ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі тҮзеу пеДагОгиканың ҰлттыҚ ғылыми-пРактикалыҚ орталығы



жүктеу 441,9 Kb.
Pdf просмотр
бет12/46
Дата26.05.2023
өлшемі441,9 Kb.
#42790
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   46
аза стан Республикасыны білім ж не ылым министРлігі т зеу пеД

ҰЙЫМДАСТЫРУ
психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету (көмек) – әр баланың 
мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сәйкес табысты оқыту мен дамыту үшін
әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық шарттар құру барысындағы 
педагогтар мен мамандардың ұйымдастырылған қызмет жүйесі.
мектеп ортасын даярлау 
инклюзивті мектеп ортасын дайындау келесі міндетті шарттарды 
сақтауды көздейді:
- оқушының мүмкіндіктеріне қарамастан педагогтардың әрбір оқушыны
теңдей қабылдауы;
- білім беру процесінің барлық қатысушылары мен техникалық 
қызметкерлердің төзімді мінез-құлық мәдениетімен қамтамасыз ету; 
- ебҚ бар оқушының жақын даму аймағына сәйкес оқу мақсаттарын 
анықтау;
- ебҚ бар оқушыны оқудан тыс мектеп іс-шараларына қосу;
- оқушыға қолдау көрсетуде отбасы әлеуетін пайдалану.
инклюзивті орта құру бойынша мектеп жұмысының күтілетін 
нәтижесі: 


26
а) оқушының мектепке, мұғалімдерге, сыныптастарына жағымды 
көзқарасы; 
б) жалпы білім беру, қысқартылған немесе жеке бағдарлама шеңберіндегі 
академиялық табыстылығы; 
в) оқушының әлеуметтік бейімделуі.
ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға психологиялық-
педагогикалық қолдау көрсетуді ұйымдастырудың негізгі бағыттары:
- психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің жергілікті нор-
мативтік негізін құру; 
- білім беру процесіне қатысушылардың қызметін анықтау;
- мектептің ағымдық жағдайын талдау және бағалау; 
- мектептің педагогикалық ұжымын кәсіби дайындау; 
- мектеп қауымдастығын дайындау;
- одақтастар мен әлеуметтік серіктестерді іздеу.
психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің жергілікті норматив-
тік негізін құру мектеп құжаттамасына (мектеп жарғысы, мектепті да-
мыту жоспары және т. б.) қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізуді, 
оқушыларға қолдау көрсету нәтижелерін тіркейтін ішкі нормативтік 
актілерді жасауды және үдерісті реттеуді болжайды[22].
білім беру процесіне қатысушылардың қызметтік міндеттері. Ди-
ректор психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметін (ппҚҰ) 
құру туралы бұйрық шығарады, ппҚк қызметі, арнайы сыныптардың 
қызметі туралы ережені бекітеді, мамандардың тиісті міндеттерін бекітеді;
мамандардың бағыну иерархиясын және олардың өзара әрекеттесу 
принциптерін қалыптастырады; басқарудың әрбір деңгейінде ақпаратты 
жинау және өңдеу тәртібін айқындайды; балалар ұжымының бөлінуіне 
жол бермейтін жағдайлар жасайды; пәнаралық негізде мұғалімдер мен 
мамандардың кәсіби өсуіне жағдай жасайды.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары оқушыларға психологиялық-
педагогикалық қолдау көрсету процесіне басшылық жасайды, қолдау 
көрсету мамандары мен педагогтардың өзара әрекеттесуін реттейді; жеке 
психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету бағдарламасын құрастыруға, 
қолдау көрсету нәтижелері мен оқушының мектеп жетістігін талқылауға 
қатысады.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары білім беру үдерісіне 
қатысушылардың барлығында толерантты мінез-құлық мәдениетін 
қалыптастыру және қолдау бойынша жүйелі жұмыс жүргізеді; барлық 
оқушыларды сыныптан тыс және бос уақыттағы іс-шараларға қатыстырады. 
бұл ретте оқушылардың біркелкі емес мүмкіндіктері ескеріледі және бала-
лар арасындағы бәсекелестік жағдайы жеңілдетіледі. 
мұғалім-оқытудағы қиындықтары бар оқушыларды анықтайды, 
қиындықтардың сипатын бағалайды, оқу материалын меңгерудегі про-


27
блемаларды анықтайды, оқу бағдарламаларын қысқартуды (бейімдеуді) 
орындайды, жеке оқу бағдарламаларын құрастыруға қатысады, типтік, 
қысқартылған немесе жеке оқу бағдарламаларына сәйкес ебҚ бар 
оқушылардың жетістіктерін бағалау және оқыту процесін дараландырады.
мұғалім психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметінің маман-
дарымен бірігіп жұмыс жасайды. 
мектептің психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметі (пси-
холог, логопед, арнайы педагог, әлеуметтік педагог, тәрбиеші, педагог-
ассистент):
- оқыту қиындықтары бар оқушыларды анықтайды, қиындықтардың 
сипатын және олардың пайда болу себептерін бағалау мақсатында 
психологиялық-педагогикалық тексеру жүргізеді;
- тексеру нәтижелерін тиісті формаларда құжаттайды;
- зерттеу нәтижелері бойынша оқушылардың ерекше білім беру 
қажеттіліктерін анықтайды;
- оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің жеке 
бағдарламаларын жасайды;
- оқушылармен жеке және топтық сабақтар жүргізеді; 
- мұғалімдерге, ата-аналарға, мектеп әкімшілігіне кеңес береді; 
- психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету бағдарламаларын іске 
асыру нәтижелерінің мониторингін жүзеге асырады;
- әлеуметтік серіктестермен өзара қарым-қатынас жасайды.
ппҚк мамандары мектептің педагогикалық кеңесінің құрамына 
енгізіледі. Олардың педагогикалық кеңестің жұмысына қатысуы 
оқушылардың үлгермеушілігінің және мінез-құлқының бұзылу себептерін 
анықтауға және оларды жеңу тәсілдерін талқылауға мүмкіндік береді. 
әдістемелік бірлестіктердің отырыстарында мамандар жоспарлы түрде 
мұғалімдерді оқытудың арнайы әдістері және тәсілдерімен, жеке және 
сараланған тәсілдердің технологиясымен таныстырады. 
мектептің психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмысы 
келесі принципте құрылады:
а) бағалаудың кешенді (пәнаралық) тәсілі:медициналық мәліметтер мен 
баланың әлеуметтік-психологиялық даму тарихының зерттелуі, әр түрлі 
мамандардың (психолог, логопед, арнайы және әлеуметтік педагогпен) 
тексеруі;
б) жүйелі және біртұтас тәсіл: оқыту қиындықтарының пайда болу 
себептері мен механизмдерін белгілеу, табысты оқытуға кедергі келтіретін 
бастапқы (жетекші) және қайталама қиындықтардың арақатынасын 
белгілеу;
в) оқушылардың өзгеріп отыратын қажеттіліктерін динамикалық зерт-
теу: оқыту процесінде жаңа қажеттіліктерді қанағаттандырудың және 
олардың пайда болуының мониторингі; 
г) командалық жұмыс негізінде:


28

ебҚ мен мектепте оқытудың қиындықтарын анықтау мен бағалауға 
қойылатын бірыңғай амал мен талаптарды сақтау;

бірыңғай құндылықтарын ұстану: оқушының жеке тұлғасына деген 
құрмет, оның ішінде отбасы берген бала туралы ақпараттың құпиялылығын 
сақтауды болжайды;

білім беру үрдісінің қатысушылардың ынтымақтастығы өзара 
құрметті және сенім артуы: мұғалімнің, маманның, ата-ананың және 
баланың; 

қолдау көрсету мамандары арасындағы жауапкершілікті бөлу. 
мектептің ағымдағы жағдайын талдау мен бағалауды мектеп әкімшілігі 
және ппҚк мамандары төмендегі көрсетілген мақсаттар үшін жүргізеді:
- ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға қолдау көрсетуге 
мектеп ұжымының дайындығын зерттеу. сауалнама, сұрақтар, әңгімелеуді 
қолдану [23]
-ерекше білім беру қажеттілігі әлі айқындалмаған оқыту қиындықтары 
бар балаларды анықтау. 
мектептің педагогикалық ұжымын кәсіби дайындау. мектеп әкімшілігі 
инклюзивті білім берудің принциптері мен құндылықтары, оқушыларды 
оқыту қиындықтарының көріністері мен себептері, оқытудың бейімдік 
әдістері, оқушыларға жеке әдістер технологиялары, жеке және қысқартылған 
оқу бағдарламаларын құрастыру әдістері туралы педагогтардың
ақпараттарын арттыруға бағытталып, ұйымдастыруы тиіс. кәсіби 
дайындық біліктілікті арттыру курстары, семинарлар, дөңгелек үстелдер, 
конкурстарға, конференцияларға және т.б. іс-шараларға педагогтардың 
қатысуы арқылы жүзеге асырылады.
мектеп қауымдастығын дайындау мектеп әкімшілігі мен ппҚк 
мамандарының педагогикалық ұжыммен, оқушылармен, ата-аналармен 
толерантты мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру мақсатында алдын ала 
және ағымдағы жұмысын болжайды. әңгіме, семинарлар, дидактикалық 
ойындар, әлеуметтік роликтерді қарау, кинофильмдерді, мақалаларды, 
кітаптарды талқылау сияқты жұмыс түрлері қолданылады [24].
Одақтастар мен әлеуметтік серіктестерді іздеу қосымша ресурстар 
ретінде мектеп әкімшілігі, психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету 
мамандары жүзеге асырады. мұндай әріптестер арнайы білім беру 
ұйымдарының педагогтары (пмпк, ппкк, арнайы мектептер), ғылыми-
зерттеу орталықтары, зертханалар; жоғары оқу орындары; қоғамдық 
ұйымдар; ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарының 
ұйымдары, басқа да мүдделі ұйымдар мен тұлғалар бола алады.


29

жүктеу 441,9 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау