Пәннің оқу-әдістемелік Нысан
кешені ПМУ ҰС Н 7.18.2/05
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
кәсіпорындағы экономика және басқару кафедрасы
әдістемелік нұсқаулық
негізгі дәріс конспектісі
Кәсіпорындағы ЕАМҰ пәні бойынша
(пәнің аты)
050506 «Экономика» мамандығының студенттеріне арналған
(мамандығының шифрі және аты)
Павлодар
Әдістемелік нұсқаулықты Нысан
бекіту парағы ПМУ ҰС Н 7.18.1/05
БЕКІТЕМІН
Қаржы – экономика факультетінің деканы
_____________ Т.Я. Эрназаров
«____»____________200_ ж.
Құрастырған: аға оқытушы Кайшанова ____________
(лауазым, ғыл. деңгейі, атағы, қолы)
Кәсіпорындағы экономика және басқару кафедрасы
Әдістемелік нұсқаулық
негізгі дәріс конспектісі
Кәсіпорындағы ЕАМҰ пәні бойынша
(пәнің аты)
050506 «Экономика» мамандығының студенттеріне арналған
(мамандығының шифрі және аты)
Кафедра отырысында ұсынылған
200__ж. «_____»______________, №__хаттама
Кафедра меңгерушісі ___________________ С.К. Кунязова
(қолы)
Қаржы – экономика факультетінің ӘК құпталған
200__ж. «____»______________, №____хаттама
ӘК төрағасы _____________ Л. А. Сидорова
(қолы)
Кіріспе
«Еңбекті ұйымдастыру,қалыпты ету және еңбекті төлеу» пәнінің мақсаты ғылыми негіздер және еңбек үрдістерін жобалаудың практикалық әдістері,еңбек нормаларын белгілеу,еңбекті төлеу мен ынталандыру бойынша білімдер кешенін қалыптастыру болып табылады.
Бұл пәнді үйренгеннен кейін студенттер білуі керек:
Ұйымның принциптерін,еңбектің реттелуін және материалдық ресурстарды,еңбек үрдісі құрылымын,жұмыс уақыты шығындарын және еңбектің реттелуін үйрену әдістері, рмативтерді құрастыру тәртібі және еңбек нормаларын есептеу әдістемесін,жұмысшылар еңбегін ұйымдастыруды жетілдірудің негізгі бағыттарын,ИТР және қызметкерлер,еңбек төлемін ұйымдастыру әдістерін білу;
Жұмыс уақытын қолдану деңгейлерін талдауды және еңбекті ұйымдастырудың рациональды дәрежесін,еңбек үрдісін жүргізудің қалыпты нұсқаларын таңдауды,техникалық,экономикалық,психофизиологиялық және әлеуметтік факторлар кешені есебінен еңбектің ғылыми негізделген нормаларды белгілеу,ірілендірудің түрлі дәрежелерінің нормативтерін белгілеу,еңбекті төлеу жүйесі мен түрлі формаларын жетілдіру және қолдануды білу.
1.Еңбекті ұйымдастырудың ғылыми-әдістемелік негіздері
Еңбек – адамның мақсатқа құрылған саналы қоғамдық-пайдалы қызметі нәтижесінде шығарылған материалды адамдық қажеттілікке қолайлы ету болып табылады.Осы негізде тұтынушылық баға жасалады.
Нақты еңбекті ұйымдастыру келесідей міндеттерді шешу мақсатына ие болады:экономикалық,психофизиологиялық,техникалық және әлеуметтік.
Еңбектің нормалануы мен ұйымдастырылуының ғылыми негіздемесін келесідей үш топқа бөлуге болады:әлеуметтік-экономикалық,техника-техникалық және психофизиологиялық.
Еңбекті ғылыми ұйымдастыруды(ЕҒҰ) ендіруде пайда болуы ғылыми-техникалық дамумен шарттас келген,еңбек психологиясы мен физиологиясымен тығыз байланысты жаңа ғылыми пәндердің қорытындылары мен жетістіктері ескерілуі керек.Бұлар:биомеханика,эргономика,инженерлік психология,өндірістік эстетика және басқалар.
Жұмысқа қабілеттілік – еңбектің жеке өнімділігінің физиологиялық негізі.
Физиологиялық және экономикалық көзқарас жағынан «жұмысқа қабілеттілік» ұғымымен «еңбек тиімділігі» ұғымы байланысты.
Адамның жұмысқа қабілеттілігіне еңбектің ауырлығы мен бір сарындылығы әсер етеді.
2. Еңбекті басқару және оның ұйымдастырылуын жетілдіру
2.1 Нормалар мен бағалаулар
Еңбектің нормалануы –арнайы жұмысты орындау үшін қажетті тірі еңбектің санын анықтау.
Жұмысшылардың уақыт нормасы - өнім бірліктерін орындауға бекітілген уақыт саны.
Еңбек шығыны нормасы - өнім бірліктерін орындауға бекітілген
еңбек шығыны саны.
Шығарылу нормасы – уақыт бірліктерінде өндірілуі қажет өнім саны.
Машинаның уақыт нормасы - өнім бірліктеріне бекітілген машиналарды қолдану ұзақтығы.
Машина өнімділігінің нормасы – уақыт бірліктерінде машина өндіретін өнімдер саны.
Норма элементарлы және іріленген болып келуі мүмкін.
Еңбектің тура нормалануы уақыт нормасы негізінде жүргізілмеген жағдайда жиынтық санның нормативтері мен қызмет көрсетілу нормалары белгіленеді.
Қызмет көрсету нормасы –арнайы ұйымдастырушылық-технологиялық жағдайында ауысым ағымында біліктілігі сәйкес қызметкермен қызмет етілетін құралдар бірліктерінің шартты саны.
Қызмет көрсету уақытының нормасы – арнайы өндірістік жағдайлардағы құралдар бірліктерінің ауысым(бір айда) ағымында қызмет көрсетуіне қажет уақыт саны.
Жұмыс істейтіндердің сандық нормативтері – арнайы ұйымдастырушылық-технологиялық жағдайлардағы персоналдар санының бұл жұмысты орындау үшін қажет персонал еңбегі шығынының жиынтық өлшемі.
Өнеркәсіптің әртүрлі салаларында нормалар мен бағалаудың түрлі жүйесі әрекетте болады.Құрылыста орындалатын жұмыстарда көбінесе бірыңғай,ведомствалық,жергілікті және типтік нормалар мен бағалаулар болады.
2.2 Еңбектің ғылыми ұйымдастырылуы және оның даму тарихы
Еңбектің ғылыми ұйымдастырылуы(ЕҒҰ) – бұл техника мен адамдарды бірыңғай өндірістік процесте мейлінше тиімді байланыстыратын және еңбек өнімділігін жоғарылату мен адам денсаулығын қамтамасыз ететін өндіріске жүйелі ендірілген ғылым жетістігі мен тәжірибе алмасу негізіндегі еңбектің ұйымдастырылуы.
Еңбек туралы ғылымның даму тарихы Де-ля-Гир,Амонтон,Бернулли,
Эйлер,Де-Камюс және т.б. француз оқымыстыларының атымен тығыз байланысты ХVІІ ғасырдың екінші жартысында басталады.
ХІХ ғасырдың соңында АҚШ-та Тейлор жүйесі деп аталатын жұмыс процесін рациональды ұйымдастыру жүйесі пайда болды.Франк Джильберт осы бағыттағы жұмысты жалғастырушы болып табылды.
Еңбек туралы ғылымның дамуы кеңес кезеңінің басында яғни ХХ ғасырдың 20-жылдармен сәйкес келеді.Ол уақыттағы ең атақты мекемелердің ішінде «Время» Лигасы,Орталық еңбек институты (ОЕИ)
болды. «Время» журналы шығып тұрды.НОТ бойынша 1-Бүкілресейлік және 2-Бүкілодақтық конференциялары өткізіледі. 1966 жылы Бүкілодақтық Ғылыми-зерттеу және еңбекті жобалау институты(БҒИЖИ) құрылады.
2.3 Еңбекті ғылыми ұйымдастыруды(ЕҒҰ) жетілдіру
Қазіргі жағдайдағы НОТ жетілдірілуі келесідей негізгі бағыттар бойынша өтеді:
Еңбектің кооперативтенуі мен бөлінуінің рациональды формаларын ендіру.
Кадрларды дайындау және біліктілігін жоғарлату.
Еңбек процесін ұйымдастыру.
Жұмыс орындарына қызмет көрсету және ұйымдастыру.
Еңбек пен демалыстың рациональды күн тәртібін,қолайлы жағдаймен қамтамасыз ету.
Еңбекті жоспарлауды жетілдіру.
3.Еңбектің бөлінуі мен кооперациясы
Еңбектің бөлінуі – бірлескен еңбек процесінде жұмыс істей тін жұмысшылар қызметінің шектелуі.
Еңбек бөлінісі жалпы,жеке және дербес болып бөлінеді.Мұнымен бірге,еңбек бөлінісі келесідей түрлерге бөлінеді: қызметтік,кәсіби-технологиялық,біліктіліктік.
Еңбек қызметінің бөлінісі(дифференциациясы) профессия(кәсіп)мамандық,біліктілік сияқты ұғымдардың туындауын анықтайды.
Профессия(Кәсіп) жұмысшының қандай да бір еңбек қызметін анықтайды.
Мамандық кәсіп аймағындағы қызметтің нақты көлемін көрсетеді.
Біліктілік – жалпы және арнайы дайындықтың,сол сияқты қандай да бір күрделі жұмыстардың орындалуына қажетті практикалық тәжірибенің жиынтығы.
Еңбектің рациональды бөлінуі – орындаушылар арасындағы еңбек процестері мен операцияларының мейлінше мақсатты бөлінісі.Еңбек бөлінісінің рациональды түрлерін жасауда экономикалық,физиологиялық және әлеуметтік-психологиялық аспектілерін ескеру қажет.
Еңбектің бөлінісі оның кооперацияларымен үзіліссіз байланысты.
Еңбек кооперациясы - өндіріс процесіндегі жұмысшылардың бірлескен қатысуының рациональды формаларының бекітілуі.
Жұмысшы еңбегі кооперациясы келесідей түрлерге бөлінеді:өндірістік,цехтық,бригада ішілік және звеналық.
Бригада –жұмысшы еңбегі кооперациясының негізгі формасы.Ол өндірістік тапсырмаларды бірлесіп орындау үшін біріккен бір немесе бірнеше кәсіптің түрліше біліктілігіндегі жұмысшылардың ұйымдасып ресімделген еңбек ұжымы.
Өндірістік тәжірибеде бригадалардың екі негізгі типі-мамандандырылған және кешендік түрлері қалыптасты.
4.Жұмыс орындарын ұйымдастыру және қызмет көрсету
Жұмыс орны деп жұмыс орындаушының еңбек қызметі жүргізілетін
қажетті техникалық құралдармен қамтылған аймақты атайды.
Жұмыс аймағы -өндіріс процесіндегі арнайы технологиялық тізбелікке сәйкес келетін жұмыс өндірісіне арналған өндіріс алаңы немесе құрылымдар,ғимараттардың бір бөлігі.
Жұмыс майданы –арнайы жұмыс түріндегі өндіріске дайындалған жұмыс аймағы.
Бір бригадаға арналған жұмыс аймағы ЗАХВАТКАны құрайды,ал бір звена үшін – бөлік.Жұмыс орындарын ұйымдастыру мен жобалау кезінде олардың жоспарламасы,жарықтылығы және қызмет көрсетілуі алдын-ала қарастырылады.
Жұмыс орны өндірістік операцияларға сәйкес орындалу үшін қажетті жарықпен қамтылуы қажет.Негізінен жарық элементінің төрт түрі болады:негізгі өндірістік құрал-жабдық,қосымша құрал-жабдық,технологиялық және ұйымдастырушылық ОСНАСКА.
Жұмыс орындарына рациональды қызмет көрсетуді қамтамасыз етудің маңызды бағыттары:
Жұмыс орындарын материалдармен,бөлшектермен және конструкциялармен кешенді және өз уақытында қамтамасыз ету.
Механизацияның құралдары мен құрал-жабдықтарына профилактикалық қызмет көрсету,сол сияқты құралдарды,оның қосымшаларын,инвентарлы құрылымын ауыстыру және түзету,жөндеу.
Жұмыс орындарына энергияны,суды,басқа ресурстарды және шығыс материалдарды үзіліссіз беру.
Жұмыс орындарында еңбектің қауіпсіз жағдайын жасау.
Жұмысшыларға санитарлы-гигиеналық қызмет көрсету.
Жұмысты орындаушыларға тапсырмалар мен техникалық құжаттарды уақытылы жеткізу.
Жұмыс сапасына бақылау жасау.
Еңбек эстетикасы(әсемдігі) талаптарын сақтау.
Жұмыс орындарының аттестациясы мен рационализациясы – еңбек ресурстары бар жұмыс орындарын баланстауды қамтамасыз ететін және еңбек өнімділігін жоғарылататын өндірістік әлеуетті тиімді қолдану бойынша резервтар әрекетіне бағытталған мерзімді ұйымдастырушылық іс-шаралардың жүргізілу жүйесі.
5.Еңбектің озық әдістері,жұмысшылардың біліктілігін жоғарылату және дайындау
5.1 Еңбектің озық әдістерін үйрену және тарату
Жинақтау яғни еңбек процесінің рационализациясы мен оны үйрену(еңбек тәсілдері мен олардың қозғалысын құрайтын операциялар),сол сияқты олардың әдістерінің орындалуы ЕҒҰ негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
Еңбектің озық әдістерін анықтауда келесідей талаптар басшылыққа алынады:
1) Табиғи өлшенімдегі жоғары шығарылым жиынтығы мен оның тұрақтылығы.
2) Орындалған жұмыстардың сапасы.
3) Жұмыс орындары мен жұмыс аймағында санитарлық-гигиениалық жағдайлар мен техникалық қауіпсіздіктің сақталуы.
4) Орындаушының жоғары жұмыс қабілеттілігін сақтау және еңбекте сырқатты болдыртпау.
5) Конструкциялар мен деталдар,материалдар шығындарының бекітілген нормаларын сақтау.
Жұмысшылардың келесі оқытылуы үшін жобаланған және нұсқаулық-ақпараттық материалдарда(технологиялық карталарда,еңбек процестері карталарында,диафильмдерде(слайдтарда),кино және бейнефилмдерде) рационалданған еңбек пройесі белгіленеді.
5.2 Жұмыс кадрларын дайындау және біліктілігін жоғарылату
Жұмыс кадрларын дайындау мен біліктілігін жоғарылату процестерін шешетін негізгі міндеттер:
Еңбек процестерін орындаудың қауіпсіз әдістері мен экономикасы,ұйымдастырылуы,технология аумағында қажетті практикалық тәжірибелер мен теориялық білімдер алу.
Аз шаршататын мейлінше жоғары еңбек өнімділігін қамтамасыз ететін қарқын мен қалыпты өңдеу,тиімсіз және артық қозғалыстарды болдыртпау.
Өндірістегі және кәсіби-техникалық білім жүйесіндегі жұмысшы кадрларды дайындаудың негізгі екі тәсілі кездеседі.
Өндірістегі жұмысшыларды дайындаудың негізгі формалары – жеке,бригадалық және курстық.
Жұмысшылардың біліктілігін жоғарлатудың негізгі формаларына өндірістік-техникалық курстар,жұмысшыларды екінші және араласқан кәсіптерге оқыту бойынша курстар,мақсатты курстар,сол сияқты озық тәжірибелі мектептер жатады.
Ұсынылатын кәсіптегі жұмысшының талаптарындағы психофизиологиялық сапаға сәйкес жүргізілу үшін ЕҒҰ
Кәсіп таңдау және кәсіпке бағыттау әдістері қолданылады.
Арнайы біліктілігі бар кадрлардың талаптарын қамтамасыз ету үшін еңбек ресурстарының баланстық есебі қолданылады,кадрларды қайта дайындау және олардың біліктілігін жоғарылату жоспарланады.
6. Еңбек жағдайлары
Еңбек жағдайлары – еңбек процесіндегі адамдардың жұмыс қабілеттілігі мен денсаулығына әсер ететін өндіріс ортасындағы факторлар жиынтығы.
Еңбек жағдайларын реттейтін нормативті құжаттар мен заңдар жүйесі келесідей құрылымдық бөліктерді құрайды:
Үкімет және кәсіподақтың қаулылары.
Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі (ЕҚСЖ).
«Адам-машина» жүйесінің стандарттары (АМЖС).
Санитарлық нормалар мен ережелер.
Құрылыстық нормалар мен ережелер (ҚНжЕ).
Жұмыс қауіпсіздігін бақылайтын ұйымдар шығарған ережелер.
Салалық стандарттар және нормативті материалдар.
Адамдар өндіріс жағдайларында түрліше факторлардың әсеріне ие болады.Бұлар келесідей біріккен топтардан құралады:психофизиологиялық,санитарлық-гигиеналық,эстетикалық және әлеуметтік психологиялық.
Санитарлық-гигиеналық жағдайлардың маңыздыларының бірі өндіріс ортасының элементтері – жарық,өндірістік шу және діріл болып табылады.
Кәсіпорындардажарықтың үш жүйесі қолданылады:жалпы,жергілікті және араласқан.Өндірістік жарық табиғи және жасанды болуы мүмкін.
Шу – тегіс ортаның толқын түріндегі механикалық айналатын қозғалыс бөлігі.Шудың зиянды және шаршататын әсері оның жиілігімен пропорциялы болып келеді.
Организмге тиетін зиян әсер есту органдарының өзіндік зақымдануы түрінде,сол сияқты көптеген басқа да органдар мен жүйелердің қызметтерінің бұзылуына,бірінші кезекте орталық нерв жүйесінің бұзылуымен көрінеді.
Шумен күрес шаралары:
Шуды оның туындау көзінде әлсіреті және жою.
Өте шулы құралдарды жекелеген бокстарға орналастыру.
Дыбыс естіртпейтін және дыбыс шығармайтын материалдар қолдану.
Діріл өндіріс жағдайларының зиянды факторы ретінде бұлшық еттер мен буындардың ауруына,бас қозғалыс аппаратының бұзылуына,орталық нерв жүйесінің бұзылуына әкеледі.
Діріл жұмыс істеушінің организміне әсер ету мінездемесіне қарай жалпы және жергілікті болып бөлінеді.
Дірілмен күрес шаралары:
Құралдар мен құрал-жабдықтардың техникалық рационализациясы.
Жұмыс істеушілердің дірілдемейтіндей құралдар қолдануына әрекет ету.
Жеке қорғауыш құралдарын қолдану.
Еңбек тәртібінің маңызды көрсеткіштері өз ретінде еңбек ауырлығына және физикалық жүкке байланысты ауырлық болып табылады.
Физикалық жүк өндірістік процестегі жұмыс істеушінің жұмсаған күшінің өлшемімен анықталады.
Еңбек қысымы жұмыстың орындалу уақытындағы нервтік-психологиялық қысымның дәрежесіне байланысты болады.
7.Еңбекті қалыпты етуді ұйымдастыру
Еңбекті техникалық қалыпты ету – жұмыс уақыттын қолдануды жақсарту бойынша іс-шаралар мен еңбек шығындары нормаларын жобалау мақсаттары бар уақыт шығынын зерттеудің ғылыми жүйесі.
7.1 Нормативті қадағалау түрлері
Нормативті қадағалау төмендегідей жұмыстардан құралатын өндіріс процесін бір реттік (ұзақтығы жарты ауысымнан аспайтын)үйрену:
Процесс мінездемесін сипаттау.
Машинаны қолдану уақытын немесе жұмысшының жұмыс уақытын өлшеу(есептеу).
Қадағалау уақытында өндірілген өнімдерді өлшеу(есептеу).
Қадағалау нәтижелерін алғашқы өңдеу.
Техникалық нормалау жұмыс уақыты шығынын зерттеудің дәстүрлі әдістерін тарату:фотолық есепке алу,хронометраж,техноесеп.
Фотоесеп – өндірістік процестерді жүргізудегі уақыт шығынының барлық түрлерінің тұтастай өлшемі(ағымдағы уақыт бойынша) үшінқолданылатын нормативті қадағалау түрі.
Фотоесеп - қадағалау тәсілі және ағымдағы уақыттың жазбасы бойынша
Графикалық,араласқан және цифрлық болып бөлінеді,ал мінездемесіне қарай қадағалау жеке және топтық болады.
7.4 Жұмыскер еңбегі шығыны нормаларын жобалау
Техникалық негізделген нормалардың жобалануы процесс нормаларының құрастырылуында еңбек шығынын нормаландыратын түрлі элементтердің есебінен(оперативті және дайындықтық-аяқталудағы жұмыста),жұмысшы звенолары құрамының жобалануы мен еңбек шығынының толық көлемінен,жұмыстағы шектелген үзілістің нормаларының анықталуынан құралады.Тұтастай алғанда барлық жұмыс процесі бойынша еңбек шығыны көлемі элемент өнімдерінің өлшенуіндегі еңбек шығынын жұмыс процесіндегі өнімнің басты өлшеміне әкелетін және еңбек шығынына
қосылуымен анықталады.Зерттелінетін процестің басты өлшеміндегі еңбек
шығынына әкеленуі норма синтезі деп аталады және К өткізгіші коэффициентін қолдану арқылы жүргізіледі:
К
мұндағы V – элемент өлшеміндегі өнімнің көлемі;
V – процестің аяқталған өнімдерінің көлемі.
Но.р. оперативті жұмысына бағытталған еңбек шығынының нормативті өлшемін әрбір t элементі бойынша еңбек шығынына К өткізгіші коэффициентіне сәйкес көбейтілген қосылумен анықталады:
Нор
Tпзр дайындықтық-аяқталудағы жұмыстың шығын нормасы,tтп технологиялық үзілістік уақыт шығыны,сол сияқты жеке қажеттілігі мен демалысының tолн анықтамалық мәліметтер есебіндегі дұрыс ұйымдастырылған процестерді нормативті қадағалау нәтижелері бойынша анықталады.
Нақты өндірістік процестердің (адам-сағат) орындалуындағы Нз.т. еңбек шығыны нормаларының толық өлшемітөмендегіше формула бойынша есептеледі:
Нз.т.
7.5 Машиналық уақыт нормаларының жобалануы
Машиналық уақыт нормаларының жобалануы келесідей кезеңдерді қамтиды:
Процесс нормалдарын жобалау.
1 сағаттық үзіліссіз жұмыстағы машинаның есептеу өнімділігін анықтау.
Машина жұмысындағышектеулі үзілістің өлшемін анықтау.
Машиналық уақыт нормаларының толық өлшемін есептеу.
Қызмет көрсететін машиналардағы жұмысшы құрамын есептеу.
1 сағаттық жұмыс уақытындағы П р1 айналымдық әрекеттегі машинаның өнімділігін есептеу:
П р1
Мұндағы N- айналымдық жұмыстағы 60 минут ішіндегі айналымның орташа саны;
Vц – бір айналымдағы өндірілген өнімдер саны;
К1,К 2,...К п - машиналардың техникалық мінездемесі есебінен және паспорттық мәліметтер бойынша оның қолданылу көрсеткіштерімен бекітілген коэффициенттер.
Бір сағат ішіндегі үзіліссіз жұмыстың үзіліссіз әрекетіндегі П р2 машинаның өнімділігін есептеу төмендегі формуламен анықталады:
П р2
мұндағы V -толық және толық емес жүктемелікпен негізделген бір сағат ішіндегі үзіліссіз жұмыстағы машинаның өндірген өнімдерінің саны;
К1,К 2,...К п - бір сағаттық үзіліссіз әрекеттегі машинаның өнімділігіндегі түрліше факторлардың әсерін ескеретін коэффициенттер.
Процестің аяқталған өнімінің өлшеніміндегі машинаны(айналымдық немесе үзіліссіз әрекеттегі)қолданудың уақыт нормасы төмендегі формуламен анықталады:
Нмвр
мұндағы П р – бір сағат ішіндегі машина өнімділігін есептеу;
П рн – машинаны қолдану уақыты нормасының %,үзіліссіз әрекеттегі машинаға арналған жұмыстың бос жіберілген уақыты немесе айналымдық әрекеттегі машинаға арналған айналымсыз жұмыс уақытының жобаланған өлшемі.
П п – машинаның қолданылу уақыты нормасының %,машина жұмысындағы шектелген үзілістің жобалық өлшемі.
7.6 Инженер-техник жұмыскерлер мен қызметкерлер еңбегінің нормалануы
Инженер-техник жұмыскерлер(ИТЖ) еңбегінің нормалануы үшін қызметкерлер нормалар мен нормативтердің төрт түрін қолдана алады:уақыт,қызмет көрсету,басқарушылық және саны.
Уақыт нормасы жұмыстың нақты орындалған көлемінің қандай да бір ұзақтығын көрсетеді.
Қызмет көрсету нормасы бір ИТЖ мен қызметкерге қызмет көрсететін нысандардың(обьект) санымен анықталады.
Басқарушылық нормасы бір басқарушыдағы жұмыскерлердің санымен өлшенеді.
Басқарушылар санының нормативі кәсіпорындарды басқару бойынша жұмыстардың еңбек сыйымдылығына түрліше факторлардың әсерін үйрену негізінде бекітіледі.
Еңбекті нормаландыруды ендіру тиімділігі басқару қызметтерінің және еңбек процесінің,сол сияқты ұйымдар мен олардың бөлімшелері қызметінің нәтижелерін жақсарту есебіндегі жалпы еңбек өнімділігін жоғарылатуды орындаудағы еңбек шығынының қысқаруында көрінеді.
Нормалау тиімділігі жоғарыда аталған бағыттар бойынша және еңбекті нормалауды ендіру шығынымен алынған үнемдеу арасындағы айырма есебінде есептеледі.
Еңбекті нормалау әдістемесін жетілдірудің негізгі бағыттары:
Техникалық даму талаптары мен экономикалық мәні,олардыңқатысымдылығы есебіндегі нормалардың номенклатурасын жақсарту.
Ғылыми негізделген дәрежені жоғарылату жолымен еңбектің қоғамдық-қажетті шығындарының орташа өлшеміндегі норма деңгейіне жақындау.
Өндіріске нормаларды ендіру және еңбекті ғылыми ұйымдастыру үшін қажетті көрсеткіштер мен мәліметтер нормалары тармағына кірісу.
Нормаларды қолдануды қарапайымдату(жеңілдету).
Жаңа техникалық негізделген нормаларды(ғылыми) ендіру,жасау процестерін жеделдету.
8.Жұмыс уақытының шығыны мен машинаны қолдану уақыты
8.1 Жұмыс уақыты шығынының жіктелісі(классификациясы)
Жұмыс уақыты шығыны анық және жасырын болуы мүмкін.
Анық шығындар тұтасауысымдық және ауысымішілік болып бөлінеді.
Жұмыс уақытының анық тұтасауысымдық шығынына еңбек тәртібінің бұзылуындағы және т.б. уақыт шығыны,машинаның кездейсоқ тоқтауы және ұйымдасқан түрлері жатады.
Жұмыс уақытының жасырын шығыны еңбектің өндірілмейтін шығындарын туғызатын өндірісті ұйымдастыру жеткіліксіздігінде орын алады.
Уақыттың анық шығыны жұмыста жасырын болатын машинаның тоқтауы немесе жұмысшылардың әрекетсіз формаларында пайда болады.Олардың қағидалы айырмашылығы да осында.
Стр.11 Хронометраж – жұмысшылар мен машиналардың яғни механизацияланған айналымдық және айналымсыз процестердің негізгі жұмысының элементтерінің ұзақтылығын зерттеу.
Хронометражда уақыт өлшемінің екі тәсілі кездеседі:үзіліссіз(тұтастай) және таңдаулы.
Техноесеп – 5-10 минуттық нақты уақыт жазбасындағы еңбек пен уақыт шығынының топтық жазбасын сипаттайтын элементтердің(уақыттың барлық шығынын екі топқа бөлінуі – нормаланған және нормаланбаған шығындар)
күшейтілген номенклатурасы бойынша визуальды қадағалануы.Техноесеп орындалған нормалардың деңгейлерін тексеру үшін ғана қолданылады.
7.2 Нормативтік қадағалауды жүргізуге дайындықты ұйымдастыру
Нормативті қадағалауды жүргізудегі ұйымдастырушылық-дайындық жұмыстары келесідей кезеңдерді қамтиды:
Зерттеуші топтарды ұйымдастыру.
Зерттелінетін процестермен алдын-ала танысу.
Процесс нормаларын бекіту.
Процестерді ұйымдастырудағы қажетті нақтылауларды ендіру және қадағалау нысандарын таңдау.
Қадағалау ұзақтығы мен санын анықтау,қадағалау нормативтері түрлерін таңдау.
Тұтас процестің және әрбір элементтің өнімдерін өлшеудің бірліктері және фиксажды нүктелерді бекіту,процестердің элементтерге мүшеленуі.
Процесс нормалы - өндірістік процестерді жүргізу жағдайындағы және маңызды факторлардың жиынтығы.
Кез-келген нормативті қадағалау алдында процесс мінездемесін жасау –зерттелінетін жұмыс процесі орындалатын барлық ұйымдастырушылық-техникалық жағдайлардың (факторлардың)толық сипаттамасын,қажет.
Барлық ұйымдастырушылық-дайындық іс-шаралары жүргізілгеннен кейін нормативті қадағалауға кірісуге болады.
7.3 Нормативті қадағалау процестерін алғашқы өңдеу
Айналымсыз процестегі нормативті қадағалауды алғашқы өңдеу екі кезеңнен құралады:
Тұтас қадағалау уақыты (ФГС және Ц бланктері негізіндегі) мен әрбір элемент бойынша өнімдер мен уақытты немесе еңбек шығынын алдын-ала есептеу.
Еңбек пен уақытты өлшеудің нәтижелерін,сол сияқты қадағалау процесінің ОН арнайы бланкінде белгіленуі,барлық элементтер бойыншаөнімдерді өлшеудің нәтижелерін ауыстыру.
Стр.12 Бланктерде толтырылған айналымдық процестегі қадағалау нәтижелерін өңдеуде ХВ тұтас айналым мен әрбір элемент бойынша уақыт шығыны өлшемінің нормативті қатарына ие болады.
Нормативті қатарларды өңдеу келесідей кезеңдерден құралады:
Зерттелінетін процестің әрбір элементі бойынша уақыт шығыны мәнінің өсу тәртібінде топтасуы.
Бекітілген нормалдарғақатыссыз мәндерді жою жолымен қатарларды негізгі тазалау және анализдеу(талдау).
Математикалық әдістер көмегімен қатарлар тексерісін жүргізу және қажет жағдайда қатарларды тазалау.
Тазаланған қатарлардан орташа мәнді анықтау.
Мәннен кездейсоқ ауытқығандағы қатарларды тазалау мен тексеруде математикалық статистика қолданылады.
Бәрінен бұрын, Кр қатарының жасалу коэффициенті анықталады:
Кр
мұндағы - қатардың максимальды мәні;
8.2 Жұмыс уақытын жоғалтудың нақты көріністегі мақсаттыауысым және ішкіауысымдық әдістері
Әрбір жұмыскердің жұмыс уақытын жоғалтудың нақты көріністегі мақсаттыауысымында мөлшері мен себептері табелдік есеп көрсеткішімен, ал мақсаттыауысымында тұрып қалған жұмыс машиналарының есебінде олардың қолданылуы туралы есептен байқалады.
Жұмыс күшінің ішкіауысымдық еңбек түріндегі жұмыс күнінің және жұмыс машиналарының пайдалану мерзімінің жойылуын зерттегенде толықауысымдық бақылаулар негізінде барлық дәрежедегі шығынның көмегімен жасалады. Мұндай бақылаулар (ЖКС) жұмыс күнінің суреттері және (ПМУС) пайдаланылған машиналар уақытының суреттері деп аталады. Оның нәтижелері арнайы осы аттас қағаздарда тіркеледі.
Мұндай бақылаулардың суретесебін қатаң түрде жұмысшылардың жұмыс күнінің уақытымен және машиналардың пайдалану мерзімін дәрежелеуден туындайды.
ЖКС және ПМУС-ты өткізгенде тіркелген жойылған жұмыс уақытының шегін анықтайды және бұндай істің болуына түрткі болған себептердің барлық жағдайы жазылады. Сонымен қатар, бақылау уақытындағы өнімнің өндірілуі ескеріледі.
8.3 Жұмыс уақытының жойылуының жабық түрдегі зерттелуі
Жұмыс уақытының жойылуының жабық түрдегі зерттелуінің мәнінде өнімсіз шығын еңбегі мөлшері сол мекеменің нақты жоспарлы еңбектері негізінде салыстырылып, қорытынды жасалған.
Зерттелген өнімсіз шығынның уақытымен орындалатын ЖКС негізінде және талдаулардың құжаттармен сәйкес келуі керек.
Жұмыс уақытының жойылуының жабық түрдегі зерттелуін (0/0) бақыланған уақыт мерзімімен мына формула бойынша:
Тл
Пс = ----- х 100,
Тф
Тл тұрса – артық еңбек шығыны, өнімсіз жұмысқа, адамға сағатпен;
Тф- адамның нақты саны- сағаты зерттелген мерзіммен көрсетіледі.
8.4 Жұмыс уақытының жойылуын болдырмаудың жоспарлы іс-шарасы және одан күтілетін есептің эффектілігі
Жұмыс уақытының жойылуын пайызбен есептегенде жалпы өлшемінің орындалған уақытымен мына формуламен беріледі:
100- Пц
По = Пц + -------------- (Пв+Пс)
100
Пц- мақсаттыауысымдық көрініп тұрған зиянының шамасы, 0/0;
Пв- ішкіауысымдық көрініп тұрған зиянының шамасы, 0/0;
Пс- жабық зиянның шамасы, 0/0;
Жұмыс күнінің дұрыс жүрмеуінің анықтамалығы орындалғаннан соң, жұмыс өнімінің өсімі есебімен оларды қайта болдырмаудың формуласы мынадай:
По
Пт = -------------- х 100,
100- По
9. Материалдардың шығысын ретке келтіру
Өндірістік материалдардың шығыс мөлшері қамтамасыз ету мен толықтыру үшін, сол сияқты материалдардың шығысына бақылау өндіріс мекемесінің өзінен жасалуына лайықталған.
Материал шығысының мөлшері шығындалған өнімнің өлшемінің бірлігіне есептеледі, сол сияқты қалдықтар мен зияндардың нақтылы мүмкіндігін ескереді.
Материалдардың қалдығы оның туу себебіне байланысты, орнына келтіруге болатын және қиындықты түрде орнына келтірілетіне қарай бөлінеді.
Тез орнына келтіруге болатын қалдықтарға, қалыпты жағдайда өндірісте болуы тиіс еместері жатады.
Қиындықты қалдықтар, барлық жағдайы толық пайдаланылған материалдардың нақ осы кезеңдегі қиындығынан шығады.
Техникалық негізделген материалдардың шығыс шамасы, өнімнің сәйкесті бірлігіне өлшенеді, мүмкін мына түрде көрсетіледі:
Но = Нк+ Нотх+ Нп,
Нк- материалдың таза шығыс шамасы;
Нотх- материалдың шығысының нақты өнімді дайындауына қатыстылығы;
Нп- материалдың зиянды шамасы.
Қазіргі кезде материалдың қалдықты шамасын тәжірибеде мынадай әдістермен қадағалайды: өндірістік, зертханалық және есепті-талдау.
Өндірістік әдісте өндірістегі бақылаулардан шығады.
Зертханалық әдісте арнайы жасалған жағдайлар негізінде орындалады.
Есепті талдауда теориялық есептің анықталуымен орындалады.
Оның төрт түрлі мүмкіндігі бар: 0,25; 0,5; 0,75; және 1,5 0/0.
Материалдық қордың негізгі үнемдік бағыты өндірісте мынадай жағдайларда болады:
таза үнемдік таңдауы және басқа да жобалы шешімдердің өнімге дайындалуы.
Қымбат материалдардың орнына арзандау сапалы (жергілікті) материалмен ауыстырылуы.
Ұқыптылық, транспорттаудағы зиянды шектеу, өндіру уақытында материалды сақтаудың үрдісі.
10. Еңбектің төлемі
Еңбекақы- бұл жұмысшылар мен қызметкерлерге тиісті жалпыұлттық қордың қолданымындағы бөліс.
Еңбекақының құрылымының негізгі бөлігі (тарифті жүктеме және лауазымдық) жәнеқосымша бөлігі (түрлі қорлардан түскен сыйлықтар мен басқа да ақша көздері).
Негізгі еңбекақы пішіні уақытша және келісімді болады. Қалғандары осы екеудің түрленуінен шығады.
Уақытша еңбекақының түрінің бірі мезгілді және мезглді-сыйақылы болады.
Келісімді еңбекақы келісімді-сыйақы, қосымша-келім бойынша, аккордты, келісімді-ілгерішіл, сабақты-сыйақылы және басқа да жүйелі төлем жатады.
Мекемелерде негізгі төлем тарифті жүйе. Тарифті жүйенің маңзды бөлшегі ретінде тарифті-анықтамалық, нақты жұмыс негінде төлемдеу сәйкестілігін қамтиды.
ҚР Министрлер Кабинетінің 20.09.92 ж. № 888 шешімі бойынша бірдей тарифті жүйе негізінде барлық дәрежедегі ұлттық экономиканың жұмыскерлеріне еңбекақы төлеу бекітілген. Оның тобында 21 разряд бар, оған арнайы белгіленген тарифтік коэффициент бар. Онда ең кіші мөлшердегі ҚР еңбекақы мөлшері белгіленген.
2000 ж. 1 қаңтарынан, ҚР Заңы бойынша «Қазақстан Республикасындағы еңбек заңы» күшіне енді. 09.06.2004 ж. ҚР еңбек Кодексі талқылауға берілген.
Қазіргі уақытта ҚР әртүрлі салаларында тарифті разрядтар бойынша жұмысшылар және лауазым иелерінің, қызметкерлердің нақты мөлшері бар (оклад). Мысалы, 04.09.97 ж. Еңбек және әлеуметті қорғау министрлігінің ҚР Бірыңғай бекітілген тарифті-кәсіби анықтамалығында және құрылыс саласындағы кәсіби жұмысшылардың, оған қоса «Құрылыс, монтажды және жөндеу-құрылыстық жұмыстары» (№130 басылым) бойынша № 146 Бұйрық шығарылған. Оның алдағы дамуы 10.06.2004 ж. №130-п аталған министрліктің Бұйрығымен берілген.
Оқушылардың еңбек төлемі, нақты пішініне байланысты болады: жеке кәсіпке баулу, келісімді төлеммен: мамандыққа оқитын болса, уақытша төлеммен және бригада жұмыс нәтижесі ескеріледі.
Еңбекке қатысу коэфициенті (ЕҚК) жалпылық шамасында, әрқайсысының жалпы жұмысқа көрсеткен нақты қатысын қамтиды, ең қиын тапсырмаларды орындағанына, жұмыс көлемінің ұлғаюына, қалыс қалған жұмысшыға көмек еткенде, басқа бригадаға көмектескенде, еңбек тәртібін сақтағанда және өндірістік тәртіпті орындағанда тағайындалады.
ЕҚК есебімен сыйақы мөлшері және келісімді жұмысақы есептеледі. Тарифті еңбекақының ЕҚК-ге қатысы болмайды. ЕҚК демалыс және мереке күндеріндегі қосымша түнгі және жұмыс уақытынан тыс жұмысқа қатысты емес. Жәрдемақыға да ЕҚУ-дің қатысы жоқ.
Қосымша төлемнің жүйесінде, жеңілдік және жұмыс күшін бағалаудың қиын климатты жағдайда, жұмыстың қиындығына, сол сияқты зиянды болғанда және т.б. жағдайларды қолданылады.
Сыйақы берудің жүйесі бар. Үш негізгі міндетті қолданады:
шығарылатын өнімнің көлемі ұлғайғанда
Өндірілген өнімнің сапасы артқанда
Материалдық қордың үнемділігі үшін
Негізгі даму бағытын құрайтын бағыттар мыналар:
Әртүрліөндіріс салаларында жұмысшылардың еңбекақысының тарифтік жүйемен тәртіптелуінің көтермеленуі
Уақытша төлемнің эффектілігін арттырудың әдістерін белгілеу
Келісімді төлемнің жолдарын арттырудағы жаңа жағдайлардың ескерілуі
Ұжымдық жұмыстың ілгерілушілігін арттыру мақсатындағы жаңа әдістердің дайындалуы жұмыстың ең соңғы нәтижесіне лайықталған
11. Еңбекпен қамтамасыз етудің дамуын жоспарлау
Ең бастысы мекеменің еңбек ету дәрежесін шынай күйде бағалау қажет. Сондықтан бірыңғайлы болу үшін Әдістемелік негізгі бағалау деңгейі ұйымдастырылған. Басқару жұмысындағы еңбек бөлінісін дұрыс ұйымжастырудың, жұмыс орындарын қамтамасыз етудің, еңбек тәртібін сақтаудың, қалыпты еңбек жағдайын жасаудың көрсеткіштері кіреді.
Осындай талдаулардың көмегімен НОТ-тың жоспары жасалады.
НОТ-ты өндіріске енгізудің материалды-техникалық қамтамасыз етілуін, қалыпты базаның болуын, үздіксіз жоспарлы іс-шаралардың орындалуы айтылады.
НОТ –ты енгеннен соңғы іс-шарасы актпен бітеді, онда қысқаша мінездеме беріледі, мерзімі, объект және ену көлемі, эффектілік үнемділік көрсеткіштері беріледі.
Жылдық үнемділік эффект енген іс-шараның НОТ бойынша жалпы оқиғасын есептейтін мына формуланы берген:
Э = Эс- 0,15 (Кв- Кэ),
Эс- жұмыстың жылдық көлемінің іс-шара енгізілгеннен кейінгі кішірейу көлемі, теңгемен;
0,15- үнемді эффектілі қалыпты коэффициент;
Кв- НОТ енгізіліміндегі бір уақыттағы шығын, теңгемен;
Кэ- өндіріс қорындағы капитал жинау үнемділігі, теңгемен.
Жалпы жағдайда Эс кішірейу көлемі мына формуламен есептеледі:
Эс = Эмт+Эоз+Эм+Эдз+Эт+Эу+Эст-И,
Эмт-«Материалдар» бабымен үнемділік шығыны, теңгемен;
Эоз- «Негізгі еңбекақы» бабымен үнемділік шығыны, теңгемен;
Эм- «Машиналар мен механизмдердің пайдалану шығысы» бабымен үнемділік шығысы, теңгемен;
Эдз- қосымша еңбекақы үнемділік шығыны, теңгемен;
Эт- жұмыс көлеміне байланысты қатарласқан шығыс үнемділігі, теңгемен;
Эу- шартты-үнемі болатын шығыс үнемділігі, теңгнмен;
Эст- әлеуметтік қамсыздандыру шығысының үнемділігі, теңгемен;
И- қазіргі шығыстар, НОТ-тың енуімен байланысты, теңгемен
Достарыңызбен бөлісу: |