Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі оңТҮстік қазақстан облысы шардара аудандық білім бөлімінің



жүктеу 1,19 Mb.
бет1/2
Дата01.12.2017
өлшемі1,19 Mb.
#2614
  1   2


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
ШАРДАРА АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ

ӘДІСТЕМЕЛІК КАБИНЕТІ

МЕКТЕПТЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАРДЫ

ЖЕТІЛДІРУДІҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
Білім бөлімі әдіскерлері мен мектептердің әдістемелік істер меңгерушілеріне арналған әдістемелік нұсқаулық құрал

ШАРДАРА ҚАЛАСЫ, 2015 жыл.


МЕКТЕПТЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАРДЫ

ЖЕТІЛДІРУДІҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ ҚҰРАЛ

Білім бөлімі әдіскерлері мен мектептердің әдістемелік істер меңгерушілеріне арналған әдістемелік нұсқаулық құрал

Бұл нұсқаулықта жалпы орта білім беру мектептерінде әдістемелік жұмыстарды жүргізуде қажетті құжаттар мен олардың жыл бойына атқарылатын жұмыстарының жоспарлары берілген.



Пікір берушілер: Қ. Жаутикова – Шардара аудандық әдістемелік кабинет меңгерушісі

«Қоссейіт» жалпы орта мектебі директорының әдістемелік істер жөніндегі орынбасары Ракишева Бағила Сәулетқызының

іс-тәжірибесінен
Аудандық әдістемелік кеңесінде қаралып бекітілді.

Хаттама № 1, 28.08.2015

Шардара қаласы, 2015 жыл



Ракишева Бағила Сәулетқызы

«Қоссейіт» жалпы орта мектебі директорының

әдістемелік істер жөніндегі орынбасары,

тарих пәні мұғалімі

Туылған жылы – 1968 жыл 25 қараша

1991 жылы Гурьев педагогика институтын бітірген.

Білімі – жоғары

Еңбек өтілі – 24 жыл

Жоғары санатты

2003 жылы «Тарих пәнін оқытудың жаңа тәсілдері» деген тақырыпта іс-тәжірибесі аудан көлеміне бірінші болып таратылған. 2004 жылы «Болашақ» газетінің 2 қаңтардағы санына «Шоқан Уалиханов – қазақтың тұңғыш ғалымы» атты ашық сабағы жарық көрген. 2004 жылы «Мектеп» ғылыми-әдістемелік журналына «Шығыстың жарық жұлдызы» атты ашық сабағы жарық көрген.

Аудандық білім бөлімінің бірнеше мақтау қағаздарымен марапатталып, мұғалімдердің аудандық тамыз кеңесінде шығармашылық жұмысын қорғап, І орынды иеленіп, жұмысы облыстық ғылыми конференцияға ұсынылған.

2005 жылы мұғалімдердің Оңтүстік Қазақстан облыстық білім беру басқармасы, білім берудегі жаңа технологиялар педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығының ұйымдастыруымен өткізілген «Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін анықтау барысындағы инновациялық әлеуметтік-педагогикалық жоба» атты І-ші облыстық «Алтын қор» фестивалінің тарих секциясында өзінің шығармашылық жұмысын қорғап, «Алғыс хатпен» марапатталған.

2006 жылдан бері «Сырдария» жалпы орта мектебінде директордың әдістемелік істер жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді. 2008 жылы Облыстық білім басқармасының «Құрмет грамотасымен» марапатталған.

2008 жылы 20 қазан мен 01 қараша аралығында Оңтүстік Қазақстан облыстық білім беру басқармасы, білім берудегі жаңа технологиялар педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығында оқу-тәрбие ісі меңгерушілерінің білім жетілдіру курсынан өткен.

2008 жылы мұғалімдердің аудандық тамыз кеңесінде инновация ісі меңгерушілерінің секциясында тренингтік ойындардан сайыста ІІІ орын иеленген.

2009 жылы аудандық тамыз кеңесінде «Мектепте әдістемелік қызметті жетілдіру жолдары» деген тақырыпта өзінің шығармашылық жұмысын қорғап, І орынды иеленген.

2009 жылы 5 қарашада мұғалімдердің «Инновациялық жоба» байқауына өзінің шығармашылық жұмысын ұсынып, аудандық кезеңінен І орынды иеленген.

2010 жылы 6, 8 сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы пәнінен сабақ үлгілері» тақырыбында тарих пәні мұғалімдеріне арналған әдістемелік көмекші құрал кітабы ОББЖЖТ, ПКБА және ҚДО-ның “Оқытудың мазмұны және әдістемесі” кафедрасының оқытушысы Матекова Бақтыгүл Темірханқызының басшылығымен Қ. Я. Яссауи атындағы ХҚТУ ШИ Тарих және заң» факультетінің ғылыми кеңесінде қаралып, баспаға ұсынылды (хаттама № 2, 28 қыркүйек 2010 ж.) және облыс көлеміне озық тәжірибе ретінде таратылды.

2010 жылдың 25 қазаны мен 06 қараша аралығында осы орталықтан тарих пәні бойынша өз білімін жетілдіру курсынан өткен. Осы жылы инновация ісі меңгерушілерінің «Ең үздік әдістемелік идеялар» байқауының аудандық кезеңінен «Бас жүлдені» жеңіп алған. Облыстық кезеңінен «Ең үздік әдістемелік қызмет» номинациясын жеңіп алды.

2010 жылы тамыз конференциясында баяндама қорғағаны үшін

І орынды иеленген.

2011 жылы 19 қаңтарда Он-лайн сабағына қатысып, «Мектептегі әдістемелік жұмыстарды жетілдіру жолдары» тақырыбында баяндамасын қорғады. АББ-нің 2011 ж. № 73 бұйрығымен оның инновация ісі бойынша озық тәжірибесі аудан көлеміне таратылды.

2011 жылы желтоқсанда ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай, Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

2011 жылы аудандық «Педагогикалық калейдоскоп» байқауынан

І орынды иеленген.

2013 жылы аудан әкімінің «Алғыс хатымен», 2014 жылы «Нұр Отанның» «Алғыс хатымен», 2014 жылы Облыстық білім басқармасының «Құрмет грамотасымен», 2014 жылы «Қазақстанның білім және ғылым әлемі» журналының «Үлгілі басшы» номинациясымен марапатталған.

2013 жылы 13 маусым №11 «Оңтүстік ұстаздары» облыстық газетіне «ХІҮ-ХҮ ғасырлардағы Қазақстан аумағындағы хандықтар», 2013 жылы 14 қыркүйек «Оңтүстік ұстаздары» «Ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер. Түрік қағанаты» тақырыбындағы үлгілі сабақтары , 2013 жылы қазанда № 6 санында «Қазақстанның білім және ғылым әлемі» журналына «Адамдар арасындағы қарым-қатынас» тақырыбындағы жас мамандарға арналған әдістемелік іс-шара материалдары жарық көрген.


К І Р І С П Е

Әр мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады. ХХІ ғасырда ғылым, білім алға дамып барады. Мұғалім үнемі ізденіс үстінде болып, жаңалықтан қалыспауы керек.

Қазір білім саласындағы оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан – жақты білгір маман болу мүмкін емес. Жаңа педагогикалық технологияны меңгерту мұғалімнің зейін – зерделік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген ұстаздық қабілетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін – өзі дамытып, оқу – тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі. Оқу – тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды ендірудің алғашқы шарты: мұғалімнің инновациялық іс – әрекетін қалыптастыру болып табылады. Жаңа педагогикалық технологияны меңгерген әрбір мұғалім өз сабағын нәтижелі даму жағынан көрсете алады.

Мектептің әдістемелік жұмысы – мектептің тірегі де, жүрегі. Мектептің барлық жұмыстары және оның нәтижесі осы мектептің әдістемелік кеңесінде қайнап шыңдалады.

Мектепте әдістемелік жұмыстарды жетілдіруде көп іздендім. Өз мектебімнің мүмкіндігіне қарай әдістемелік кеңес жоспарын және әдіс бірлестіктермен атқарылатын жұмыстардың жылдық жоспарын жасап, жаңа оқу жылына міндеттер, педагог кадрлардың кәсіптік шеберлігін шыңдау, жетілдіру, жаңа технологияның әдістерін оқып-үйрену негіздерінің мақсаттары мен міндеттерін анықтадым.

Сонымен бірге өзімнің әдістемелік істер жөніндегі атқаратын жылдық жұмыс жоспарымды аудандық әдістемелік кабинет меңгерушісі Жаутикова Қалбибі Жүсіпқызының кеңесімен 9 бағытқа бөліп жоспарладым:

І бағыт: Әдістемелік кеңес.

ІІ бағыт: Әдіс бірлестіктермен жұмыс.

ІІІ бағыт: Шығармашыл топ жұмысы.

ІҮ бағыт: Дарынды балалармен жұмыс.

Ү бағыт: Жас мамандармен жұмыс.

ҮІ бағыт: Озық іс-тәжірибе тарату.

ҮІІ бағыт: Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру.

ҮІІІ бағыт: Мұғалімдердің жылдық жұмысын қорытындылау.

ІХ бағыт: Кітапханамен байланыс.

Озық іс-тәжірибе мектебінің жылдық жұмыс жоспарын жасап, 5 отырысқа бөлдім. Оған озық тәжірибесі аудан, облыс, республика көлеміне таратылған ұстаздарды қамтыдым. Озық тәжірибелі мұғалімдердің пән апталықтарында, мектепішілік, аудандық, облыстық, республикалық семинарларда үлгілі сабақ өтуін, әдістемелік құралдар шығаруын, баспасөзге мақала беруін ұйымдастыру жұмыстарын жолға қойылды.

Мектепте «Жаңашыл ұстаз» шығармашылық тобын құрылды. Бұл топқа ізденгіш, сабағын шығармашылықпен өтетін, жаңа әдіс-тәсілдерді ойлап табатын жаңашыл ұстаздарды тарттым. Бұл топтың да атқаратын жылдық жұмыс жоспарын жасап, топтың мақсатын, міндеттерін анықтап, жұмыс істеу бағытын айқындадым.

Жас мамандармен жұмыс бағытында оқу саласында, әдістемелік жұмыс саласында атқаратын жұмыстарын нақтылап, тәлімгер ережесін айқындай отырып, құжаттар жасалды. Жас мамандармен атқарылатын жылдық жұмыс жоспарын жасап, оларды жас мамандар тағлымдамасымен таныстырдым.

Әдістемелік жұмыстың тағы бір тармағы - оқушыларды олимпиадалық резервке дайындау жұмыстары. Осы салада атқарылатын жұмыстардың жылдық жоспарын жасап бекіттім. Оқушылардың олимпиадалық резерв құрамыын іріктеу үшін арнайы комиссия құрамы мен оқушыларды арнайы дайындайтын пән мұғалімдері бұйрықпен бекітілді. Олимпиадалық резервке дайындайтын оқушылардың сайыстар мен интеллектуалды байқауларға қатысуы туралы мәліметтерді жинақталып, аудандық білім бөліміне де есеп беру кезінде тапсырылып отырады.

Оқушылардың кешенді портфолиосын арнап, оқушы жетістіктері, олимпиадалық тапсырмалар орындайтын дәптерлері салынады. Пән олимпиадасына, интернет олимпиадаларға қатыысқандығы туралы анықтамалар мен есептер жазып отырамын.

Дарынды балалармен атқарылатын жұмыстар өте көп. Қазіргі таңда аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық байқауларға дарынды балаларды көптеп қатыстыру жолға қойылған.

Оқушылардың «Жас ғалым» ғылыми қоғамы жұмыс жасайды. Өз бетінше іздену жұмыстарын жүргізе отырып, шығармашылық жұмыстармен айналысатын оқушылар бар. Олар өздерінің жетекшілерімен бірге өздерін қызықтыратын тақырыптар алып, ғылыми жоба жарыстарына қатысып, өздерінің бақтарын сынауда. Нәтижесі де жаман емес. «Жас ғалым» қоғамының отырыстары туралы хаттамалар мен анықтамалар жазылып отырады. Алдағы байқауларға ұсынылатын жұмыстар іріктеліп қойылады.

Әдістемелік жұмыста қазіргі таңдағы жаңа бағыт деңгейлі курс бітіріп сертификатталған мұғалімдермен жұмыс болып табылады. Деңгейлі бағдарламаны бітірген мұғалімдермен атқарылатын жылдық жұмыс жоспары жасалып, бекітілді. Деңгейлі бағдарлама мұғалімдерінің «Деңгейлі бағдарламаны оқыту» тобы құрылған, біздің мектепте ондай сертификатталған мұғалімдер - 12, ал олардың тәлім алушыларынан «Шабыт» тобы құрылып, әр топта 10 адамнан 20 адам жұмыс жасауда. Деңгейлі бағдарламаны бітірген мұғалімдердің жылдық жұмыс жоспарлары бойынша өздерінің жұмыстарын жүргізуде. І және ІІ деңгейді бітірген мұғалімдер ай сайын коучингтер өткізсе, ІІІ деңгей мұғалімдері ай сайын ашық сабақтарын өткізуде. Олармен өткізілген іс-шаралардың материалдары жинақталып, тоқсан сайын атқарылған жұмыстардың есебі алынып тұрады.

Осы мектептегі әдістемелік жұмыстарды жетілдірудегі жұмыс материалдарымды, іс-тәжірибемді аудан мектептерінің әдіскерлерімен бөлісу мақсатында назарларыңызға ұсынып отырмын.



Әдістемелік жұмыс – шеберліктің

шыңдалу мектебі

Мектептің әдістемелік жұмысы мектепті дамытудың стратегиялық бағыттарын, өткен оқу жылындағы жұмысын талдауы нәтижесінде анықталған басымдылықты бағыттарды, мәселелерді дамытуға бағдарланған, соның ішінде:

1.     Білімдік стандарттарға, бейіндік, эксперименттік оқытуға ғылыми-әдістемелік қолдау көрсету.

2.     ОТП-ге педагогикалық инновациялар дайындау және енгізуге қажетті жағдай жасауға қолдау көрсету, мұғалімдердің педагогикалық шеберлігінің өсуіне, олардың инновациялық қызметі барысындағы әлеуетінің ашылуына ықпал ету, мұғалімдердің жаңа білімдік технологияларды игеруі бойынша педагогикалық шеберліктерін жетілдіру.

3.     Жаңа білім беру технологияларын, соның ішінде денсаулық сақтау технологияларын игеру арқылы педагогикалық шеберлік тәсілдерін жетілдіру.

4.     Педагогтардың кәсіби шеберлігін жетілдіру арқылы әдістемелік бірлестіктердің жұмысының белсенділігін арттыру, келесі машықтарға көңіл аудару: дәстүрлі емес сабақ формаларын дайындау технологиясы, өзін-өзі талдау, өз қызметін өзі бақылай білу, оқушылардың танымдық қызметін дамыту, пәндік құзырлылықтарын қалыптастыру мақсатында алдыңғы қатарлы педагогикалық технологияларды, олардың элементтерін белсенді қолдану.

5.     Өздігінен білімін көтеру тақырыптары бойынша мұғалімдер жұмысының белсенділігін арттыру, мектеп мұғалімдерінің алдыңғы қатарлы тәжірибесін, жұмыс тәжірибесін талдап-қорыту, таратуға қолдау көрсету.

6.     Білім процесінің табыстылығын, педагогтардың кәсіби құзырлылығы мен әдістемелік дайындығы деңгейін мониторингілеу және диагностикалау жүйесін жетілдіру.

7.     Мектептің әдістемелік жұмыс мәселесі - жұмыстың нәтижелілігін қарастыру және талдау.

Ұстаздардың саяси сауатты, жан-жақты білімді, өз бойындағы білімін оқушы жүрегіне еркін ұялата аларлықтай әдістемелік шеберлігі болуы керек.

Ұстаздардың осы талап тұрғысынан табылуы, кәсіби даярлығын, шеберлігін шыңдайтын әдістемелік кеңес жұмысының ұйымдастыруына байланысты.

«Қоссейіт» жалпы орта мектебінің әдістемелік кеңесі «Жаңа технологияларды оқу процесінде қолдана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру және жеке тұлғаны қалыптастыру» тақырыбында жұмыс істейді.

Бірлестіктер мен шығармашылық топтар, 3 айлық деңгейлік курс бітіріп келген мұғалімдер әдістемелік кеңесте өз жұмыстарына есеп береді. Әдістемелік кеңес өз жұмыстарын белгіленген күн тәртібінде өткізеді.
Мақсаты: үйрену, үйрету, тәжірибе алмасу, озат тәжірибені насихаттап отыру. Деңгейлі бағдарламаны оқыту әдісін үйрену, насихаттау, қолдану, білім жүйесін дамытуға байланысты мұғалім еңбегін зерттеп, саралап, шеберлігін шыңдау мақсаттарында түрлі семинарлар, конференциялар, шығармашылық есептер мен олимпиадалар сынақтары, ашық сабақтар, бас қосулар, пікір алысулар өткізеді.

Әдістемелік кеңестің проблемасы

/Өзекті мәселе/
Әрқашанда мектептің дамуының бірден - бір негізгі көрсеткіші инновациялық процестер, яғни жаңашыл әдістер болып табылады. Мектептің дамуына жоғарыдан нұсқау беру арқылы ешқашанда әсер ете алмаймыз. Бұны өмір тәжірибесінен көріп отырмыз. Даму қажеттігі мектептің өзінен туындауы қажет. Мектеп - мемлекеттік қоғамдық мекеме. Сондықтан мектептің қалыптасуы қоғамға тәуелді. Қоғам жаңаратын болса, мектепті де жаңартуымыз қажет.

Қазіргі қарқынды дамып жатқан қоғамымыздың сынақтары да аз емес. ЖаҺандану үрдісі жалпақ әлемге қанат жайып келеді. Ақпараттық технологиялар тез дамып, өміріміздің өзегіне айналуда. Заман талабын дұрыс ұғынып, балаларға сапалы білім беретін осы заманғы білім жүйесін жасауымыз керек.

Елбасы жолдауында осы заманғы білім беру және білікті кадрлар даярлау жүйесін дамыту ісін – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі ретінде атап көрсетіп, жоғары білім беру саласында техникалық білім беруді жетілдіруге, білім мен өндірісті жақындату ісіне ерекше назар аударған болатын.

Бүгінгі күннің өзекті мәселесі – ұстаздың жаңашылдық, зерттеушілік және шығармашылық дағдыларын арттыра отырып, жаңа әдіс-тәсілдерді меңгерген, бүгінгі заман талабына тез бейімделгіш, жаңаша көзқарастағы мұғалімді қалыптастыру. Басты мақсат - өмір талап етіп отырған өлшемдер тұрғысынан көрінгісі келетін ойшыл, мәдениеті жоғары, интеллектуалдық мүмкіндіктері мол ұрпақ тәрбиелеу.
Жаңа оқу жылына міндеттер

«Қоссейіт» жалпы орта мектебінде 9 пән әдіс бірлестігі жұмыс істейді. Биылғы оқу жылындағы әдістемелік кеңестің тақырыбы: «Жаңа технологияларды оқу процесінде қолдана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру және жеке тұлғаны қалыптастыру». Осы мақсатта оқушыларға жаңа әдістемелік тәсілде сапалы білім беру жұмыстары, деңгейлі бағдарламаны оқыту идеясын қолға алу, үйрену, насихаттау, қолдану ұйымдастырылуда. Барлық уақытта пән кабинеттерін жаңалап әдістемелік материалдармен жабдықтау жолға қойылған.

Оқу жылының басындағы педагогикалық кеңесте 9 пән әдіс бірлестік жетекшілері іс-тәжірибелері мол мұғалімдерден сайланып, мектептің бұйрығымен төмендегі пән әдіс бірлестіктері мен олардың жетекшілері бекітілді:





Пән әдіс бірлестіктері

ӘБ жетекшілері

Пед. стажы

Санаты


1.

Қазақ тілі және әдебиеті

Жиренбаева А.

28

жоғары

2.

Орыс тілі және әдебиеті

Китарова Б.

33

жоғары

3.

Физика, информатика, математика

Утепбаева П.


29

жоғары


4.

Тарих және география

Мамлеева Ш.

10

І

5.

Технология, ән-күй және бейнелеу өнері, Өзін-өзі тану

Абдирова Д.


9

ІІ


6.

Дене тәрбиесі

Нұрбеков Т.

9

ІІ

7.

Бастауыш сынып

Сагимова Ж.

5

ІІ

8.

Шетел тілі

Бабамуратова Г.

15

І

9.

Биология және химия

Уалиханова Т.

23

жоғары

Мектептің әдістемелік кеңесінің құрамына барлық әдістемелік бірлестік жетекшілері енеді. Әрбір ӘБ жыл бойы мектептің әдістемелік тақырыбымен тығыз байланысты болып келетін өз әдістемелік тақырыптары бойынша жұмыс істейді. ӘБ өз қызметін мұғалімдерге көмек көрсетуге, олардың өз тақырыптары бойынша теориялық және практикалық ақпараттарын талқылауға, жоба бойынша жұмыс қызметін, оқу процесін ұйымдастыруға бағыттады. ӘБ жұмысы мұғалімдер мен оқушылардың белсенділігін, шығармашылығын көрсетуге,  өздерінің танымдық процестерін жүзеге асыруға, ақпараттық және басқа да шараларды ұйымдастырып өткізуге мүмкіндік береді.

             Оқу процесінде жетекші рөл педагогқа тиесілі болғандықтан, ол өзін-өзі көрсете білуге, өзін-өзі басқара білуге, дербес жұмыс істеуге ұмтылады. Ол оқу барысында алған білім, білік, машықтарын жұмысқа қолдануына сенеді. Сонымен бірге оқушыны да белсенділікке, көшбасшылыққа, өз ойын ашық айта білуге, өз пікірін дәлелдей білуге, ізденгіштікке баулиды.

Әр мұғалімнің өздігінен білімін көтеру жұмыс жоспары бар. Бұл жоспарларды қарастыра отырып, олардың келесі негізгі жұмыс бағыттарын көрсетуге болады:

-         Түрлі пәндерді оқыту саласындағы ғалымдардың қазіргі заманғы ғылыми зерттеушілік жұмыстарымен тұрақты түрде танысып отыру;

-         Түрлі сабақ формаларын ұйымдастыру бойынша әріптестерінің прогрессивті тәжірибелерімен танысу;

-         Жаңа оқыту бағдарламаларымен, концепцияларымен танысу, оларға баға беру;

-         Білім беруге басшылық органдары шығаратын нормативтік құжаттармен танысу;

-         Оқушыларға білім беру және тәрбиелеу мәселесі бойынша психологиялық-педагогикалық әдебиеттермен танысу;

-         Әріптестерінің мектептік, қалалық, облыстық, республикалық көлемдегі алдыңғы қатарлы жұмыс тәжірибесімен танысу;

-         Компьютерлік технологиялармен танысу және қолданысқа алу.
Қазіргі кезде білім беру жүйесінің міндеттері: білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдай жасау, жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту болып отыр. Тәуелсіз Қазақстанның тарихын алтын әріптермен әспеттеу, әлемдік деңгейге көтеру оңай емес. Ол үшін еліміздің экономикасы нық, әл-ауқаты қуатты болу керек. Бұл білімді, жігерлі ұрпақтың қолынан келеді. Елбасы балаларымыздың толыққанды азамат болып жетілуіне, терең білім алуына мол мүмкіндіктер қарастырып отыр. Оның ең бастысы ретінде мектептерді компьютерлендіру мен интерактивті тақталармен қамтуды кең ауқымды бағдарламасын іске асыруды қолға алып отыр.

Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыра отырып, әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беруге қол жеткізу, оны инновациялық тұрғыда дамыту, ақпараттық білім беру кеңістігі арқылы оқытуды жүзеге асыру – стратегиялық бағдарламаның басты талабы. Елбасының бастамасымен жұмыс істеп жатқан «Болашақ» бағдарламасының мақсаты – жас ұрпақты әлемнің жетекші мемлекеттерінде білім алуына мүмкіндік жасау. Бүгінгі таңда 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшіру уақыт талабынан туындап отыр.

Бұл міндеттерді жүзеге асыру оңай емес, үнемі ізденіс пен табандылықты қажет етеді. Сол мақсатқа жету үшін үлкен дайындық пен ғылыми негізделген аса ерекшелікпен, жоспармен жұмыстар жүргізу болып табылады:

1. Білім сапасын көтеру.

2. Дарынды оқушылармен жұмыс жүргізу.

3. Олимпиадаларға, сайыстарға, ғылыми конференцияларға оқушыларды дайындау.

4. Жаңа заман талабына сай жаңа технологиялармен танысу, оны практикаға енгізу.

5. Компьютерлік оқуды меңгеру.

6. Интерактивті тақтамен сабақ өтуді меңгеру.

7. Озық тәжірибені жинақтау, тарату.

8. Шығармашылық топтың жұмысын жандандыру.

9. Оқушыларды ОЖСБ-ға, ҰБТ-ға дайындық жұмыстары.

10. Үйірме жұмыстарын жандандыру.

11. Мұғалімдерді өз білімін жетілдіру курстарына жіберу.

12. Мұғалімдерді 3 айлық деңгейлік курстарға жіберіп, жаңа әдіс-тәсілдерді үйрену арқылы сабақты түрлендіре өту.

13. Жас мамандармен жұмыс.

14. Мектепішілік мұғалімдер арасында түрлі байқаулар өткізу.
Педагог кадрлардың кәсіптік шеберлігін

шыңдау, жетілдіру

Шығармашыл топта ұстаздар білім дәрежесі, қабілеті мен еңбегінің нәтижесіне қарай топтастырылады. Әр мұғалім өзі қалаған, өз еңбегінің негізі болған тақырыппен жұмыс жүргізеді.

Әдістемелік кеңестің алдына қойған мақсатының бірі – мұғалім өз білімін толықтырып көтеріп отыруы қажет.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында халқымызға үлкен сенім артып отыр. Білімсіз биік жетістіктерге жету мүмкін емес. Сондықтан да ұстаздар қауымына да үлкен міндеттер жүктеліп отыр.


Жаңа технологияның әдістерін оқып-үйрену

негіздерінің мақсаттары мен міндеттері

Мақсаты: жаңа технологияны оқып-үйрену, меңгеру арқылы мұғалімдердің интеллектуалдық, кәсібилік, адамгершілік, рухани келбетінің қалыптасуына әсер ету, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмек көрсету.

Міндеттері: білім берудің мазмұнын жаңарту; мемлекеттік стандарт көлемінде білім беру; оқытудың озық технологиясын меңгеру; оқыту мен тәрбиенің бірлігіне қол жеткізу; балалардың жеке қасиеттерін аша білу; білімді тереңдетуге жағдай туғызу; оқушылардың өз бетімен ізденулеріне көңіл бөлу; дамыта, саралап, деңгейлеп оқытуға қол жеткізу; шығармашыл тұлға қалыптастыру.

Оқушы: тұлға ретінде қалыптасады; өзін-өзі бағалай біледі; өз ісіне жауапкершілікпен қарайды; ортақ шешімге келеді; еңбекке араласады, белсенділікке, көшбасшылыққа, өз ойын ашық айта білуге, өз пікірін дәлелдей білуге, ізденгіштікке тәрбиеленеді.

Жаппай оқумен қамту жұмысының бақылауы

Мектепішілік бақылау жоспары бойынша үлгерімі төмен оқушылардың сабаққа келуін және олар алған төмен бағалардың түзетілуін ұдайы тексеру жүріп тұрады; үлгерімі төмен оқушыларға консультациялық сабақтардың мазмұны тексеріліп тұрады. Бірқатар пәндер бойынша үй тапсырмасы мөлшерлемесі талдауы бірқатар жағдайларда үй тапсырмасын орындау демалыс күндері орындалатындығын көрсетті (бастауыш сыныптарда). Сонымен қатар 9, 11 сынып оқушыларын емтиханға және ҰБТ-ға дайындау бойынша үй тапсырмасы мөлшерлемесін бақылау жүргізіледі.

Мектепішілік бақылау жүйелі сипатқа ие. Мониторингілеу аралық, сонымен қатар түпкі нәтиже бойынша жүргізіледі. Оған алынған нәтиже мөлшерін салыстыруды тексеру және бағалау, оқушылардың білімділік ерекшеліктерінің сапасын анықтау енеді.

Оң нәтижелер:

1.                Оқу жоспары орындалған, бағдарлама өтілді, үлгермеушілік мәселесі шешімін табуда оң динамика байқалады;

2.     Оқу жылы бойы қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды, жеке тұлғаға бағытталған сабақ жүргізу әдістемесін қолдану жұмысы жүргізілді;

3.     Педагог кадрлармен келесі әдістемелік жұмыстар лайықты деңгейде жүргізілді:

-         Мұғалімдердің біліктілік көтеру курсын уақытында өтуі;

-         Педагогтардың табысты аттестатаудан өтуі;

-         Теориялық және әдістемелік мәжілістер өтуі;

-         Мұғалімдер белсенділігі, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуге, конкурстарға қатысуға деген ынтасы  артты;

4.     Мектеп әкімшілігі мүшелерінің құзырлылығы мен әдістемелік дайындық деңгейі оқу-тәрбие процесінің барлық бағыттарына білікті басшылық қамтамасыз ету үшін жеткілікті деңгейде. Бақылау формалары мен әдістері мектеп педагогтар ұжымының оқу жылына қойған мәселелеріне сәйкес келеді;

5.     ӘБ мен педкеңестер отырыстарының тақырыбы негізгі пробламалық мәселелердің көрінісін береді. Мектептің инновациялық процесіне қатысушы мұғалімдердің белсенділігі артты. Пән апталығы барысында мұғалімдер жақсы ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсетті, олар өткізген алуан түрлі жұмыс формалары оқушылардың қызығушылығын арттырды. Интеллектуалдық деңгейді қажет ететін мектеп шараларына қатысатын оқушылар саны артты.

 

Жоғарыда айтылғандар негізінде мектеп педагогтар ұжымы алдына келесі міндеттер қойылып отыр:

1.     Оқу және әдістемелік жұмысты жетілдіруге бағытталған ғылыми-әдістемелік дайындамалар ұйымдастыру және қолданысқа енгізу, оқу процесін басқаруға еңбекті ғылыми ұйымдастыруды енгізу;

2.     Оқу процесін оқу-әдістемелік, нормативтік, ақпараттық және ұйымдастырушылық-консультативтік қамтамасыз ету;

3.     Оқу процесіне инновациялық білім беру технологиялары мен оқытудың перспективті формаларын енгізу;

4.     Педагогтардың жаңа педагогикалық технологияларды игеруі, табысқа қол жеткізу мотивациясын модельдеу бойынша әдістемелік деңгейін жетілдіру;

5.     Жоғары интеллектуалдық қабілетке ие балалармен жұмыс жүйесін енгізу;

6.     Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені талдап-қорыту және тарату жұмыстарын әрі қарай жалғастыру;

7.     Педагогтар ұжымын дамыту мониторингін жетілдіру;

8.     Мұғалім жұмысына көмек көрсету мақсатындағы қажетті ақпараттық материалдармен әдістемелік кабинетті толықтыру.

9.     Мұғалімдер мен оқушыларды ғылыми-практикалық конференцияларға қатыстыру арқылы ғылыми-зерттеу жұмысына тарту;

10.   Педагогтардың кәсіби шеберлігі конкурстарын ұйымдастыру.

 


«Қоссейіт» жалпы орта мектебінің 2015-2016 оқу жылындағы

әдістемелік кеңес отырысының жылдық жұмыс жоспары




Іс-шаралар

Жауапты




І отырыс (тамыз, қыркүйек)




1.

Өткен оқу жылындағы әдістемелік жұмысқа талдау жасау, әдістемелік кеңес пен әдіс бірлестіктердің жаңа оқу жылындағы міндеттері.

Ү. Баянбаева

ӘБ жетекшіл.


2.

Әдістемелік кеңес пен әдіс бірлестіктердің жоспарын бекіту.

Ү. Баянбаева

ӘБ. Жетекшіл.



3.

Әдістемелік кеңес мүшелерін сайлау, олардың міндеттері.

Ү. Баянбаева

ӘБ.жетекшіл.



4.

Тілдерді қолдану мен дамыту барысында атқарылатын іс-шаралар өткізу. «Тіл – ұлттың жаны» атты қазақ тілі пәні ӘБ-нің апталығын өткізу.

Б. Ракишева

ӘБ. жетекшіл.



5.

«Деңгейлі бағдарламаны оқыту» насихаттау, оқыту процесіне енгізу жұмыстарын жүргізу.

Б. Ракишева.

Ү. Баянбаева

Э. Сабыралиева


6.

Мұғалімдердің аудандық пән олимпиадасына қатысуын ұйымдастыру.

Б. Ракишева

Пән мұғалімдері



7.

Жас мамандарға әдістемелік көмек беру.

Б. Ракишева

8.


Орыс тілі мен шет тілі пәні ӘБ апталығын өткізу.

ӘБ жетекшісі

10.

ОЖСБ-ға, ҰБТ-ға дайындық.


Ү. Баянбаева

Қ. Матбеков

Пән мұғалімдері


11.

Тоқсандық бақылау жұмыстарын алу

Ү. Баянбаева

Пән мұғалімдері






Қараша, желтоқсан (ІІ отырыс)




1.

Дене тәрбиесі пәні ӘБ апталығын өткізу.

Т. Нұрбеков

2.

Тарих және география пәні апталығын өткізу

Б.Ракишева

ӘБ жетекшілері



3.

Қазақ тілі, орыс тілі, шет тілі пәндерінің оқытылу барысы. ӘБ-нің шығармашылық есебі.

Ү. Баянбаева

ӘБ жетекшілері



4.

Мектеп оқушыларын пән олимпиадаларына дайындау. (мектепішілік, аудандық, облыстық)

Б. Ракишева

Пән мұғалімдері



6.

Дарынды балалармен жұмыс.

ҚББП Үйірме жет.

Пән мұғалімдері



7.

Мұғалімдердің қайта даярлау курсынан өтуін ұйымдастыру.

3 айлық (базалық) деңгейлі курстардан өтуді ұйымдастыру



Б. Ракишева

ӘБ.жетекшілері



8.

Жас мамандармен «Деңгейлі бағдарламаны оқыту– сапалы білім берудің тиімді құралы» дөңгелек үстел өткізу.

Б. Ракишева

9.
10.
11.

Шығармашыл және озық тәжірибелі мұғалімдердің

мектепішілік тәжірибесін тарату.

Тоқсандық бақылау жұмыстарын алу
ҰБТ, ОЖСБ-ға дайындық

Б. Ракишева

Ү. Баянбаева

Пән мұғалімдері

Ү. Баянбаева





ІІІ отырыс (қаңтар, ақпан)




1.

Үйірме апталғыны өткізу

Б. Ташенова

ӘБ жетекшісі



2.

Шығармашыл топ пен озық тәжірибе мектебі мұғалімдерінің апталығын өткізу

Ү. Баянбаева

Б. Ракишева




3.

«Деңгейлі бағдарламаны оқыту– сапалы білім берудің тиімді жолы» деңгейлі бағдарлама мұғалімдер апталығы

Б. Ракишева

Э. Сабыралиева



4.

Жас мамандар апталығын өткізу

Б.Ракишева.

5.

Баспа бетіне материал жіберуді ұйымдастыру.

Б. Ракишева.

6.

Пәндердің оқытылу барысын қадағалау. Ай соңында сыныптардан тест алу.

Ү. Баянбаева

Е. Нысанбекова



7.

Технология, бейнелеу өнері және музыка пәні ӘБ апталығын өткізу.

Б. Ракишева.

ӘБ жетекшісі



8.

ОЖСБ-ға, ҰБТ-ға дайындық жұмыстарын жүргізу

Ү. Баянбаева

Қ. Матбеков



9.

Тоқсандық бақылау жұмыстарын алу


Ү. Баянбаева

Пән мұғалімдері






ІV отырыс (наурыз, сәуір)




1.

Физика, математика, информатика пәні апталығын өткізу


Б. Ракишева

ӘБ жетекшісі



2.

Шығармашыл топ мұғалімдерінің мектепішілік пән семинарын өткізу.

Топ мүшелері.

3.

Мектепішілік семинар өткізу. Ашық есік күні

«Деңгейлі бағдарлама» бойынша сабақ өту. Тәлімгерлер мен тәлім алушылар. І-ІІ-ІІІ деңгей мұғалімдері



Б. Ракишева

Э. Сабыралиева



4.

Шығармашыл топ мұғалімдерінің озық іс-тәжірибесін жинақтау.

Б.Ракишева.

Топ мүшелері



5.

Химия-биология пәні ӘБ-нің пән апталығы

Т. Уалиханова

6.

Қолданбалы курс пәндері апталығы

Қ. Матбеков

7.

«Ең үздік пән әдіс бірлестігі» байқауын өткізу

Б. Ракишева

8.

ҰБТ-ға дайындық жұмыстарын жүргізу

Ү. Баянбаева

9.

Тоқсандық бақылау жұмыстарын алу


Ү. Баянбаева

Пән мұғалімдері






V отырыс (мамыр, маусым)




1.

Озық тәжірибелі мұғалімдердің іс-тәжірибесін аудан көлеміне тарату мақсатында аудандық әдістемелік кеңеске ұсыну

Б. Ракишева

2.

ӘБ – дің жұмыс жоспарының орындалуы туралы есеп.

ӘБ. жетекшілері

3.

Пән апталықтарының қорытындысы.

Б. Ракишева.

4.

Мұғалімдердің тамыз кеңесіне дайындығы. Үздік баяндамаларды ұсыну

Б. Ракишева.

ӘБ.жетекшілері.



5.

Мұғалімнің педагогикалық еңбегінің диагностикалық картасын жасау

Б.Ракишева.

ӘБ жетекшілері



6.

Әдістемелік кеңес пен әдістемелік бірлестіктер жұмысын келесі оқу жылына жоспарлау.

Б.Ракишева.

ӘБ. жетекшілері





«Қоссейіт» жалпы орта мектебінің 2015-2016 оқу жылында

әдістемелік бірлестіктермен бірге өткізілетін іс-шаралар жоспары




Өткізілетін іс-шаралар


Мерзімі

Жауаптылар

1.
2.
3.

4.
5.


6.
7.

8.
9.

10.

11.
12.


13.
14.

15.

16.
17.

18.


19.

20.
21.




Қазақ тілі мен әдебиет пәні апталығы.
Бастауыш сыныптар ӘБ апталығы
Деңгейлі бағдарламаны оқытуды насихаттау. Ашық сабақтар өткізу
Орыс тілі пәні ӘБ апталығы
Дене тәрбиесі пәні ӘБ апталығы
Тарих және география пәні ӘБ апталығы
«Деңгейлі бағдарламаны оқыту– сапалы білім берудің тиімді жолы» дөңгелек үстел
Үйірме апталығы
Дарынды балалармен жұмыс. «Үйірме жұмыстарының көрмесі».
Технология, бейнелеу өнері, музыка пәні ӘБ апталығы
Өзін-өзі тану ӘБ-нің апталығы
Шет тілі пәні ӘБ-нің пән апталығы
Коучингтерге қатысу
Шығармашыл топ апталығы: «Жаңа әдіс-тәсілдерді сабақ барысында қолданудың тиімділігі».
«Деңгейлі бағдарламаны оқыту– сапалы білім берудің тиімді жолы» 3 айлық курс бітірген мұғалімдер апталығы
Жас мамандар апталығы
Химия және биология пәні ӘБ-нің апталығы
Физика, математика, информатика пәні ӘБ апталығы
Мектепішілік пән семинарын өткізу. Тақырыбы: «Деңгейлі бағдарламаны оқыту – сапалы білім берудің тиімді жолы» деңгейлі бағдарламаны бітірген мұғалімдер мен тәлім алушылардың мектепішілік семинары
Қолданбалы курс пәндері апталығы
«Ең үздік пән әдіс бірлестігі байқауын өткізу»

22-27 қыркүйек

06-11 қазан


Апта сайын

20-25 қазан


08-15 желтоқсан

20 желтоқсан

12-17 қаңтар
26-31 қаңтар

09-14 ақпан

16-21 ақпан
23-28 ақпан

02-07 наурыз

09-14 наурыз

06-11 сәуір


17 сәуір
20-25 сәуір

30 сәуір




А. Жиренбаева

Д. Лашынова


Б. Ракишева

І-ІІІ деңгей мұғалімдері


Б. Китарова
Т. Нұрбеков
Ш. Мамлеева

Б. Ракишева

І-ІІІ деңгей мұғ.
Б. Ташенова
Үйірме жетекшілері
Д. Абдирова

Пән мұғалімдері


Г. Бабамуратова
Э.Сабыралиева

Қ. Ешниязов

Б. Ракишева

Б. Ракишева

І-ІІІ деңгей мұғалімдері
Б. Ракишева
Т. Уалиханова

ӘБ жетекшілері

Пән мұғалімдері
Б. Ракишева

Э. Сабыралиева

Қ. Матбеков
Б. Ракишева

Т. Қожабаева





жүктеу 1,19 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау