Қазақстан Республикасының Білім жəне Ғылым Министрлігі Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты



жүктеу 1,14 Mb.
Pdf просмотр
бет26/70
Дата29.01.2020
өлшемі1,14 Mb.
#27704
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   70

 
84 
негізінде  жасалған  жарыс  əрекеттерінің  тамаша  «үлгісі». 
Екіншіден, 
спортшыда 
шынайы 
қалыптасатын 
жарыс 
əрекеттерін  орындау  əдісі,  жарыс  əрекеттері  спортшының  өз 
мүмкіндіктерін  қандай  дəрежеде  болса  да  тиімді  пайдаланумен 
сипатталады.  Спорттық  тəсіл  тиімділігінің  жалпы  белгілері 
нақтылы  спорт  нəтижесі  мен  есептеу  нəтижесі  арасындағы 
айырмамен  анықталады.  Іс  жүзінде  тəсіл  тиімділігінің  жеке 
көрсеткіштері 
жиі 
пайдаланылады. 
Спорттық-тəсілдік 
шеберліктің  критерийлері  сенімділік,  техникалық  тəсілдері 
меңгерудің  мөлшері  мен  əртүрлігінің  көрсеткіштері  де  болып 
табылады. 
Тұтас  спорттық  əрекеттер  техникасының  ырғақтығы  оның 
маңызды  жиынтық  сипаттамасы  болып  табылады.  Ырғақтық 
əрекеттің  барлық  құрамдас  бөліктерін  қосатын  заңдылық 
тəртібін көрсетеді. Жарыс əрекеттерінің ырғағын қалыптастыру 
жəне  үйлестіру  спортшының  барлық  тəсілдік  даярлығын 
ортақтандыру мəселесі болып саналады. Жаңадан қалыптасатын 
күрделі  спорт  қимылдарының  ырғақты  құрылымы  спортшыда 
бастапқыда  даяр  күйінде  болмайтындықтан,  оны  қалыптастыру 
жолында  ең  алдымен  ырғақтағы  эталон  туралы  түсінік  пайда 
болады.  Ырғақ  одан  əрі  спортшының  бақылап  көшіруі  арқылы 
даярланады. 
Спорттық  тəсілдік  сенімділік  қалыптасқан  дағдыларды 
бəсекелердің 
өзгерістегі 
шарттарына 
сəйкес 
өзгерту 
мүмкіндігіне де демек бағыттардың өзгермелі нұсқаулар өрісіне 
де  байланысты.  Жарыс  əрекеті  техникасының  мақсатқа  сай 
өзгермелі  нұсқаны  дəлелденген  өзгерішпен  сипатталады,  ол 
жарыс  шартарына  пара-пар.  Өзгермелі  нұсқаулық  жеке 
сипаттардың,  фазалардың  жəне  жаттығулар  формаларының, 
сондай-ақ  олардың  орындалуының  сыртқы  жағдайларының  да 
бағытталған өзгермелі нұсқаулары жолымен табысқа жетеді. 
Жарыстардағы  спортшы  əрекетінің  сенімділігі  –  ішкі  жəне 
сыртқы  бөгелулердің  пайда  болуына  қарамастан,  əрекеттің 
жоғары  нəтижелілігіне  кепілдік  беретін  қабілеттіктер  мен 
спортшы  дағдыларының  жетілдірілген  жиынтық  нəтижесі. 
Бөгелу  тұрақтылығын  арттырудың  негізгі  жолдары  мен 
шарттары  мыналар  болып  табылады:  1)  мамандандыру  кезінде 
дене  сапасының  шектеулі  көрініс  беру  жағдайларында 
дағдылардың  үйрену;  2)  психикалық  шиеленіскен  жағдайларды 


 
85 
модельдеу  жəне  қосымша  қиындықтар  енгізу;  3)  жарыс 
тəжірибесі. 
Спортшының  тактикалық  даярлығы  спорттық  тактиканың 
ілімдік  негіздерін  меңгеруді,  бəсекелестің  деректерін  зерттеуді, 
тактикалық тəсілдерді, олардың комбинациялары мен өзгермелі 
нұсқаларын (жетілдірілген тактикалық іскерлік пен дағдыларды 
иеленуге  дейін)  іс  жүзінде  меңгеруді,  тактикалық  дүниетануды 
жəне басқа тактикалық шеберлікті анықтайтын қабілеттіліктерді 
ұйғарады.  Спорттық  тактика  –  бұл  спорттық  күрес  жүргізу 
шеберлігі.  Жалпы  ұғым  спорттық  мақсатқа  жетуде  белгілі  ниет 
жəне  жоспарға  бағынатын  спорт  командасымен  (командалық 
тактика),  спортшымен  (жеке  бас  тактикасы)  бəсеке  жүргізудің 
барлық мақсатқа сай əдістерін қамтиды. Тактиканың мəні бəсеке 
жүргізуге өзінің дене, психикалық жəне тəсілдік мүмкіндіктерін 
ең көп нəтижеде іске асыра алатын, қарсыласының қарсылығын 
ең  аз  шығынмен  жеңе  алатын  əдістерді  пайдаланумен 
айқындалады. 
Спорттық 
тактиканың 
бастапқы 
жалпы 
тактикалық  ниет  –  бəсеке  жүргізуші  негізгі,  ол  əдетте 
əрекеттердің,  өзара  əсердің  жəне  мақсатқа  жету  жолында 
бəсекелестің  қарсылық  жоюдың  негізгі  саласы  ретінде  əдетте 
бəсекеге  дейін  қалыптасады.  Оның  ниеті  бірізді  міндеттердің 
тізімі  ретінде  ұсынылатын  тактикалық  жоспарда  жəне  соларды 
шешу əдістерінің ұйғарымына айқындалады. 
Спорттық-тактикалық  шеберлік  негізі  –  бұл  тактикалық 
білім, іскерлік, дағды жəне тактикалық дүниетаным сапасы. 
Спортшының  тактикалық  білімі  дегеніміз  тактиканың 
негіздері  жəне  тиімді  формалары,  олардың  даму  тенденциясы, 
қолдану  ережелері  жəне  олардың  аса  нəтижелі  болатын 
жағдайлар  туралы  ғылыми-практикалық  мағлұматта,  сондай-ақ 
нақтылы жəне мүмкін бəсекелестер туралы қорытынды ақпарат 
тұрғысында  түсіндіріледі.  Спортшының  тактикалық  ниеті  мен 
жоспарының  мақсатқа  сайлығы,  негізділігі  жəне  икемділігі 
көбінесе осындай білім көлеміне байланысты болады. 
Спорттық-тактикалық  шеберлікте  əзірше  ортақ,  бірегей 
мөлшерлік  критерийлер  жоқ.  Спорттың  жеке  түрінде  оларды 
түсіндіру  үшін  тактикалық  тəсілдердің  жалпы  көлемі  мен  көп 
түрлілігінің, тактиканың икемдігі мен түп нұсқалығын бағалауға 
байланысты  критерийлер  пайдаланылады,  спорттың  басқа 
түрлерінде 
дистанцияға 
таралатын 
күштің 
дəлдеген, 


 
86 
атқарылатын  нəтижелілігін  жəне  т.б.  бағалауға  байланысты 
мөлшерлік критерийлері қолданылады.  
Тактикалық  білім,  іскерлік  жəне  дағдылардың  қалыптасуы 
бірлігінде тактикалық дүниетаным дамиды. Оның негізгі сапасы 
спортшының  ақпаратты  тез  қабылдау,  бағалау  жəне  қайтадан 
өңдеу жəне т.б. қабілеттіліктермен көрінеді, ең басты – бірнеше 
мүмкіндігі  бар  өзгермелі  нұсқалардың  арасынан  аса  дұрыс 
шешім  қысқа  жолмен  таба  білу.  Мұндай  сапалар  кез-келген 
түрінде, əсіресе, спорт ойындары мен жекпе-жектесуде қажет. 
Спортшылардың  жарыс  əрекетінің  тактикасына  əсер 
ететін факторлар. 
Жарыстардың 
ережелері. 
Кейбір 
спорт 
түрлерінде 
жарыстың  ережелері  үнемі  ауысып  тұрады.  Бұл  жағдай  жарыс 
əрекетінің  тактикасына  өзгерістерді  енгізіп  тұрады.  Мысалы, 
баскетболдағы  үшұпайлық  лақтыруларды  енгізу;  греко-римлік 
жəне 
еркін 
күрестегі 
жекпе-жектің 
ұзақтығын 
азайту; 
волейболда  шабуылшы  соққуды  іске  асыру  барысында  блокты 
қоюда сеткадан қолдарын шығару. 
Спорттық  жарыстарды  өткізудегі  сыртқы  ортаның 
жағдайлары.  
Жарыстарды  өткізу  жерлерін  ауыстыру,  жарықтығы, 
метереологиялық  жəне  басқа  жағдайлардың  өзгерілуі  спорттық 
техникамен  тактикаға  өзгерістерді  енгізуге  əкеледі.  Мысалы, 
шаңғы 
спортында 
дистанциясының 
профилі 
мен 
метереологиялық жағдайлардың өзгерілуі қозғалу тəсілдері мен 
темпін ауыстыруды талап етеді. 
 
2. Семинарлық сабақтар 
2.1.  Қазіргі  кезеңде,  спорттық  жарыстар  теориясының, 
спорттық 
жаттығу 
құрылымының, 
техникасы 
мен 
тактикасының жүзеге асыру ерекшеліктері. 
Мақсаты – қазіргі кезенде спорт түрлерінің, қызметтерінің, 
спорттық 
жарыстар 
теориясының, 
спорттық 
жаттығу 
құрылымының,  техникасы  мен  тактикасының  жүзеге  асыру 
ерекшеліктері  туралы  жаңа  қөзқарастары  туралы  ептіліктермен 
дағдыларды қалыптастыру. 
Жоспар:  1.  Спорт  түрлерінің,  қызметтерінің  ерекшеліктері 
жəне олардың арасындағы байланысы. 


жүктеу 1,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   70




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау