§1. Екі айнымалы функция және оның анықталу аймағы
Бірнеше айнымалы функциялардың арасындағы байланысқа мысалдар келтірейік.
1-мысал. Ұзындығы х, ені у болатын тік төртбұрыштың ауданы
(1)
формуласымен анықталатындығы белгілі. х пен у өзгергенде ауданы да өзгереді. Бұл жағдайда -ті (1) формуламен берілген екі айнымалының функциясы деп атайды.
2-мысал. Тізбек бөлігіндегі электр тоғының А жұмысы осы бөліктің ұштарындағы потенциалдар айырмасына, тоқ күшіне және уақытқа тәуелді:
(2)
Бұл формула да үш айнымалының функциясы болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |