Ќазаќстан Республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі



жүктеу 0,52 Mb.
бет1/3
Дата01.01.2018
өлшемі0,52 Mb.
#6860
түріСабақ
  1   2   3

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттiк университеті
Биология және химия кафедрасы

Б.Х.Утебаева., Г.Ж. Сұлтанғазина


ОРМАН ЭКОЛОГИЯСЫ
Орман экологиясы пәнінен дәріс сабақтарына

арналған әдістемелік нұсқау

Қостанай, 2013

ББК 43.4

У-82
Рецензенттер:

Қонысбаева Дамиля Туремуратовна - биология ғылымдарының кандидаты,

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының жаратылыстану-математикалық факультетінің деканы

Сулейманова Куляй Уразгалиевна - биология ғылымдарының кандидаты,

ветеринарлы медицина кафедрасының меңгерушісі

Жемпеисов Шаруан Сыздыкович - ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты, агрономия кафедрасының профессоры


Авторлары:

Утебаева Балауса Хантаевна, биология және химия кафедрасының оқытушысы

Султангазина Гүлнар Жалелқызы, биология ғылымдарының кандидаты, доцент, биология және химия кафедрасының меңгерушісі

У-82 Утебаева Б.Х.

Орман экологиясы. 5В060700- Биология мамандығы бойынша әдістемелік - оқу құралы – Қостанай, 2013.-29б.

«Орман экологиясы» пәні бойынша дәріс сабақтарын ұйымдастыруға және өткізуге арналған әдістемелік нұсқау «Биология» мамандығы студенттеріне арналған, сондай ақ магистранттармен жоғары оқу орындарындағы оқытушыларына осыған сәйкес тәжірибелік сабақтарды өткізуде көмекші құрал болып табылады.

ББК 43.4
Аграрлы – биологиялық факультетінің әдістемелік кеңесімен мақұлданған,

__ _06___2013 ж, хаттама № __.


© А.Байтұрсынов атындағы

Қостанай мемлекеттiк университеті

МАЗМҰНЫ

Кіріспе...........................................................................................................................4

Орманды қалыптастыратын негізгі ағаш тұқымдары және орман туралы түсінік...........................................................................................................................5

Орман және қоршаған орта ........................................................................................9

Биотикалық факторлардың орманға әсері...............................................................16

Антропогендік факторлардың орманға тигізетін әсері.........................................18

Орманды қорғау шаралары.......................................................................................20

Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................................30

КІРІСПЕ
Орман – өсімдіктің көптеген пішіндерінен тұратын, жердегі өсімдік жамылғысының негізгі түрінің бірі, олардың ішінен ағаштар мен бұталар, екінші кезекте, бұташықтар, шөптер, мүктер, қыналар және тағы басқалар басты рөл атқарады.

Орман, қандай да болмасын, өсімдік тәрізді, қоршаған ортамен тығыз байланыста және динамикалық бірліктер бола отырып, оны құрайтын өсімдіктердің бірге өсіп – өнетіндігі, бір – біріне әсер ететіндігі орманның өзіне тән сипаты болып табылады.

Организм мен ортаның өзара байланысын, организмдер мен орта арасындағы өзара ықпалды, жердің тірі жабылғысының тіршілік заңдылықтарын зерттейтін ғылым экология.

Орман экологиясы биогеоценоздарды, яғни популяцияларды және әр түрлердің аумақтық жиынтығын зерттейді.

Биогеоценоз – биологиялық ортаның алғашқы қарапайым бірлігі. Ол орман өсімдігі мен орта бірлігі екенін өте анық көрсетеді.

Орман экологиясында екі мәселені алып қарауға болады: экологиялық факторлардың орман тршілігіне ықпалы және сондай ақ ерекше, өзіне ғана тән орман ортасының құрылуы. Осылайша, орман экологиясы міндетіне орта жағдайларының орманға ықпалының сипатын, сонымен қатар орманның өзіндік алып жатқан аумағы мен жақын жақын жатқан кеңістігіне әсерін зерттеуде кіреді.

Орман биоценозында өсімдіктер тіршілігіне әсер ететін барлық экологиялық факторлар биотикалық, абиотикалық және антропогендік деп бөлінеді. Ормандағы биотикалық факторларға өсімдіктердің, жануарлардың, микроорганизмдердің бір біріне әсер ететін ықпалы жатады. Өсімдіктер арасындағы өзара қарым қатынас пайдалы яғни ол бір түрдің өркендеуіне бағыттайды, бәсекелестік қатынас болуы мүмкін.

Антропогендік факторларға немесе адам іс-әрекеті факторларына орманды кесулер мен орман өрттері, мал жаю мен шөп шабу, орманды жерлерді құрғату мен тыңайтқыштар енгізу, орманның сүректен басқа өнімдерін дайындау, адамдардың демалысы үшін орманды пайдалануы жатады.

Табиғатта барлық экологиялық факторлар бір бірімен байланыста болады.
Пайдалануға болатын әдебиеттер:


  1. Сулейменов А.А. Орманшылық. 050807 Орман шаруашылығы ісі мамандығына арналған оқу құралы/– Павлодар: Кереку, 2009. – 86 б.

  2. Атрохин В.Г., Гурский А.А., Аманбаев А.К., Токтасынов Ж.Н. Леса и лесное хозяйство Казахстана.Алматы.1996.-244 с.

  3. Морозов Г.Ф. Учение о лесе. Изд.5 – М.Л.:1949. – 75 с.

Дәріс тезистері
Тақырып 1. Орманды қалыптастыратын негізгі ағаш тұқымдары және орман туралы түсінік.

Мақсаты: Студенттерге орман және орманды құрайтын ағаш түрлеріне жалпы түсінік беру.

Жоспар:

    1. Орман туралы ұғым

    2. Орманның су күзету-қорғаныш манызы

    3. Ауа ортасы аномалиялары және орман.

    4. Орманның рекреациялық маңызы және оны пайдалану.


1.Орман туралы ұғым. Ағаш өсімдіктерін ботаника бөлімі немесе өсімдіктер туралы ғылым -дендрология зерттейді, ол ғылыми көзқараспен көп жылдық ағаш өсімдіктерінің – сыртқы және ішкі құрылысын, таксономиялық жағдайын, түр ішілік жүйеленуін, физиологиясын, экологиясын, географиялық орналасуын және шаруашылық мағынасын зерттейді. Ормандық ағаш өсімдіктері келесі тіршілік формаларына немесе топтарына бөлінеді: ағаштар, бұталар, бұташықтар, шалабұталар.

Әсіресе кеңінен тарап және шаруашылықта мағналы болған ағаштар – жан – жағында бұталары мен жоғарыда өркені бар айқын діңді көп жылдық өсімдіктер. Олардың орман қалыптасуында және шаруашылық пен халыққа сүрік алуда маңызды орны бар. Ағаштардың биіктігі 8…10 м биік болады.

Есейген бұталарда басты дің болмайды, оның орнына бірнеше діңшелер қалыптастырып 5 м биіктікке дейін өседі. Бұташалар тармақталған 80 см дейінгі биіктікке өсетін өсімдіктер, ал лиандар - иілгіш, ұзын, тұрақсыз, тіреу тілейтін сабақтары бар өсімдіктер.

Орман түсінігі көп қырлы. Орман биосфераның құрамдарының бір бөлігі болып есептеледі, жер шары өмірінің белсенді орны болып құралады, өйткені құрамы, құрылымдары тірі ағзалардың тіршілігімен байланысты; географиялық ландшафттың элементі ретінде оны орман ауқымы (массив) және орман қоры ж. т.б. құрастырады.

Орман – жер шарының негізгі түрлерінің біреуі, яғни әртүрлі аралас өсімдіктердің күрделі қарым – қатынасы, бірақта көлемі, құрылымы, құрамы, көбеюі, көректенуі және басқа белгілері бойынша айырмашылығы бар. Ал өсімдіктер ішінде ағаштар басты орында. Бірақта көп ағаштарды орман деп атауға болмайды. Өйткені олар бір-бірінен алшақ орналасып, қатар-қатар тұруы мүмкін, сондықтан олар саябақ немесе демалыс бағын құрастырады.

Орман тек сандық белгілерімен емес, сапалық көрсеткіштерімен анықталады. Орманда өскен ағаштардың өте жоғары орналасқан бөрікбасы болады. Олар жоғарыда қосылып жарықты, жылуды, жауын-шашынды жерге түсірмейді. Сондықтан төменгі бұтақтар солып қалады, ал өсетіндері діңдері. Ол ағаштардың бағалылығы және шаруашылық мағынасы мол көрсеткіші.

Еркін өсетін ағаштардың бұтақтары солбырап, бөрікбасы шашыраңқы болады. Ағаштың діңі бұтақты, қысқа болады, оларда жақсы тауарлық түр болмайды. Ормандағы ағаштар, еркіндегі өсетіндерге қарағанда, 10 ... 20 жыл кеш тұқым береді және дән беретін кезеңдері болады. Ол жылдар ағаштардың тұқымы мен табиғи жағдайларымен байланысты, сонымен қатар тұқым беру ағаштардың көлемдерімен байланысты. Өте ірі ағаштар 80% көп дәндер береді, ал нашар өсетіндері – 0,5 % көп бермейді.

Орманда, ағаштармен қатар бұталар, шөптер, мүктер, қыналар және т.б. өсімдіктер өседі. Ол әсерлер жарық, көректік заттар және су үшін бәсекелестікте.

Сонымен, орман тек көптеген ағаштар араласы емес, ол бұталардың, шөптердің, мүктердің, қыналардың және т.б. өсімдіктердің қарым-қатынасы, онда ағаштар, ең бірінші болып, қоршаған ортаға әсер етеді: жарық , жылу, ылғал, ауа құрамы, жел және басқа экологиялық жағдайларға. Орман өз ортасын құрастыра отырып, қоршаған егістіктерге, шабындықтарға, су қоймаларына және т.б. әсер етеді.

Орман тек өсімдіктер құрылымы емес, ол биологиялық жүйе, оның қатарында әртүрлі жануарлар бар, орман фаунасын құрастыратын, сонымен қатар микроағзалар дамитын орта. Ормандық аңдар мен құстар өздеріне жайлы жағдай табады, өйткені олар қоректене және көбейе алады. Ал көптеген аңдармен құстар ағаштардың өсіп-дамуына әсер етеді, өйткені зиянды жәндіктердің көбейюін азайтып, орманның санитарлық жағадайын жақсартады. Жер қазатын жануарлар (борсық, көртышқан) топырақ құрамын жақсартады, қарағай тұқымдастарының қауіпті зиянкесі мамыр зауда қоңызының дернәсілін азайтады.

Ормандағы топырақта көптеген құрттар мен микроағзалар бар. Олар топырақтың құрамын жақсартады және ағаштар мен бұталардың қоректенуін қамтамасыз етеді, өйткені түскен қылқандарды, жапырақтарды, бұтақтарды, қабықтарды өңдеп пайдалы қылдырады.

Орман шаруашылығының негізін қалаушы Г.Ф. Морозов орманға жан-жақтық түсінік берген, яғни орман тек ағаш өсімдіктерінің бір-біріне әсер етумен емес, ал топырақтың және ауаның құбылыстарымен жаңа өзгерістер әкеледі.

В.Н. Сукачев орманды ормандық биогеоценоз (грек. био - өмір, гео- жер, ценоз-жалпы) ретінде қарастырған, яғни барлық тіршіліктің, топырақтың, жалпы дамудың әсерімен болатын өзгерістер ретінде.

2. Орманның су күзету-қорғаныш манызы. Ормандардың су күзету және су реттеу маңызы - олардың ылғалды жинақтау және оны су балансының жекелеген бөлімдеріне пайдалануда болып табылады, қорғаныш міндеті -топырақты су және жел эрозиясынан, ал су қоймаларын батпақтану мен ластанудан сақтау.

Негізгі міндеті су қоймаларына Судың келуін реттеу және оларды батпақтанудан сақтау болып есептелетін ормандар - су реттеуші ормандар деп аталады.

Топырақты су және жел эрозиясынан сақтау, сондай-ақ жерді, көлік жолдарын және елді мекендерді климаттық және гидрологиялық зиянды әсерлерден қорғау болып табылатын ормандар - қорғаныш ормандар деп аталады.

Орманды жерлер өздірінің су күзету-қорғаныш функцияларына қарай кластарға (сыныптарға) жіктеледі.



М.Е.Ткаченко жіктеуі (классификациясы). 1939 жылы М.Е.Ткаченко орманды келесі топтарға жіктеген:

1. Су қорғау орманы - су қорының ең аз кезеңінде судың біршама қалыпты келуіне ықпал етеді немесе табиғи және жасанды су қоймаларын ластанудан алдын ала сақтайды.

2. Су реттеуші орман - су көздеріне жалпы судың келуін көбейтпейді, бірақ оның тасқынын жеңілдетеді және батпақтануды болдырмайды немесе топырақтың жақсы дренаждалуына көмектеседі.

3. Қорғаныш орман су және жел эрозиясы нәтижесінде топырақты бүлінуден, ал елді мекендерді - атмосфералық қолайсыз әсерлерден қорғайды.



4. Кешенді су қорғау-қорғаныш орманы - суды күзету және қорғау міндеттерін орындайды.

Б.Д.Жилкин жіктеуі (классификациясы). Б.Д.Жилкиннің (1940, 1958) үш мүшелі бес баллды жіктеуі орманның су күзету-қорғаныш рөлінің бағасын біршама толық бере алады: бірінші мүше - орман есімдіктер аймағы, екінші - жергілікті аймақ түрі, үшінші - орман өсімдіктері қауымдастығының түрі.

Орман өсімдіктер аймағы шегінде орманның өсіп тұрған орнына байланысты учаскеде балл арқылы бағаланады: 100 - орманды тундра, 200-солтүстіктегі қылқан жапырақты ормандар, 300 - оңтүстіктегі қылқан жапырақты ормандар, 400 - қылқанды және жалпақ жапырақты ормандар мен орманды дала, 500 - тау ормандары.

Орман өсімдіктері қауымдастығының түрі - ағаш түрлерінін тобы және сүрекдіңнің өнімділігі бойынша бағаланады (Кесте 1).

Жергілікті аймақ түрі - жер бедері және топырақтың механикалық құрамы бойынша бағаланады (Кесте 2).



Тюрин мен Козменко жіктеуі (классификациясы). И.В.Тюрин (1946) орманның су күзету-қорғаныш ролін анықтағанда орман өсімдіктері аймағын, жер бедерін, топырақ жағдайын, сүрекдің сипатын және ормандылық деңгейін ескерді. Ол су күзету рөлінің көрініс табу дәрежесі бойынша орман аудандарын төрт класқа (сыныпқа) бөлді және оның әрқайсысы үшін басты мақсатқа пайдалану кесулері мен басқа орман шаруашылығы шараларының нормаларын белгіледі.

I класс, су күзету және қорғаныш рөлі көрініс табуының ең жоғарғы дәрежесі. Оған мыналар жатады:


Кесте 1 - Орман қауымдастығын бағалау, баллдар




Өнімділік



Ағаш түрлерінің тобы

Қошқыл қылқанды орман

Қарағай және күрделі қошқыл қылқанды орман

Қыста жапырақ тастайтын және күрделі қарағайлы орман

Төмен, IV және одан төмен бонитет класы

1

2

3

Орташа, II, III бонитеттер класы

2

3

4

Жоғары, 1 бонитет класы және одан жоғары

3

4

5

Кесте 2 - Жергілікті аймақ түрін бағалау, баллдар




Топырақ

Көлбеулік, градус

3-ке дейін

4-15

16 және одан жоғары

Құм

10

20

30

Құмайт

20

30

40

Саздауыт және сазды

30

40

50

а) эрозияға қарсы орман жолақтары;

б) топырақ ылғалдаушы орман жолақтары;

в) топырақ қорғаушы орман жолақтары;

г) орманды дала және далалы өңірлердегі eгic қорғайтын орман жолақтары кіреді.

II класс, жоғарғы дәреже:

а) эрозияға қарсы орман жолақтары;

б) топырақ ылғалдаушы орман жолақтары;

в) топырақ қорғаушы орман жолақтары жатады.

III класс, ортаңғы дәреже. Су реттеу маңыздылығы бар ормандар жатады.

IV класс, төменгі дәреже. Ойпаң жазықтарда және жоғары пайызды ормандылығы бар аңғарларда орналасқан ірі орман алқаптары (қылқан жапырақты ормандар өңірі) енгізіледі. А.С.Козменко (1947) - су және жел реттегіш санаттарды белгіледі.

3. Ауа ортасы аномалиялары және орман. Орманның жел реттегіш рөлінен басқа, атмосфераның физикалық, химиялық және радиоактивті ластануы сияқты қолайсыз құбылыстарды азайтудағы және өзгертудегі маңызын атап өту керек. Орман осындай құбылыстарға қарсы біршама қорғаныш бола отырып, олардан өзі де зардап шегеді. Орманда шаң-тозаң тәрізді бөлшектер, газ тәрізді химиялық қосылыстар — өнеркәсіп өндірісінің қалдықтары бөгеліп қалады. Әсіресе, күкірт ангидриді, азот және фтор қосылыстары зиянды.

Орман жауын-шашын және шаң-тозанда болатын радионуклидтерді ұстап, қайта бөледі. Ионданған радиация әсерінен ағаштар жойылады және ыдыраған өнімдер желмен қоршаған кеңістікке тарайды. Мұндай ормандардағы өрт салдарынан радиоактивті күлдер мен газдар үлкен қашықтыққа кетеді.



4. Орманның рекреациялық маңызы және оны пайдалану. Халықтың қалаларға шоғырлануы орманды пайдаланудың жаңа түрін (рекреация) -адамдардың табиғатта тынығуын туғызды. Осы мақсат үшін бірінші кезекте халық көп шоғырланған орталықтар төңірегіндегі жасыл аймақ ормандары тағайындалған. Дегенмен, жол қатынасына байланысты орманның басқа санаттары да бүл міндетті табыспен орындай алады.

Рекреациялық міндет атқаратын ормандарда шаруашылықты ұйымдастыру мен жүргізудің ерекше әдістері қажет. Мұндай ормандарды орналастыруда қызмет аймақтары тағайындалады: белсенді немесе жаппай демалыс аймағы, тыныш серуендеп демалу аймағы, туризм аймағы.

Жасыл аймақ ормандарында жаппай демалыс үшін орманды-саябақ бөлімі бөлінеді, ормандардың бөлігін береді, олардың мөлшері халықтың 1000 адамына 10-нан 25 га-ға дейін жетеді.

Шаруашылықтың маңызды ерекшелігі - түрлі пішіндегі орман ландшафтын (жабық, жартылай ашық, ашық) құру үшін арнайы күтіп- баптау кесулерін жүргізу болып табылады.


Бақылау сұрақтары:

  1. Орман дегеніміз не?

  2. Орманның суды реттеудегі маңыздылығы қандай?

  3. Ауа үшін орманның маңыздылығы қандай?

  4. Рекреация дегеніміз не?

  5. Рекреациялық міндетін атқаруда орманның маңызы қандай?



Тақырып 2 Орман және қоршаған орта

Мақсаты: абиотикалық факторлардың тигізетін әсерімен танысып, климат типтерін, жарықтың, жылудың, желдің, ауаның, ылғалдың орман үшін маңыздылығын айқындау.

Жоспар:

      1. Климат және орман, климат типтері, орманның өсуіне климаттың маңызы

      2. Орман және жарық

      3. Орман және жылу

      4. Орман және жел

      5. Ауа және орман

      6. Орман және ылғал


1. Климат және орман, климат типтері, орманның өсуіне климаттың маңызы.Климат – географиялық орналасуымен анықталатын, бір жердегі көп жылдық өзгермейтін ауа райы құбылымы. Ол негізінде астрономиялық және физикалық – георгафиялық жағдайлардың әсерімен қалыптасады.

Астрономиялық жағдайлар жер бетіне күн сәулесінің бір келкі түспеуін тудырады. Ол сәулелік және жылулық теңдіктің, ормандардың вегетациялық кезеңдерінің қалыптасуына, яғни жыл кезеңдеріне, метеорологиялық жағдайларының өзгеруіне әсер әсер етеді, сонымен қатар ағаш және бұта өсімдіктері өсіп-дамуына мүмкіндік жасайды.

Физикалық – географиялық жағдайлар жер бетінің сипаттамасын, климаттық әртүрлілікті анықтайды және сонымен қатар – ормандар географиясына әсер етеді.

Сонымен, орман өміріне климаттық жағдайлар (жарық, жылу, ылғал, ауаның атмосфералық құрамы және оның өзгеруі) өте әсер етеді, олар экологиялық жағдайлардың құрыстырушысы және тіршілік немесе даму ортасы. Климаттың жағдайлары орманның өмірі, оның маңызды көрсеткіштері, ағаш бітімінің құрамы, формасы, қоры, сүректің техникалық сапалары, орманды жаңарту, оның санитарлық жағдайы, өрт қауіптілігінің күшейуі немесе төмендеуі, ормандық мәдениеттендіру жұмыстары. Климат, оны қалыптастыратын ауа райы жағдайлары, орман кесу және сумен ағызу жұмыстарын анықтайды.

Ормандағы климаттық жағдайлар, сапалық және сандық жағынан, ашық жердің жағдайларынан айырмашылығы бар.

Климат типтері

Климттың жіктелуіне сәйкес, жер шарында мынадай климат типтерін бөледі:

-Тундра климаты – ең жылы айдың орташа температурасы 0-ден 10-12 градусқа дейін және өзіне тән аласа бойлы өсімдіктерімен және жыл бойы түскен жауын-шашын 300 мм-ден аз болуымен сиптталады;

-Тайга климаты – ең жылы айдың температурасы 10тан 20 дейін және көбіне жаз кезінде болатын жыл бойы 300-600 мм жауын шашын түседі, бұл жерде қылқанды және жалпақ жапырақты ормандар өсіп өнеді;

-Қоңыржай аймақтың аралас қылқанды және жалпақ жапырақты ормандарының климаты – жылы төрт айлардың 10-нан 22 градусқа дейінгі орташа температурасы және жыл бойғы жауын шашын мөлшері – 400-700 мм болады;

-Қоңыржай ендіктің муссонды климаты – қысы аз қарлы және жылдың жылы уақытында түсетін;

-Дала климаты – жаз айларының температурасы 20-33 градус және жауын шашын мөлшері 200-400 мм, дала өсімдігі басым;

-Жерорта теңізі климаты- ыстық және құрғақ жазды, қысы жылы және ылғалды;

-Субтропикалық ормандар өңірінің климаты – ең салқын айының температурасы 2 градустан жоғары, мол жауын шашынды:

Климаттың бұл түрлерінен басқа, қоңыржай белдеудің ішкі материктік шөлдері, субтропикалық шөлдер, саванналар немесе тропикалық орманды далалар және ылғалды тропикалық ормандар климаттарын бөледі.

Климаттық жағдайлар жер шарындағы ормандардың таралу шекарасын анықтайды; әр климат типтерінің өзіне тән ерекше ормандары болады.

Климат орманға әсер етсе, орман да оған әсер етеді. Ө кезегінде орман өзіне климаттың ықпалын сезінсе, бұл климатқа орман да әсерін тигізеді.

ТМД елдері аумағы мынандай өсімдік аймақтарына бөлінеді: тундра, орман аймағы, дала және шөл.

Орманның өсуіне климаттың маңызы

Климат факторларының орман өсетін бір аймақ шегінде ғана емес, аздаған аумақтың өзінде ауытқуы сүрек өсіміне, жеміс беруіне, зиянды және пайдалы жәндіктердің, саңырауқұлақ ауруларының дамуына, ормандағы өрт қаупінің күшеюіне немесе азаюына, ормандардың қалпына келу барысына әсер етеді. Тұқым себу және көшет отырғызу, топырақты өңдеу тәсілдері, маусымдық орман кесулері, ағаш дайындауды ұйымдастыру мен техникасы климат ерекшеліктерімен байланысты. Әр түрлі климат жағдайында ормандар құрамы, өнімділігі және техникалық сапасы жағынан ерекшелінеді.

Тундраға жақын және таудың жоғарғы жағында олар өнеркәсіптік маңызы жоқ аласа ағаштардан тұрады.

Тайга өңірінде қоңыр салқын климат жағдайларында, ормандар 30-35 м биіктікке жетеді, ал сүрек қоры 1 га-да 350-500 текше метр құрайды.

Кавказдың Қара теңіз жағалауында биіктгі 45-50 м және диаметрі 2 м-лік кавказ майқарағайы кездеседі, ал сүрек қоры 1 га – да 1500 текше метрге жетеді.

2.Орман және жарық. Орман өмірінде жарық климаттық факторлардың ең маңызды көрсеткіші, оны күннің сәулелік күші деп білеміз. Ал қысқаша жарықты жарықталумен теңдестіреді. Күн сәулесі болмаса фотосинтез үдірісі жүрмейді, яғни ағаш өсімдіктерінің өсіп және дамуы тоқтайды, органикалық зат - сүрек құралмайды.

Фотосинтез – космостық үдіріс. Оның әсерімен жыл сайын 1000 млрд – құрғақ органикалық зат құрастырылады, ол жер бетінің құрғақ және су көлеміне тең келеді. Құрғақ жер көлемінде ормандар 24,4 млрд.т. құрғақ органикалық заттар құрастырады, жайылымдар – 10,4, егістіктер – 8,7, шөлді жерлер – 5,4.

Орман шаруашылығында жарық биологиялық әсер ретінде қаралады, өсімдіктердің өсіп және дамуын қамтамасыз ететін. Сонымен қатар жарық экологиялық әсерге жатады, бұл жағдайда, орман қалыптасады.

Орманға түсетін жарық екі түрлі болады: тік және шашыраңқы, көк аспаннан, бұлттардан, жер және су бетінен шашыраған. Ашық ауа райында күн жоғары тұрғанда шашыраңқы күн сәулесі, барлығынан, 20 %. Тік күн сәулесі жер бетіне Күннен сәулелер ретінде түседі.

Физиологиялық үдірістің жүруіне және көмір қышқылының сіміріліп хлорофилл құрастырылу үшін жарықтың спектральдік құрамы көп мағналы. Ультракүлгін және инфрақызыл сәулелер ағаш өсімдіктеріне зиян келтіреді. Ағаш өсімдіктерінің өсіп және дамуына ультракүлгін сәулелер аз болу керек, ал инфрақызыл сәулелер негізінде жылу береді. Көмір қышқылы сіміріліп хлорофилл құрылуға күн сәулесінің қызыл, сары бөліктері көп мағналы. Көк, сия көк сәулелері ағаш және бұталардың өсімдік бүршігі өсіп – дамуына көп әсер етеді.

Барлық ағаш тұқымдастардың жарыққа қатынасы әртүрлі. Орман шаруашылығында оларды жарық сүйгіш және көлеңкеде, өсетіндерге бөледі. Жарық сүйгіш ағаш тұқымдастарына қайың, бал қарағай, көктерек, т.б., ал көлеңкеліктерге шырша, жөке ағашы, шамшат, май қарағай, т.б. жатады.

Жарық құмарлық өзгеріп отырады және орманың жасымен орман құрғыштығына байланысты жас кезінде ағаштар жарыққа құмар емес, ал өсе келе ол көрсеткіш өзгереді. Топырақ жағдайы жақсарғанда ағаштардың көлеңке сүйгіштігі көбейеді.


жүктеу 0,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау