83
логикасы, өмірге құштарлығы, Құдай мен адамға деген сүйіспеншілігі
әлі де қазіргі заман адамдарының рухани өмірлеріне, олардың филосо-
фиялық сипаттарына шабытты серпін беретін үлгі болып қала береді.
2.4. Орта ғасырлардың мұсылмандық философиясы.
әлеуметтік-саяси және идеялық алғышарттар
Орта ғасырларда Шығыс Арабия елдерінде және Орталық Азияда
әлемдік мәдениетте өзінің лайықты орнын тапқан өзіндік философия
пайда болды. Құл иеленуші Батыс-Рим империясы күйрегеннен кейін,
«тарихи бастамашылықтың» біртіндеп Шығыс Арабия елдеріне өтуі
орын алады. VII ғасырдан бастап, көшпенді өмір салтын ұстанған және
өздерінің ру-тайпалық Құдайларына бас иетін араб тайпалары әскери
демократия деңгейінде тұрып-ақ енді ғана пайда болған исламның –
жаңа әлемдік діннің жасыл жалауы астына біріге бастайды.
Исламның отаны – Батыс Арабия. Бұл жаңа феодалдық
қатынастардың қалыстаса бастаған кезеңі еді. Әлбетте, олар
үшін арабтардың қоғамдық өмірінде болып жатқан өзгерістерді
идеологиялық тұрғыда бекітіп қана қоймай, қоғамды түбегейлі қайта
құру үдерісін жеделдетуге қабілетті жаңа дін қажет болды. Ислам дәл
солардың ойындағындай дінге айналды. Оның пайда болуына сыртқы
саяси ахуал: Оңтүстік Арабияны парсылар мен эфиоптардың жаулап
алуы, соның нәтижесінде Арабия жарты аралдарын кесіп өтіп, Мек-
кеде тоғысатын дәстүрлі керуен жолдарының кесіліп қалуы да оң
ықпалын тигізді. Бұл экономикалық тоқырауға жеткізіп қана қойған
жоқ, сонымен бірге ру-тайпалық билікті де айтарлықтай әлсіретті.
Бұрын болған экономикалық және саяси әлеуетті қайта жандан-
дыру үшін, бөлек-бөлек шашырап кеткен араб тайпаларын біртұтас
мемлекеттік құрылымға біріктіру қажет болды. Ал ол үшін, бірінші-
ден, шоғырландыратын, нығайтатын дүниетаным керек еді, ру-
тайпалық политеизмнің орнына, монотеистік дін ғана сондай бола
алатын еді, ал, екіншіден, өзін барлық арабтардың рухани және саяси
көсемі деп жариялай алатын жарқын тұлға қажет болды.
Арабтардың ұлы пайғамбары, исламның негізін салушы және басты
адамы Мұхаммед (570-632) дәл сондай тұлғаға айналды.
Бір дінді ұстанған әлеуетті мемлекет құра отырып, арабтар сырт
елдерді бағындыруға көшіп, Индтан бастап Атлантикаға дейін созылып
жатқан алып империя құра алды. Бұл арабтарға Батыс пен Орталық
Азия елдерінің ежелгі мәдениетімен танысуға, өндіргіш күштерді,
84
сауда-саттықты, теңізде жүзуді ары қарай дамытуға мол мүмкіндік
берді. Батыста Испанияға дейін жеткен арабтар өздерінің мәдениетін,
тілі мен дінін және философиясын жаулап алған елдері арасында кең
тарата бастады. Күні бүгінге дейін әлемдік лексикада арабтардың: ар-
сенал, адмирал, авария, тариф, медицина, алгебра және басқадай
сөздері пайдаланылып келеді. Тарихи қысқа мерзім ішінде арабтар
мемлекетті басқару өнерінде, әскери істерде, сәулет пен философия-
да таңғалардық нәтижелерге қол жеткізді. Осының барлығы да басқа
елдердің тәжірибелерін қабылдап алып, оларды асқан ептілікпен өз
мәдениетімен ұштастыра білу нәтижесінде мүмкін болды.
Мысалы, арабтар баға жетпес іс істеді: антика философиясын
мұқият зерттеп біліп, көптеген еңбектерді араб тіліне аударды және
негізгі идеяларын ары қарай дамытты. Бұл ғаламат жұмыс тарих-
та «аудармашылық қозғалыс» деген атқа ие болып, Эвклид геоме-
триясынан және Птоломейдің «Альмагестінен» бастап, Платон мен
Аристотельдің шығармаларын қоса алғанда, VII ғасырдың соңынан XI
ғасырға дейін созылды.
Араб мәдениеті, әрине, Орталық Азия халықтарына үлкен ықпал
етті. Бірінші кезекте исламның таралуын айтуға болады. Өз зама-
нында М.Вебер атап айтқандай, «ислам – жеңілмейтін жауынгер-
көшпенділердің діні». Ал егер осылай болса, онда бұрынғы қазақ-
тардың оны қабылдамауы мүмкін емес. Әлбетте, бұл үдеріс өне бойы
табысты бола бермеген. Қайғылы сәттер де аз болмаған. Алайда,
жалпы алғанда, ежелдегі қазақтардың исламды қабылдауы – олардың
өмірлеріндегі елеулі оқиға болды.
«Тарихтың өзі, – деп жазады белгілі ислам зерттеушісі Осман
Амин, – исламның ғылыммен қолтықтасып келе жатқанын дәлелдейді...
Ислам Пайғамбары: «Ең болмағанда, сен Қытайдан таба алатын білім-
ді іздеп жүрмін», – демеп пе еді? «Ғалымның сиясы азаптанушының
қанындай қастерлі», – дейтін дінді бар мән-мағынасымен білім-
ғылымға қарсы деп жазғыруға бола ма?.. Қысқасы, ислам ғылымды бар
күшін сала желеп-жебеді» (Amin O. Mohammed Abduh’s Apologetic for
the Muslim Faith. – In: «Islamic Rewiew and Arab Affairs». London, 1960,
vol. 48, N 1, – P. 6-7).
Ұлы әл-кинди (800-879) – араб философиясын бастаушы. Ол
Аристотельдің идеяларын жақтаушылардың алдыңғысы болды. Оның
негізгі еңбектері: «Алғашқы философия туралы», «Бес мағына туралы
кітап» және басқалары. Еңбектерінде Әл-Кинди өз заманының негізгі
ғылыми жетістіктерін суреттеген болып саналады, дегенмен ойшылдың
85
мұраларын зерттеумен айналысатын кейбір ғалымдардың ойынша,
оның дәлелдері әрдайым сенімді бола бермейді және «шешендік, ал
кейде ақындық уәждерге бой ұрады». Бұл, мүмкін, біздің заманымызға
оның мұраларының он бөлігінен де аз мөлшері ғана келіп жеткенінен
шығар. Алайда ойшылдың бізге жеткен шығармаларының ешбір күмән
тудырмайтындай дәлелдейтіні – Әл-Кинди философияны жаратылыс
және ғылыми білімдермен тығыз байланыстырған және философи-
ямен айналыспақ ниеті бар адамның міндетті түрде математиканы
жақсы білуге тиіс екеніне сенімді болған. Аристотельден кейін фило-
софияны ұтымды түсіндірген сол болды. Болмыс туралы өз ілімінде
ол екі түпнегіз (субстанция) туралы айтады. Біріншісі – сезімдік зат-
тар, сапалық және сандық жақтарын зерттеп алып, оларды танып-
білуге болады. Осының барлығын математика ғылымдары зерттейді.
Оларды зерттемей тұрып, түпнегізді түсіну мүмкін емес. Кімде-кім
түпнегізді білмесе, ол философияны біле алмайды. Ал философияны
білмеген адам екінші түпнегізге жете алмайды, өйткені ол тұрақты
және өзгермейді.
Адамды қоршаған болмысты Әл-Кинди «Ай астындағы әлем» деп
атайды. Айдан тыс ешқандай қозғалыс та, пайда болу мен жойылу
да жоқ. Олар тек Ай астындағы әлемге тән. Қоршаған болмыс төрт
элемент: жер, су, ауа және оттан тұрады. Олар әртүрлі өзгермелі іс-
әрекеттерде табиғат денесін құрайды.
таным ілімінде Әл-Кинди ең ғажап ғылым деп философияны мо-
йындайды, өйткені ол заттардың шынайы табиғатын ашып көрсетуге,
сол арқылы бізге іс-әрекеттерімізде жәрдемдесуге ұмтылады.
Әлденені тану үшін, төрт сұраққа жауап беру қажет:
1. Ол бар ма?
2. Ол не?
3. Ол қандай?
4. Себебі не?
Адам танымы екі түрге бөлінеді. Біріншісі – сезімдік таным. Ол
бізге жақын, бірақ мағынадан алшақ, өйткені заттар тұрақты емес:
үздіксіз өзгеріп тұрады, өтпелі. Сан тұрғысынан алғанда, олар көбейеді,
азаяды, ал сапалық жағынан да бір-біріне теңбе-тең және теңбе-тең
емес те болып жатады, күш алады немесе күшін жоғалтады..., біз
өзгеретін заттардың пішінін ғана қабылдаймыз және оларды зердеміз-
де және миымызда сақтаймыз.
Танымның екінші түрі мағынаға жақын, бірақ бізден алшақ. Бұл –
ақыл-ой. Жекелеген заттар сезім арқылы қабылданады, бірақ әлденені,
Достарыңызбен бөлісу: |