275
басқа емес», – «кез келген басқа». Мұндай жағдайларда «ол» да, «бұл»
да, «мен» де шынайы субъект емеспіз. Ондай адамға М.Хайдеггер
зат есім болатын адам, бірақ тек орташа тұлғадағы – das Man (орыс
тіліндегі Оно – средний род. – Аудармашы) деп ат қойды. Н.А.Бердяев
бұл жағдайды «нысандау әлемі», яғни «заттанған әлем» деп атады.
Бірақ егер адамның шынайы тіршілік етуі туралы айтсақ, онда ол
тарихилықты, уақыттағы шектеулікті және сонымен бірге азаттықты
түйсінуге байланысты.
Жоғарыда аталған жағдайды философ және жазушы, француздардың
Қарсылық қозғалысына қатысушы альбер камю (1913-1960) кемеліне
келмегендік, өлім-жітім, мағынасыздық жайлаған «сандырақ дүние»
деп бағалады. А.Камю адамдарды бірігуге және осы мағынасыз
сандырақ өмірге қарсы күресуге үндейді. Алайда торығу басым бұндай
үндеу әлемді ақыл-парасатпен құруға келтіре қояр ма екен. Оны Камю
жақсы түсінді. Мән-мағынасы жоқ өмірден батыл қол үзудің амалын ол
өзін-өзі өлтіруден көрді. Ол көлік апатынан қайтыс болды.
Діни экзистенциалист габриэль Оноре марсель (1889-1973) – фи-
лософ, драматург, соның атымен Франциядағы экзистенциализмнің
пайда болуы байланыстырылатын театр және музыка сыншы-
сы – А.Камюдің қателігін оның шынайы болмысты заттар болмы-
сымен байланыстырғанынан көрді. Шындығында, шынайы бол-
мыс – ол қашанда
жеке тұлғаның болмысы. Болмыс – «бұл емес»,
«сенсің», сондықтан адамдардың бір-бірлеріне қатысты өзара қарым-
қатынастарының ашық, бүкпесіз түр-тұрпаты – адамдардың шынайы
болмысының алғышарты. Ал ол сүйіспеншілік арқылы ғана мүмкін
болады.
Г.Марсельдің бұл идеяларын еврейлердің діни философы
м.бубер,
француз Э.левинас және басқалары ары қарай дамытты. Олардың ойы
бойынша, адам өмірге екіжақты қарайды, бұны оның сөз қорынан
көруге болады. Алғашқы негізгі сөз – «мен және сен», ал екіншісі –
«мен және Ол» (алдындағыдай, мұндағы Ол – Оно, средний род. – Ау-
дармашы). Адамзат тәжірибесі ретінде дүние «Мен және Ол» қатынасы
арқылы қалыптасса, ал ол кезде «Мен және Сен» шынайы адамдық
қарым-қатынастарды қалыптастырады. Олай болса, адамның алдында
дүниедегі болмыстың екі мүмкіндігі пайда болады. Егер «Мен және
Сен» қатынастары шынайы болмысты тудырса, онда «Мен және Ол»
адамдық қарым-қатынастардың заттануына келтіреді. «Сен» деген-
мен қатынасқа кірген адам – заттардың ішіндегі зат емес. Мен оны
танып білуге тырыспаймын, өйткені онымен қатынасқа кірдім. Бұл
қатынастар үзілген кезден бері қарай мен оны тани бастаймын. Тану,
276
білу – «Сеннің» алыстауына, адамдардың бір-бірлерінен алшақтауына
жеткізеді.
«Мен және Сен» қатынастары өзінің жарық сәулесімен бүкіл әлемді
жарықтандырып тұратын сүйіспеншілікке парапар. Сүйетін адам кез
келген адамға, – ол қайырымды ма немесе мейірімсіз бе, әдемі ме әлде
ұсқынсыз ба, ақылды ма, жоқ әлде ақымақ па, – бәрібір, ерекше «Сен»
деп қарайды. Алайда адам болмысының қасіреті «Мен және Сен»
қатынастарының сарқылуы немесе басқа бір нәрсенің құралына айна-
луы мүмкін екенінде жатыр.
Соған байланысты, мысалы, австриялық ғалым, дәрігер-логопед
Виктор Франкл (1895-1990) Батыс қоғамындағы қазіргі заман
адамдарының қасіретін «неогендік невроздардан» (грек. nous – ақыл,
genesis – пайда болу), яғни адамдардың өз болмысының мағынасын
жоғалтуынан көреді. Бұл ахуалды ұғыммен бекіте түсу үшін,
ол «экзистенциалдық вакуум» түсінігін пайдаланады. Егер өз
болмысының мағынасын жоғалтқан бір адамдар «Құдайды іздеу»
жолын таңдаса, ал екіншілері араққұмарлар мен нашақорларға айна-
лады, үшіншілері қылмыс жолына түссе, ал төртіншілері өз-өздерін
өлтіруге (суицид) жетеді. Гуманистік көзқарастарына сүйене оты-
рып, В.Франкл адамдарға: «Ештеңеге қарамастан, тіпті жазылмайтын
ауруға немесе басқадай бір бақытсыздыққа тап болғанда да, адам өз
өмірінің мән-мағынасынан ажырамауға тиіс», – деген кеңес береді.
Соғыс жылдарында «Бухенвальд» концлагерінде болғанда жинақтаған
экзистенциалдық тәжірибелерін қорыта келе, В.Франкл тіпті осындай
адам төзгісіз жағдайларда да өз өмірлерінің мән-мағынасын жоғалтпай
сақтай алғандар ғана тірі қалғанын, ал оны жоғалтқандардың хайуанға
ұқсас тобырға айналып, ажал тапқанын айтады.
Философиялық мұрасы «экзистенциялық нұр» аталған неміс фило-
софы карл Ясперс (1883-1965) болмыс мағынасы жайындағы мәселені
шешілмейтін мәселе санағандықтан, оны ысырып қойды да, назарын
адам экзистенциясының болмысы тәсілін айқындауға және оның
трансценденцияға қатынасына аударды. Ол әлеуметтік философияға
«шекаралас ахуал» түсінігін және сонымен байланысты «қабыршақ»
немесе «құндақ» ұғымын енгізді.
Адам өз-өзін сақтау мақсатында қиын дағдарыс жағдайынан
қашып, «қабыршақтың» ішіне жасырынғандай болып өмір сүреді.
Бірақ жасырынып қалу қиын. Сондықтан адамға өмір бойы үрейлену,
торығу, күйзелу, өз-өзін кінәлі сезіну ілесе жүреді. «Шекаралас аху-
ал», шын мәнінде, шешілмейді: олар сал болып жатып қалуға немесе
ымыраға келтіреді. Бірақ екеуі де – тығырықтан шығаратын жол емес.