылықтар жасауға бағытталған адам қызметі

2

Еңбек қатынастары

Тараптардың әдетте жеке еңбек және ұжымдық шарттар негізінде белгілі бір еңбек қызметін жүзеге асыруы жөнінде туындайтын жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы қатынастар

3

Жұмыс берушінің актілері

Жұмыс берушінің (жұмыс берушілер өкілінің) шығаратын актілері (бұйрықтар, өкімдер, нұсқаулықтар, ішкі еңбек тәртібінің ережелері)

4

Жеке еңбек шарты

жұмыскер мен жұмыс беруші арасында жазбаша формада жасалынатын екіжақты кесілім, онда жұмыскер белгілі бір мамандық, кәсіп немесе лауазым бойынша, ішкі еңбек тәртібіне бағаны отырып жұмыс атқаруға міндеттенеді, ал жұмыс беруші жұмыскерге еңбек ақыны және заңнамада, өзара келісімде көзделген басқа ақшалай төлемдерді уақтылы және толық көлемде төлеп тұруға, жұмысқа жағдай жасауға міндеттенеді.

5

Зиянды еңбек жағдайлары

Белгілі бір өндіріс факторларының әсер теуі қызметкердің жұмыс қабілеті төмендеуіне немесе ауыруына, не оның ұрпақтарының денсаулығына теріс ықпал етуіне соғатын еңбек жағдайлары

6

Қауіпті еңбек жағдайлары

Белгілі бір өндіріс факторларының әсер етуі еңбекті қорғау ережелері сақталмаған жағдайда қызметкер денсаулығының кенеттен күрт нашарлауына немесе жарақаттануына, не оның қайтыс болуына әкеп соғатын еңбек жағдайлары

7

Ауыр дене жұмыстары

Қызметкердің ауыр заттарды қолмен көтеруге немесе орнын ауыстыруға байланысты қызметтерінің түрлері не 300 ккал/сағаттан астам күш-қуат жұмсайтын басқа да жұмыстар

8

Демалыс уақыты

Қызметкердің еңбек міндеттрін орындаудан бос және оны өз қалауы бойынша пайдалана алатын уақыты

9

Жалақы

Еңбек үшін оның күрделілігіне, саны мен сапасына сәйкес төленетін сыйақы (табыс)

10

Біліктілік разряды

Қызметкердің өзі орындайтын жұмыстарының күрделілігін көрсететін біліктілік деңгейі

11

Ұжымдық шарт

Жазбаша шарт түрінде ресімделген, бір немесе бірнеше кәсіпшілдер одағы, не келіссөздер үшін өз ұйымдарын құрып алған, кәсіподақ мүшелері болып табылмайтын жұмыскерлер қол қойған құқықтық акт.


12

Іс-сапар

Жұмыс берушінің өкімі бойынша қызметкерді тұрақты жұмыс орнынан тыс жерге еңбек міндеттерін орындау үшін жіберу

13

Өтемақылар

Жұмыс режимі мен еңбек жағдайларына, жұмысты орындаған кездегі қызметкерлердің шеккен шығындарының орнын толтыруға байланысты ақшалай төлемдер

14

Ең төменгі жалақы мөлшері

Меншік нысанына қарамастан, ұйымдарда жалданып жұмыс істейтін адамдарға ақшалай төлемдердің Қазақстан республикасынын Конституциясы кепілдік берген ең төмен мөлшері

15

Жазбаша ескерту (хабарлама)

Қызметкердің немесе жұмыс берушінің қол қойылған және тіркелген өтініші не өзге де әдіспен (хабарлама арқылы тапсырысты хатпен, факспен, электронды поштамен, жеделхатпен) берілген өтініші

16

Жұмыс берушінің өкілдері

Құрылтай құжаттарының негізінде жұмыс берушінің немесе жұмыс берушілер тобының мүдделерін білдіруге уәкілетті еке немесе заңды тұлғалар

17

Қызметкерлердің өкілдері

Кәсіптік одақтардың және олардың бірлестіктерінің құрылтай құжаттарына, сенімхатқа не жиналыста қабылданған шешімге сәйкес өкілдік етуге уәкілетті органдары, сондай-ақ қызметкерлер уәкілдік берген өзге де тұдғалар мен ұйымдар

18

Қызметкер

Жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұратын заңды немесе жеке тұлға

19

Жұмыс уақыты

Қызметкер жұмыс берушінің актілері мен жеке еңбек шартының талаптарына сәйкес еңбек міндеттерін орындайтын уақыт

20

Еңбек міндеттері

Қызметкер мен жұмыс берушінің жеке еңбек шартымен байланысты міндеттемелері

21

Еңбек стажы

Қызметкердің заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік және өзге де қызметпен айналысушы қызметкер немесе жеке адам ретінде еңбек міндеттерін жүзеге асыруға жұмсаған күнтізбемен есептелген уақыты

22

Еңбек дауы

Еңбек туралы заңдардың қолданылу мәселелері бойынша бұрын қызметкер (қызметкердің өкілі) мен жұмыс беруші (жұмыс берушінің өкілі) арасында реттелмеген жеке еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарын орындау туралы қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы келіспеушілік

23

Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган

Еңбек қатынастары саласында өз өкілеттігін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзге асыратын орталық атқарушы орган

24

Еңбек жағдайлары

Еңбекке ақы төлеу, оны қорғау мен нормалау жағдайы, жұмыс режимі, мамандықтарды (қызметтерді) қоса атқару мүмкіндігі мен тәттібі, техникалық, санитарлық, гигиеналық, өндірістік-тұрмыстық жағдайдар, сондай-ақ жеке және ұжымдық шарттар тараптарының келісімі бойынша өзге де жағдайдар

2. Дәрістер

Дәріс сабағының құрылымы

Тақырып 1 Еңбек құқығының пәні,әдісі және жүйесі.

1.Еңбек құқығының пәні

2.Еңбек құқығының әдістері.

3.Еңбек құқығының жүйесі.


1.Еңбек құқығының пәні деп ұжымдық еңбекті ұйымдастырудағы өндірістік қатынастарды және оған тығыз байланысты қарым-қатынастарды айтады.

Еңбек құқығының пәніне жататын қоғамдық қарым-қатынастардың түрлері туралы қазіргі қолданыста жүрген ғылыми басылымдардағы, оқу құралдарындағы пікірлер алуан түрлі, өйткені нарықтық экономика жағдайында өмірге прогрессивтік жаңа еңбек қтынастары келеді. Бұл қоғамдық қарым-қатынастардың пайда болуы олардың бір-бірімен байланысы еңбекті ұйымдастырудағы ерекшеліктеріне, оның мазмұнына байланысты.Қазіргі кезде еңбек құқығының қатынастары бұрынғыдай тек жұмыскер мен мемлекеттік кәсіпорын, мекеме, тұйым арасындағы қатынастар емес, жаңа жағдайда заңға сәйкес меншік түріне байланысты заңды тұлғалар мен жеке адамдар арасындағы еңбек қатынастары.

Жаңа жағдайда пайда болған барлық еңбек құқығының қатынастары мынадай топтарға жіктеледі:

Бірінші топқа бұрыннан қалыптасқан мемлекет меншігіне байланысты пайда болған еңбек құқығы қатынастарын жатқызуға болады. Мұндағы ерекшелік , еңбек ұжымдары заң жүзінде кәсіпорынның мүлкіне меншік иесі бола алмайды, бірақ бұл жағдайда еңбек ұжымы кәсіпорынды , оның құрылымдарын жалға немесе ұжымдық меншікке айналдыра алады.

Мемлекеттік кәсіпорындардағы еңбек қатынастарын құқықтық реттеудегі басты қағида ол мемлекет тарапынан басқаруды еңбек ұжымының өзін-өзі басқаруымен және кәсіпорын әкімшілігінің жеке-дара басқаруымен тығыз байланыстыру.

Екінші топқа кооперативтік, акционерлік заңды ұйымдардың меншігіне негізделген еңбек қатынастары кіреді. Бұл еңбекқатынастарының өзіндік ерекшеліктері бар, оның тараптары: бір жағынан- меншік иесінің ұжымы, екінші жағынан әрбір меншік иесі, жалдамалы жұмысшы болып саналады, ал кәсіпорынды басқару- өзін-өзі толық басқаруға негізделген.Еңбек қатынастарының субъектісі ретінде кооператив өздігінен еңбекті ұйымдастырып, жұмыс күнінің ұзақтығын, демалыс беру тәртібін, жалақы төлеу жүйесін белгілейді.

Акционерлік қоғамдағы еңбек қатынастарының субъектісі болып жеке еңбеккер, оның ішінде акция ұстаушы және өз атынан жалдау шартын жасаушы акционерлік қоғам болып табылады.

Меншіктің әр түріне негізделген шаруашылық серіктестіктер акционерлік қоғамдардың моделімен жұмыс істейді, бұлардың құрылтайшылары мемлекеттік, кооперативтік, қоғамдық кәсіпорындар, шетелдік фирмалар мен азаматтар болады, сондықтан бұл саладағы еңбек қатынастары нормативтік құқықтық актілермен , кәсіпорын жарғысымен және құрылтай құжаттарымен анықталады. Еңбек қатынастарына түсуші тараптардың құқықтық жағдайы жеке еңбек шарттарында қарастырылып, толықтырылады.

Азаматтардың өз меншігінен пайда болған еңбек қатынастары үшінші топты құрайды.

Мұны екі түрге бөлуге болады: жеке іскерлік және еңбек шаруашылығы түріндегі ұжымдық іскерлік. Біріншісі- жеке адамның өз еңбегіне негізделген, сондықтан бұл жағдайда еңбек қатынастары тумайды, оны азаматтық және салық заңдары реттейді. Екіншісі- меншік иесі өз меншігінен табыс алуды көздеп отбасы мүшелерінің еңбегін біріктіреді және жұмыс күшін жалдайды.

Жұмыс күшін жалдау ісін жүзеге асырған кезде пайда болатын еңбек қатынастары төртінші топқа жатады. Олар еңбеккер мегншік иесі болғанда, кәсіпорынды басқаруға, түскен түсімді бөлісуге қатысқан жағдайда пайда болады. Жұмыс күшін жалдаудың реті, жағдайы мемлекет тарапынан бақылауға алынады және заңды негізде бекітіледі.

2.Әрбір құқық саласының өзіне тиісті қоғамдық қарым-қатынастарын құқықтық негізде реттейтін әдістері болады.

Қазіргі еңбек құқығының әдістерін әр түрлі негіздер бойынша бірнеше топтарға бөлуге болады. Құқықтық маңыздылығы бойынша олар жалпы, салалық, жергілікті және жекеше әсер ететін әдістер болып бөлінеді.

Еңбек қатынастары айқындайтын құқық әдістері оларды жүзеге асырудағы мақсатқа жету негізі бойынша да мынадай топтарға бөлінеді: өндіріс нәтижесіне жетуді, жеке еңбек шартындағы міндеттемелерді орындауды, материалды және басқа ресурстарды үнемдеуді, т.б. көздеген “ынталандыру” әдістерінен тұрады.

Еңбек қатынастарын реттеуші әдістердің ерекшеліктері мынада:

1)еңбек құқығы қатынастарын реттеуде келісім әдістерін басым қолдану;

2)жекеше және ұжымдық еңбектіреттеуге негізделген әдістерді қолдану;

3)еңбекте ынталандыру мен міндеттеу әдістерін тиімді қиылыстырып қолдану;

4)еңбек қатынастары пайда болғанда, жүжеге асырылғанда келісім және еңбекті басқаруда міндеттеу қағидаларына суйену;

Еңбек қатынастарын реттеудің басты әдісі- әлеуметтік- әріптестік әдіс,оның мынадай түрлері бар.1)кәсіпорын деңгейінде- ұжымдық шарт;2)салалық, жергілікті жер деңгейінде-салалық, жергүілікті тарифтік және басқа әлеуметтік- экономикалық келісім; 3)мемлекет деңгейінде- Бас келісімдер.

Қолданыста жүрген заңдармен, басқа да нормативтік актілермен қатар қызметкерлердің меншік иесімен арадағы еңбек қатынастарын реттейтін қайнар көз – ұжымдық шарт. Бұл жұмыс беруші мен еңбеккерлердің арақатынасынан туатын екі жақты жазбаша келісім. Қазіргі жағдайда ұжымдық шарттың мақсаты – мемлекет тарапынан берілген кепілдіктерді көбейту, өйткені онда еңбекті ұйымдастыру мен ақы төлеу жүйесі; жұмыс және демалыс уақытының ұзақтығы; жұмыспен қамтамасыз етіп, қайта оқыту, әйелдер мен жастар еңбегін қорғау т.б. секілді еңбеккер мен жұмыс берушінің мүдделерін реттейтін ережелер белгіленеді.

Ұжымдық келісімдермен бірге жұмыс беруші мен кәсіподақ жергілікті ішкі жағдайлардың ерекшеліктерін ескере отырып, еңбек тәртібінің ережелерін, ауысым, демалыс беру кестелерін және басқа да құқықтық келісімдер жасайды. Ал Бас келісімдер еңбекақының, зейнетақының, стипендиия, әлеуметтік, арнайы жәрдемақылардың ең аз мөлшерлерін, жұмыспен қамтамасыз ету шараларын, еңбек дауларына, ереуілдерге жол бермеу жолдарын белгілеп, реттейді.

3.Еңбек құқығының жүйесі деп құқықтық нормалардың мазмұнды негізде реттеліп, бөлінуін айтады.

Барлық құқық салалары құқықтық нормаларды – жалпы және ерекше деп аталатын екі бөлімге бөледі.

Еңбек құқығының түсінігі, әдістері мен қайнар көздері, еңбек қатынастары , еңбек құқығының қағмдаттары, еңбек құқығының субъектілері, ұжымдық шарттар жалпы бөлімде зерттеледі.

Ерекше бөлімде жұмыспен қамту; жеке еңбек шарты; жұмыс уақыты мен демалыс уақыты, жалақы, еңбек тәртібі; материалдық жауапкершілік, еңбекті қорғау, еңбек даулары қарастырылады.Жалпы және ерекше бөлім өзара тығыз байланысты, осы екі бөлімнің жиынтығы еңбек құқығын құрайды. Жалпы бөзлімнің жиынтығы еңбек құқығын құрайды. Жалпы бөлімнің ережелері мен институттары Ерекше бөлімдегі нақты нормаларды қолданғанда негізгі басшылыққа алынады.

Еңбек құқығы құқық саласының жеке саласы болуымен бірге ол басқа құқық салаларымен тығыз байланысты. Соныменбірге еңбек құқығы өзінің атқаратын рөлі , мәні, құқықтық реттеу әдісінің ерекшелігіне байланысты басқа құқық салаларынан оқшауланып, ажыратылады.

Еңбек құқығы азаматтық, әкімшілік және әлеуметтік қамсыздандыру құқықтарымен тығыз байланысты.



Пысықтау сұрақтары:

  1. Еңбек құқық саласы ретінде алатын орны мен маңызы

  2. Еңбек құқығы құқық саласы ретінде және ғылым ретінде

  3. Еңбек құқығының басқа құқық салаларымен байланысы

Ұсыналатын әдебиеттер:

Норматитвік актілер1.ҚР ның Конституциясы 1995жыл (өзгертулер мен толықтырулар енгізілген 2007ж)

2.ҚР ның Еңбек кодексі 2007ж

Әдебиеттер тізімі

1.Ахметов, А. Трудовое право :Учеб. -Алматы, 2007, 20052.Ахметов,А.

2. Еңбек құқығы :Оқулық..-Алматы. ,2006

3.Уваров В.Н. Трудовое право Республики Казахстан – А., 2000

4.Уваров В.Н. Трудовое право Республики Казахстан – А., 2002

5.Трудовые отношения в РК / Сост. Скала В.И. –А., 2001

6.АйымхановаҚазақстан Республикасының еңбек құқығы.-2002

7.Трудовое право / Ред. Смирнов О. – М., 2000

8.Трудовое право зарубежных стран . - А., 2001


2 тақырып.Қазақстан Республикасының еңбек құқығының қағидалары

1.Еңбек құқығының қағидалары ұғымы және оларды топтастыру

2.Еңбек құқығы ның көздері ұғымы

3.Еңбек құқығының көздерінің түрлері



1 Еңбек құқығының қағидалары — еңбек қатынастарын және олармен тығыз байланысты қоғамдық қатынастарды реттеу кезінде басшылыққа алынатын бастапқы постулаттар, идеялар.

Қазакстан Республикасының Конституциясында еңбек саласындағы қатынастарды құкықтық реттеудің мынадай принциптері баянды етілген: еңбек бостандығы және өзінің еңбекке қабілеттілігіне еркін билік ету, кызмет пен кәсіп түрін таңдау мүмкіндігі; мәжбүрлі еңбекке тыйым салу және жұмыссыздықтан қорғау (24-бап); денсаулықты қорғау құқығы (29-бап); бірлестіктер бостандығына құқығы (23-бап); құқықтар мен бостандықтарды заңмен тыйым салынбаған барлық әдістермен қорғау құқығы (13-бап); еңбегі үшін ешқандай кемсітушіліксіз және жалақының ең аз мөлшерінен кем емес сыйақы алу құкығы (24,28-баптар); демалуға құқығы (24-бап). Бұл конституциялық принциптер еңбек саласындағы қатынастарды құқтық реттеудің салааралық принциптеріне жатады, еңбек құқығында осы саланың өзіндік ерекшелігі ескеріле отырып құкықтар нақтыланады және мынадай түрде беріледі:

1. Еңбек бостандығы еңбек шарты бостандығының салалық принципіне ауысады.

2. Денсаулық сақтау құқығы қауіпсіздік пен тазалык талаптарына жауап беретін еңбек жағдайлары құқығында нақтыланады.

3. Еркін бірлестіктерге құқық — нақ өндірістік кәсіптік мүдделерді қамтамасыз ету және қорғау үшін кәсіптік одақтарға бірігу құқығы — еңбек құқығы принципіне ауысады.

4. Өз кұкыктары мен бостандықтарын қорғау құқығы ереуілге шығу құқығын қоса алғанда, оларды шешудің заңмен белгіленген әдістерін пайдалана отырып жеке-дара және ұжымдық еңбек даулары құкығында нақтыланады.

5. Демалыс құқығы еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін қызметкерлерге қатысты Конституцияның өзінде, заңмен белгіленген жұмыс уакытының ұзақтығына, демалыс және мерекелік күндерге, ақы теленетін жыл сайынғы демалысқа белгіленген кепілдікпен нақтыланады.

6. Еңбекке ақы төлеу принципі де конституциялық деңгейде сала ретінде белгіленген, өйткені ол адам қызметінің тек жекелеген нәтижесінің төлемін алумен ғана емес, оның процесімен байланысты.

2.Еңбек қатынастары саласындағы құзыретті органдардың барлық жағдайларда қолдануға есептелген нормативтік нүскаулардан тұратын құқықтық актілері еңбек құқығының кездері болып табылады. Әдебиетте бұл көздер «еңбек туралы нормативтік актілер», «еңбек туралы заң актілері», «енбек құқығының нормативтік актілері» және т. б. деп аталады.

Қазакстан Республикасындағы еңбек туралы нормативтік-құқықтық актілер мыналар болып табылады:

Еңбек катынастарын құқыктық реттеу негіздерін айқындайтын, тікелей қолданылатын заң Қазақстан Республикасының Конституциясы болып табылады, еңбек туралы барлық нор-мативтік - құқықтық актілер Конституцияға сәйкес келуге тиіс.

Еңбек туралы нормативтік құқықтық актілер Қазақстан Республикасындағы Еңбек туралы Заңынан және соған сәйкес қабылданған:

— заңдардан және Казакстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлыктарынан;

— Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарынан;

— Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларынан;

— Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің нормативтік каулыларынан;

— Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларынан;

— министрліктер мен ведомстволардың нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының 4-тармақшасына сәйкес азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты енбек туралы нормативтік құқықтық актілердің ресми жариялануы оларды қолданудың міндетті шарты болып табылады.

Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралык шарттарда Қазакстан Республикасының енбек туралы нормативтік

құқыктық актілеріндегіден өзгеше ережелер белгіленсе, аталған шарттың ережелері колданылады.

3.Халықаралық шарттан оны қолдану үшін республика ішілік норматавтік құкықтық акті шығару талап етілетін жағдайлардан басқа, халыкаралық шарттар еңбек қатынастарына тікелей колданылады.

Жұмыс берушілер мен барлық жұмысшылар мен қызметшілердің еңбек қатынастарын реттейтін негізгі заң 1999 жылғы 10 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Заң болып табылады. Бұл заң 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап колданысқа ентізілді. «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Қазақстан Республикасының Заңын күшіне енгізу туралы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес Қазақ КСР-інің 1972 жылғы 21 шілдедегі Еңбек туралы заңдар кодексі 2000 жылдың 1 каңтарынан бастап республика аумағында күшін жойды деп танылды. Казақстан өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейін бұл кодекс көп жағдайда оның нарыктық экономика мен жеке кәсіпкерліктің қалыптасуының шарттарына сәйкес келмеді.

Қазакстан Республикасының «Еңбек туралы» жаңа заңы, өкінішке орай, Кодекс нысанында қабылданбады және негізінен еңбек қатынастарының «Еңбек туралы» занға кайшы келмейтін бөлігін сактап қалған зандар және басқа нормативтік құкықтық актілер реттемейтін саласын реттейді. Оларға, мы-салы, мына зандар жатады: 1992 жылы 4 шілдеде қабыдданған «Ұжымдық шарт туралы»; 1993 жылы 22 қаңтарда қабыддан-ған «Еңбекті кррғау туралы»; 1993 жылғы 9 сәуірде қабылдан-ған «Кәсіптік одақтар туралы»; 1996 жылы 8 шілдеде қабыл-данған «Ұжымдық еңбек даулары мен ереуілдер туралы»; 1998 жылғы 30 желтоқсанда қабылданған «Халыктын жұмыс-пен камтылуы туралы» және т. б.

Орталыктандьгрьглған тәртіппен қабылданған нормативтік қүқыктық актілер, әдетте, жалпы ережелерді белгілейді, олар үйымдарда қолданғанда нақтылауды талап етеді немесе соған жол береді. Үйымдарда қабыдданған нормативтік актілер жұ-мыс берушінің актілері деп аталады. Оларға бүйрыктар, өкімдер, нусқаулыктар, ішкі еңбек тәртібінін ережелері жатады.

Еңбек туралы заңдардың негізгі міндеттері мыналар балып табылады:

]) еңбек саласындағы нарықтық қатынастардьщ кұкыктык негіздерін бекещеу;

2) еңбек бостандығы мен еңбек туралы шарттар бостанды-ғын бекемдеу;

3) еңбек қатынастарындағы кызметкерлер мен жұмыс берушінін кұқықтық мәртебесін белгілеу;

4) өлеуметтік серіктестік қатынастарын реттеу;

5) қызметкерлердің, оның ішінде уақытша жұмыссыздар-дың әлеуметтік қорғалуын камтамасыз ететін қуқыктык кепіл-діктер жүйесін орнықтыру.

Пысықтау сұрақтары:


  1. Еңбек құқығы принциптері маңызы

  2. Еңбек құқығы принциптерінің басқа құқық нормативтік актілерімен байланысы және арақатынасы

Ұсыналатын әдебиеттер:

Норматитвік актілер1.ҚР ның Конституциясы 1995жыл (өзгертулер мен толықтырулар енгізілген 2007ж)

2.ҚР ның Еңбек кодексі 2007ж

Әдебиеттер тізімі

1.Ахметов, А. Трудовое право :Учеб. -Алматы, 2007, 20052.Ахметов,А.

2. Еңбек құқығы :Оқулық..-Алматы. ,2006

3.Уваров В.Н. Трудовое право Республики Казахстан – А., 2000

4.Уваров В.Н. Трудовое право Республики Казахстан – А., 2002

5.Трудовые отношения в РК / Сост. Скала В.И. –А., 2001

6.АйымхановаҚазақстан Республикасының еңбек құқығы.-2002

7.Трудовое право / Ред. Смирнов О. – М., 2000

8.Трудовое право зарубежных стран . - А., 2001



жүктеу 1,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау