Топырақты бонитеттеу – топырақтың табиғи құнарлығын салыстырып бағалау, оларды табиғи қасиеттер бойынша жіктеу.Жерді құнарлығы бойынша бағалау келесілерге бөлінеді:
топырақты бонитеттеу;
жерді экономикалық бағалау.
Жердің сапалық жағдайы 4 көрсеткіштерден тұрады:
1. Құнарлық;
2. Тұрған орны;
3. Экономикалық факторлар;
4. Кеңістік-технологиялық жағдайлар.
Құнарлылық 2 түрде болады:
Табиғи құнарлық – қоректік заттарды ұзақ процесінде жиалған нәтежиесінде пайда болған. Жасанды құнарлық – адамның еңбек нәтежиесінде пайда болады. Табиғи және жасанды құнарлылықпен қатар, экономикалық құнарлық құрастырады.Топырақты бонитеттеу нәтижелері, табиғи құнарлықтың негізгі факторлары бойынша, топыраққа қатысты жарамдылықты көрсетеді. Топырақтың құнарлығы микроорганизмдердің қатысуымен қалпына келеді, бірақ оған ұзақ уақыт керек. 2,5 см құнарлы топырақ қабаты қалыптасу үшін 100 жыл, бірқалыпты ортада (жылу, ылғал, күн жүзі және т.б.) 90 см топырақ қабаты жасалу үшін 16 мың жыл керек. Топырақ сапасын айырудың негізгі мақсаты-топырақтың сапасына, құнарлылығына, ішкі белгілері және қасиеттері бойынша салыстырмалық (балл) сандық мінездеме беру болып табылады.
Бонитеттеу жұмыстарын жүргізгенде мынадай жағдайларды есте ұстау керек:
топырақтың сапасын бағалау агротопырақ аудандарының шекарасында жүргізіледі, сондықтан оның аудандық ерекшелігі болады;
топырақтың бағалайтын белгілерінің жиынтығы, әртүрлі топырақтың эколого-генетикалық қатарларына және топтарына әртүрлі болады;
топырақтың сапасын бағалау нәтижелері жерге экономикалық баға бергенде бағалау бірлігі ретінде пайдаланылады.
В.В.Докучаевтың топырақтың сапасын бағалау әдісі. Топырақтың сапасын бағалау мәселесін зерттеуге көп үлес қосқан және ғылыми топырақтанудың негізін салған В.В.Докучаев болды. Топырақтың сапасын бағалау жұмыстарын жүргізгенде В.В.Докучаев табиғи-тарихи әдісті қолданды. Бұл әдістің маңыздылығы мынады: ең алдымен топырақтың, оның негізіндегі қасиеттерін жан-жақты зерттеп алып, содан кейін олардың салыстырмалық бағасы белгіленеді, яғни сапасы бағаланады.
Топырақтың сапасын бағалау жұмыстарын В.В.Докучаев екі кезеңге бөледі. Бірінші кезеңде (табиғи-тарихи зерттеу кезеңі) ең алдымен топырақтың табиғи құндылығы анықталады, яғни топырақтың табиғи сапасы морфологогенетикалық, химиялық, физикалақ, фитозоологиялық ерекшеліктері, сондай-ақ топырақтың ауа-райы мен өзара байланысын зерттейді.
Табиғи топырақ аудандарын анықтағаннан кейін олардың ауылшаруашылық – экономикалық жағдайын толық зерттеу үшін екінші кезеңге кіріседі.
В.В.Докучаевтың әдісі бойынша жоғарыда айтылған топырақтың сапасын бағалаудың кезеңдері бір-бірімен тек толық байланысты ғана емес, олардың біріншісі екіншісінің негізгі және белгілі болып қызмет етуге тиісті.
Техникалық жағынан В.В.Докучаевтың әдісі мына жұмыстарды біріктіреді:
топырақтардың табиғи топтамаларын жасау;
олардың геологиялық қасиеттерін (топырақтың қуаттылығы, қарашіріндінің мөлшері, топырақ астының мінездемесі мен олардың орналасу жағдайы) анықтау;
топырақтың химиялық құрамын белгілеу;
топырақтың физикалық қасиеттерін анықтау.
Әрбір топырақ түрі бойынша толық химиялық, механикалық сараптау (анализ) жүргізіледі, ылғал сіңірімділігі, су өтімділігі, капиллярлылығы, бу айналымы, жылу өткізгіштігі және т.б. анықталады.Топырақты далада және лабораториялық зерттеулердің негізінде төмендегідей тиісті диаграммалар жасалады:
геологиялық диаграмма (топырақтың қуаттылығы және қарашіріндінің мөлшері бойынша);
химиялық диаграмма (нәрлі заттардың, Менделеев және басқа көрсеткіштер бойынша).
Физикалық диаграмма (физикалық қасиеттері бойынша).
Осы үш орта диаграмма негізінде бір ортақ жалпы диаграмма жасалады. В.В. Докучаев топырақты осылай жан-жақты зерттеудің негізінде Нижегородской губерниясының топырағының сапасын бағалауды жүргізген. Бұл бағалау жүз (100) балдық жүйе бойынша жүргізілген: геологиялық, химиялық және физикалық сипаттамаларды салыстыра отырып сегіз топырақ тобы анықталған:
жон қара топырағы (ауыр қара шірінді аз батпақты)
қара сұр, қара топыраққа көшпелі топырақ (ауыр саздақты)
аңғар қара топырағы (қарашірінді-сазбалшықты)
сұр солтүстік топыраққа көшпелі топырақ (орта сазды)
ақшыл сұр (жеңіл сазды) топырақ
құмды топырақ
сазды құм топырақ
құм топырақ
Осы топырақ топтары бойынша мынандай өзара байланыс (пропорция) 97:81:66:53:38:30:21:14 немесе Докучаевтың бонитеттеу шкаласы жасалған:
Сонан соң жон қара топырағының ең жақсы көрсеткішін 100 балдық негіз ретінде ала отырып топырақ топтарының сапалық көрсеткіштерінің ақырғы ара қатынастары мынадай түрде анықталған 100:83:68:55:40:31:22:14.
Сонымен, В.В. Докучаев топырақты бағалаудың негізіне олардың табиғи қасиеттерін және белгілерін жатқызған, ал дақылдардың шығымдылығын тек жеке топырақ топтарының арасындағы байланысты орнатудың дұрыстығын дәлелдеу үшін пайдаланған.
Топырақтың сапасын бағалайтын белгілі тәжірибелер (бұрынғы КСРО (СССР) дағы).
В.В. Докучаев зерттеген табиғи-тарихи әдіс. Топырақтың бонитет балы оның ауылшаруашылық дақылдарының шығымдылығына тығыз байланысты табиғи қасиеттерінің негізінде анықталады.
Украиндық топырақ зерттеушілердің әдәсі. Бұл әдіс бойынша бағлаудың заты топырақтың түрі негізінде емес, топырақтың агроөндірістік тобы және оның бөліктері негізінде жүргізіледі. Олардың сапасының балы ауылшаруашылық дақылдардың шығымдылығымен және топырақтың табиғи қасиеттерімен белгіленеді.
Мәскеу мемлекеттік университеті мен Львов университетінің әдістері. Бағалаудың заты ретінде топырақтың түрі, ал олардың балл бонитеті ауылшаруашылық дақылдарының шығымдылығымен анықталады.
Жоғарыда қаралған тәжірибелердің ішінде тек қара және қоңыр топырақтар үшін ғана емес бұрынғы Одақтың басқа да топырақ зоналары үшін ең перспективті әдіс болып В.В. Докучаевтың әдісі саналады.
Жалпы одақтық жер бағалау әдісі: Бұрынғы одақтық бонитеттеудің негізгі айқындамаларын академик С.С. Соболевтің басқаруымен жазылған. Оның аңықтамасы бойынша топырақ бонитеттеу дегеніміз-топырақтың өніміділігі бойынша ауылшаруашылық дақылдарының өсуіне ең маңызды және көп жылық орта өнімділікпен тығыз байланысты объективті белгілері (қасиеттері) бойынша жасалған топырақтың арнайы топтастырылуы болып табылады.
Бонитеттеу жұмыстарын жүргізгенде топырақтың бірыңғай топтары бірыңғай бонитет көрсеткіштердін алуға тиісті. Бұл көрсеткіштерді анықтау үшін топырақтың сапасын айыру шкаласы жасалынады. Шкаланың екі түрі болады: алшақ салынған шкала және бекітулі шкала. Алшақ салынған шкаланы жасағанда топырақтың бір түріне ең кең тараған көлемі бойынша не болмаса орта сапасы бойынша 100 балл беріледі, ал қалған түрлеріне олардың құнарлылығына байланысты 100-ден жоғары не төмен балл алынады. Бекітулі шкаланы жасағанда сапасы бойынша ең жақсы топырақ түріне 100 балл беріледі, ал ең төменгі сапалы топырақ түріне минималдық балл беріледі. Бекітулі шкала пайдалануға қолайлы.
Бонитеттеу жұмыстарын жүргізгенде екі бағалау шкаласын жасаған дұрыс: бірінші шкала (негізгі шкала) – топырақтың қасиеттері бойынша жасалады; екінші шкала – ауылшаруашылық дақылдардың шығымдылығы не болмаса жайылым шабындық алқаптардың өнімділігі бойынша жасалады.
Топырақтың сапасы морфологиялық, генетикалық, химиялық және физикалық қасиеттеріне байланысты болады. Осы қасиеттерге сәйкес топырақтың сапасын анықтауға қажетті негізгі табиғи диагностикалық белгілерге мыналар жатады: қарашірік қабатының қуаты (қалыңдығы); қарашіріктің, тұнбаның және саз балшықтың проценттік мөлшері; топырақтың қарашірінділігі; топырақтағы қозғалмалы қоректік элементтердің (фосфордың және кальцийдің) қоры (запасы); топырақтың механикалық құрамы, қышқылдығы және тағы басқалары.
Диагностикалық белгілерді таңдау әрбір жер бағалау аудандары бойынша жүргізіледі.
Топырақтың сапасын айыру жер бағалау аудандарының шекарасында мынадай жүйемен жүргізіледі:
топырақты сипаттайтын жеке белгілерінің және қасиеттерінің көрсеткіштерінің орташа мәнін анықтау;
әрбір топырақ түрінің негізгі ауылшаруашылық дақылдарының көпжылғы шығымдылығының орташа мәнін анықтау;
негізгі диагностикалық белгілерді таңдап алу;
Табиғи қасиеттері және негізгі ауылшаруашылық дақылдардың шығымдылығы бойынша топырақ сапасын айыру шкалаларын жасау.
Топырақ сапасын айыру негізіне мына принциптерді жатқызған жөн:
1) Бонитеттеу шкаласының дұрыстығы және анықтылығы;
2) Табиғи-ауылшаруашылық провинцияның (топырақ зонасының, зонаның бөлігіндегі) шекарасындағы нәтижелердің салыстырмалылығы;
3) Топырақты бонитеттеу нақтылығы;
4). Әдістің (методиканың) ғылымилығы.
Бірінші принциптің талабы-бонитеттеу жұмыстарын жүргізгенде сапасы жақсы топырақтық зерттеу және топырақты лабораториялық талдау материалдарын пайдаланумен және оларды әрдайым жаңартып отырумен қамтамасыз етіледі.
Екінші принциптің іске асуы- табиғи ауылшаруашылық провинцияның шекарасында біріңғай методика қолданылуын, соның ішінде диагностикалық белгілердің тізімі және олардың үйлесу технологиясын қамтамасыз етеді.
Топырақтың балл бонитетін олардың ішкі қасиеттері бойынша орта арифметикалық өлшем ретінде анықтау, бағалау балын топырақтың бірнеше болмашы белгілері бойынша түзету коэффициенттері арқылы дәлелдеу іс жүзінде ең кең қолданылатын методикалық әдіс болып табылады. Сондай-ақ топырақтың ішкі қасиеттері бойынша оларды негізгілерге және болмашыларға бөлмей-ақ бағалау, баллдарын есептеу не олардың топырақтың қабілеттілігіне ықпалы бірдей немесе шығымдылықтың құрамындағы олардың үлес салмағын анықтауына негізделетін бонитеттеу кеңінен қолданылады.
Топырақтың сапасын айыру нақтылы болуға тиісті, яғни нақтылы дақылға (дақылдардың біріңғай топ түріне) сәйкес жүргізілуі тиіс. Топырақтың құнарлылығы – нақтылы құбылыс және егілетін өсімдіктердің биологиялық қажеттілігіне байланысты. Әрбір өсімдіктің түрі бойынша топырақтың құнарлылығы әр түрлі анықталады.
Топырақтың сапасын айыратын әдістеме ғылыми дәлелді болуы тиіс, яғни топырақтың қасиеттерін олардың әртүрлі дақылдардың шығымдылығына ықпал ететін механизмі және өлшемі терең зерттеу нәтижесінде негізделуі тиіс.
Топырақтың сапасын айыратын алғашқы мәліметтердің сенімділігін және қорытынды нәтижелердің анықтылығын тексеруді қамтамасыз ететін негізгі әдіс математикалық-статистикалық әдіс болып саналады.
Бонититеттеу жұмыстарын жүргізу негізінен 3 (үш) кезеңге бөлінеді:
1) дайындық-камералдық жұмыстар;
дала жұмыстары;
камералды – талдау жұмыстары.
Бірінші кезең жұмыстарының мақсаты:
камералдық жолмен алдын-ала облыстың не болмаса белгілі бір өлке бойынша топырақтың бонитеттеу шкаласын құру.
облыстың не болмаса белгілі өлкенің әкімшілік аудандарының жерлері бойынша бонитет картографиясын жасау табылады.
Бонитеттеу шкаласын құру үшін қажетті мәліметтер төмендегідей:
топырақ зерттеу мәліметтері (1:10 000-1:25000 масштаб);
климаттық (ауа-райының) мәліметтері;
жер кадастрының мәліметтері;
жер есебінің жылдық мәліметтері (соңғы 5 (бес) жыл.
Бонитеттеу жұмыстарының екінші кезеңіне мына жұмыстар жатады:
1) алғашқы бонитировкалық шкаланы тәжірибе (сынақ) жүзінде анықтау және дәлділігін тексеру;
2) жетіспейтін мәліметтерді жинақтау және сирек кездесетін топырақтардың бонитировкасын жасау;
Бонитетте жұмыстарының үшінші кезеңіне мына жұмыстар жатады:
1) ақырғы (қорытынды) бонитировкалық шкаланы жасау;
2) топырақ түрлерінің ауылшаруашылық дақылдарының шығымдылығымен тығыз байланысты негізгі динамикалық белгілерін ақырғы рет анықтау;
3) анықталған топырақ бонитировкасын ерекше құрғақшылық не болмаса ерекше ылғалды жылдарда тұрақтылығын анықтау үшін типтік шаруашылықтарда қайталап бақылау жүргізу.
Қазақстандағы топырақ бонитетеуді жүргізу әдістемесі
Топырақты бонитеттеу әдісін (методикасын) зерттеп дайындау үшін, ең алдымен, топырақтың бағалаудың затын, яғни бағаланатын таксономоногиялық бірлігін, содан кейін топырақтың балл бонитетін есептеу үшін негізгі алынатын бағалау көрсеткіштерінің белгілерін таңдап алу және осы таңдап алынған топырақ белгілері бойынша бонитеттеу шкаласын құру жолын анықтап алу керек.
Топырақты бонитеттеу заты болып- топырақ жамылғысы алынады. Қазақстан Республикасында топырақты бонитеттеу заты, яғни қарапайым тоқсандық бірлік ретінде топырақтың әрбір түрі алынады.
Топырақты бонитеттеудің белгілері ретінде ауылшаруашылық дақылдарының шығымдылығына неғұрлым ықпалы тигізетін табиғи диагностикалық белгілер алынуы тиіс. Республикамызда топырақты бағалайтын негізгі белгі болып топырақ өнімділігімен тығыз корреляциялық байланысы бар қарашіріктің 0-50 см қабатындағы мөлшері (процентпен көрсетілген) алынады.
Біздің Республикамызда топырақтың сапасын бағалау үшін төмендегідей көрсеткіштері алынады:
а) топырақтың 0-50 см.қабатындағы қарашірік (пайызден) мөлшері;
ә) топырақтың тұздылығы (засоленность);
б) топырақтың сортаңдылығы (солонцеватость);
в) топырақтағы ұсақ тастардың мөлшері (защебенность);
г) топырақтың тастақтылығы (кесектілігі) (каменность);
д) топырақтың гидроморфтық дәрежесі (шабындық, шабынды-батпақты, батпақты жерлерге).
Әр топырақ түрінің негізгі балл бонитеті олардың 0-50 см. топырақ қабатының қарашірін пайыздық мөлшері бойынша есептелінеді, ал басқа қасиеттері үшін түзету коэффициенттері енгізіледі. Топырақ қабаттары көрсеткіштерінің қосындысын тауып әрбір топырақ түрінің тармақтары бойынша әкімшілік ауданның шекарасында орташа көрсеткіш анықталады.
Содан кейін топырақ сапасының баллы есептеледі. Эталон ретінде топырақтың 0-50 см топырақ қабатының қарашіріннің 7 %-ке тең мөлшері алынады. Сапасы бағаланатын топырақ түрлерінің 0-50 см. топырақ қабатының қарашірін мөлшерін эталон ретінде алынған топырақтың көрсеткішіне бөлу арқылы олардың қарашірін бойынша сапалық (бонитет) баллы есептеледі. Егерде топырақтың жағымсыз (тиімсіз) қасиеттері болмаса, есептелген сапалық балл көрсеткіші негізгі көрсеткіш болып қалдырылады, ал жағымсыз (тиімсіз) қасиеттері болса, онда бұл көрсеткіш тиісті түзету коэффициенттеріне көбейту арқылы есептеледі.
8 ЖЕРДІҢ КАДАСТРЛЫҚ БАҒАСЫ
Кадастрлық (бағалау) құны - мемлекет жер учаскесін немесе оны жалға алу құқығын сатқан кезде қолданылатын, инфляцияның жалпы деңгейі туралы ресми статистикалық ақпаратқа сәйкес кезең-кезеңімен нақтыланатын жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкалары және оларға түзету коэффициенттері негізінде айқындалатын жер учаскесінің есептеу құны.
Жер учаскелерінің кадастырлық құнын анықтау үшін, келесі мәліметтер қолданылады:
жер учаскесінің жалпы ауданы;
бір шаршы метр немесе бір га. жер үшін төлем ақының базалық ставкасы;
түзету коэффициенттері
Нақты жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін мамандандырылған мемлекеттік кәсіпорындар мемлекеттің жеке меншікке немесе жалға өтеулі негізде беретін жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына сәйкес оған түзету (арттыратын немесе кемітетін) коэффициенттерін қолдана отырып белгілейді және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының жер учаскелерін беру жөніндегі құзыреті шегінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органы үш жұмыс күні ішінде бекітетін жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісімен ресімдейді.
Достарыңызбен бөлісу: |