Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі



жүктеу 263,03 Kb.
Дата17.11.2017
өлшемі263,03 Kb.
#813

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
Азмаганова К.Ж.

«ҰЙЫМ ПЕРСОНАЛЫН БАСҚАРУ» пәнінен курстық жұмысты орындау бойынша



әдістемелік нұсқау
Көкшетау 2006
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Менеджмент және маркетинг кафедрасы

Азмаганова К.Ж.

«Ұйым персоналын басқару» пәнінен «050507 Менеджмент» мамандығының 3 курс студенттеріне арналған курстық жұмысты орындау бойынша



әдістемелік нұсқау

Оқыту формасы: сырттай оқу бөлімі


Көкшетау 2006
УДК 331.108.2.(5 каз)
Азмаганова К.Ж. «Ұйым персоналын басқару» пәнінен курстық жұмысты орындау бойынша әдістемелік нұсқау

Кокшетау: КМУ, 2006. 18б


Әдістемелік нұсқау «Ұйым персоналын басқару» пәнінің оқыту жоспары мен бағдарламасының талаптарына сәйкес жасалған және курстық жұмыс тақырыптарын орындау үшін қажетті мәліметтерді қамтиды.

Әдістемелік нұсқау Менеджмент 050507 мамандығының студенттеріне арналған.


Пікір жазған – э.ғ.к. Балабекова А.К.

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен бекітілді

© Ш.Уалиханов атындағы Кокшетау мемлекеттік университеті

Алғы сөз
Басқару пәндері бойынша «Ұйым персоналын басқару» курсы ерекше маңызды болып келеді. Нарықтық экономика жағдайында елімізде кез келген өндірістің әлеуметтік-экономикалық тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік беретін персоналды басқарудың қазіргі кездегі түрлері мен әдістерін тәжірибеде пайдалану мәселелері ерекше мәнге ие болып отыр.

Жоғары оқу орындарының оқу жоспарына сәйкес ұйым персоналын басқару пәнінен «Менеджмент» мамандығының студенттеріне пәнді оқу барысында курстық жұмысты орындау қажет. Ұйым персоналын басқару пәнінен курстық жұмыс білім берудегі мемлекеттік стандарт бойынша белгіленген. Бұл студенттердің пәнді өздіктерінен оқуға, ғылыми ізденістеріне, заңдарды, құбылыстарды, терең игеруіне, өздіктерінен білімдерін жоғарылатуға қажетті ең маңызды қадам болып табылады. Қазіргі кезде меншік түрі әр-түрлі кәсіпорындарда нарықтық қатынастардың дамуы мен кәсіпкерлікті ынталандыруға бағытталған ұйымдық құрылымдарды басқару әдістері мен түрлерін қайта өзгерту көбінесе тиімсіз және қойылған мақсаттарға жеткізбей отыр. Мұның негізгі себептерінің бірі – елімізде жүргізіліп отырған реформаларды нарықтық экономиканың күрделі мәселелерін жоғары кәсіптік деңгейде, дәстүрлі емес жолмен шешуге қабілеті бар қажетті кадрлардың аздығы. Бұл мәселелерді шешу үшін персоналмен жұмыс істеудің тиянақты жүйесі керек. Персоналды басқару жүйесіне енетін жұмыс беруші мен жеке тұлға мүдделері арасындағы қарама қайшылықтарды жою жолдарын іздеу, қызметтің барлық түрлерін іске асыру мүмкіндігі фирманың экономикалық стратегиясын іске асыруды жасаудың негізгі міндеттерінің бірі болып отыр. Нарықтық экономика жағдайында персоналмен жұмыс істеудің отандық тәжірибесін талдау мен оның шетелдік түрін пайдалануға талпыныс жасау қажет. Сондай-ақ теориялық мәліметтерді баяндаумен қатар персонал менеджменті арқылы кәсіптік іс-әрекет жүргізу дағдыларын дамытып, оқытуды бұл пән жорамалдайды.

Курстық жұмыстың негізгі мақсаттары мен міндеттеріне жататындар:


  • нарыққа өтпелі кезеңде персоналды басқару бойынша теориялық және тәжірибелік білімді жүйелеу, орнықтыру, және жетілдіру;

  • әдебиет көздерімен, нұсқама, анықтамалық-нормативтік т.б. материалдармен жұмыс жасау дағдысын тереңдету;

  • ұйымдар мен кәсіпорындарында персоналды басқару дағдысын үйрену;

  • дербес ғылыми-зерттеу дағдысын бекіту;

  • студенттердің алған білімділігін жоғарылату және т.б

Курстық жұмысты орындау пәнінен келтірілген әдістемелік нұсқаулардың басты мақсаттары олар студенттерге әртүрлі күрделі тақырыптарды теориялық аспектілер бойынша тәжірибелік іс-әрекеттер мен байланыстыра отырып, терең зерттеу жүргізуде көмек көрсетуі үшін берілген. Мұнда курстық жұмысқа қойылатын негізгі талаптар мен қорғау тәртібі, курстық жұмыстардың тақырыптары, негізгі әдебиеттердің тізімі келтірілген.
І. «Ұйым персоналын басқару» пәнін оқытудағы курстық жұмыстың алатын орны.

Курстық жұмысты орындау пәнінен келесі тарауларын игеруге мүмкіндік береді.: «Кадрларды қабылдау және бағалау», «Персоналды ынталандыру», «Персоналды басқару жүйесімен ұйымдастыруды дамыту», «Кадрлық жұмыстың фирмаішілік тетігі», «Персонал маркетингі», «Персоналды стимулдау» және т.б.

Курстық жұмыс жоғары санаттағы мамандарды дайындаудың бір формасы болып табылады. Оның жазылуының маңызы мынада:


  • біріншіден, студенттердің экономикалық әдебиеттермен өздігінен шығырмашылық жұмыс жасауына, одан маңызды деген мәліметтерді алуға, өзінің таңдаған тақырыбына қажетті нақты материалдарды талдауына, кестелер, диаграммалар құрып соның негізінде дұрыс қорытынды жасауға көмек береді;

  • екіншіден, студенттер теоретикалық мәселелерді талдауда өздерінің ойларын нақты, жүйелі, экономикалық сауатты түрде жеткізуге және де оны практикада қолдана білуге дағдыланады;

  • үшіншіден, студенттер жұмысты орындауда персоналды басқару пәнінен алған білімдерін бекітіп, толықтырады.

Курстық жұмыс бұл - дипломдық жұмысты жазудағы бастапқа саты. Студент ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуге үйреніп, қажетті тәжірбиелерді жинақтайды. Курстық жұмыс оқытушының жетекшілігімен орындалады. Орындалған жұмыс тексеруге тапсырылады. Оқытушы дұрыс бағасын бергеннен кейін курстық жұмыс қорғауға жіберіледі. Курстық жұмыстан оң баға алған студенттер ғана емтиханға жіберіледі. Курстық жұмыс студенке қайтарылмайды, «Менеджмент және Маркетинг» кафедрасында сақталады.

ІІ. Курстық жұмыстың құрылымы

Курстық жұмыстың мазмұны төменде белгіленген ізделікпен көрсетіледі:



  1. Титулдік бет (ол бірінші бет болып саналады);

  2. Жоспар (екінші бет);

  3. Кіріспе (үшінші бет);

  4. Негізгі бөлімдердің мазмұны (оларда нөмірленеді);

  5. Қорытынды және ұсыныстар;

  6. Қолданылатын әдебиеттердің тізімі;

  7. Қосымшалар (егер болса).

1. Курстық жұмыстың титулдық бетінің үлгісі 1 қосымшада көрсетілген.

2. Жұмыстың жоспарында құрылымдық бөлімдердің нөмірі және беттердің саны көрсетіледі. (2 қосымша)

Курстық жұмыста келтірілген кестелердің, суреттердің, схемалардың, графиктердің реттік номері және аттары болу керек. Кестелерді келтіргенде, оң жақта «кесте» деп жазылады да, оның реттік нөмірі көрсетіледі. Одан төмен оның аты жазылады. Ал, суреттер мен графиктерді көрсеткенде, ең бірінші, жолдың ортасында олардың аты, одан төмен сурет немесе графиктің өзі келтіріледі де оның астында «сурет» деп жазылып оның реттік нөмірі көрсетіледі. (қосымша)


  1. Кіріспе

Кіріспе бөлімінде қысқаша және өте анық түрде осы тақырыптың зерттеу мақсаттары және экономикалық теория курсында оның орнын анықтап өту қажет, сонымен қатар таңдалған тақырыптық көкейтестілігі, өзектілігі көрсетіледі. Жұмыстың міндеттері, оларды орындау әдістері анықталады. Негізгі тараулардың құрылымы беріледі.

Тарау (бөлім)

Тараудың және параграфтың аттары жұмыстың нақты мазмұнын сипаттауы қажет: мысалы бірінші тарау жалпы теориялық сұрақтарға бағытталады. Бұл тарауда зерттелінетін құбылыстың мағынасы және пайда болу формаларын, зерттеу үшін қоладнылатын негізгі категориялар мен заңдылықтар қаралады. Бұл проблема қазіргі кезеңдегі теориямен, практиканың жетістіктері арқылы зерттелінеді. Проблеманы зерттеудің дәрежесі мен осы проблемалар қаралған ғылымдық жұмыстардың атын, авторларын көрсету қажет. Бірінші тарауда персоналды басқару бойынша курстық жұмыс тақырыбына автордың жеке ой-пікірі зерттелген әдебиеттер негізінде көрсетіледі.

Екінші тарауда шешілетін проблема талдауға беріліп, оны жақсарту жолдары баяндалады. Экономикалық процесстер мен құбылыстардың қалыптасу механизмдері мен оларды іске асыру құралдарын талдау арқылы зерттеу жүргізіледі.

Үшінші тарауда таңдалған тақырып бойынша зерттелген теориялық және практикалық деректер барысында нақтылы ұсыныстар көрсетіледі. Автордың нақты деп санаған дәлелді тезистері келтіріледі. Бұл үшін экономикалық талдау (анализ) жасап, Қазақстан Ренспубликасының шаруашылық пратикасы зерттелініп, статистикалық материалдар қолданылып нақты мысалдар келтіріледі.

Қорытынды

Жұмыстың соңында тақырыптың зерттелу қорытындылары шығарылып, ұсынылатын шаралар келтіріледі, жүзеге асырылған зерттеулер негізінде ой-түйісіктері беріледі.


  1. Әдебиеттер тізімі.

Қолданылған әдебиеттер тізімі 10-15 саннан кем болмауы керек.

Жұмыста келтірілген таблицалардың цифрлық мәліметтердің қайдан алынған негіздерін көрсету керек.



ІІІ. Қойылатын негізгі талаптар

Персоналды басқару пәнінен курстық жобаны орындайтын әр бір студент оған қойылатын негізгі талаптармен танысу қажет.

Курстық жұмысты жазуды ең алдымен әр бөлімнің басты сұрақтарын бекітіп және баяндаудан бастау қажет. Мазмұнының ашылуы дәлелді, ғылыми аргументтелген, түсінікті болуы тиіс. Теориялық мәлімдемелер және қорытындылар ақиқатты қызметтің нақты материалдарына негіделіп жасалуы керек. Сондай-ақ фактілер мен мысалдар кездейсоқ болмауы тиіс. Экономикалық құбылыстар мен заңдылықтар туралы дұрыс түсінік қалыптасу үшін оларды тарихи аспектілер негізінде қарастырған тиімді. Бұл талапты орындау, берілген экономикалық құбылыстармен заңдылықтардың тарихи пайда болуын, формаларын жан-жақты сипаттау керек деген түсінік емес. Дегенмен курстық жұмыстың материалдары логикалық түрде, нақты мәлімделуі өте маңызды. Сондықтан курстық жұмысты жазу барысында тақырыптың мазмұнын толық және дұрыс ашып көрсету үшін студентке міндетті түрде:


  • аталған мәселе көлемінде отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми жұмыстарын оқып-талдау керек;

  • Үкімет Қаулыларын, Президенттің Жарлықтарын, Кодекстер мен экономикалық мәселелер бойынша ҚР басқа да нормативтік заң актілерін білу қажет;

  • статистикалық жинақтарда, мерзімді баспасөз беттерінде жарияланатын стастистикалық мәліметтермен танысу керек;

  • таңдап алынған тақырып бойынша экономикалық газет-журналдардағы мақалаларды оқып, танысуы тиіс.

Курстық жұмысты орындау барысында студенттер түрлі әдебиеттер көздерінен алынған арнайы ақпаратты өңдеумен қорытындылау бойынша дағдыны көрсетуі тиіс. Таңдалып алынған тақырып бойынша практикалық материалды (кәсіпорындар есептемелері, практикалық мысалдар, статистикалық көрсеткіштер, және т.с.с.) қолдану қажет.
IV. Курстық жұмысты орындау тәртібі

Курстық жұмыстың орындалу барысын мақсатты түрде 6 кезеңге бөлеміз:



  1. тақырыпты таңдау

  2. әдебиеттерді таңдау және оқып танысу

  3. жұмыс жоспарын құру

  4. стастикалық және деректі материалдарды жинау және өңдеу

  5. курстық жұмысты жазу

  6. курстық жұмысты қорғау

Курстық жұмыстың тақырыбын студент берілген тақырыптардың тізімінен өздіктерінен таңдап алады. Кейбір жағдайдарда студентке өзінің ұсынған тақырыбын таңдау құқы беріледі. Жазылған жұмыстың сапалы орындалуы, сондай-ақ оның орындалу мүмкіндігі тақырыпты дұрыс таңдауға байланысты Курстық жұмыс даярлығында негізгі кезеңде тақырыпты таңдау тұрады.

Таңдап алынған тақырып:



  • Бүгінгі күннің басты талабында болуы тиіс;

  • Күрделі мәселелер тақырыбы болуы тиіс;

  • Курстық жұмыстың нәтижелерін шаруашылық тәжірибеде немесе дипломдық жобада қолданылуы мүмкіншілігін қамтамасыз етуі тиіс.

Тақырып таңдалғаннан кейін каталог бойынша әдебиеттердің тізімін жасап, олардың ішінен керектілерн таңдап, танысу қажет. Одан кейінгі жауапты кезең – ол жұмыстың жоспарын құру.

Әдебиет таңдау және зерттеу.

Курстық жұмыс тақырыбы бойынша әдебиеттер оқытушының әдістемелік кеңесімен таңдалады. Студентке әдебиеттерді оқып білуде жұмыста көрсету мен қорытынды жасау үшін теориялық сұрақтарға көңіл аударуы тиіс.

Әдебиеттерді зерттеу оның мазмұның, авторларын, мұқабалардың, баспа атауының, қала мен шығарылған жылын жүйелеп көрсетуді береді. Курстық жұмысты орындауға қажетті ұсынылған әдебиеттер тізімі қосымша көрсетілген.

Материалды жинақтау мен өңдеу.


  1. Тақырыпты ашып, көрсетуге теориялық, әдістемелік негіз болатын әдебиет көздері.

  2. Таңдалған тақырып бойынша практикалық деректер (практикалық мысалдар, статистикалық көрсеткіштер, т.б.)

  3. Түсініктемесімен берілген кестелер, суреттер.


V. Курстық жұмысты безендіру

Курстық жұмысты безендіру келесі дәйектілікпен жүзеге асырылуы қажет:

1. Сыртқы беті

2. Кіріспе

3. Негізгі бөлім.

4. Қорытынды.

5. Әдебиеттер тізімі

Курстық жұмыс А4 форматты стандарттағы қағазда жазылады. Курстық жұмыстың мәтіні компьютермен жазылуы керек. Компьютерде басылған курстық жұмыс Microsoft Win Word редакторында орындалады, жазылу шрифті «Times new Roman» кегль №14. Курстық жұмыстың көлемі 25-30 бет болуы керек.

Әр беттегі текст мәтінінің өлшемдері келесідей болуы керек: беттің сол жағында – 30 мм, оң жағында – 15 мм, жоғарыда- 20 мм, ал беттің төменгі жағында-20 мм. Кіріспе, курстық жұмыстың бөлімдері, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, қосымшалар жаңа беттен басталып жазылады. Курстық жұмыстың барлық беттері белгілі бір тәртіппен белгіленеді. Титулдық бет нөмірленбейді., беттерді араб сандарымен нөмірлейді. Кесте, сызба, графиктерге курстық жұмыста сілтеме келтіріледі. Беттердің номерленуі кіріспеден басталады.

Әрбір тарау мен бөлімдер жолдың ортасында орналастырылады да, мазмұнынан (текстен) жоғары және төменнен үш интервалмен бөліктенеді. Тарау мен бөлімнің аттарынан кейін нүкте қойылмайды және де асты сызылмайды. Тараудың аттары бас ғарыптармен жазылады. Әр тарау жаңа парақтан басталады. Цифрды деректер, тәртіп бойынша, кесте түрінде безендіріледі. Әр кесте өз нөмірін және атауын иеленеді. Мысалы: кесте 1 бірінші тараудағы (кесте 1.1)

Схемалар мен суреттер көрнекті де ыңғайлы орналастырылуы тиіс. Сондай-ақ олар атуы мен нөмірге ие болуы тиіс.

Әдебиеттер тізімі төменгі талаптарға сәйкес жасалуы қажет:

1.Заң актілері

2. Жалпы теориялық әдебиеттер

3. Арнаулы экономикалық әдебиеттер, соның ішінде шетелдік әдебиет

4. статистикалық көрсеткіштер көздері.

Курстық жұмыстың сыртқы бетінің үлгісі көрсетілген.
VІ. Курстық жұмысты қорғау тәртібі

Орындалған курстық жұмыс тексерістен өту үшін осы жұмысты басқаратын оқытушыға тапсырылуы қажет. Егерде курстық жұмыс оң баға алса, онда ол жұмысты қорғауға рұқсат етіледі. Қорғау барысында студент өзінің қысқаша сөзінде жұмыстың негізгі мазмұнын ашып айтуы керек, сондай-ақ қойылған сұрақтарға жауап беруі қажет. Егерде студент қорғау барысында толық қанағаттандыратын жауабын берсе, онда бағаны тексеру бағасынан жоғарылатуға болады, ал егер де қорғау барысында студенттің дайындығы төмен дәрежеде болса, онда баға да төмендейді. Қорғаудан кейін алынған баға ведомость пен студенттің сынақ кітапшасына қойылады.



Ұйым персоналын басқару” пәнінің курстық жұмыс тақырыптары


  1. “Қазақстан – 2030” стратегиясынн жүзеге асырудағы кадр саясатының мәні.

  2. ҚР еңбек ресурстарының қалыптасуы мен дамуы

  3. Басқару қызметкерлері – құрамы, түсінігі, мәні мен мағынасы

  4. Нарық жағдайында ұйым қызметінің тиімділігіне қызметкерлерді басқару арқылы ықпал ету

  5. Қызметкерлерді басқарудың әлеуметтік-психологиялық аспектілері

  6. Кадр таңдап алудың әдістері мен қағидалары

  7. Басқару кадрларын орнықтыру

  8. Ұйымдардағы қызметкерлерді басқару процесі

  9. Қазіргі кездегі ұйымдардағы қызметкерлерді бағалау

  10. Қызметкерлерді бағалаудың қазіргі кездегі әдістері

  11. Кадр дайындаудың шетел тәжірибесі

  12. Қызметкерлерді басқарудың тиімділігі: бағалау және оны жоғарылату жолдары

  13. Кадрлық маркетинг: мәні мен түрлері

  14. Жеке дара еңбек шарты жұмыскерді жалдаудың нысаны ретінде

  15. Қызметкерлерге еңбекақы төлеу және мотивация

  16. Басқару этикасы және оның қызметкерлерді басқару жүйесіне ықпалы

  17. Ұйым қызметкерлерін тиімді басқару

  18. Адам ресурстарын басқару қызметінің эволюциясы

  19. Ұйымның және қызметкерлерді басқару жүйесінің дамуы

  20. Қызметкерлерді басқарудағы байланыстырушы процестер

  21. Қызметкерлерді басқарудың диагностикалық моделі

  22. Ұйымда қызметкерлерді басқару стратегиясы

  23. Кадрларды басқару мен дайындаудағы шетелдік зерттеулер және олардың ҚР-ң нарық экономикасында қолданылуы

  24. Қазіргі жағдайда басқару қызметкерлерінің мамандануын жоғарылату

  25. Кадр таңдау және қабылдау

  26. Кадр таңдау жүйесі

  27. Кадрлармен жұмыс жасау (әлеуметтік-психологиялық аспект)

  28. Нарық жағдайында қызметкерлерді басқару

  29. Жаңашылдық (жаңалық енгізу) қызметкерлері

  30. Ұйымда қызметкерлерді ынталандыру жүйесі

  31. Еңбек нарығы және халықтың еңбекпен қамтылуы

  32. Кадрларды басқару процесіндегі басшылық стилі және жеке тұлғаның тәртібі

  33. Ұйымдағы қызметкерлерді әлеуметтік қорғау және еңбекті қорғау

  34. Қазіргі кездегі ұйымдардағы карьераны жоспарлау және оның дамуы

  35. Ұйымдағы қызметкерлерді басқару тұжырымдамасы

  36. Қазіргі кездегі кадр бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру

  37. ҚР нарық экономикасы жағдайында қызметкерлерді басқарудың тиімді жүйесін жасау

  38. Қызметкерлерді басқаруды дайындау мен қызмет жасауына еңбек ресуртар нарығының әсері

  39. Нарық жағдайында кадрларды оқыту жүйесі мен оның дамуы

  40. Қазіргі кездегі ұйым стратегиясындағы адам факторы

  41. ҚР-ның өтпелі кезеңінде еңбек ресурстарын басқару

  42. Қызметкерлерді басқару (шетел тәжірибесі)

  43. Ұйымдағы әлеуметтік саясат және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету

  44. Ұйым қызметкерлерін стратегиялық басқару

  45. Ұйымда қызметкерлермен жұмысты жоспарлау

  46. Жұмыс орнын талдау қызметкерлерді басқарудың тиімді жүйесі ретінде

  47. Адам ресурстарын басқару: макро және микро деңгейлердің өзара байланысы

  48. Қызметкерлерді басқару технологиясы және олардың ұйымда дамуы

  49. Ұйым қызметкерлері жұмысының нәтижесін бағалау

50. ҚР еңбек қатынастарын реттеу

ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:


  1. ҚР Конституциясы А., 1995

  2. ҚР-ның Азаматтық Кодексі А., 1995

  3. Назарбаев Н. “Қазақстан 2030”

  4. Рахметов Б.А. Персоналды басқару А., 2005

  5. Веснин В.Р. Практический менеджмент персонала: Пособие по кадровой работе М: 2001

  6. Кноорринг В.И. Основы искусства управления М. 2003

  7. Кравченко К.А. Управление персоналом крупной компании М.2005

  8. Управление персоналом на производстве Под ред Н.И. Шаталовой, Н.М. Бурносова М.2003

  9. Беляцкий Н.П., Велесько С.Е. Управление персоналом Мн. 2003

  10. Кибанов А.Я. Управление персоналом организации М. 1997

  11. Маслов Е.В. Управление персоналом предприятия М1998

  12. Управление организацией Под ред. Поршнева а.Т., Румянцевой З.П., Саломатина Н.А. М. 2003

  13. Управление персоналом. Ростов н/Д Феникс, 2004

  14. Филиппов А.В. Работа с кадрами М.1990

  15. Одегов Ю.Г. Журавлев П.В. Управление персоналом М.1997

15.Закон о труде в Республики Казахстан,от 10.12.1999 г.№493-13 РК.Алматы 2000г.

16.Закон РК « О занятности населения.30.12.1998 г. Казахстанская правда от 05.01.1999г.

17.Всеобщая декларация прав человека ,резолюция 217 А\111,Генеральной Ассанблей 10.12.1948 г.\\Правовая реформа в Казахстане .-Алматы ,№1,1998.-С.3-6.

18.Гражданский кодекс РК (общая часть).-Алматы :жеті жарғы,1995-432 бет.

19.Конституция РК.- Алматы :жеті жарғы,1995-176 с.

20.Агеев А. организационная культура современной корпорации :МЭ и МО ,1990, №6.



21. Ашимбаев Т.Д. Экономика Казахстана на пути к рынку А., 1994

22. Аллавердов А.Р. Управление персоналом в коммерческом банке .-М: «Соминтэк»,1997г.

22.Гончаров В.В.Руководство для высшего управленческого персонала .Опыт лучших промышленных фирм США ,Японии и стран западной Европы .-М:МП «Сувенир»1993г.

23.Гординенко Ю.Ф.,Обухов Д.В.,Самыгин С.И. .Управлением персоналом .Серия «Высшее образование» .-Ростов н\Д:Феникс ,2004.



24. Герчикова И.Н. Менеджмент М.1994

25.Грачев М.В. суперкадры.-М:Дело .1994.

26.Деловая этика в США .-М : Международные отношения ,1991.

27.Исенко А.И. Кадры управления в корпорациях США .М:Наука,1993.

28.ДЖ. .М. Иванцевич, Лобанов А.А. Человеческие ресурсы управления (Основы управления персоналом ).-М: Дело ,1993.

29. Карнеги Дейл.Как завоевать друзей и оказывать влияние на людей.-.: Прогресс,1990.



30.Мерсер Д.IВМ: управление в самой преуспевающей корпорации мира. Пер. с англ.-М: Прогресс,1991.

31. Пронников В.А., Упрнавление персоналом в Японии М. 1989

32.Пустоверова В.М.,Соловьев А.А. Прием и увольнение работников .-М..,Фистзтинформ,1997.

33.Самыгин С.И.,Заиналабдиов М.С.,Макиев З.Г.,Обухов Д.В. Основы управления персоналом .Ростов –на-Дону ,Феникс ,2002.

34. Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия: М. 2003

35. Семенов А.К, Набоков В.И. Основы менеджмента М.,2006

36.Управление персоналом .Серия «Высшее образование».-Ростов н\Д:Феникс ,2004.

37.Управление персоналом, Учебник для Вузов, Под ред.Базарова Т.Ю.,Еремина

38. Травкин В.В. Дятлов В.А. Основы кадрового менеджмента М.1995

39.Теплицкая Т.Ю. Справочник менеджера по кадрам Ростов на Дону. 2005

40. Чуев И.Н., Чечевицына Л.Н. Экономика предприятия М. 2005

41. Шекшня С.В. Управление персоналом современной организации .-М:ПРИОР,1996.

42.Шкаулла В.И. Настольная книга менеджера покадрам,-М.:2000.

43.Щекин Г.В. Аттестация и резерв кадров .Учебное пособие ВЗУЧП-Киев,1992.

44.Филипов А.В. Работа скадрами.-М:Экономика,1990.

45.Хруцкий В.Е. Управленческий потенциал промышленности.-М:1998.



46. Экономика предприятия Под ред. В.Я. Горфинкеля, В.А. Швандара М.2004

1 қосымша (үлгі)
ЌАЗАЌСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ ЃЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш.Уәлиханов атындаѓы Көкшетау Мемлекеттік университеті
Экономика және ақпараттық технологиялар факультеті
Менеджмент және маркетинг кафедрасы




Тақырыбы: «Ұйымда қызметкерлерді ынталандыру жүйесі»

Орындаѓан: __________________

Фамилиясы, аты жөні, мамандық, шифр, оқу бөлімі
Тексерген:

Фамилиясы, аты жөні, лауазымы


Кµкшетау – 2006

2 қосымша (үлгі)

ЖОСПАР

Кіріспе……………………………………..........…………………………… 3

I. Персоналды ынталандыру мотивтері.

1.1. Адам іс-әрекетінің мотивтері ........................................................6

1.2. Еңбек мотивациясының мәні ........................................................9

II. Теориялардың мәні...................................................................................12

III. Персоналды еңбегін ұйымдастыру.

3.1. Қауіпсіздікті басқару ....................................................................19



3.2. Ұйымдардағы еңбек қауіпсіздігін басқару .................................22

Қорытындылар мен ұсыныстар................................................................. 25

Қолданылған әдебиеттер ............................................................................ 28


3 қосымша (үлгі)

1.1.кесте. Қажеттілікті жүзеге асыруға керекті дәлелденген жолдарды табу үшін ынталандыру түрлері

Белсенді талаптар

Белсенді талаптарды жүзеге асыруға болатын жолдары

Сыйақы жүйесі

Әлеуметтік қанағаттандыратын талаптар жүйесі

Атауы

Жүзеге асыру мүмкіндігі %

Атауы

Алу мүмкіндігі %

Валенттілік, Vв

Атауы

0ана5аттандыру мүмкіндігі %

Валенттілік, Vп

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Жеке меншікке автомобиль алу

1. Лизингтік фирма -мен кейінгі сатып алу құқығында автомобильді алу туралы шарт жасау




1.1. Материалдық пайда табу







1.1.1. Жеке меншікке автокөлік алу










1.2. Түрлі материал шығындарын төмендету







1.1.2. Ұжымда мәртебе -сін көтеру










1.3. Уақыт және жылжу маршрутын таңдаудағы тәуелсіздік







1.1.3. Өзін-өзі сыйлау -дың өсуі










2. Фирманың сату мөлшерін өсіру және өз еңбегі үшін көбірек сыйақы алу




2.1. Басшылықпен қатынас -ты жақсарту







2.1.1. Жеке меншікке автокөлік алу










2.2. Қызмет сатысында көтерілу мүмкіндігі







2.1.2. Ұжымда өз мәртебесін жоғарылату










2.3. Қызметтестердің көре алмаушылығы







2.1.3. Қаржылық тәуел -сіздігін қауіпсіздігін жоғарылату










3. «Бинго» лоторея ойынына қатысу




3.1. Қажетті қаржы шығындарын күрт төмендету







3.1.1. Жеке пайдалануға автокөлік сатып алу
















3.2. Құмарта ойнағаннан жаңа әсер алу







3.1.2. Қызық бос уақыт








4 қосымша (үлгі)

Өнім өндірудегі еңбекақыны факторлык

талдаудың құрылымдық-логикалық моделі

Өнім өндіруге кететін тікелей

еңбекақы (Жж)







Өнімнің бірлігіне келетін еңбекақы (ӨБЕі)





Өнім құрылымы

(ӨҚі)






Өндірілген өнімнің көлемі (ООКж)





Өнімнің еңбек сыйымдылығы (ӨЕС)





1 адам/сағ. Еңбекақы деңгейі (ЕАі)







1.1.-сурет.


Менеджмент және маркетинг кафедрасының отырысында қарастырылды

« 09 » қыркүйек 2006ж

Хаттама № 2

Менеджмент және маркетинг кафедрасының меңгерушісі

_________ э.ғ.к. Искаков А.Ж.


Экономика және ақпараттық технологиялар факультетінің оқыту-әдістемелік комиссиясымен ұсынылды

Хаттама № 2

Оқыту-әдістемелік комиссиясының төрағасы доцент, э.ғ.к Абдрахманова А.У ________

«11» қазан 2006ж




«Ұйым персоналын басқару» пәнінен «050507 Менеджмент» мамандығының 3 курс студенттеріне арналған курстық жұмысты орындау бойынша әдістемелік нұсқау

Өңдеген: Азмаганова К.Ж.

Редактор__________________________

Баспаға жіберілді _______ Формат_______ Таралым ____дана

Мерзімі

Көлемі ___1_____уч.изд.л. Тапсырыс № ______ Бағасы келісімді



_____________________________________________________

(КМУ редакциялық-баспа бөлімі. Көкшетау)


© Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
жүктеу 263,03 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау