60
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ
АСЫРУДА МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІНІҢ МАҢЫЗЫ
Андирова Венера Темиржановна,
орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,
педагогика
ғылымдарының магистрі
үш
тілде оқытатын
№ 21 орта
мектеп-гимназиясы,
Базаргалиева Баян Темиржановна,
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
дарынды жасөспірімдерге
арналған
Ақтөбе
облыстық мамандандырылған
«Білім-инновация» лицей-интернаты
Резюме
Обновление содержания образования – одна из главных задач
современного общего образования в Казахстане. Наряду с предметными
знаниями ставится вопрос о формировании универсальных способов
мышления и деятельности учащихся. В данной статье описана взаимосвязь
личностного и профессионального саморазвития. Основным критерием в
определении уровня профессионализма учителя указана способность занять
исследовательскую позицию по отношению к своей практической
деятельности и к самому себе.
Summary
Updating of maintenance of education - one of main tasks of modern general
education in Kazakhstan. Along with subject knowledge a question is put about
forming of universal ways of thinking and of activity of students.
62
ерекше білім деңгейін көрсетуді және шығармашыл шешім қабылдай алуын
талап етіп отыр. Қазіргі заманның мұғалімі жаңашыл, икемді, өзгерісті тез
қабылдай алатын, жан-жақты, жаңа педагогикалық инновациялық
технологияларды меңгерген болуы керек.
Білім берудегі жаңғырту мен инновациялық үрдістердің жалғасуына
ықпал етудің маңызды факторының бірі - мұғалімнің кәсіби шеберлігі.
Солай бола тұра «кәсіби шебер» түсінігіне пәндік, дидактикалық,
әдістемелік, психология-педагогикалық білім мен дағды ғана емес,
педагогтің жеке
тұлғалық әлеуеті, кәсіби құндылықтары да жатады.
Білім мазмұнын жаңарту тікелей шығармашылық ізденістегі
мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты. «Мұғалім көп әдісті білуге
тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы
керек», - деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қазіргі заман талабына сай білім
беру мәселесі сол қоғам мүддесіне сай болуы керек. Өз ісінің шебері ғана
жоғары жетістіктерге жетеді. Қазіргі таңда пәнді жақсы, терең білетін,
күнделікті сабақтағы тақырыпты толық қамтитын, оны оқушыға жеткізе
алатын, әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды білу іскерлігі, оқытудың дәстүрлі
және ғылыми жетілдірілген әдіс-амалдарын, құралдарын еркін меңгеретін,
оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып дарындылығын
дамытудағы іздену-зерттеу бағытындағы тапсырмалар жүйесін ұсыну өмір
талабы. Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты -білім мазмұнының
жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-
тәсілдері мен әр құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.
Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының
үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау,
зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ-ны қолдану,
коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай
білу. Жаңа білім беру бағдарламасы сыни тұрғыдан ойлауға,
шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін
қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау