Қазақстан Республикасының Білім жəне Ғылым Министрлігі Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты



жүктеу 1,14 Mb.
Pdf просмотр
бет43/70
Дата29.01.2020
өлшемі1,14 Mb.
#27704
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   70

 
142 
Болашақ маманды КҚДД мақсатында жылдамдық тəрбиелеу 
барысында  жұмыс  жағдайларының  ерекшелігі  моделін  ескеру 
қажет, себебі жылдамдық сапасын ауыстыру ұқсас құрылымдық 
қозғалыстар бойынша іске асады. 
Қазіргі  мамандықтардың  көптеген  бөлігінде  қозғалыс 
жылдамдығы  мен  нақтылығының  оңтайлы  түрде  тіркесуі  талап 
етілгендіктен, 
едəуір 
бұлшық 
ет 
күшін 
қажетсінбейді 
(конвейерлердің, 
есептегіш 
құралдардың, 
басқару 
пульттарының операторлары жəне т.б.).  
Жылдамдықты  тəрбиелеу  үшін  қозғалмалы  жəне  спорт 
ойындарын  қолдану  студенттердің  КҚДД  барысында  маңызды 
рөль  атқаратын  қозғалмалы  нысандары  арқылы  қозғалыс 
реакциясының  жылдамдығына  ықпал  ететін  жəне  тəрбиелейтін 
мақсатқа сай келер еді. 
КҚДД  процесінде  төзімділікті  тəрбиелеу  үшін  студент 
ағзасындағы  оның  жүрек-тамыр  жəне  тыныс  алу  жүйесінің 
қызметтік мүмкіндіктерінің деңгейін арттыру қажет.  
Арнайы  төзімділік  адамның  арнайы  еңбек  қызметі  арқылы 
анықталады.  КҚДД  мазмұнын  анықтау  барысында  еңбек 
қызметі  мен  ұсынылған  жаттығулар  арасындағы  сəйкестікті 
(еңбек 
пен 
жаттығулардың 
қозғалыс 
қимылдарының 
қарқындылығы  мен  ұзақтығын;  осы  жəне  басқа  да  қайталаулар 
санын; демалыс интервалы мен сипатын) табу қажет.  
КҚДД  мақсатындағы  ептілік  пен  икемділік  жалпы  дене 
дайындығы тəсілдерінің көмегімен тəрбиеленеді. Бұл сапалар өз 
бетімен аса үлкен маңызға ие емес, тек көмекші сипатқа ие. 
Арнайы  қолданбалы  сапалар  арнайы  дене  жаттығулары 
көмегімен  қоса  еңбек  қызметі  процесінде  белгілі  бір  шекке 
дейін  тəрбиеленеді.  Сондықтан  КҚДД-ның  мазмұны  адамның 
қызметі  мен  сапаларының  дамуымен  тығыз  байланысты 
болғандықтан,  оларды  болашақ  мамандығында  қолданады. 
Спорт  ойындары  көру  бұрышының  арта  түсуіне  əсер  етіп, 
кеңістік  пен  уақытта  бағдар  алу  мен  басқа  да  көптеген 
сапаларын  жақсарта  түседі.  Ағзаға  гимнастика,  акробатика 
жүзумен  айналысу  айрықша  əсер  етеді.Дене  жаттығуларын 
қолдану  əдістемесі  нақты  еңбек  жағдайларымен  тығыз 
байланыста 
болып, 
студенттің 
болашақ 
мамандығында 


 
143 
кездесетін 
тітіркендіргіштерге 
деген 
тұрақтылығын 
қалыптастыруы тиіс.  
Студенттердің  КҚДД  тəсілдерін  іріктеу  əрбір  нақты 
жағдайда 
жоғары 
оқу 
орнындарының 
дене 
тəрбиесі 
кафедралары арқылы шешімін табады. 
Жекелеген  қолданбалы  дене  жаттығуларын  іріктеу  еңбек 
қозғалысындағы ұқсастыққа сəйкес жүргізіледі. 
Спорттың  қолданбалы  түрлерін  тұтастай қолдану  спорттың 
белгілі  бір  түрімен  шұғылдану  нəтижесінде  болатын  ағзаның 
сол өзгерістеріне негізделген (дене, психикалық жəне т.б.). 
Табиғаттың  сауықтыру  күштері  мен  гигиеналық  факторлар 
– студенттердің КҚДД-ның міндетті тəсілдері. Сондықтан, дене 
тəрбиесі 
процесінде 
студенттің 
суыққа, 
ыстыққа 
күн 
радиациясына жəне ауа температурасының кенет өзгерістері мен 
басқа да факторларға деген тұрақтылығы қамтамасыз етіледі. 
Осыған  байланысты  студенттер  дене  тəрбиесі  процесінде 
гигиеналық жəне қайта қалпына келтіру шараларына үйренеді.  
КҚДД  –ның  тиімділігін  қамтамасыз  етуші  көмекші 
құралдарға  көрнекі  құралдар  мен  техникалық  оқу  құралдары 
жатады,  оларды  пайдалану  болашақ  еңбек  ерекшеліктері  мен 
студенттердің жаттығу тəртібін сəйкестендіруге ықпал етеді. 
 
3. Кəсіптік бағыттағы оқу сабақтарды ұйымдастыру əдістері 
 
Дене  тəрбиесі  міндеттерін  шешудегі  маңызды  рөлді 
жаттығу əдістері жəне оларды практикада қолдану білімдері мен 
біліктілігі  арқылы  маманның  кəсіби  тұлғасын  едəуір  дəрежеде 
анықтай  түседі.  Осы  əдістерді  жалпыланған  түрде  үлкен  екі 
топтарға 
бөлуге 
болатыны 
баршаға 
мəлім: 
жартылай 
регламенттелген  жаттығу  əдістері  жəне  қатаң  регламенттелген 
жаттығу əдістері. Бірінші топ екі əдістен тұрады: ойындық жəне 
жарыстық,  екіншісі  –  қалғандары.  Екінші  топ  өте  кең  түрде 
қарастырылғандықтан, көптеген жаттығу əдістерінен тұрады. 
Түрлі  мамандықтар  бойынша  жоғары  оқу  орнындарының 
студенттеріне  арналған  КҚДД-н  ұйымдастыру  əдістері  мен 
формаларын  мамандар  жасап  шыққан,  ғылыми-əдістемелік 
əдебиеттерге талдау жасалынған. 


 
144 
М.С.  Эммерт,  В.М.  Шулятьев  [5]  «Мамандарды  басқару» 
мамандығы бойынша оқитын студент қыздар үшін КҚДД келесі 
əдістер  арқылы  іске  асырылды:  ойындық,  айналма  жəне 
көрнекілік  əсері  бар  үздіксіз  жəне  қатаң  регламенттелген 
жаттығулар арқылы. КҚДД бойынша жасалған жəне сауықтыру 
кешенді  бағдарламаларының  негізі  ретінде  жалпы  қабылданған 
кестелер  мен  оларды  өткізу  тұжырымдамаларын  сақтауды 
қарастыратын 
сабақтар 
болып 
табылады. 
Сабақтардың 
құрылымы  жалпы  қабылданған  сипатқа  ие  –  дайындық,  негізгі 
(аэробты жəне күш блоктары) жəне қорытынды бөлімдерге. 
Жалпы төзімділікті тəрбиелеуге сауықтыру степ-аэробикасы 
мен  тренажер  қондырғыларындағы  сауықтыру  жүгіру  тəсілдері 
ықпал  етті.  Сабақтардағы  жүктемелер  аэробты  жаттығуларды 
орындау 
қарқындылығының 
артуы 
орындалатын 
би 
композициялары  күрделілігінің  артуы  есебінен  өсіп  отырды 
(жоғары 
үйлестіру 
күрделілігі 
элементтері, 
жоғары 
амплитудалы  қимыл-қозғалыстар  қосылып,  орын  алмасу 
қозғалыстары  мен  бұрылыстардың  саны  барған  сайын  артып 
отырды). 
Дəрігер-хирург  Е.П.  Гуктың  кəсіптік-қолданбалы  дене 
дайындығында  келесі  жаттығулар  қосылған  болатын.  Арқасы 
мен  аяқ  бұлшық  еттерінің  статикалық  төзімділігі  бұлшық 
еттердің  ұзақ  уақыттық  ширығуын  талап  ететін  жаттығуларды 
орындау арқылы дами түседі. Оған аяқ пен арқа бұлшық еттерін 
дамытуға  бағытталған  жалпы  дамыту  жаттығулары  енді, 
қозғалмалы  ойындардың  эстафеталары,  хоккей  элементтері 
(төменгі  тұрыста  жəне  шынтақ  бүгілісінде  клюшка  арқылы 
конькимен сырғанау), футбол элементтері (доп лақтыру, алысқа 
лақтыру). Кеңістік жəне күш дифференциясының нақтылығы əр 
түрлі заттар арқылы нақтылыққа жаттығу негізінде қалыптасады 
(теннис  доптары,  клюшкалар,  гимнастика  таяқшалары,  секірме 
жіптер).  Қимыл-қозғалыс  үйлесімі  мен  тепе-теңдікті  сақтауды 
жетілдіру  жаттығулары,  хоккей  мен  футбол  элементтері 
қолданылды (алып жүру, беру, лақтыру, қақпаға дəл соққылау). 
Есте  сақтау,  қабылдау  функциясы,  көру  айырмасының 
жылдамдығы,  спорт  ойындарымен  шұғылдану  барысындағы 
жүйке 
процестерінің 
қозғалмалылығы 
(хоккей, 
футбол), 


жүктеу 1,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   70




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау