Қазақстан республикасының білім және ғылым



жүктеу 1,67 Mb.
Pdf просмотр
бет2/26
Дата24.08.2020
өлшемі1,67 Mb.
#31278
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Semnina Derekterdi ondeu

 

 

 

 



3

 

КІРІСПЕ 



 

Қазіргі  таңда  Қазақстанда  ашық  ақпаратты  қоғам  қарқынды  түрде 

қалыптасуда. Бұл әсіресе Интернеттің көз ілеспес жылдамдықпен дамып келе 

жатқанынан  көрініс  табады.  Соңғы  деректерге  жүгінсек,  Интернетті 

қолданушылар саны қазір 10 млн. астам адамға жеткен. Интернетті қарқынды 

қолданушылар  саны  көптеп  саналатындықтан,  қазіргі  кезде  таратылған 

жүйелер мен бағдарламалар өте кең қолданылады.  

Деректерді  өңдеудің  таратылған  жүйелері  -  өзара  байланысқан,  бірақ 

бір-біріне  тәуелсіз  электронды  есептеу  машминаларының  бірігіп  қызмет 

көрсетуін қамтамасыз ететін жүйе. Бұл жүйелер ақпараттың пайда болу және 

қолданылу  пунктерінің  территориялық  таратылуымен  сипатталатын 

объекттерді  автоматтандыруға  арналған.  Таратылған  жүйелердің  танымал 

болуы  тапсырыс  берушілердің  заманауи  бағдарламалық  өнімдерге 

талаптарының қатаңдауына байланысты. 

Интернетпен  жұмыс  істеу,  ақпарат  алу  «клиент-сервер»  технологиясы 

арқылы орындалады. Амалдардың көбі не барлығы серверде орындалады, ал 

сұраныс  нәтижесі  клиентке  жіберіледі.  Клиент  алынған  нәтижені  өңдейді. 

Web-клиент 

ретінде  бағдарлама-броузер  (Internet  Explorer,  Netscape 

Communicator, Mozilla, Opera, Google Chrome және т.с.с.) , ал сервер ретінде – 

Web-сервер  (Internet  Information  Server,  Apache,  Personal  Web  Server, 

EMWAC  HTTPD,  Tomcat  және  т.с.с)  қабылданады.  Web-сервер  барлық 

мәліметті  сақтап,  клиентке  сұраныс  бойынша  жібереді,  ал  браузер  экранда 

алынған құжаттарды дұрыс көрсетуге жауап береді.  

Сервер  –  ортақ  пайдалануға  арналған  барлық  ресурстарды  қамтитын 

компьютер.  Ортақ  ресурстарды  пайдалану  үшін  сервер  қосылуы  қажет. 

Серверге  принтер,  модем,  ортақ  қолданбалы  бағдарламалар  (мысалы, 

электрондық  почта),  факстар  және  т.б.  қосылады.  Желідегі  жұмыстың  көп 

бөлігін  сервер  атқарады.  Клиент-сервер  типіндегі  желілер  қамтылған 

ресурстарды  толығынан  қолануға  мүмкіндік  береді.  Әдетте,  сервер  жұмыс 

өнімділігімен  және  қатты  дискідегі  ақпарат  көлемінің  үлкендігімен 

ерекшеленеді.  

Деректерді өңдеудің таратылған жүйелері бір рангті серверлердің желісі 

ретінде  қарастырылады.  Деректер  бөліктерге  бөлініп  жүйе  серверлеріне 

таратылады.  Клиент  жақын  серверге  қосылады,  ол  арқылы  жүйедегі  барлық 

мәліметтерге  қолжетімді  болады.  Клиент  қосылған  сервер  жүйенің 

қашықтағы серверлеріне сұраныс жасайды. 

Таратылған 

жүйелерді 

құру 


технологиялары 

екіге 


бөлінеді: 

1)ActiveX/DCOM 

технологиясы  –  Intel  платформасында  Windows 

операциялық  жүйесімен  (ОЖ)  жұмыс  істеуге  негізделген.  Distributed 



Component  Object  Model  (DCOM)  –  компоненттердің  таратылған  объектті 

моделі. 


2)JavaBeans/CORBA 

технологиясы. 

CORBA 

және 


COM 

технологияларының  функциялары  –  объекттердің  өзара  әрекетін  және 

олардың  бір  жүйеге  кірістірілуін  қамтамасыз  ету,  аралық  бағдарламалық 

қамтаманың функциясын атқарады.  




4

 

CORBA  және  DCOM  технологияларының  функциялары  –  объекттердің 



өзара әрекетін және олардың бір жүйеге кірістірілуін қамтамасыз ету, аралық 

бағдарламалық  қамтаманың  функциясын  атқарады.  CORBA  және  COM 

технологиялары  әртүрлі  болғанымен,  негізгі  принциптерді  жүзеге  асыру 

тәсілдері бірдей болып табылады. 

Таратылған  сәулетте  бірнеше  сервер  бар  және  мәліметтер  қорының 

кестелері  олардың  арасында  жоғары  тиімділікпен  үлестірілген.  Әрбір 

серверде  жұмыс  істейтін  МҚБЖ  көшірмелері  болады.  Сервер  қосымшалары 

деп  аталатын  арнайы  бағдарламалар  қолданылады.  Олар  көптеген 

қолданушылардың  сұрауларын  тиімділейді  және  желідегі  компьютерлердің 

жүктемесін  бірқалыпты  үлестіреді

.

  Таратылған  сәулетте  әр  компьютер  өзі 

сервер және клиент те бола алады.  

Жоғарыда  келтірілген  деректерді  талдай  келе  таратылған  жүйелерді 

жобалау  және  құрудың  негізгі  объекттік  сәулеттері  не  технологиялары 

жұмысын игеру және зерттеу – заман талабы деп атап кетуге болады.   

Бұл  оқу  құралында  деректерді  өңдеудің  таратылған  жүйелерін  жобалау 

және  құру  сұрақтары  қарастырылады,  мұндай  жүйелерді  құруда 

қолданылатын  негізгі  технологиялар  сипатталып,  артықшылықтары  мен 

кемшіліктері  келтіріледі.  Серверлік  бағдарламаларды  құру  тілі  болып 

саналатын  РНР  тілінің  мүмкіндіктері  айқындалып,  РНР  тілінің  және 

құрылымданған сұраныстар SQL тілінің көмегімен құрылған бағдарламалық 

скрипттер келтіріліп, нәтижелері талданған мысалдар келтіріледі.  

Оқу  құралында  клиенттік  және  серверлік  бағдарламаларды  құру 

құралдары  мен  тілдері  талданады.  Клиенттік  бағдарламаларды  құру  тілдері 

болып  VBScript,  JavaScript,  AJAX,  Adobe  Flash,  Microsoft  Silverlight 

саналады.  Серверлік  бағдарлама  құруда  қолданылатын  тілдерге  ASP,  Perl 

және PHP тілдері жатады. 

Оқу құралы кең тараған веб-сервер Apache – ді орнату және баптау, РНР 

тілінде бағдарламалар жазу, MySQL  деректер қорын басқару жүйесі  арқылы 

деректер  қорын  құру,  РНР  –  серверлі  бағдарламалар  құру  тілінің 

сценарийлері  көмегімен  деректер  қорына  қатынау  мысалдарымен, 

жабдықталған.  Apache  –  UNIX  платформасында  пайда  болған  әйгілі  Web-

сервер.  Жұмыста  серверді  орнатқаннан  кейін  негізгі  конфигурациялық 

файлға  енгізілетін  баптаулар  түсіндіріліп,  талданады.  Apache  серверімен 

бірге PHP скрипттер тілі және MySQL деректер қорын басқару жүйесі жұмыс 

атқарады.  Бұл  үшеуі  –  бүкіл  әлемдегі  веб-құрастырушылардың  әйгілі 

бағдарламаларының  топтамасы.  Интернеттегі  таратылған  бағдарламалардың 

басым бөлігі осы топтама көмегімен іске асырылған. 

Оқу  құралы  кіріспе,  3  негізгі  бөлім,  кіріспе,  қорытынды  және 

қолданылған  әдебиеттерден  тұрады.  Әр  бөлім  өзінің  атына  сәйкес 

құрылымданған  толық  ақпаратты  сақтайды,  оқу  құралы  теориялық 

материалмен  қатар  тәжірибелік  мысалдармен  және  білімгерлердің  білімін 

бақылауға арналған тест сұрақтарымен толықтырылған. 



5

 


жүктеу 1,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау