199
Кесте 12 – Физиктер мен математиктер мамандардың кəсіби
қызмет сипаты мен мазмұны жəне осыған байланысты қажетті
дене қабілеттері мен психикалық қасиеттері
Кəсіби қызмет сипаты мен
мазмұны
Қажетті қабілеті
Білім беру мектептегі оқу
бағдарламасына енгізілген
математика, физика пəндер
бойынша сабақ беру;
Əр түрлі мекемелерде бейінді
пəндер бойынша ғылыми
зерттеулер жүргізу;
Аспабтық жəне
математикалық жұмыстарды
дəл орындау
Лабораториялық жұмыстарды
даярлау барысында қосымша
əдебиеттерді қарастыруды
талап етеді
Статикалық
жəне
динамикалық төзімділік;
Мойынның,
арқаның
жəне
иықтардың ширыққан бұлшық
еттердің бірқалыпта болуы
Көру
анализаторына,
ой
жұмысқабілетіне, өнеркəсіпте
болатың зиянды факторларға
(у-шу, ультракүлгін жəне лазер
сəулелері)қарсы тұру
Оқу процесінің ерекше күрделі негізгі құралы көру
талдағышы мен жүйкеге күш түсіру мобилизациясын талап
ететін емтихан сессиясы жəне диплом жұмыстарын қорғау
болып табылады. Бұл факторлар студенттің денсаулығы мен
организм
функцияларына
теріс
əсерін
тигізеді.
Біздің
ойымызша,
басты
себептің
бірі
ақыл-ой
мен
дене
жүктемелерінің тиімді үйлеспеуі.
Биология пəні мұғалімнің дайындық жүйесіндегі маңызды
бөлімнің
бірі
–
оқу-дала
практикасы.
В.М.Душенков,
К.В.Макаровтардың ойларынша «... жазғы дала практикасында
студенттердің оқу жыл бойы лекциялар мен зертханалық
сабақтарда алған білімдері тереңдетіліп, бекітіледі. Бұл
практика болашақ мұғалімге тірі табиғат пен ауыл шаруашылық
практикасымен танысуға, табиғи тіршілік ортадағы омыртқасыз
жəндіктерді зерттеуге, дала жұмысының дағдыларын меңгеруге,
200
табиғатта негізгі байқау əдістері жəне зерттеу жұмыстарымен
танысуға, табиғи ортаның жағдайын бағалау жəне сақтау
жөніндегі шараларға тікелей қатысуға мүмкіндік береді» [6 ,
4б.].
Биологтардың еңбек өзгешеліктерін түсіну үшін, олардың
дала
практикасы
кезіндегі
қызметтеріне
тікелей
көңіл
аударуымыз қажет. В.М.Душенков, К.В.Макаров ойларынша,
«... омыртқасыз су жəндіктерін қолмен жинау кезіндегі ең
қарапайым əдіс – судағы тырбиған ағаштардан, бұтақтардан, су
өсімдіктерінен жəне тастардан жинау. Затты су бетінен алған
кезде ауаға шығатындай бір қалыпқа бұрып, ақырын алу қажет.
Тордорбамен аулаған кезде оны ағымына қарсы жүргізеді. Су
бетіндегі жəндіктерді жинау үшін тордорбаны жартылай суға
батырылған күйінде ұстау қажет ...» [ 6, 15-16 б.].
Сонымен, жоғарыда айтылғандай, болашақ биологтарға
статикалық төзімділік (жүкті статикалық күйде ұстау); ептілік
(дене мүшелерінің кең орналасуы, атап айтқанда қызмет
мақсатына қарай байланысты аяқ-қол бастары); күш сияқты
дене қабілеттері қажет.
В.М.Константинов, А.М. Михеев айтқандай «... жер
бетіндегі омыртқалылар түрінің құрамын зерттеу барысында
негізгі əдістің бірі - əр түрлі тіршілік орындарына саяхатқа бару
кезінде оларды бақылау жəне кейбір түрлерінің жиналуын
сыртынан бақылау, мысалы, тоғай шеті, қалың бұталар немесе
қурайлар бар жерлерде ... . Жаңа үйреніп жүрген жəне
тəжірибесі аз бақылаушылар үшін маршрут қашықтығы 4-5
шақ., ал фаунистикалық зерттеу дағдыларын меңгеріп алған
жəне нақты аудан бойынша зерттелетін жəндіктерді жеткілікті
білетін бақылаушыларға 6-8 шақ., құрайды.
Саяхат барысында бақылаушыдан үнемі зейін, əр дыбысқа,
сыбдырға, ағаштың ұшар басындағы, шөптегі, бұталардағы əр
қозғалыстарға, судағы əр дыбыстарға шұғыл əрекет ету талап
етіледі. Бақылаушы мүмкіндігінше дыбыссыз, ақырын жүріп,
қажет болған жағдайда бір орында тұрып қалу керек. Жануарды
көрген жағдайда оны толығымен қарап, жүріс-тұрысын бақылау
үшін мүмкіндігінше ақырындап, білдіртпей жақындау керек» [
7, 15-16 б.].
201
Жоғарыда айтылғандардың негізінде биологқа келесі
маңызды қасиеттер: көз жітілігі, тез ойлау, зейін (оның көлемі,
концентрациясы), көру есі, оперативтік ес қажет.
«Биология»
мамандығы
бойынша
Қазақстан
Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандарттарының [8-10] мазмұнын талдау маманның кəсіби
қызметі түрлерін, лауазымын, біліктілік мінездемесін анықтауға
мүмкіндік береді (кесте 12).
Сонымен, 050113 «Биология» мамандығы бойынша білім
алып жатқан болашақ маман кəсіби қызмет түрлері бойынша
білім беру, ғылыми-зерттеу, өндірістік-басқару, ұйымдастыру-
технологиялық қызметтерді жүзеге асыра алады. Сонымен қатар
ол химия жəне биология пəнінің мұғалімі, ғылыми қызметкер,
басқару қызметкер, мастер-оператор болып жұмыс атқара
алады. Осы кəсіп маманы біліктілік талаптарына сəйкес
кредиттік оқыту жүйесі бойынша білім алу ерекшеліктерін,
органикалық əлемнің даму заңдылықтарының негіздерін, əр
түрлі оқыту əдістерді қолданып оқушылармен жұмыс жасай
білу,
тəрбие
жұмыстарының,
зертханалық
жəне
дала
эксперименттер мен бақылауларды практикада көрсете білу
дағдыларын игеру қажет.
Жоғарыда
айтылғандай,
биологтар
өздерінің
кəсіби
маңызды қасиеттерін дала практикасы кезінде көрсете алады.
Қарастырылып отырған мамандықтың оқу жоспарының
маңызды бөлігінің бірі - педагогикалық практика, бұл
практикада оқушылар қызметінің сипаты бірден жүктемені
көбейту арқылы өзгеріледі жəне оған студенттердің көпшілігі
дайын болмайды. Ақыл-ой жүктемесінің елеулі артықшылығы
оқу жылы бойына гиподинамиямен қоса үш өзара байланысты
мəселелердің белсенділігі көрінеді:
1. Оқу процесінде организм мен еңбек қабілеттілікті
төмендететін студенттердің ақыл-ой жəне дене жүктемелерінің
сəйкессіздігін жою;
2. Оқу-тəрбиелік процесінде арнайы дене дайындығын
енгізуі қажет.
3. Педагогикалық практика кезінде студенттердің дене
дайындығын ұйымдастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |