Ќазаќстан республикасыныњ Білім жѕне Ѓылым Министрлігі



жүктеу 5,19 Mb.
бет1/53
Дата14.01.2018
өлшемі5,19 Mb.
#7460
түріПрактикум
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Ақпараттық жүйелер кафедрасы

Нурпеисова Ж.С, Серкебаева Л.Т
ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘЛІМЕТТЕРДІ ТАЛДАУ ЖӘНЕ БОЛЖАУ
пәнінен лабораторлық практикум


Қостанай, 2011
ББК 65.054я73

Н83
Авторлары:
Нурпеисова Жанар Сембаевна, ақпараттық жүйелер кафедрасының аға оқутышысы

Серкебаева Ляззат Туралиновна, ақпараттық жүйелер кафедрасының оқытушысы

Пікір берушілер:

Кенжебекова Д.С, э.ғ.к, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ экономика факультетінің оқу жұмысы бойынша декан орынбасары

Жунусов К.М, э.ғ.к, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ ақпараттық жүйелер кафедрасының меңгерушісі

Байкадамов Н.Т, э.ғ.к., З.Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің экономика және басқару кафедрасының доценті

Нурпеисова Ж.С, Серкебаева Л.Т

Н83. «Экономикалық мәліметтерді талдау және болжау» пәнінен лабораторлық практикум. Қостанай: А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 60 бет.

Берілген лабораторлық практикумда «Статистикалық және регрессиондық талдау», «Уақытша қатарларды талдау», «Уақытша қатарларды болжамдау», «Көпөлшемді статистикалық талдау» тақырыптарынан зертханалық жұмыстар қарастырылған. Аталған тақырыптар бойынша қысқаша теориялық анықтамалары, типтік есебінің шешілімі, сонымен қатар студенттердің білімін тексеруге арналған бақылау сұрақтары, өзіндік тапсырмалар берілген.


А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ оқу-әдістемелік кеңесімен бекітілген, хаттама № ___, ____.____.2011 ж.


© А.Байтұрсынов атындағы

Қостанай мемлекеттік университеті

МАЗМҰНЫ



1 тақырып: Статистикалық және регрессионды талдау




1.1 зертханалық жұмыс. Статистикалық талдау.........................................

4

1.2 зертханалық жұмыс. Қатардың таңдамалы көрсеткіштері..................

11

1.3 зертханалық жұмыс. Параметрлерді статистикалық бағалау..............

1.4 зертханалық жұмыс. Корреляционды-регрессионды талдау..............

1.5 зертханалық жұмыс. Жұптық сызықтық емес регрессияның моделі..............................................................................................................

1.6 зертханалық жұмыс. Көпшілік регрессия моделі...............................



16

21
29

36


2 тақырып: Уақытша қатарларды талдау.




2.1 зертханалық жұмыс. Уақытша қатарларды талдау..............................

45

3 тақырып: Уақытша қатарларды болжамдау.




3.1 зертханалық жұмыс. Уақытша қатардың динамикасын анықтау.......

48

3.2 зертханалық жұмыс. Уақытша қатарларды түзейту әдістері..............

52

4 тақырып: Көпөлшемді статистикалық талдау.




4.1 зертханалық жұмыс. Көпөлшемді статистикалық талдау...................

57

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.................................................................

60



1 тақырып: Статистикалық және регрессионды талдау
1.1 зертханалық жұмыс. Статистикалық талдау.
Мақсаты: экономикалық деректерді топтастыру негізінде талдау көрсеткіштерін есептей білу.
Қысқаша теориялық анықтама:
Статистикалық талдауда 4 негізгі кезеңде шығаруға болады:

        1. Зерттеудің мақсатың анықтау;

        2. Зерттелетін объекті бақылау және деректердерді жинақтау;

        3. Статистикалық деректерді талдау;

        4. Болжамдау.

Статистикалық зерттеулердің мақсаты – қарастырылып жатқан объектілер мен процесстердің заңдылықтарын орнату, бұл олардың қандай да бір жағдайдағы қалыпын болжамдауға мүмкіндік береді.

Бақылау - зерттеуге тиісті қандай –да бір құбылыстар, құрылғылар, процесстер және т.с.с.көмегімен тіркеу жүргізуіне байланысты. Статистикалық талдау көбінесе сандық деректермен жұмыс істейді.

Деректерді жинақтау – деректертер анықталған құрылымда ұйымдастырылатындай қандай да бір қоймаларды құрастыру.

Статистикалық деректерді талдау – бұл кезеңде қарастырылып объектілер қалыпының заңдылықтарын сипаттауы орындалады. Ол әр түрлі табиғатты модельдер көмегімен іске асырылады.

Модель – негізгі қасиеттерін көрсететін объектілердің қалыпын сипаттау. Модельді қолдануымен адекваттылық ұғымы тығыз байланысты.Адекваттылық - бірденеге сәйкестікті айтады. Адекваттылықтың екі түрін ажыратады: күшті және әлсіз.

Модельдердің келесі класстарын айыруға болады:



  • ақпараттық;

  • физикалық;

  • вещественно-математикалық;

  • логикалық-математикалық;

  • имитациондық

Болжамдау объектілер қалыпын және зерттедетін құбылыстардың даму болжамын алу үшін құрастырылған модельдельрді қолдануымен байланысты.

Әлеуметтік-экономикалық процесстерді зерттеу барысында барлық бірліктер зерттеуге кірмейді, олардың бір бөлігі ғана тексеріледі. Осылайша таңдамалы жиынтық пайда болады. Таңдаудың келесі түрлерін ажыратады:



  • кездейсоқ

  • механикалық

  • типтік

  • сериялық

Статистикалық талдаудың бірінші кезеңінде зерттелініп жатқан бірліктер бойынша мәліметтер жиналады.

Статистикалық талдаудың екінші кезеңінде сол деректерді топтастырып, жинақтауға жөн.

Жинақтау нәтижелері екі түрлі вариациялық қатарлар ретінде анықталуы мүмкін.

Вариациялық қатарлардың екі түрлерін ажыратады – дискретті және интервалдық.


Есептің қойылуы:

Қостанай облысы бойынша негізгі тамақ өнімдеріне орташа бағалар белгілі (2006 ж 16.01. сәйкес)


Кесте 1.1

Аудан

Сиыр еті (килограмына теңгемен)

1. Аманкелді

370

2. Әулиекөл

345

3. Денисов

340

4. Жанкелдин

345

5. Жітіқара

340

6. Қамысты

330

7. Қарасу

330

8. Мендіқара

330

9. Наурзым

336

10. Сарыкөл

330



Тапсырма: 1.1 кестедегі мәліметтер бойынша дискреттік вариациялық қатар құру, қатардың негізгі көрсеткіштерін: арифметикалық орташа, дисперсия, орташа квадраттық ауытқу (ОКА), мода, медиана, вариация коэффициентің, вариация құбылуын есептеу. Нәтижесі бойынша қорытынды жасау.

Шешімі:

Дискреттік вариациялық қатарды құру үшін, кестедегі мәліметтерді өсу немесе кему ретімен орналастырамыз: 330, 330, 330, 330, 336, 340, 340, 345, 345, 370.

Дискреттік қатарды кесте ретінде анықтаймыз: берілген сиыр етінің бағасы – варианта, оларды Xi белгілеп, өсу ретімен кестеге толтырамыз, бірнеше рет кездесетін белгілерді бір рет жазамыз. Кестенің екінші бағанында – жиіліктер. Бұл көрсеткіш вариантаның қарастырылып жатқан жиынтықта неше рет кездесетінің анықтайды. Мысалы, 330 сиыр етінің бағасы 4 ауданда кездеседі, 336 сиыр етінің бағасы – 1 ауданда.... Кестенің 3 бағанында жинақталған жиіліктер, бұл көрсеткіш варианталардың берілген вариантадан кем немесе тең варианталар санын анықтайды. Мысалы, 330 сиыр етінің бағасынан төмен бағалар кездескен емес, ал оған тең – 4 ауданда, қосындысы -4; 336 сиыр етінің бағасынан төмен бағалар – 4 ауданда, ал оған тең – 1 ауданда, қосындысы -5....
Кесте 1.2


Варианталар, Xi

Жиіліктер,

ni



Жинақталған жиіліктер, ni жин

330

4

4

336

1

5

340

2

7

345

2

9

370

1

10

Барлығы

10




жүктеу 5,19 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау