Қазақстан республикасының білім және ғылым


Объектілі сұраныстардың брокері



жүктеу 1,67 Mb.
Pdf просмотр
бет12/26
Дата24.08.2020
өлшемі1,67 Mb.
#31278
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26
Semnina Derekterdi ondeu

Объектілі сұраныстардың брокері

Сурет 1.7. Common Object Request Broker Architecture сәулеті  

 

Қолданбалы  объекттер  (Application  Objects)  –  нақты  қолданушы 



бағдарламалары  үшін  объекттің  жүзеге  асырылуы,  мысалы,  арнайы  бизнес-

процестерді қолдау объекттері.  




21

 

CORBA сервистері (services):  



  аталымдар қызметі,  

  оқиғалар қызметі,  

  жадыда сақтау қызметі,  

  транзакция қызметі және т.б.  

CORBA  жалпы  құралдары  (CORBA  facilities)  -  объектті  жүзеге 

асырудың  құралдары,  мысалы,  құрама  құжаттарды,  тапсырмалар  ағынын 

қолдау және т.б.  

CORBA  домендері  (CORBA  domains)  –  домен  объекттерінің  іске 

асырылуы, түрлі сала бағдарламаларына арналған: денсаулық сақтау, қаржы 

нарығы,  сақтандыру  және  т.б.  Домен  –  сайт  адресі,  аты.  (edu.gov.kz, 

hoster.kz). 

1991  жылы  пайда  болғаннан  бастап  CORBA  сәулеті  үнемі  жетілдіруде, 

оған  OMG корпорациясының жаңа стандарттарды қабылдау процестері куә. 

Қабылданатын стандартттар ашық, кез-келген фирма консорциумға қосылып, 

стандартизацияға өз технологиясын ұсынуына болады.  

CORBA технологиясының негізін IDL (Interface Definition Language) тілі 

құрайды.  Бұл  тіл  қашықтан  өзараәрекетесудің  барлық  аспекттерін 

(қырларын) IDL – хабарлаулардың нақты бағдарламалау тілдеріне бейнелену 

схемаларын  сипаттайды.  CORBA  технологиясын  қолдануда  жүйе  бір-біріне 

ресурс  беретін  немесе  қандай  да  бір  есептерді  шешуді  ұйымдастыратын 

желіде  жұмыс  істейтін  бағдарламалардың  жиыны  ретінде  қарастырылады. 

Мұнда  МҚ-на  қатынау  компоненттері,  жүйенің  сервистік  қызметтері, 

құрылғылар  драйверлері,  функционалды  модульдер,  жүйе  объектілерінің 

жағдайын  көрсету  және  оларды  басқару  мүмкіншілігін  ұйымдастыратын 

қолданушы  бағдарламалар  тәуелсіз  жеке  бағдарламалар  түрінде  болуы 

мүмкін. CORBA технологиясы кез-келген платформада (Microsoft Windows – 

Intel,  Linux,  Sun  Microsystems  Solaris  –  Sparc),  кез-келген  бағдарламалау 

тілдерінде (C++, Java, Delphi және т.с.с.) бағдарламалауға мүмкіндік береді.  

Объектті сұраныстар брокері (Object Request Broker, ORB) – таратылған 

компьютерлік  ортада  объекттер  арасында  клиент-серверлік  қатынастарды 

орнатуға арналған аралық бағдарламалық қамтама. ORB таратылған жүйедегі 

объекттер арасында сұраныстар қабылдап, беруге, оларға жауап беруге және 

нәтиже алуға мүмкіндік беретін механизмдермен қамтамасыз етеді. Осының 

нәтижесінде  түрлі  таратылған  орталардағы  әр  түрлі  платформадағы  

бағдарламалар  арасында  техникалық  интероперабельділік  қамтамасыз 

етіледі.  Брокерлердің  интероперабельділігі  аталған  мүмкіншілікті  объект-

клиенттер  мен  объект-серверлер  бірнеше  біртекті  не  әртекті  брокерлермен 

байланысқан жағдайда қолданады.  



Брокерлердің  интероперабельділігі  деп  1-ші  брокермен  басқарылатын 

объект-клиенттің 

2-ші 

брокермен 



басқарылатын 

объект-сервердің 

операцияларын  шақыру  мүмкіншілігін түсінуге  болады.  Мұндағы  1-ші  және 

2-ші брокерлер бір-бірінен тәуелсіз орталарда құрылған, яғни әртекті.  

CORBA  жалпы  сервистер  мен  интерфейстерді  қолдайтын  түрлі  ORB 

орындалуына арналған ортаны анықтайды (сурет 1.8).  




22

 

Бұл түрлі ORB-ге қатынасты клиент пен объекттің жүзеге асырылуының 



мобильділігін  қамтамасыз  етеді.  ORB  глобальды  объект  кеңістігі 

компоненттерінің  интероперабельділігін  қамтамасыз  етеді.  Объекттің 

интерфейстерінің  анықтамалары  Интерфейс  Репозиториіне  (Interface 

Repository) екі әдіспен орналасады: статикалық – IDL тіліндегі спецификация 

нәтижесінде және динамикалық. 

Клиент


Нысанды жүзеге 

асыру


Динамикалық 

шақыру немесе IDL 

стабының 

көмегімен шақыру

ORB 

интерфейсі 



Скелетон

Объектілі 

адаптер

ORB ядросы

 

Сурет 1.8. Объектті сұраныстар брокері интерфейстерінің құрылымы 



 

Репозитарий  интерфейс  компоненттерін  объект  ретінде  қарастырып, 

орындалу  кезінде  оларға  қатынауға  мүмкіндік  береді.  Сұраныс  құрастыруда 

клиент  динамикалық  шақыру  интерфейсін  немесе  компилятор  құратын  IDL 

стаб  (stub)  -  берілген  операцияны  оған  қатынау  кезінде  шақыру  локальды 

процедурасын  қолдана  алады.  Клиент  ORB-мен  тікелей  әрекеттесуіне 

болады.  Бұл  жағдайда  ORB  объекттің  орындалуының  сәйкес  кодын  іздеп, 

оған  сұраныс  параметрлерін  жібереді  және  басқаруды  береді.  Объект 

орындалуы  параметрлерді  компилятор  құрған  IDL  скелетон  (Skeleton) 

арқылы  қабылдап,  объекттік  адаптерге  және  ORB-ге  қатынайды.  Объекттің 

орындалуы  (іске  асырылуы)  –  клиентпен  сұранылатын  сервисті  орындау 

бағдарламалары.  Объекттік  адаптердің  негізгі  функциясы  –  объектті 

сұраныстар брокерінің сервистеріне қолжетімдікті қамтамасыз ету.  

Скелетон  –  серверлік  бағдарлама,  серверлік  суррогат,  «сервант»  атты 

объектті  объекттік  адаптермен  байланыстырады.  Бағдарламада  CORBA-

объектті қолдану үшін оны тек құрып, онымен байланыс орнату жеткіліксіз. 

Серверлік  бағдарламада  IDL-интерфейсте  жарияланған  әдістерге  қатынауға 

мүмкіндік  беретін,  C++,  Java,  C,  Cobol,  Ada,  Smalltalk  және  басқа  тілдерде 

құрылған «Сервант» атты объект құрылмай CORBA-объектті қолдану мүмкін 

емес.  Объектке  бағытталған  тілдер  үшін  Сервант  белгілі  бір  класс 

экземплярын  құрайды.  Мұндай  класс  «Орындау  классы»  деп  те  аталады.  

Шақырудың  статикалық  әдістерін  қолдануда  скелетон  IDL  кодын 

компиляциялау  кезінде  құрылады,  ал  динамикалық  әдістерде  ол 

қолданылмайды.  




23

 

ORB  құрылымында  ядроны  атап  кетуге  болады,  ол  объекттердiң  iшкi 



құрылымы  мен  сұраныстардың  берiлуiн  және  күйге  келтiрiлетiн 

компоненттердiң  жиынын  қамтамасыз  етедi.  Ядроның  негізгі  міндеті  – 

таратылған 

біртекті 

емес 

ортада 


бағдарламалар 

мен 


типтер 

спецификациясының 

мобильділігін 

және 


компоненттердің 

интероперабельділігін қамтамасыз ету.   

IDL - интерфейсті анықтау тілі. OMG IDL (Interface Definition Language) 

тілі 


CORBA 

стандарттары 

кешенінде 

бағдарламалардың 

интероперабельділігін  ұйымдастыруда  қолданылады.  OMG  IDL  құралдары 

көмегімен  объект  интерфейсін  анықтау  клиент  сұраныстары  бойынша 

объектпен  орындалатын  амалдардың  барлығын  толық  сипаттайды.  Бұл 

анықтама  белгілі  бір  амалдарды  орындау  сұраныстарымен  объекттерге 

қатынайтын  клиент  бағдарламаларын  құруға  арналған  ақпараттың  негізін 

құрайды.  Клиент  қолданатын  интерфейс  анықтамасы  оны  орындауға 

түсінікті болу үшін OMG IDL тілінде анықталған спецификацияларды клиент 

орындаушысының тіліне аудару керек.  

Corba  стандартында  қолданылатын  тілдің  синтаксисін  сипаттау  үшін 

EBNF  (Extended  Backus-Naur  Format  -  Бэкус-Наурдың  кеңейтілген  форматы) 

нотациясына ұқсас нотация қолданылады.  

Бұл нотацияда қолданылатын негізгі белгілер: 

::= - анықтама бойынша ... ; 

| - немесе; 



< > - жақшадағы түсінікпен берілетін терминальды емес символ; 

"текст" – литерал; 

*  -  алдыңғы  синтаксистік  конструкцияны  ноль  не  бірнеше  рет  қайталау 

мүмкіндігі; 

+  -  алдыңғы  синтаксистік  конструкцияны  бір  не  бірнеше  рет  қайталау 

мүмкіндігі; 

{ } – бір конструкция; 

[ ] – міндетті емес синтаксистік конструкция. 

IDL  спецификацияларын  басқа  тілдерге  аударғанда  CORBA  IDL 

конструкцияларының  (барлық  негізгі  типтер,  объект  пен  тұрақтыларға 

сілтеме,  амалдардың  шақырылуы,  ерекше  жағдайлар,  атрибуттарға  қатынау, 

шақырулар интерфейсі) сайма-сай (сәйкес) бейнеленуін талап етеді.  

Қазіргі кезде OMG IDL  тілінің конструкциялары C, C++, Smalltalk, Ada 

тілдеріне аударылған. 

CORBA 

желілік 


моделі. 

Брокерлердің 

интероперабельділігі 

Универсалды  брокераралық  хаттамамен  (General  Inter-ORB  Protocol,  GIOP) 

қолданылады.  Бұл  хаттама  нақты  желілік  транспорттық  ортаға  тәуелдi 

болмайды  және  виртуалды  қосуларды  қолдайтын  кез-келген  транспорттық 

хаттамаға (мысалы, TCP/IP) бейнелене  алады. 

CORBA  объекттік  моделі.  OMG  объекттік  моделі  (Core  Object  Model  - 

COM)  ядро  және  кеңейтілімдер  жиыны  ретінде  анықталған.  Ядро  негiздi 

ұғымдардың кейбiр жиынын спецификациялайды. COM түсініктеріне мысал: 

объекттер,  амалдар,  типтер,  тип/ішкі  тип  қатынасы,  тип  интерфейсі. 



24

 

Кеңейтілімдерде  профиль  түсінігі  енгізіледі,  ол  СОМ  және  бір  не  бірнеше 



кеңейтілімдердің  комбинациясынан  тұрады.    CORBA  объекттік  моделі 

клиенттер  мен  серверлер  арсындағы  әрекеттесуді  анықтайды.  Амал 

сұранылатын  сервисті  көрсетеді.  Объект  интерфейстері  нақты  объект 

клиенттерімен  шақырылатын  амалдар  жиынын  сипаттайды.  Объекттің  іске 

асырылуы – клиентпен сұранылатын сервисті орындау бағдарламалары.   

CORBA клиенттері мен серверлері 

Бақа  компоненттер  интерфейстерін  сұрайтын  компонент  клиент  болып 

саналады,  ал  өз  интерфейстерін  басқа  компоненттерге  беретін  компонент 

сервер болып табылады.   

3  деңгейлі  сәулетте  клиент  және  сервер  түсініктері  шартты  болып 

келеді.  Таратылған  жүйе  клиенті  бір  компонентке  клиент  болып,  жүйедегі 

басқа компоненттерге сервер болуы мүмкін (сурет 1.9). 

А компоненті 

(клиент)


В компоненті 

(клиент + сервер)

С компонент 

(сервер)


D Компоненті

(сервер)


 

Сурет 1.9. Үш деңгейлі таратылған жүйедегі компоненттер қатынасы 

 

CORBA негізгі қызметтері 



OMG  спецификацияларына  сәйкес  ақпараттық  жүйе  3-деңгейлі 

сәулетінің  құрамына  мәліметтерді  басқару  жүйесі,  өзара  әрекеттесетін 

CORBA-объекттер  желісі  және  мәліметтерді  көрсетуге  арналған  қолданушы 

интерфейсі кіреді. 

OMG  консорциумы  таратылған  бағдарламаларды  құруды  жеңілдету 

үшін жиі қолданылатын сервистерді стандарттаудан өткізді (сурет 1.10): 

1.  Өмір циклының сервисі (Life Cycle service) шинадағы компоненттерді 

құру, көшіру, орнын ауыстыру, жою амалдарын анықтайды.  

2.  Ат  беру  сервисі  (Naming  service)  CORBA-объекттерге  сілтемелерді 

ақтауға  және  басқаруға  арналған.  Оның  негізгі  міндеті  –  объекттерді  бір-

бірімен  әмбебап  түрде  байланыстыру.  Бұл  сервис  объектті  сілтемелердің 

қоймасы ретінде анықталған.  

3.  Оқиғалар  сервисі  (Event  service)  бағдарламалардың  асинхрондық 

өзара әрекетін қолдауды қамтамасыз етеді.  

4.  Ұзақ  уақытқа  сақтау  сервисі  (Persistence  service)  жадыда  объекттерді 

сақтау интерфейстерінің жиынын анықтайды.  

5.  Транзакция  сервисі  (Transaction  service)  транзакция  модельдерінің 

жиынын,  оның  ішінде  ішкі  транзакциялар  жиынын  қолдауды  қамтамасыз 

етеді.  Көпқолданушы  режимінде  бағдарламалардың  дұрыс  жұмыс  істеуін 

ұйымдастырады. 




25

 

Query Service



Persistent Object 

Service 


Transaction

Service


Concurrency 

Control Service

Collection

Service


Property 

Service


Life Cycle 

Service


Naming 

Service


Externalizations 

Service


Relationship 

Service


Trader 

Service


Event 

Service


Licensing 

Service


Security 

Service


 

Сурет 1.10. OMG сервистерінің тәуелділік графы 

 

6. Қатынастар 



сервисі  (Relationship  service)  CORBA-объекттер 

арасында  логикалық  байланыстарды  ұйымдастырады.  Сервис  екі  қосымша 

объекттер  түрін  анықтайды:  байланыс  және  роль.  Роль  байланыс  түрін 

бейнелейтін  CORBA-объект  ретінде  анықталады,  ол  қолданбалы  аумақ 

объектілерінің тәуелділігін сипаттайды.  

7. Бірігіп  қатынауды  басқару  сервисі  (Concurrency  control  service) 

клиенттерге  бөлінетін  ресурстарды  қолдануда  өз  амалдарын  реттеуге 

мүмкіндік  береді.  Бөлінетін  ресурстарды  басқару  тосқауылдар  арқылы 

орындалады.  Әр  тосқауыл  бір  ресурс  пен  бір  клиентке  сәйкестендіріледі. 

Сервис  қатынаудың  түрлі  әдістеріне  сәйкес  келетін  тосқауылдың  бірнеше 

режимін анықтайды. 

8. Сыртқы  көрініс  сервисі  (Externalization  service)  CORBA-объект 

көшірмесін  файл,  МҚ  элементі  және  т.с.с.  сыртқы  объект  түрінде 

қалыптастырады. 

9. Сұраныстар  сервисі  (Query  Sevice)  объекттер  үшін  сұраныстарды 

қолдауды  қамтамасыз  етеді,  ол  SQL  сыртқы  жиыны  ретінде  анықталған, 

SQL3  кеңейтілген  спецификацияларына,  объектті  сұраныстар  тіліне  (Object 

Query Language - OQL) негізделген. 

10. Лицензиялау  сервисі  (Licensing  Service)  компоненттерді  қолдануды 

бақылау амалдарын ұсынады.  

11. Қасиеттер 

сервисі  (Properties  Service)  аттары  анықталған 

шамаларды  немесе  олардың  қасиеттерін  кез-келген  компонентпен 

сәйкестендіру амалдарын ұсынады.  

12. Уақыт  сервисі  (Time  Service)  таратылған  объекттер  ортасында 

уақытты  синхронизациялау  интерфейсін  ұсынады  және  нақты  уақытқа 

бағытталған оқиғаларды анықтау, басқару операцияларын  ескередi.  

13. Қауіпсіздік  сервисі  (Security  Service)  таратылған  объекттердің 

қауіпсіздігін 

қамтамасыз 

ету 

инфрақұрылымын 



ұсынады. 

Ол 



26

 

аутентификацияны, қатынауды басқару тізімін, құпиялылықты, кiдiрiссiздiкті 



және объекттер арасында қатынау құқықтарын табыстауды қолдайды.  

14. Коммерция  сервисі  (Trade  Service)  объекттерге  өзінің  сервистері 

туралы  хабарлама  жасап,  еңбек  нарығына  өздері  туралы  жариялауын 

қолдайды.  

15. Контейнерлер 

сервисі 


(Collection 

Service) 

қол 

жетімді 


контейнерлерді құру және қолдауға CORBA интерфейстерін ұсынады.  


жүктеу 1,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау