1.4 Клиент-сервер жүйелік сәулеті
Жергілікті желілердегі компьютерлердің бір-бірімен қарым-қатынас
жасау сипатын олардың функционалдық қызметімен байланыстыру
қалыптасқан. Жергілікті желі аймағында да компьютерлерді тікелей
байланыстыру кезіндегі сияқты клиент және сервер ұғымдары қолданылады.
Клиент-сервер технологиясы – жергілікті желідегі компьютерлерді бір-
бірімен байланыстырудың ерекше тәсілі, мұнда бір компьютер өз
құрылғыларын басқаларға – клиенттерге пайдалануға бере алады. Осыған
орай жергілікті желілер бір деңгейдегі желілер және серверлік желілер болып
екіге бөлінеді. Бір деңгейдегі желілерде айырықша бөлінген сервер
болмайды, мұнда әрбір жұмыс станциясы әрі сервер, әрі клиент болып
қызмет атқара береді. Мұның ерекшелігі - әрбір жұмыс станциясы өз
ресурстарының белгілі бір бөлігін барлық жұмыс станцияларының ортақ
пайдалануы үшін бөліп береді.
Көбінесе бір деңгейдегі желілер мүмкіндіктері бірдей компьютерлерді
біріктірген кезде құралады. Бір деңгейдегі желілер жұмыс істеуге ыңғайлы,
олардың қызметі де қарапайым түрде жүзеге асырылады. Егер компьютерлер
саны аз болып, олардың негізгі функциясы бір-бірімен мәлімет алмасу болған
жағдайда, ең тиімді шешім – оларды бір деңгейлі желілерге біріктіру болып
табылады. Мәліметтердің компьютерлерге таралып орналасуы және әр
жұмыс станциясының ресурстарын ортақтастыруды өзгерту мүмкіндігі бір
деңгейдегі желілердегі мәліметтерді заңсыз пайдаланудан сақтауды
қиындатады. Осыған орай мамандар мұндай желілердегі ақпаратты сақтау
мәселелеріне өте көп көңіл бөлуге мәжбүр болып отыр.
Бір деңгейдегі желілердің тағы бір кемшілігі – олардың жұмыс
өнімділігінің төмендігі. Ол ресурстардың әр жұмыс станцияларына
бөлініп,жұмыс кезінде олардың әрқайсысының әрі клиент,әрі сервер
қызметін атқаруына байланысты болып отыр.
Серверлік желілерде компьютерлердің функциялары алдын ала
айқындалған – оның кейбіреуі сервер болып қызмет атқарса, қалғандары
тұрақты түрде клиент болып табылады.
Сервер (ағылш. server) - файлдар, бумалар және компьютерлердің
деректері сияқты деректерге ортақ қатынасуды, сондай-ақ желі
пайдаланушыларына электрондық пошта қызметтерін қамтамасыз ететін
компьютер. Сервер (мамандандырылған бекет, арнайы процессор) - есептеу
27
желілері
құрамындағы
бірнеше
компьютерлерге
ортақ
шалғай
құрылғыларды: лазерлік принтерді, дискілерді, модемді пайдалану кезегін
тағайындап отыратын негізгі түйінді компьютер. Мұндай серверде нәтижесін
бірнеше тұтынушы (клиенттер) пайдаланатын қолданбалы бағдарлама да
жұмыс атқара береді; сервер - басқа бағдарламаларға (клиенттерге) қызмет
ететін, солардың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін бағдарлама.
Сервер – ортақ пайдалануға арналған барлық ресурстарды қамтитын
компьютер. Ортақ ресурстарды пайдалану үшін сервер қосылуы қажет.
Серверге принтер, модем, ортақ қолданбалы бағдарламалар (мысалы,
электрондық почта), факстар және т.б. қосылады. Желідегі жұмыстың көп
бөлігін сервер атқарады. Клиент-сервер типіндегі желілер қамтылған
ресурстарды толығынан қолануға мүмкіндік береді. Әдетте, сервер жұмыс
өнімділігімен және қатты дискідегі ақпарат көлемінің үлкендігімен
ерекшеленеді. Мұндай желіде барлық ресурстар – дерек жинақтаушы
дискілер, принтерлер, модем, CD-ROM, DVD-ROM дискілері серверге
қосылады. Сол себепті ортақ ресурстармен жұмыс жасау үшін алдымен
сервермен байланысу қажет. Бір деңгейлі желіде барлық жұмыс станциясы
қайсы бір мағынасында басқалары үшін сервер қызметін атқарады. Олар
ортақтастырылған желі ресурстарын бірдей қолдана алады. Және
ресурстарды бөлуді бақылап отыратын қуатты ортақ сервер компьютер
болмайды. Бір деңгейлі желілердің маңызды ерекшелігі – онымен жұмыс
істеу үшін арнайы бағдарламалық жабдықтың қажеті жоқ.
Сервердің негізгі функциялары – клиенттердің сұранысы бойынша
арнайы жұмыстарды орындау (мәліметтерді сақтау, өңдеу және жіберу).
Сервер базасындағы мәліметтер: үйымға келген клиенттердің тізімі. Сервер
ретінде үлкен өнімді компьютер қолданылады. Сервер мәліметтерді сақтау,
мәліметтер базасын басқару және т.б желі тұтынушыларының қажеттілігін
өтейтін басқа функцияларды орындайды, яғни сервер – желі ресурстарының
көзі, барлық жұмысшы станцияларымен қолданылу үшін арналған. Сервер
желілік операциялық жүйе арқылы жұмыс істейді, оған барлық сыртқы
құрылғылар қосылады –принтерлер, сканер, модем және т.с.с.
Серверлі жүйенің артықшылығы: ақпаратты қорғаудың жүйесі; жоғары
есептеу жылдамдылығы және жұмысшы есептеу станцияларына шектеу жоқ.
Клиент-сервер сәулетте серверде тек қана мәліметтер қоры
сақталмайды, сонымен қатар мәліметтер қорын басқару жүйесі бағдарламасы
жұмыс істейді және қолданушылар сұрауларын өңдейтін, жазулар жиынын
оларға қайтаратын амалдар жұмыс істейді. Бұл кезде қолданушы
бағдарламасы мәліметтер қорымен тікелей жұмыс істемейді, операцияларды
орындайтын МҚБЖ-мен жұмыс істейді. Бұл кезде клиент орындарындағы
жүктеме алынып тасталынады, себебі жұмыстың көпшілігі серверде
орындалады. МҚБЖ мәліметтер қорының бүтіндігін және сақтаулылығын
бақылап отырады, сондай-ақ паролдар қызметінің көмегімен ақпаратқа
жетуді бақылайды. Клиент-сервер МҚБЖ жеке өріс немесе жазу деңгейінде
бөгет жасай алады. Бұл дегеніміз бір мезгілде бірнеше қолданушы кестемен
жұмыс істей алады деген сөз, бірақ нақты жазуды өзгерту функциясына
28
мүмкіндікті оның бір өрісі ғана қамтамасыз етеді. Клиент-серверлік сәулеттің
кемшілігі- сенімділіктің аса жоғары деңгейде болмауы. Екі деңгейлі клиент-
серверлік сәулеттің түрі 1.11 суретінде келтірілді.
Таратылған сәулет. Мұндай сәулетте бірнеше сервер бар және
мәліметтер қорының кестелері олардың арасында жоғары тиімділікпен
үлестірілген. Әрбір серверде жұмыс істейтін МҚБЖ көшірмелері болады.
Сервер қосымшалары деп аталатын арнайы бағдарламалар қолданылады.
Олар көптеген қолданушылардың сұрауларын тиімділейді және желідегі
компьютерлердің жүктемесін бірқалыпты үлестіреді
.
Үш деңгейлі «клиент-
сервер» сәулетінің түрі 1.12 суретінде келтірілді.
Сурет 1.11. Екі деңгейлі «клиент-сервер» сәулеті
Сурет 1.12. Үш деңгейлі «клиент/сервер» сәулеті
Компьютерлік желілердің атқаратын қызметтерінің көп түрлілігіне
байланысты серверлердің бірнеше типтері бар, олар: желілік сервер, файлдық
сервер, баспа сервер, пошталық сервер және т.б.
Желілік сервер желіні жалпы басқару функциясын және есептеу
жұмыстарының негізгі бөлігін атқаратын арнайы компьютер болып
табылады. Бұл серверде желіні толық басқаратын операциялық жүйенің
негізгі ядросы сақталады. Желілік сервердің жады көлемі үлкен және оның
жұмыс жылдамдығы да жоғары деңгейде болуы тиіс. Мына желідегі жұмыс
станцияларының функциясына мәліметтерді енгізу мен шығару және
сервермен ақпарат алмасу жатады.
RS
SQL
жауап
сұраныс
Достарыңызбен бөлісу: |